Талапбаева Гульнар Едиловна
«Экономика және менеджмент»
кафедрасының аға оқытушысы, э.ғ.к.
Қорқыт
Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті, Қызылорда
қаласы
Кәсіпкерлікті қолдау – ұлттық экономиканың
жетекші күшін қолдау
Бүгінгі таңда кәсіпкерлік ел өмірінде елеулі орын алып, жаңа экономиканың қозғаушы күші болып отырғандығы сөзсіз ақиқат. Бұл қағиданың маңыздылығын Елбасымыз өзінің осы жылғы «Қазақстан-2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында ерекше атап өтті [1]. Жолдау ел өмірінің өткен кезеңін қорытындылай келе, алдағы қырық жылдағы стратегиялық жоспардың Қазақстандық даму жолын белгілеп берді. Келешекте атқарылатын жұмыс ел экономикасын дағдарыстан кейінгі кезеңге дайындау, үдемелі индустрияландыру есебінен экономиканың тұрақты өсуіне қол жеткізу, инфрақұрылымдарды дамыту және еңбек өнімділігін ұлғайту, адам капиталының бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін белсенді түрде инвестициялар құю секілді қарқынды әрі батыл бағыттарды қамтып отыр. Экономиканы әртараптандырудың, жаңғыртудың өзегі кәсіпкерлік болмақ.
Кәсіпкерлікті қолдауға тоқталар болсақ, бүгінде ел экономикасының қозғаушы күшіне айналған шағын және орта кәсіпкерлікке мемлекет тарапынан ерекше қолдау көрсетіліп жатқаны белгілі. Қазіргі уақытта кәсіпкерлер қауымы жақсы білетін «Даму» қорының жұмысы дағдарыстан кейінгі дамуға бет алған шағын кәсіпкерлік үшін орын ерекше десек артық айтқандық емес.
«Даму» қоры туралы айта кетсек: 1997 жылы еліміздегі шағын кәсіпкерлік субъектілерінің қалыптасуы мен экономикалық өсуін ынталандыру, сондай – ақ шағын бизнеске қолдау көрсету үшін мемлекет тарапынан бөлінетін қаржыны тиімді пайдалану мақсатында «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры АҚ құрылған болатын. 2008 жылдың қазан айынан бастап «Даму»
қоры жеке дара акционері болып табылатын «Самұрық - Қазына» ұлттық әл – ауқат қоры АҚ ұлттық басқарушы холдингінің құрамында жұмыс істей бастады. 2007 жылдан бастап Қор тікелей несие беруді тоқтатып, тұрақтандыру бағдарламасы негізінде жұмыс істеуге көшті.
2010 жылдан бастап өңірлерде кәсіпкерлікті дамыту жөнінде бірыңғай бюджеттік бағдарлама «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы қабылданды.
«Бизнестің жол картасы 2020» - бұл – Мемлекеттік үдемелі индустриалды-инновациалық даму бағдарламасын жүзеге асырудың бір жолы, бір тетігі. Аталған бағдарлама аясында қолданылатын шаралар әлемнің көптеген елдерінде тиімді жолмен жүзеге асып жатыр. Мәселен, пайыздық ставканың бір бөлігін субсидиялау, несиелер бойынша ішінаракепілдік беру, өндірістік (индустриалды) инфрақұрылымды дамыту және сервистік қолдау, салықтық жеңілдіктер, әлеуметтік жұмыс орындарын ашу және тағы басқалары. Мұндай тәжірибе түрлері Қазақстанда да бар. Дегенмен, бұл шаралар бізде алғаш рет кешенді түрде қолға алынып отыр. Ал, оларды жүзеге асыру үшін алдағы 10 жылда мемлекеттік қаржыландыру жоспарланған.
«Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша «Даму» қоры қаржы агенттігінің қызметін атқарады, несиеге белгілі мөлшерде кепілдеме береді және бағдарламаның жүзеге асуына мониторинг жүргізіп отырады.
«Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы төрт бағыт бойынша жүзеге асырылады: жаңа бизнес-бастамаларды қолдау;кәсіпкерлік секторды сауықтыру; кәсіпкерлердің валюталық тәуекелдерін төмендету;кәсіпкерлік әлеуетті күшейту.
