Д.филос.н., профессор Абдигалиева Гульжан Канаевна,
PhD докторант Килыбаев Талгат Берикказиевич
Казахский Национальный
Университет имени аль-Фараби, Казахстан
Қазақстандағы интеллектуалды капиталдың дамуы
Андатпа
Мақалада интеллектуалды капиталдың Қазақстанда даму
деңгейі көрсетіліп, салыстырмалы анализ жүргізілген. Білім
саласындағы үрдістер қарастырылып, бірқатар
ұсыныстар көрсетілген. Сонымен қатар алғашқы
капитал-білімнің мектепке дейінгі мекемелерде, жоғары оқу
орындарында берілу мәселесі, елдегі ересек адамдардың еңбекке
қабілеттілік деңгейі, интеллектуалды капиталды дамыту
мәселесі алға қойылған. Адам капиталына
ұзақ мерзімді инвестиция құю үрдісін
дамыған елдер тәжірибесінен алып, оңтайлы жүзеге асыру
Қазақстан мемлекеті үшін қазіргі таңда
көзделген мақсат болып отыр. Сондықтан бұл
тақырыптың өзектілігі ұсынылған мақалада
шағын түрде айқындалған.
XX ғасырдан бастап адамзатқа жаппай білім беру процесі
кең тарала басталып, халықтың көп бөлігі білім
алуға қол жеткізді. Қазіргі таңда дамыған елдерде
білім беру мекемелер саны мен білім беру мерзімі өзінің
шарықтау шегіне жетіп, саннан сапаға ауысу үстінде.
Яғни мектеп қабырғасында, одан кейін жоғары білім беру
ордасында алған білімін кәсіби біліктілігінің дамуына
дұрыс бағыттау мәселесі ең өзекті мәселелердің
бірі болып отыр. Себебі сапалы маман қай елде болмасын құнды
капитал иесі саналып, оның қоғамда бәсекеге
қабілеттілігі артады. Бұл жерде сапалы білімнің ізденушіге
(оқушыға, студентке) қолайлы, дұрыс әрі
уақытында жеткізілуіне әсер ететін бірнеше факторлар бар. Біріншісі
– бастапқы білімнің балабақшада, мектепте жоғары
деңгейде берілуі, екіншісі – жоғары оқу орындарындағы
студенттерге бағытталған білімнің көп дәрежеде
академиялық емес, кәсіби қасиетке ие болуы, үшіншісі –
шапшаң ауысып отырған технологияларға байланысты
қоғамның ересек бөлігіне қосымша білім алу
қажеттілігі, төртіншісі – білім және өндіріс сапасын
арттыру мақсатында интеллектуалды капиталды дамыту.
Бұл бағдарламаның мақсаты «Мектепке дейінгі
тәрбие мен оқыту ұйымдарының сапалы қызмет көрсетуінде
халықтың қажеттілігін қанағаттандыру және
2015 жылға дейін мектепке дейінгі жастағы балалардың мектепке
дейінгі тәрбиемен және оқытумен 70 %-ын қамтамасыз ету;
2015 жылға дейін 5-6 жастағы балаларды білім беру ұйымдарында
мектепалды даярлықпен толық қамтуды қамтамасыз ету;
республикадағы демографиялық жағдайды және
халықтың білім алуға деген
қажеттілігін ескеріп, мектепке дейінгі ұйымдардың
вариативті желісін арттыру; мектепке дейінгі ұйымдарға деген
тапшылық проблемасын шешу үшін қажетті қаржы-экономикалық
жағдай жасау; мектепке дейінгі ұйымдарды білікті кадрлармен
толық қамтамасыз етуді және олардың біліктілігін
тұрақты түрде арттыруды жүзеге асыру [3].
