Экономические науки/13. Региональная
экономика
экономика магистрі Алтаева Г.С.
э.ғ.к. доцент Смагулова К.Р.
М.Х. Дулати атындағы ТарМУ, Қазақстан
Республикасы, Тараз қаласы
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ
КЕДЕЙШІЛІК МӘСЕЛЕЛЕРІНІҢ ӘЛЕУМЕТТІК АСПЕКТІЛЕРІ
Кез-келген
экономикалық жүйеге ілесетін кедейшілік құбылыс ретінде
даму деңгейіне байланыссыз әлемнің барлық елдерінде
болған және қазір де бар. Кедейшілік тек адамдардың
тұрмыс деңгейіне ғана ықпал етумен шектелмейді, ол
сонымен бірге қоғамның әлеуметтік және саяси
саладағы өмірлеріне әсерін тигізіп, көпшілік
жағдайларда қылмыстың өсуі мен әлеуметтік
жанжалдардың тууының себеп көздеріне айналады.
Қазақстандағы қоғамы қызметінің
барлық қырларын дерлік қамтитын көп факторлы
құбылыс ретінде кедейшілікті азайту проблемасы, біздің
әлеуметті-экономиклық дамуының және
нарықтық реформаларды іске асырудың одан арғы
барысындағы ең маңызды міндеттердің бірі ретінде
қаралады.
Жалпы,
«кедейшілік» ұғымын алғаш рет әлеуметтану
ғылымына француз социоэкономисі Ж.Прудон енгізген. Адам өз организмінің физиологиялық
мұқтаждықтарынан туындайтын, өз
қажеттіліктерінің ең төменгі әлеуметтік
мұқтаждықтарын қамтамасыз ете алмаса, онда мұндай
тұрмыс ахуалы «абсолютті кедейшілік» деп анықталады. Ал, «салыстырмалы
кедейшілік» дегеніміз, қоғамда белгіленген
әл-ауқаттың стандартқа сай өмір сүруге
материалдық мүмкіндіктері жоқ адамдар тобы жатқызылады.
Одан басқа, кедейшілік адамдардың тұтынуға қажет
деңгейі туралы пікірлердің негізінде бағалануы мүмкін,
ондай жағдайда олар өздерін кедеймін деп санамайды. Бұл
жағдайда әңгіме «субъктивті кедейшілік» туралы болады [1].
У.Уилсонның пайымы бойынша кедейшілікті қоғам өзі
тудырады. Өйткені, қалалардың орталығында жұмыс
орны жеткіліксіз. Сондықтан, кедейлердің енжарлығы
мүмкіндіктердің шектеулі болуының нәтижесі. Нарық
экономикасының үстеме пайда табу заңдылығына сай, ірі
өндіріс орынның иесі оның тиімділігін арттыру үшін оны
шикізаты мен еңбек қоры арзан елдерге көшіреді. Табыс
жоғары кезінде өндіріс кеңейтіледі. Ал, дағдарыс
кезінде қызметкерлерді аяусыз қысқарта бастайды.
Сондықтан, Еуропада жұмыссыздық 7 пайыздан 10 пайызға
дейін өсті, ал Испания, Грекия мен Португалияда 15-20 пайызға
жетті. Бұл ереуілдер қозғалысын күшейтті [2].
Кедейшілік мәселесі
Қазақстанды 90-шы жылдардың басынан толғандыра бастады.
Оның өткірлігі, кедейшілік нақты табыстың күрт
төмендеуі мен қоғамның әлеуметтік
жіктелуінің күшеюі салдарынан қоғамның
әлеуметтік құрылымының өзгеруіне әсер ете
бастаған сәттен бастап байқалды. Кедейшіліктің
өсуі, оның үлес салмағынан да, кедейшілік санаттары
бойынша да көрініс тапты. Кедейшілік деңгейінің өзгеру
қарқынында оның қалыптасуының екі кезеңін
бөліп көрсетуге болады. Бірінші кезең – 90-шы жылдардың
бірінші жартысы – бұл кезде халықтың тұрмыс
деңгейінің нашарлауынан, кедейшілік ауқымының
ұлғаюынан, табыстар, тұтыну, маңызды материалдық
және әлеуметтік игіліктерге қолжетімділік бойынша
қарастырғанда әлеуметтік
ала-құлалықтың күшеюінен көрінген аса
келеңсіз үрдістер байқалды. Екінші кезең – 90-шы
жылдардың екінші жартысынан бастап, қазіргі кезге дейін –
экономиканың нақты секторындағы оңды ілгерілеулер
нәтижесінде халықтың бақуаттылығы
өлшемдерінің біршама тұрақтану кезеңі.