Қызылорда облысында «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасын жүзеге асыру аясында, облыс кәсіпкерлері жұмыс атқарып тұрған кәсіпорындарды кеңейту және жаңа кәсіпорындар ашу үшін, кәсіпкерлерге «банктен берілетін несие ставкаларын 10 пайызға дейін 2013 жылдан бастап субсидиялау», «берілген несиелерге кепілдік беру» және «жетіспейтін инфрақұрылымдарды тартып беру» инструменттері бойынша, тиісті үгіт жұмыстары облыс кәсіпкерлеріне кеңінен насихатталып түсіндірілуде.
Мысалы, жаңа бизнес бастамаларды қолдау бойынша жаңа жобаларды іске асыру, экономиканың басым секторына жұмыс істейтін өндірісті жаңарту, жаңғырту немесе ұлғайтуға бағдарланған жобаларға кең қолдау қарастырылып отыр. Егер кәсіпкер осы анықтамаларға сай келетін болса,ол өзінің бұрыннан бар ауыртпалығы үлкен несиесін жеңілдетуге субсидия ала алады. Сондай-ақ, жаңа жобаларға берілетін кредиттер ішінара кепілдендіріледі. Яғни, кәсіпкер аймақтық маңызы бар жаңа жобаны бастағалы отырып, ол жобаны кепілмен қамтамасыз ету мүмкіндігі жетпей отырған жағдайда «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры Қаржы агенті ретінде сол кәсіпкерге 20,0 млн. теңгеге дейін 70 пайыз кепілдікті өз мойнына алады. Ал құны 20,0 млн. теңгеден асатын жобалардың 50 пайызына кепілдік береді. Ал, субсидияға келетін болсақ, бұрыннан бар өндірістер мен жаңа жобаларды банк мақұлдаса ол жобалардың да несиелік үстемесі 14 пайыз көлемінде болмақ. Солкездемемлекет «Даму» қорыарқылыоның 7 пайызына субсидия береді. Субсидия деген-бюджеттен берілетін қаражат түріндегі қайтарымсыз көмек [2]. Айналып келгенде кәсіпкердің кредиттік ставкасы 7 пайыздан аспайтын болады.
Жалпы, қазіргі уақытта «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасының қолдау шараларымен шамамен 30 мың кәсіпкерлер қамтылды.
2012
жылғы 2 шілдедегі жағдайы бойынша Бағдарламаның барлық 3 бағыты бойынша субсидиялауға жалпы кредит құны 503,06 млрд. теңге болатын 1603 жоба мақұлданды.
- 1-ші бағыт бойынша жалпы кредит құны 248,38 млрд. теңге болатын 1277 кәсіпорын мақұлданды, 994 субсидиялау шартына қол қойылды;
- 2-ші бағыт бойынша жалпы кредит құны 167,497 млрд. теңге болатын 203 кәсіпорын мақұлданды, 162 субсидиялау шартына қол қойылды;
- 3-ші бағыт бойынша жалпы кредит құны 87,19 млрд. теңге болатын 123 кәсіпорын мақұлданды, 99 субсидиялау шартына қол қойылды.

Сурет 1. Өңірлер бөлінісінде субсидиялау [3]
Бағдарламаның үш бағыты шеңберінде субсидиялауда мақұлданған жобалардың ең көбін мына облыстарға жатқызуға болады: Павлодар, Қарағанды, Ақтөбе, облыстары және Алматы қаласы, оларға шамамен 37,9 % (608 жоба) жобалардың үлесі келеді.
Мақұлданған жобалардың ең азы Қызылорда (56 жоба) және Маңғыстау (48 жоба) облыстарына келеді.
Кредитттер бойынша кепілдік беру үшін жалпы құны 14,32 млрд. теңге болатын 56 өтінім мақұлданды. Жалпы кредит құны 10,71 млрд. теңге болатын 40жоба бойынша кепілдік шартына (бұдан әрі – КШ) қол қойылды.
Қол қойылған КШ ең көбі Ақтөбе, Оңтүстік Қазақстан және Қостанай облыстарына келеді.

Сурет 2. Салалар бойынша Бағдарламаның жобалар құрылымы [4].
Салалық бөліністе
жобалардың ең көбі өңдеуші
өнеркәсіпте (48,7%) іске асырылады. Денсаулық сақтау мен әлеуметтік қызметке - 17,9%, көлік және қоймаға жинауға - 12,8%, ауыл, орман және балық шаруашылығына - 10,3%, білім беруге және тұру және тамақтандыру қызметтеріне - 5,1% келеді.

