Білім тілін таңдаудағы ата-аналар тілі

 

Г.Б. Мадиева

 (Казахский национальный университет им. аль-Фараби)

С.Б. Бектемирова

(Казахский национальный университет им. аль-Фараби)

 

Үйрену тілін таңдау толыққанды білім алудың, функционалды саланы кеңейтудің және әлеуметтік-коммуникативтік кеңістікке кедергісіз қосылудың маңызды қадамы болып табылады. Әрине, үйрену тілін таңдау ең алдымен кез келген елде құрылған этникалық тиістілік пен тілдік жағдаймен қамтамасыз етілгені сөзсіз.

Қазақстан халықтарының тілдерді дамыту стратегиясы мемлекеттік (қазақ) тілдің әлеуметтік-коммуникативтік функцияларын кеңейтуді және нығайтуды нақтылайды [Мемлекеттік 2001]. Бұл бағдарламаның әрекет етуі бір жағынан, мемлекеттік органдардың, білім беру институттарының жүйелерінде, тұрмыстық қызмет көрсету салаларында т.б. күннен күнге артып келе жатқан сұранысты қамтамасыз етті. Екінші жағынан, Бағдарламада мемлекеттік институттар мен әлеуметтік салаларда орыс тілінің әрекет етуіне мүмкіндік беретін оның жалпымәдени функцияларын сақтау туралы декларацияланған пункт, сондай-ақ ұлтаралық қатынаста орыс тілін әлсірететін емес, керісінше күшейтетін рөлі орыс тілінің Қазақстанның коммуникативтік кеңістігінде зор ұстанымды иеленетінін белгілеуге мүмкіндік береді. Бұл факторлар қазақ және орыс тілдерін үйрену тілдерін таңдау ретінде артықшылықтарын айқындайды.

Мектептерде сабақ беру деңгейі үйрену тілін таңдауда маңызды факторлардың бірі. Осыған қатысты айта кететін жәйт, кейбір ата-аналар қазақ тілін үйрену тілі ретінде нақтылауға бел буа бермейді. Бұлайша жалтақтау мемлекеттік саясат аясында өткізілетін шараларға қарамастан, мектептерде қазақ тілін жеткілікті деңгейде оқытпаумен байланысты. Осы ретте орыс тілін оқыту мектептерінде кадрлық құрам деңгейін де, сондай-ақ оқу-әдістемелік базаны да қамтитын өте жоғары оқу-әдістемелік мүмкіндік (түрлі пәндер бойынша кәсіби түрде құрастырылған оқу-әдістемелік кешендер, заманауи технологиялар мен инновациялық әдістемелерді белсенді пайдалану) байқалады [Мемлекеттік 2001]. Мұнан өзге экстралингвистикалық факторлар – ата-аналардың өз балаларын әлемдік білім кеңістігіне қосу, оларға көптеген халықтардың мәдени мұрасын мейлінше тануына мүмкіндік беру ниеті де ағылшын тілінің ғана емес, орыс тілінің пайдасына да тілді таңдау тармағын анықтайды.  

Осы мәселені зерттеу барысында білім тілін таңдаудың ата-аналардың тіліне және оларды меңгеру деңгейіне тәуелділігін анықтауға мүмкіндік беретін осы нәтижелер талданған болатын. Жауаптар жас ерекшелігі, гендерлік, этникалық, территориялық және басқа да параметрлерге қарай сараланған түрлі топтағы респонденттерден (16 және одан жоғары жастағы респонденттерге сауалнама жүргізілді) алынды, бұл тілді таңдау мазмұнының  социолингвистикалық өзгермеліден арақатынасын эмпирикалық тұрғыдан анықтауға және негіздеуге себепші болады.

Орта мектепте үйрену тілін таңдау v.s. ата-аналардың этникалық ұқсастығы

Орта мектепте үйрену тілін таңдаудың ата-аналардың этникалық тиістілігіне қарай арақатынастылығын салыстыру қызықты (Кесте 1).

Кесте 1 Орта мектепте үйрену тілін таңдаудың әкесінің этникалық тиістілігіне қарай арақатынастылығы (%)

 

Әкесінің ұлты

қаз.

ор.

арм.

қырғ.

ағ.

қаз.+ор.+

ағ.+

түр.

қаз.+ор.

өзб+

ор.

қаз+

ағ.+

ор.

ор.+

ағ.

қаз.+

ағ.

қал.