«Адамдар – капиталдың бір формасы» деген ойды танымал батыс
экономистері Адам Смит, Дэвид Рикардо, кейінірек Ирвинг Фишер еңбектерінде
көрсетті [1]. Ал алғашқы рет «адам капиталы тек
экономикалық емес, сонымен қатар өзге қасиеттерге ие» деп Теодор Шульц айтып
кеткен болатын. Оның еңбектері дамыған және дамушы
елдердің индустрияландыру саясатына үлкен әсерін тигізді.
Теодор Шульц адам капиталы концепциясының бір тармағы ретінде білім
капиталын ұсынды. Ол адамдар
өз білімдеріне ақшалай инвестиция құйып, қажетті
қабілеттерді меңгереді және дамытады; соңында
ұзақ уақыт бойы нәтижесін алады. Бұл қабілеттер,
яғни капитал мемлекеттің экономикалық дамуына
бағытталса болады. Адамның бойындағы туа біткен
дарындылығы, қабілеттері білім арқылы дамытылып, адам
капиталына айналады. Сонымен қатар Теодор Шульц білімнің
қасиетін өз еңбектерінде айқын баяндады. Яғни
екінші дүниежүзілік соғыстан кейін Жапония және ФРГ
елдерінің тез арада қалпына келу себептерін зерттеді. Ол «бұл
елдердің шапшаң жылдамдықта қалпына келуі білімді
әрі денсаулығы мықты халықтың арқасында
болды. Себебі білім адамдардың өндірістегі күшін арттырады,
ал денсаулық білімге бағытталған инвестицияны сақтап,
өндіруге мүмкіндік береді», - деген [2].
Соңғы жылдары адам капиталының бір түрі
болған интеллектуалды капитал индустриалды және
ақпараттық қоғамдардың қалыптасуы
салдарынан пайда болды. Яғни еңбек түрі өндірістік
қасиеттен ақпараттық қасиетке ауысты. «Google»,
«Facebook», басқа да әлеуметтік желілер сияқты компаниялар
пайда болып, адамдарды жаңа жұмыс орындарымен қамтамасыз
етті. Осы ретте, болашағын көре білген мемлекеттер адам капиталын
басты құндылық ретінде алып, оның түрлеріне
ұзақ мерзімді инвестиция құйып отыр.
Қазақстан да бұл тенденциядан қалыспай, адам
капиталының дамуына үлкен көңіл бөліп отыр.
Соның ішінде білім беру ордаларының саны мен білім алу мерзімін
арттырмай, сапасына көңіл бөлу мемлекет дамуының басты
мәселесі болып отыр. Осы орайда ел үкіметі ұсынып, елбасы
бекіткен білім беру саласындағы бірқатар жобалар өз
нәтижесін алда көрсетуі тиіс. «Балапан», «Болашақ»
бағдарламалары арқылы ел болашақтарына үлкен инвестиция
құйылды.
Бұл бағдарламаның мақсаты «Мектепке дейінгі
тәрбие мен оқыту ұйымдарының сапалы қызмет
көрсетуінде халықтың қажеттілігін
қанағаттандыру және 2015 жылға дейін мектепке дейінгі
жастағы балалардың мектепке дейінгі тәрбиемен және
оқытумен 70 %-ын қамтамасыз ету; 2015 жылға дейін 5-6
жастағы балаларды білім беру ұйымдарында мектепалды
даярлықпен толық қамтуды қамтамасыз ету;
республикадағы демографиялық жағдайды және
халықтың білім алуға деген
қажеттілігін ескеріп, мектепке дейінгі ұйымдардың
вариативті желісін арттыру; мектепке дейінгі ұйымдарға деген
тапшылық проблемасын шешу үшін қажетті
қаржы-экономикалық жағдай жасау; мектепке дейінгі
ұйымдарды білікті кадрлармен толық қамтамасыз етуді және
олардың біліктілігін тұрақты түрде арттыруды
жүзеге асыру [3].