Сурет 3. 2010-2012 жылдардағы жұмыс орындардың саны [4]
Бағдарламаны іске асырудың әлеуметтік-экономикалық тиімділігі қазіргі уақытқа қолданыстағы 132 мың жұмыс орнының сақталғаны, 35 мыңнан астам жұмыс орнының құрылғаны болып табылады.
Қазіргі уақытта инвестицияларынжалпы сомасы49,01 млрд. теңге болатын 263 кәсіпорындар үшін құрылыс және өндірістік инфрақұрылымдықайта құружүзеге асырылуды, атап айтқанда, қайта құрылған жолдар – 48,5 шақырым, салынғанжолдар – 81,83 шақырым, темір жолдар – 16,5 шақырым, жүргізілген электр желілері – 364 шақырым, қайта құрылған электр желілері – 10,4 шақырым, жеткізілген суқұбырлары – 70,53 шақырым, кәріздер – 54,45 шақырым, газ құбырлары – 41,9 шақырым, жарықтандырулар – 23,4 шақырым, телефонданды-рулар – 35,49 шақырым, жылужелілер – 9,65 шақырым, орнатылған трансформа-торлық кіші станциялар– 26 бірлік.
Алматы және Оңтүстік Қазақстан облыстарында бұрын жұмыс істеген ірі кәсіпорындар және өнеркәсіптік аймақтар базасында индустриалдық аймақтар ұйымдастыру бойынша жұмыстар басталды.
Бизнесте мемлекеттік қолдаудың тағы бір бағыты кәсіпкерлікті қолдау инфрақұрылымдарын дамыту болып табылады (жеке кәсіпкерлік орталықтарын, бизнес-инкубаторларды, технологиялық парктерді, индустриялық аймақтарды және жеке кәсіпкерлік инфрақұрылымының басқа да объектілерін дамыту және құру).
Министрліктің тапсырысы бойынша Халықаралық ынтымақтастық агенттігі (ЮСАИД) Макроэкономикалық жобалар шеңберінде Қазақстандағы қазіргі бизнес-инкубаторлардың, индустриялықаймақтарды, технологиялық парктердің модельдеріне бағалау өткізуде.
Бұл
зерттеудің шеңберінде:
1) Қазақстандағы қазіргі бизнес-инкубаторлардың, технологиялық парктердің модельдерін бағалау және олардың тиімділігін арттыру бойынша ұсынымдар әзірлеуде;
2) бизнесті дамыту және бизнес-инкубаторларды модельдеу бойынша тиімді модельді орталық құруға жәрдемдесуде;
3) Ісін жаңа бастаған бизнес үшін қолдағы қаржылық құралдарды жан-жақты талдауда;
4) ұсынымдар және консультациялық қолдаулар беру жолымен олардың бизнес-қауымдастықтармен қарым-қатынасын жақсартуда ЭДСМ жәрдемдесу көрсетуде;
5) бизнесті оқыту бағдарламаларының тиімділігін жоғарылатуға жәрдемдесуде өткізіледі.
Қазіргі уақытта, қызметтегі бизнес-инкубаторларға талдау өткізілді және Қазақстан Республикасындағы бизнес-инкубаторларға жаңа модель ұсынылды.
Деректерге
сәйкес, 2005 жылдан бастап Қазақстанда 51 бизнес-инкубатор жұмыс істеді. Бірақ та, бұл цифр сонымен бірге шағын бизнес-орталықтарды және консалтингтік компанияларды (олар компаниялар үшін жайлар ұсынбаған) қамтыды, сонымен бірге Алматы, Ақтөбе, Қызылорда, Қарағанды, Приозерск, Орал және Өскемен қалаларындағы технологиялық парктер сияқты. 2011 жылы Қазақстанда 21 бизнес-инкубаторлар және 10 технологиялық парктер жұмыс істеді.
Көптеген бизнес-инкубаторлар шағын бизнес үшін қызметтер беретіндігін айтады. Бірақта, 2011 жылғы зерттеудің мәліметтері бойынша олардың негізгі қызметтері «бизнес-инкубаторлардың» жұмыс істеуіне шектеулі өндірістік және сервистік жайларды жалға берумен байланысты. Басқа сөзбен айтқанда, көптеген бизнес-инкубаторлар бизнесті инкубациялауға және қолдауға емес, жылжымайтын мүлік беруге шоғырланған.