қазақ

44,7

14,3

0

0

0,6

0,4

6,7

0,2

2,5

0,4

0,6

29,3

орыс

0

74,4

0

0

0

0

0

0

0

0

0

25,6

татар

25

25

0

0

0

0

0

0

0

0

0

50

украин

0

50

0

0

0

0

0

0

0

0

0

50

неміс

0

50

0

0

0

0

0

0

0

0

0

50

ұйғыр

0

100

0

0

0

0

0

0

0

0

0

0

белорус

25

50

0

0

0

0

0

0

0

0

0

25

корей

0

75

0

0

0

0

0

0

0

0

0

25

қырғыз

33,3

0

0

66,7

0

0

0

0

0

0

0

0

поляк

0

0

0

0

0

0

0

0

0

0

0

100

шешен

0

50

0

0

0

0

0

0

0

0

0

50

армян

0

0

100

0

0

0

0

0

0

0

0

0

өзбек

40

20

0

0

0

0

0

0

0

0

0

40

башқұрт

50

50

0

0

0

0

0

0

0

0

0

0

бұлғар

0

100

0

0

0

0

0

0

0

0

0

0

қалыс

25

25

0

0

0

0

0

0

0

0

0

50

Ескерту: ұлт. ұлты, қаз. қазақ, ор. орыс, арм. – армян, қырғ. қырғыз, ағ. ағылшын, қыт. қытай, өзб. өзбек, қал. қалыс қалғандар

  

1-кестеде тілді әкесінің этникалық тиістілігіне қарай таңдау нәтижелері ұсынылған. Әкесінің этникалық тиістілігіне қарай респондент пен сауалдардың арақатынастылығы берілді:

 Біліміңіз қандай?

Қай тілді мектепте білім алдыңыз?

Төмендегі жәйттарды белгілеуге мүмкіндік беретін қызықты жауаптар алынды:

тілдердің санының айтарлықтай артуы, үйренуді қалайтын тілдерге қарай олардың түрленуі мен қисындасуы байқалады. Осылайша, жауаптарда қытай, түрік, қырғыз, армян, неміс тілдері үйрену тілдері ретінде белгіленді. Алайда бұл тілдерді өз бетінше, жеке тілдер ретінде үйренушілердің аз-маз саны байқалады, олар қазақ/орыс және ағылшын тілдерімен қиыса берілген;  

– жауаптардың мейлінше жоғары пайызы респонденттердің ана тілі болып саналатын орыс тілінің пайдасына берілген – 74,4%, олардың әкесі орыс, ал әкесі қазақ респонденттердің 44,7% қазақ тілін таңдады.

– әкелерінің ұлты орыс 25,6% және әкелері қазақ 29,2% респондент жауап беруден бас тартты, яғн жауап бере алмады не қаламады.

Әкелері басқа этникалық диаспораға жататын респонденттердің қойылған сауалды жауапсыз қалдырған фактісі де қызықты: поляктар – 100%, татарлар, украиндар, немістер, шешендер – по 50%, өзбектер – 40%, белорустар, кәрістер – по 25%.

Сондай-ақ, әкелері орыс респонденттер үйрену тілі ретінде орыс тілінен басқа ешқайсысын таңдамады.

Әкесі қазақ ұлтынан респонденттер үйрену тілі ретінде басқа да тілдерді белгілеген: орыс – 14,3%, қазақ және орыс – 6,7%, ағылшын – 0,6%, қазақ, ағылшын және орыс – 2,5%, қазақ және ағылшын – 0,6%, қазақ/орыс/ағылшын/түрік – 0,4%.

Осыған байланысты ескертерлігі, қазақ тілін үйрену тілі ретінде таңдағандардың пайызы 54,9% дейін өскені анық аңғарылады.  Және де қазақ-респонденттер үйрену тілі ретінде орыс тілін таңдайды, сондықтан қазақ тілін таңдағандардың пайызы тек орыс тілін таңдаған респонденттердің пайызына қарағанда анағұрлым төмен.

Бұл мәліметтер үйрену тілін таңдау және әкелерінің этникалық тиістілігінің арақатынасын қазақ және орыс тілдерінің пайдасына қарай көрінісін нақты дәлелдейді, оның ішінде ағылшын тіліне басымдылық беріледі. Кестеге басқа тілдер туралы мәліметтердің енбегенін айта кету керек, мысалы, әкелері қазақ респонденттер келесідей жауаптар берді: қазақ/орыс/басқа тілдер – 0,2%, ағылшын/түрік – 0,2, қытай – 0,1%, қазақ/ағылшын/ неміс – 0,1%, қазақ/ағылшын/қытай – 0,1% (в негізінде бұл 1-2 респонденттің көрсеткіші).

Мұндай көрініс әкелері басқа ұлттан респонденттердің жауаптарында байқалады.Әкелері украин, неміс, ұйғыр, белорус, кәріс, шешен, булғар респонденттер көбіне үйрену тілі ретінде орыс тілін таңдайды.   