Сонымен қатар Қазақстан Республикасының Президенті
Н.Ә. Назарбаев «Қазақстан-2050» стратегиясы –
қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағытын
өзінің 2012 жылғы жолдауында ұсынды. Мұнда Елбасы
адам капиталын дамытуды алғашқы қажетті
қадамдардың бірі ретінде көрсетті. Білім беру жүйесі ұтымды, дұрыс шешімдер
қабылдау арқылы өзінің кемшіліктерін жойып, жаңа
бағытта дамып отыр. Сол себепті елдің интеллектуалды капиталынан
зор үміт күту заңдылыққа айналуы тиіс.
Жоғарыда айтылып кеткен бірінші мәселе бойынша талқыласақ,
балабақшада және мектепте алынатын білімнің қажетті
деңгейде болуы тәрбиеленушінің және
оқушының болашақта сапалы маман болуына кепілдігі болып
табылады. Бала білімі мен тәрбиесінің негізі қаланатын
балабақшаларға, жалпыға бірдей міндетті орта білім беру
мекемелеріне жас өркенді жіберу әрбір ата-ананың міндеті
болып табылады. Алайда қоғамдағы әлеуметтік
мәселелелерге байланысты бұны орындай алмаған, яғни
баласының капиталына инвестиция құя алмаған ата-аналар
өз ұрпақтарының сәтті болашағына
қандай да бір мөлшерде нұқсан келтіреді [4].
Мәселен, ата-ананың біреуі белгілі бір себептермен (немесе
белгісіз) жұмыспен қамтылмаса, отбасында өсіп келе
жатқан жас тұлға сапалы білім алуда қиындықтар
көруі мүмкін. Сол себепті батыс елдерінің көпшілігінде
дүниеге ұрпақ әкелген әйел адам көп
ұзамай жұмыс орнына қайта шығуға бел буады.
Өмірлік жарымен бірге тең дәрежеде еңбек етіп,
баланың тәрбие және оқыту процесіне ат салысу
қазіргі кезде тек дамыған емес, сонымен қатар дамушы елдерге
тән құбылыс болды. Қазақстан мемлекетінің
қоғамының дамуына көз жүгіртсек, бұл жерде
біз мұндай құбылысты көбінесе қалалық жерде
байқаймыз. Ауылдық елді мекендерде ел азаматтары
қоғамның дәстүрлі ағымын ұстанады.
Сонымен қатар ауылдық жерлерде мектептерде берілетін білім
әлеуметтік мәселелерге, яғни материалдық
қордың жетіспеушілігі, сапалы білімге ие оқытушылардың
аздығы және т.б. жағдайларға байланысты қажетті
деңгейде болмауы, интеллектуалды капиталдың баяу дамуы
байқалса, балабақшалар туралы сөз қозғаудың
реті жоқ. Себебі бұл жағдайдың себептерінің бірі
мектепке дейінгі даярлайтын мекемелердің жетіспеушілігінен. «Рейтинг.кз»
агенттігінің соңғы мәліметтеріне жүгінсек,
Қазақстанда 2011 жылы 8096 мектепке дейінгі мекеме болса, 2010 жылы
бұл сан тек 6446 болды. Яғни 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларға
арналған мекемелер саны 65,4% болса, 1-ден 6 жасқа дейінгі
балаларға арналған мекемелер саны 47,5% құрап отыр [5].
Осының салдарынан ата-ананың біреуі үйде отырып, бала
тәрбиесімен айналысуға мәжбүр болады. Яғни
балабақшаның рөлін отбасы, ал тәрбиешілердің
рөлін ата-аналар атқарады. Осыған орай жоғарыда
айтылған «балапан» бағдарламасы аясында жүргізілетін
жұмыстардың нәтижесі бұл мәселеге оң
әсерін тигізеді деген үміт үлкен болып отыр.
