Экономические науки”/9.Экономика промышленности.

Ж.Н. Ерниязова

Қорқыт Ата атындағы    ҚМУ-нің «Экономика және   менеджмент» кафедрасының аға   оқытушысы, э.ғ.к.

 

ЕҚЫҰ ЖӘНЕ КӨЛІКТІК  ҚЫЗМЕТ  КӨРСЕТУДЕГІ  ИНТЕГРАЦИЯЛЫҚ САЯСАТ

                                

Транзит пен көлік дәліздері Еуропадағы Қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының Астана саммитінде өзекті тақырыптардың бірі ретінде қаралды.

ЕҚЫҰ-ның экономикалық өлшемінің мазмұнын байыту - бұл Қазақстанның төраға ретінде көтеріп отырған бастамаларының бірі. Қазақстан Президентінің пікірінше, халықаралық интеграция экономикалық өрлеу мен саяси сұхбаттың негізі.

Қазақстан еуразиялық транзитті дамыту - мемлекеттерді жақындатудың жолы деп есептейді. Азия мен Еуропа үшін де жаңа нарықтар қажет. Сондықтан олар Қазақстан арқылы өтетін көлік дәліздеріне мүдделі. Көлік дәлізімен бірге осы дәліздің бойында түрлі инфрақұрылымдар дамиды. Бұл тек көлік дәлізі болмайды, бұл экономикалық жағынан белсенді аймаққа айналады. Сарапшылардың пікірінше, болашақта Қазақстан арқылы өтетін бағыттар Еуропа, Оңтүстік-Шығыс Азия және Қытай арасындағы әлемдік жүк айналымының бір бөлігін ала алады. Халықаралық байланыстың экономикалық жетістіктерге жол ашатынын ұғынғандықтан Қазақстан ТМД кеңістігіндегі интергациялық үдерістердің алдында келеді және жаһандық деңгейдегі байланыстарын нығайтуға да құлшынуда.

Пекин мен Берлин аралығының үштен бірін Қазақстан аумағы алып жатыр. ЕҚЫҰ-ы төрағасының геосаяси жағынан тиімді орналасуы Ұлы Жібек жолын жандандыруға үлес қосуына зор мүмкіндік береді. 21-ғасырда керуен орнына поездар жүрсе, жібек пен алтынды мұнай мен газ алмастырады. Пішіні өзгергенімен, мазмұны бұрынғысынша Шығыс пен Батысты, Еуропа мен Азияны біріктіру.

Қазақстан өзінің геосаяси орналасуы жағдайында, экономикалық әлеуеті мен тарихи дәстүрлерінің арқасында  көлік шеңберіндегі  әлемдік шаруашылық байланыстар жүйесіне халықаралық интеграциясының белсенді жақтаушысы және көлік тасымалдарының дамуы саласындағы  ғаламдық үрдістердің  қатысушысы болып табылады.

Көлік кешені құрамына темір жол, автомобильдік, әуе, өткізгіш құбырлар, теңіз және өзен жолдарының қатынастары енетін, экономика инфрақұрылымын қалыптастыратын салалардың бірі болып табылады.

Әлемдік экономиканың дамуының маңызды заңдылықтарының біріэкономикалық өсу мен ол жерде халықаралық қызмет көрсету үлесінің жоғарылауы арасындағы өзара байланыс болып табылады, өйткені қызметтер қоғамдық өндірістің қажеттіліктерін қамтамасыз етеді, адамдардың әлеуметтік және материалдық емес қажеттіліктеріне қызмет көрсетеді, оларға сервистік, инженерлік, көлік қызметтері мен байланыс қызметтерін көрсетеді. Халықаралық қызметтер рөлінің жоғарылау беталыстары мен халықаралық қызметтер шеңберінің материалдық өндірістің жоғарылау қарқындарынан алға түсетін өсуі  - қызметтер саласының тұрғындардың жұмыс бастылығы мен еңбектің техникалық қамсыздануының өсуіне, өнім сапасын ендіруге және оның пайдалығына әрекеттесетін әлемдік шаруашылықтың ірі саласына айналуымен байланысты.