Сонымен қатар, әкелері қазақ емес, титулды, қазақ тілін үйрену тілі ретінде таңдаған респонденттердің жауаптары да кездеседі: белорустар – 25%, қырғыздар  – 33,3%, өзбектер – 40%, башқұрттар – 50%, әкесінің ұлтын айтпағандар – 25%.

Қалған толтырылмаған жауаптар кері нәтижені береді деген сөз емес, респонденттер біздің ойымызша, өздерінің таңдауында қиынсынады.   

Осылайша, республика Президентінің ұсынған «Үштұғырлы тіл» әлеуметтік-мәдени жобасы сәтті жүзеге асуда екенін байқауға болады..

Анасының этникалық тиістілігіне қарай респонденттерге сауалнама жүргізудің Қай тілді мектепте білім алдыңыз? деген сауал нәтижелерін қорытындылайық.

Кесте 2 Орта мектепте үйрену тілін таңдаудың анасының этникалық тиістілігіне қарай арақатынастылығы (%)

 

Анасы-ның ұлты

қаз.

ор.

арм.

қырғ.

ағ.

қаз.+ор.+

ағ.+

түр

қаз.+ор.

өзб+

ор.

қаз+

ағ.+

ор.

ор.+

ағ.

қаз.+

ағ.

қал.

қазақ

45,4

13,4

0

0

0,7

0,5

6,6

0,1

2,4

0,4

0,7

29,4

орыс

1,1

71,5

0

0

0

0

1.1

0

1,1

0

0

25

татар

11,1

55,6

0

0

0

0

0

0

0

0

0

33,3

украин

0

100

0

0

0

0

0

0

0

0

0

0

неміс

0

0

0

0

0

0

0

0

0

0

0

100

ұйғыр

0

100

0

0

0

0

0

0

0

0

0

0

белорус

0

50

0

0

0

0

0

0

0

0

0

50

кәріс

0

75

0

0

0

0

0

0

0

0

0

25

қырғыз

25

0

0

50

0

0

0

0

0

0

0

25

поляк

0

0

0

0

0

0

0

0

0

0

0

100

шешен

0

66,7

0

0

0

0

0

0

0

0

0

33,3

армян

0

0

75

0

0

0

0

0

0

0

0

25

өзбек

50

0

0

0

0

0

0

0

0

0

0

50

башқұрт

0

100

0

0

0

0

0

0

0

0

0

0

бұлғар

0

100

0

0

0

0

0

0

0

0

0

0

қалыс.

33,3

33,3

0

0

0

0

0

0

0

0

0

33,3

Ескерту

ұлт. – ұлты, қаз. қазақ, ор. орыс, арм. – армян, қырғ. қырғыз, ағ. ағылшын, қыт. қытай, өзб. – өзбек, қал. қалыс қалғандар

 

Үйрену тілін таңдаудың респондент анасының этникалық тиістілік мәліметтерімен арақатынасын көрнекті сипаттайтын 2-кестенің мазмұны демографиялық тұрғыдан қуатты тілдердің пайдасына қарай үйлестірілген жағдайдың көрсеткіші болып табылады: қазақ – 45,4% қазақтар арасында, орыс – 71,5% орыстар арасында.

Анасы қазақ респонденттер үйрену тілі ретінде орта мектепте орыс, ағылшын, қытай тілдерін таңдайды.

Респонденттердің осы категориядағы өте жоғары пайызы (6,6%) үйрену ретінде екі – қазақ және орыс тілдерін таңдады. Келтірілген цифрлар 3-кесте мәліметтерімен арақатынасы сәйкес келеді, онда әкесі қазақ респонденттердің пайызы 6,7% тең. Бұл факт қазақ ата-аналарының Қазақстанда теңдестірілген екі тіл қажеттілігі бар кезде қалыптасқан жағдайды бірдей түсінетінін дәлелдейді.

Респондент жауаптарында үйрену тілі ретінде екі, тіпті үш тіл белгіленген, олардың арасында ағылшын тілі міндетті түрде кездеседі: қазақ + орыс – 6,6%, орыс + ағылшын – 0,4%, қазақ + ағылшын – 0,7%.

Аналары башқұрт, бұлғар, ұйғыр, украин респонденттер үйрену тілі ретінде орыс тіліне басым дауыс береді, ал әкелері башқұрттар үйрену тілі ретінде қазақ тілін де таңдайды.

Аналары орыс этникалық топқа жататын респонденттердің жауаптарында келесі тілдерге бірдей көңіл бөлінеді: қазақ – 1,1%, қазақ + орыс – 1,1%, қазақ + ағылшын + орыс – 1,1%.