Екінші мәселе, жоғары оқу орындарында студенттердің
интеллектуалды капиталын нығайтуға бағытталған
білімнің көп дәрежеде кәсіби емес, академиялық
дәрежеде болуы. Бұл жерде ең маңыздысы білім беру
жүйесін сыннан өткізіп, жаман бағалар беру емес,
студенттердің талаптарын ескеру және осыған орай бұл
мәселені талқылау. Өйткені статистикаға жүгінсек,
жоғары білім беру ордаларын тәмамдаған
түлектердің айтарлықтай біраз бөлігі өз
мамандықтары бойынша еңбек етпеу құбылысы бар [6].
Яғни елдегі жоғары оқу орындарын тәмамдаған түлектердің
51% өз мамандықтары бойынша жұмыс істесе, қалған 44%
әртүрлі себептерге байланысты басқа салада еңбек етіп,
5% мүлдем жұмыс істемейді. Бұл жерде мамандықты игеруге
негізделген жоғары білім алу құнының артуы сөзсіз
басты мәселелердің бірі. Сапа мен баға қатынасына
арналған рейтинг бойынша жеке меншік пен мемлекеттік жоғары
оқу орындары тең дәрежеде деп айтсақ
қателеспейміз. Алғашқы ондықта КИМЭП, КБТУ, МАБ,
әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Қ.И. Сәтбаев
атындағы ҚазҰТУ орын алып отыр. Ал облыстық
деңгейлерде, әрине, бұл көрсеткіш өзгеше.
Бағасы қымбат, имиджі жоғары ЖОО ұсынатын
мамандықтарда ақылы түрде оқитын студенттер саны да аз
емес. Яғни мұндай ЖОО бітірген студенттер жұмыспен
қамтылу мәселесімен қатты қиналмайды. Бұл -
өз болашағын (жалақысы жоғары жұмысқа ие
болу) ойлап, өзінің білімін, капиталын саналы түрде
арттыруға дайын студенттер қатары көп деген сөз.
Сонымен қатар, ЖОО студенттері кәсіби тәжірибелерін
көбінесе мамандықтары бойынша мемлекеттік немесе мемлекеттік емес
құрылымдарда (мекемелерде, ұйымдарда және т.б.)
өтсе және шетел тілдерін меңгеру деңгейлері артса, онда
олардың бәсекеге қабілеттілігі артып, ЖОО
аяқтаған сәтте жұмыспен қамтылу мүмкіндігі жоғарлайды.
Жоғары оқу орындарында берілетін білімге оралсақ,
бұл жердегі білім беру жүйесін жетілдіру кезінде дамыған
елдердегі университеттерден үлгіні көбірек алу керек деген
ұсыныс айтылуда. Елде «Назарбаев Университет» сыңды жоғары
оқу орындар санын арттыру арқасында әрбір елді мекен өзінің
дамып келе жатқан саласы бойынша сапалы мамандарға қол
жеткізсе деген сенім артуы тиіс. Үлгі ретінде батыс елдеріндегі
университеттерді алып қарайтын
болсақ, студентке білімнің көп мөлшерде нақты
мамандық аясында берілетінін байқауға болады. Мәселен,
батыста медицина саласында еңбек ететеін тіс дәрігері дене
мүше ауруларына қатысты кеңес бере алмайды және
оған талпынбайды. Өз мамандығын жетік меңгерген
дәрігер кәсіби тұрғыдан қарағанда
дұрыс істейді. Яғни, біріншіден, медицина саласында еңбек
етсе де өзге мамандық бойынша білімінің жеткіліксіздігін
мойындаса, екіншіден, кәсіби этиканы ұстанады. КСРО кезінде
ұстанған жан-жақты білімділік қазіргі күні
өз өзектілігін жоғалтты деп айтуға болады. Жоғары
оқу орындарында пәндердің көбі нақты
мамандыққа сай болып, басқа салаларды көп
мөлшерде қамтымаса, білім сапасын арттырудағы қажетті
нәтижелерге жетуге болады деген пікір ұсынылып отыр.