  Интеграциялық саясаттың тиімділігін қамтамасыз ету үшін елдердің экономикалық жақындасуының бірнеше түрлі әдісі болуы мүмкін. Қазірдің өінзде бірбірімен өзара әрекеттесетін және бірін-бірі толықтыратын, экономикалық консолидацияны жүзеге асырудың әртүрлі ұйымдастырушылыққұқықтық нұсқаулары қалыптасты. Олардың болуының өзі елдер немесе елдер тобы мүдделерінің белгілі бір ұқсастығын, осы мүдделерді жүзеге асыру көзқарасынан ең тиімді нұсқауларды іздеуді көрсетеді.

Біздің еліміз үшін ЕҚЫҰ-мен өзара тиімді байланыс сыртқы саясатымыздың негізгі басымдықтарының бірі болып табылады. Осы орайда төраға ретіндегі Қазақстанның ұстанатын позициясы мен әлемдік деңгейдегі қордаланған мәселелерді шешудегі рөлі үлкен деп айтуға толықтай негіз береді.

ҚР сыртқы саясаты Концепциясында басымды мән тәуелсіз мемлекеттер қоғамдастығы рамкаларындағы ынтымақтастыққа және оның қатысушыларымен интеграциялық байланыстардың дамуына беріледі. Бұл бұрынғы кеңестік кеңістіктегі барлық мемлекеттерді біріктіретін тығыз саяси, экономикалық, мәдени және басқа да байланыстарға байланысты.

Орталық Азия елдерінің экономикалық интеграциясының бірнеше сатылығы қалыптасқан. Егемен мемлекеттердің өзіндік қаржылықэкономикалық, салықтықбюджеттік жүйелері, ұлттық валютасы, кедендік және шекаралық қызметтері мен басқа да құраушылары бар. Көршілес мемлекеттермен саудаэкономикалық байланыстар халықаралық қағидалар негізінде құрылады. Сонымен қатар, саудаэкономикалық байланыстар үшін қолайлы жағдай режимін орнату, келісімді негізде белгілі бір жеңілдіктер мен преференцияларды ұсыну, ең тығыз экономикалық ынтымақтастық бойынша келісімді шешімдерді қабылдау.

Мемлекеттердің өзара саудада кедендік баждарды, әкімшілік және тарифтік шектеулерді алып тастайды, кезкелген валютадағы төлемдердің, көлік қызметтерінің еркін өтуі, жұмыс күшінің қозғалысы үшін қолайлы жағдайлар жасайды. Осы қабылданған шешімдерді жүзеге асыратын органдар құрады. Сондай-ақ, еркін сауда режимінің дамуы негізінде келісуші жақтардың кедендік территорияларын қосатын бірегей кедендік кеңістікті қалыптастырады, үшінші жақтармен саудаэкономикалық байланыстардың бірегей жүйесі мен жалпы кедендік тарифін, сыртқы экономикалық қызметке валюталық бақылау мен келісілген саясатты  қабылдайды және тауарлардың жалпы нарығын қалыптастырады.

Интеграциялық саясаттың тиімділігін қамтамасыз ету үшін елдердің экономикалық жақындасуының бірнеше түрлі әдісі болуы мүмкін. Қазірдің өінзде бірбірімен өзара әрекеттесетін және бірін-бірі толықтыратын, экономикалық консолидацияны жүзеге асырудың әртүрлі ұйымдастырушылыққұқықтық нұсқаулары қалыптасты. Олардың болуының өзі елдер немесе елдер тобы мүдделерінің белгілі бір ұқсастығын, осы мүдделерді жүзеге асыру көзқарасынан ең тиімді нұсқауларды іздеуді көрсетеді.

Аймақтық ынтымақтастық пен өзара байланысу ұзақ мерзімді тұрақтылықты қамтамасыз ету мен ортаазиялық аймақтың мемлекеттері мен, сонымен қатар Шығыс пен Батыс арасында мықты және табысты экономикалық байланыстарды жасау үшін қажет.