Бұл факт орыс этникалық топ арасында титулды және әлемдік тілдерді меңгеруге деген ұмтылыстың бар екенін көрсетеді.

1 және 2 кестелерін салыстыра келе әкелері қазақ/орыс респонденттердің жауаптары мен аналары тиісінше қазақ/орыс респонденттердің жауаптары шамамен сәйкес келеді деген тұжырым жасауға болады (Кесте 3).

Кесте 3 Орта мектепте қазақ/орыс тілін үйрену тілін таңдау ретінде әкесінің/анасының этникалық тиістілігіне қарай арақатынастылығы (%)

 

 

Әкесінің/ анасының ұлты

Үйрену тілі

қазақ

қазақ

орыс

орыс

қазақ тілі

44,7

45,4

0

1,1

орыс тілі

14,3

13,4

74,4

71,5

 

Келтірілген кестеде берілген көрсеткіштер әкесінің және анасының этникалық тиістілігі қазақ және орыс тілдерін үйрену тілі ретінде таңдауға бірдей дәрежеде дерлік ықпал ететінін дәлелдейді, бұл екі тілдің теңдестірілген функционалды қуатының нақты фактісі болып табылады.

Басқа тілдерді таңдауда кішігірім қайшылықтар кездеседі. Міне, осылай аналары орыс респонденттер қазақ/орыс және қазақ/ағылшын/орыс тілдерін (1,1%)  таңдады. Мұндайда респонденттердің үйрену тілін таңдауына әкелері мен аналарының басқа этникалық тиістілігі әр түрлі ықпал етеді, мысалы: респонденттердің басым бөлігі үйрену тілі ретінде орыс тілін қалаған, ал олардың аналары: татар (55,6%), украин (100%), шешендер (66,7), башқұрттар (100%).

Бұл факт үйрену тілін таңдауда аналардың маңызды рөл атқаратынын дәлелдейді.

Қорытынды

Орта мектепте үйрену тілін респонденттің өзінің этникалық тиістілігіне, анасының немесе әкесінің этникалық тиістілігіне қарай таңдау көрсеткіштерін салыстыру және келтірілген талдау келесідей қорытындыға келуге мүмкіндік береді:

1.                 Үйрену тілі ретінде әдеттегідей қазақ және орыс тілдері алдағы орыннан табылуда, бұл олардың функционалды-коммуникативті қуаттылығының кепілі мен дәлелі болса керек.  

2.                 Үйрену тілін таңдауда Қазақстан Республикасындағы заманауи тілдік жағдайдың, оның ішінде іс жүзіндегі білім беру жүйесінің де, ата-аналардың этникалық тиістілігінің де рөлі маңызды. Түркі ұлты өкілдерінің басым бөлігі қазақ тілін таңдайды, бұл түркі ұлты өкілдерінің көбісі қазақ тілінде сөйлеседі деген сөз. Ал славян ұлты өкілдерінің көпшілігі үйрену тілі ретінде орыс тілін таңдайды. Басқа этникалық диаспора өкілдері, мысалы, кәрістер, немістер дәстүрлі түрде орыс тіліне тоқталады, себебі олар ес білгеннен көбіне орыс тілінде сөйлеседі.

3.                 Тілді қазақ тіліне қарай таңдау алғышартының күшеюі байқалады: түркі ұлты өкілдері ғана емес, сондай-ақ басқа ірі және саны аз этникалық диаспора өкілдері де оны өз бетінше үйрену және өзге тілдермен үйлестіре үйрену тілі ретінде таңдайды.

4.                 Қазақстандық коммуникативті кеңістікте титулды, мемлекеттік тілдің рөлі оның өскелең нығайтушы мүмкіндігімен қамсыздандырылған, бұл қазақ тілін үйрену тілі ретінде таңдауға сөзсіз ықпал етеді. Бұл үдеріс өздігінен қазақ тілінің коммуникативті мүмкіндіктерін дамыту үшін және оны пайдалану саласын нақты кеңейту үшін маңызды фактор болып табылады.   

5.                 Бірнеше тілдерді үйрену тілі ретінде таңдау Қазақстанда білім кеңістігінде және тұтастай республика мен шетелде еңбек нарығында талап етілген екі- және көптілді тұлғалардың қалыптасуына бағытталған тілдік саясаттың жүзеге асуын нақты сипаттайды.

 

Әдебиет:

1.                 Мемлекеттік (2001) Тілдерді колдану мен дамытудың 2001 – 2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы – Алматы, 2001.  

2.                 Сулейменова Э.Д. и др. (2007) Әлеуметтік лингвистика терминдерінің сөздігі // Словарь социолингвистических терминов – Алматы, 2005.