Бүгінгі таңда Қазақстанда 10 технологиялық парктер жұмыс істеуде: Ақтөбе, Астана, Шымкент, Қарағанды, Орал, Өскемен, Петропавл қалаларында. Алматы қаласында 3-уі қызмет етуде. Олардың мақсаттары инновациялық процессте барлық мүдделі жақтардың арасында ынтымақтастық үшін жағымды жағдайлар құруға және жаңа техникалық инфрақұрылыммен және сервистік қызметтермен қамтамассыз етуге бағытталған.
Технологиялық парктер негізінде ғылыми жобалар, ғылыми-зерттеулі жобалар және технологиялық инкубациялау бойынша жобаларды қосқанда инновациялық жобалармен жұмыс істейді. Сондай-ақ, олар тренингтер және консалтингтік қызметтер, сонымен бірге құрылыс және қайта құру бойынша қызметтер ұсынады. Көптеген технологиялық парктердің компания-резиденттері киім, жиһаз, тамақ өнімдерін және кәдесыйлар өндіру саласында жұмыс жасайды.
Дамыған елдердің тәжірибесі мынаны көрсетеді, бизнес-инкубаторлар бір жалпы модельге ие – «инкубация, өсу және қолдау алатын жаңа компаниялар нарығында өмір сүру». Бірақта, өткізілген талдама мынаны көрсетті, республикадағы қызметтегі бизнес-инкубаторлар компанияларды алмастыру мәселелерімен айналыспайды. Сондай-ақ, консультациялық қызметтер, инкубаторлардың және компанияның өсуі қызығушылығындағы байланысты дұрыстай және дамыту бойынша оқытулар және қызметтер шектелген. Менеджрлер, тренерлер және консультанттар айтарлықтай тәжірибесі немесе білімі жоқ және басқа елдердің тәжірибесімен таныс емес.
Бизнес-инкубаторларды құрудың басты рөлі әр түрлі институттарға ие болуы мүмкін, атап айтқанда облыстық немесе қалалық әкімдіктерге, корпорацияларға, қауымдастықтарға және кәсіподақтарға, университеттерге немесе, ғылыми-зерттеу институттарына, үкіметтік емес ұйымдарға және т.б.
Модльге сәйкес, бизнес-инкубаторлар өзінің резиденттеріне қызметтердің кең спектрін ұсынатын болады, сонымен бірге консультациялық және қаржылық қолдауға мүмкіндік алуы, оның ішінде донорлық техникалық көмек ретінде, сондай-ақ ірі компанияларды тартады.
Кешенді ұсыныстар қызметі:
• мүмкін болатын шарттарда жайларды беру;
• оқыту мүмкіндігін қамтамасыз ету, мысалы, Кәсіпкерлікті дамыту орталықтарымен қарым-қатынаста болу;
• ішкі және халықаралық контактілерді дұрыстауда коммерциялық келісімшартқа қол қоюға көмектесу болады.
Бизнес-инкубаторларды құрудың алғашқы кезеңі
ТЭН әзірлеуді, нарықты талдауды, қаржылық талдауды,
бағалауды және инкубаторды оқшаудағы алдын алу
нұсқаларды, инженерлік шығындарды талдауды, алдын ала
сәулет жобасын және т.б. қамтитын болады.
Бизнес-инкубаторларды қосқанда халықаралық
ұйымдар жағынан техникалық көмектер тартылатын болады.
Сонымен қорытындылай келе бүгінде ел экономикасының
қозғаушы күшіне айналған кәсіпкерлікті
мемлекеттік реттеу және қолдау қоғамымыздағы
маңызды құбылыс.
Пайдаланылған
әдебиеттер тізімі
1. Қазақстан
Республикасының Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың
«Қазақстан-2050» стратегиясы қалыптасқан
мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан
халқына Жолдауы
2. www.damu.kz
3. (www.dkb2020.kz
4. 2012 жылдың бірінші жартыжылдығына шағын бизнесті дамыту туралы
талдамалық баяндама (оның ішінде облыстар бөлінісінде)