Соңғы онжылдықтарда еңбек саласы қатты
өзгерістерге ұшырады. Өңдеу өндірісінде
жұмысшылар саны азайып, «білімді, ақпаратты пайдалану»
саласындағы жұмысшылар саны артты. Осыған орай
еңбектің интеллектуалдануы, яғни ақпараттық
қасиетке ие болуы бірқатар дамыған елдерге тән болса
да, Қазақстан қоғамында өзінің
алғашқы қадамдарын жасап келе жатыр. Адамдардың осы
білімді ұтымды пайдалануы олардың бойындағы туа біткен
дарындылығына, қабілетіне және ерік-жігеріне байланысты болып
отыр. Нақтылап айтқанда, бойындағы капиталды ұтымды
пайдалана алған адам қоғамның сәтті
мүшесіне айналады. Алайда бақытқа кенелу, яғни сапалы
білім алып, интеллектуалды капиталын арттыру процесі ұзақ мерзімге
созылады. Бұл процесс техниканың, технологияның тез дамып,
жаңа білімді талап ететін жаңа жұмыс орындарының пайда
болуынан болып отыр. Бұл өз кезегінде, біріншіден, пайда
болған жұмыс орындарына қажетті мамандарды даярлайтын білім
берушілерді талап етеді, екіншіден, сол салада еңбек етіп жүрген
азаматтардың өз жұмыстарын жалғастыруға
қабілетті болуы үшін қосымша білім алу қажеттілігін
туғызады. Яғни, бұл дегеніміз – еңбек етіп жүрген
жұмысшылардың қосымша қиыншылықтармен кездесуі.
Біздің білуімізше, ересек адамдар уақытқа байланысты
қиындықтармен кездеседі. Бір жағынан жұмыспен, екінші
жағынан әлеуметтік мәселелермен (отбасы, ұрпақты
тәрбиелеу және т.б.) шектеледі. Дәлірек айтқанда,
бұл азаматтар қосымша кәсіби білім алуда уақыт
тапшылығы мәселесімен кездеседі. Бұл жағдай дамушы
елдерде қатты байқалады. Сонымен қатар жаһандану
процесіне бағынған қоғамда жаңадан пайда
болған техникамен және технологиямен жұмыс істей алатын
мамандар жетіспеушілігі байқалады. Ал бұл, өз кезегінде,
толық мемлекеттің экономикалық ахуалының айнасы болып
табылады. Әр ел бұл мәселені әрқалай шешуге
тырысады. Мәселен, Корея елінде үлкен жастағы
жұмысшылар ұзақ мерзімді қосымша білім алу
мүмкіндігіне ие болды. Олар жұмыс орындарын сақтай отырып,
бәсекеге қабілетті маман ретінде өмір сүруге мүмкіндік
алды [7]. Кәсіби біліктілікті арттыру орталықтары біздің елде
де баршылық. Мемлекет прогрестен қалыспай, әр уақытта
онымен бірдей дәрежеде дамуға талпынуда. Яғни бұл жерде
үлкен қорытындыға келе аламыз: адам капиталы білім
берудің белгілі бір сатыларында емес, өмір бойы білім алу барысында
қалыптасады.
Үшінші мәселе бойынша зейнетке шығу жасы да
қарастырылып отыр. Қазіргі таңда әлем бойынша адам
жасының ұлғаюы байқалуда. Осыған орай
бірқатар мемлекеттер зейнетке шығу жасын ұлғайтуды
шешті. Жапонияда зейнетке шығу жасы ер және әйел адам
үшін 70 жас болса, АҚШ-та 65 жас, Нидерландыда 65 жас, Бельгияда 65
жас, Швейцарияда ер адамға 65, әйел адамға 64 жас, ал Ресейде
60 және 55 жас, Қазақстанда 63 және 58 жас [8].