Өз өмір сүруінің басынан бастап Қазақстан барлық бұрынғы кеңестік елдер арасындағы ерекше өзара қатынастарды сақтап қалу идеясын қолдады. Республиканың алдыңғы қатарлы міндеттемелерінің бірі бұрынғы кеңестік кеңістіктегі экономикалық үрдістердің дамуында жаңа импульс беру мақсатында қолдағы бар барлық потенциал мен жинақталған тәжірибені пайдалану қажеттілігінде.

 Әлеуметтік және мәдени салалардағы ынтымақтастықтың маңызы жоғары. Көптеген онжылдықтар бойы бір елдің құрамында өмір сүру, жалпы мәдениет, менталитет Қоғамдастық мемлекеттері азаматтарының бірбіріне деген қатынасына із қалдырады, және олардың үкіметтері бұл факторды өз қызметінде ескеруі керек. Соған қарамастан, ТМДның қызметін күрделендіретін және бұл ұйымның дамуын тежейтін жұмыстарындағы кемшіліктерді назардан тыс қалдырмау керек. Бұл бірлестіктің пайда болуынан бері құжаттардың көп саны қабылданды, бірақ олардың біршама бөлігі қағаз түрінде ғана қалды. Барлық келісімдерді ұстануға бақылауды күшейту үшін басқалардан нақты мақсаттармен және оларға жетудің нақты мерзімдерімен ерекшеленетін жаңа аймақтық бірлестікті құру қажет болды.

Көліктік қызмет көрсетулер нарығының кеңеюі дамудың келесідей бағыттарын көздейді:

- тасымалдаушылардың әлемдік көлік нарығында, бұл ең бастапқы кезекте, экспорттық-импорттық операциялардың сыртқы саудалық тасымалдауларында, бәсеке қабілеттілігінің жоғарылауы;

- халықаралық транзиттік көлік дәліздерін (ХКД) ұйымдастыру үшін әлемдік нарықтың ең ірі қатысушылары арасында мемлекеттің жағрафиялық және геосаяси жағдайының артықшылықтарын пайдалану;

- транзиттік шығындарды қысқарту және экономикалық және экономикалық емес сипаттағы өзге де шиеленісулерді болдырмау мақсатында әлемдік нарыққа шығу үшін тікелей көлік жолдарын дамыту.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев 29 тамызда 2010-2011 жылдарға арналған “Еуропаға жол” мемлекеттік бағдарламасы туралы Жарлыққа қол қойды. Бағдарлама Қазақстан мен еуропалық мемлекеттердің арасындағы жан-жақты қарым-қатынасқа жаңа серпін беруді көздейді. Бағдарламаның басты мақсаты – біздің еліміздің еуропалық жетекші мемлекеттермен стратегиялық әріптестігін жаңа деңгейге көтеру. Нақты мақсаттарды орындау барысында алдымызда бірнеше міндет тұр.

Бірінші міндет – Қазақстан мен Еуропа елдері арасындағы ынтымақтастықты тереңдетіп, дамытуға мүмкіндік беретін технологияларға, энергетикаға, көлікке, техникалық реттеу мен метрологияға, шағын және орта бизнес саласына қатысты. Сонымен қатар, бағдарламаға нақты бірнеше басымдық енгізілді: демократиялық институттарды дамыту тұрғысындағы жұмысты ЕҚЫҰ кеңістігінде одан әрі жалғастыру; ЕҚЫҰ мемлекеттерінің транзиттік-көліктік және еуразиялық құрлықаралық дәліздің әлеуетін арттыру; экологиялық мәселелерді шешу.

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

1.    «2010-2011 жылдарға арналған “Еуропаға жол” мемлекеттік бағдарламасы туралы» // ҚР Президентінің Жарлығы // Егемен Қазақстан. - №90-93 (25939). – 2010. - 12 наурыз.

2.    Қазақстанның ЕҚЫҰ-да төрағалығы: өзекті мәселелер. – Ана тілі газеті. – 2010. – 5 желтоқсан.

3.    Атамқұлов Е.Д., Жангаскин Қ.Қ. Қазақстанның темір жол көлігі: қайта құрылымдау және әлемдік экономикаға кірігу жолдары. -Алматы: экономика, 2004. 645б.