Еңбек нарығында жұмысқа қабілетті азаматтар саны
жыл сайын артып, жас және ересек кадрлар арасында бәсеке
күшейетіні сөзсіз. Бұл бәсекеде интеллектуалды капиталы
жоғары ел азаматтары бір қадам алда тұрады. Себебі өз
капиталын жарқын болашаққа жеткізетін
құрылғы ретінде қарастыратын адамдарды қазіргі
ақпараттық қоғамның талаптарымен өмір
сүретіндер деп атауға негіз бар. Қазақстан
мемлекетінің болашағы сапалы білімге ие әрі бәсекеге
қабілетті жастармен байланысты. Прогреспен қатар дамып отыратын
адамдардың бұл категориясы ақпараттық
қоғамда өздерін еркін сезінеді, әлеуметтік салада болып
жатқан өзгерістерге тез бейімделеді. Сапалы білімі бар
жастарға, яғни мемлекет капиталына ұзақ мерзімді
инвестиция құю еліміздің басты мақсаты болып келе
жатыр. Бірнеше жылдар бойы көптеген шетелдік жетекші білім беру
ордаларымен интеграциялану арқасында жас ұрпақ қажетті
білім алу үстінде. Мемлекетіміздің әрбір салада жақсы
дамып, өркендеуіне негіз және үміт бар.
Қорыта келе, келесі тұжырымдар жасауға болады:
-
Алғашқы
білім мен тәрбие беруге үлкен көңіл бөлу керек.
Себебі соңғы жылдарда әлем бойынша үйде отырмай,
жұмыс істеуге асыққан әйел-аналардың саны артуда.
Бұл құбылыс әйел адамдардың жұмыс істеуге
талпынысымен (қызығушылығымен) және ер адаммен
тең дәрежеде материалдық жағдайды
жақсартуға ат салысумен байланысты. Нәтижесінде, өсіп
келе жатқан ұрпаққа алғашынан бастап
өнегелі, үлгілі, сапалы тәрбие мен білім беретін
балабақшалар және мектептер санын арттырып, бұл орайда
мемлекет тарапынан қолдау көрсету керек.
-
Жоғары
оқу орындарында пән арқылы берілетін білімнің нақты
мамандыққа сай болып, өзге мамандықтарды
қамтымауы тиіс. Нәтижесінде өз мамандығын жетік
меңгерген кадрға қол жеткізу мүмкіндігі артады.
Техникалық прогреске сай мамандар санын ересек адамдар арасынан
арттыру. Яғни зейнетке жақын еңбек етіп жүрген адамдардың
бәсекеге қабілеттілігін арттыру ел экономикасының дамуына
септігін тигізеді.
Пайдаланылған
әдебиеттер:
1) Theodore W.
Schultz. Investment in Human capital: the role of education and of research.
New-York: The free press, 1971. p. 12
2) Wikipedia. The
free encyclopedia. Теодор
Шульц. Wikipedia.org
3) «Егемен Қазақстан» газеті. Әлеуметтік
бағдарламалар әлеуеті: білім беру. Нұрғали Аршабеков.
2010, қазан.
4) Human capital.
Summary. OECD Insight. France. Paris., p. 3
5) Рейтинг.kz зерттеу агенттігі. http://agencyrating.kz/ating-detsad/
6) Рейтинг.kz зерттеу агенттігі. http://agencyrating.kz/vuz-rating/
7) Human capital. Summary. OECD Insight. France.
Paris., p.
5
8) Wikipedia. The free encyclopedia. Retrietment age. Теодор Шульц.
Резюме
В статье показан уровень развития интеллектуального капитала в Казахстане. Автор уделяет внимание на
уровень интеллектуального капитала в дошкольных учреждениях, ВУЗ-ах, на трудоспособность
взрослого населения и проблемы развития интеллектуального капитала
в Казахстане.
Resume
The level of development of intellectual capital in Kazakhstan is shown
in this article. The author pays attention for the level of intellectual
capital in preschool institutions, universities, ability of adult population to
work, and problems of development of intellectual capital in Kazakhstan.