Қазақстанда 1990-1995 жылдары
жылдамтылған экономикалық құлдырау байқалды, 1990
жылдың деңгейіне қарағанда 1995 жылға қарай
нақты ЖІӨ 61,4пайызға дейін төмендеді, 1990
жылдардың басындағы жоғарғы инфляция 1,975 пайыз
жылдық деңгейде 1994 жылы өз шыңына жетті. Содан кейін,
1998 жылы 7,6 пайызға дейін және 1999 жылы 8,3 пайызға дейін
төмендеді [3]. 1996 жылы ЖІӨ көлемінің төмендеуі
тоқтатылды. 1997 жылдан бастап, ЖІӨ көлемі біртіндеп көтеріле
бастап, елімізде экономикалық өсу байқалды. 1990-1995
жылдарға дейін созылған экономиканың құлдырауы
халықтың маргинализация, жұмыссыздық, кедейшілік
және т.б. сияқты әлеуметтік құбылыстардың
өсуіне ықпал етті. Осындай тәріздес құбылыстарды
жою үшін ғалымдардың пікірінше, 10 жыл мерзім ішіндегі жыл
сайынғы экономикалық өсім 5-8 пайызға жетуі керек [4].
Кедейшілік
мәселесі қалай экономистердің,
әлеуметтанушылардың және саясаттанушылардың, сонымен
бірге, қарапайым азаматтардың да назарында болып келді. Бұл мәселе жөнінде көптеген
пікірлер айтылып, талдап-талқылаулар жүргізілді. Біздің
ойымызша кедейшіліктің негізгі негативті салдарын көрсетуге
болады.
Бірінші,
ұлт генофондының төмендеуі мен азаюы: халықтың
орташа өмір сүру ұзақтығының азаюы,
туудың төмендеуі, халық денсаулығының нашарлауы,
девиантты мінез-құлықтың, маскүнемдіктің
және нашақорлықтың өсуі. Екінші, қылмыстың өсуі,
адамдардың қауіпсіздік қауіп-қатерінің
өсуі. Үшінші, әлеуметтік шиеленіс қаупінің артуы,
халықтың өмір сүру деңгейімен
қанағаттанбауы, наразылық акциялары (Алматы
қаласындағы ай сайын өтіп отыратын зейнеткерлердің
наразылығы, үй-жайсыз қалған адамдардың
заңсыз басып алуы, адамдардың аштық жариялауы және
өзін-өзі өртеу және т.б. акциялары). Сонымен,
Қазақстанда кедейшілік мәселесі еліміздің
қауіпсіздігіне қауіп әкелмес бұрын, кідіртпей
дұрыс оңтайлы шешім қабылдауды талап етеді.
Елдегі
қазіргі әлеуметтік-экономикалық жағдайдың
ерекшелігі ретінде, «жаңа кедейлер» деп аталатындардың пайда
болғанын айтуға болады. Бұған
реформаларға дейінгі кезеңде болған әдеттегі
кедейлерден бастап, жеңіл өнеркәсіп, мәшине жасау,
білім беру, денсаулық сақтау, ғылым, мәдениет
салаларында жұмыссыз қалғандар жатады. Шағын бизнес
өкілдері, зейнет жасына жеткен адамдар, мектеп, жоғары оқу
орындарын бітірушілер, экологиялық дағдарыс өңірлерінде
тұрып жатқан халық жоғары тәуекел аймағында
қалып отыр. «Жаңа кедейшілік» ауқымы ауылдық жерлерде
тұратын халықтың есебінен едәуір кеңейді. Ауыл
халқының табысы қала халқының табысынан орташа
алғанда 2,2 есе төмен және ауылдағы кедейшілік
деңгейі едәуір жоғары. Жалпы
ел бойынша ауылдық кедейлік қалалық кедейліктен екі есеге
дейін артық болуы жалғасуда. Кедейшілік көрсеткіштеріне халықтардың
табыстары бойынша төмендегі кесте мәліметтері арқылы талдап
өтеміз.
Кесте 1
Кедейшілік көрсеткіштерін
халықтың табысы бойынша талдау
|
Индикатор-лар |
2003 |
2004 |
2005 |
2006 |
2007 |
2008 |
2009 |
2010 |
2011 |
2012 |
|
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
8 |
9 |
10 |
11 |
|
Табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің
шамасынан төмен халықтың үлесі1), % |
||||||||||
|
барлығы |
46,7 |
44,5 |
37,5 |
33,9 |
31,6 |
18,2 |
12,7 |
12,1 |
8,2 |
6,5 |
|
қала |
36,0 |
33,0 |
24,7 |
23,4 |
20,2 |
13,6 |
6,9 |
8,1 |
4,1 |
3,7 |
|
ауыл |
59,4 |
58,4 |
53,2 |
47,1 |
45,6 |
24,4 |
18,1 |
15,9 |
12,1 |
10,1 |
|
Табысы азық-түлік қоржыны құнынан
төмен халықтың үлесі1), % |
||||||||||
|
барлығы |
16,1 |
13,8 |
9,1 |
6,3 |
5,2 |
2,7 |
1,4 |
1,2 |
0,6 |
0,4 |
|
қала |
10,7 |
8,6 |
4,9 |
3,9 |
2,4 |
1,8 |
0,7 |
0,6 |
0,2 |
0,3 |
|
ауыл |
22,6 |
20,1 |
14,2 |
9,4 |
8,5 |
3,8 |
2,1 |
1,7 |
0,9 |
0,6 |
2003 жылдан бергі кезеңде
ең төменгі күнкөріс деңгейінен (бұдан
әрі - ЕТКД) төмен халық үлесі жалпы республика бойынша
7,2 есеге қысқарды және 2012 жыл қорытындысы бойынша
қалалық және ауылдық өңірде оң серпінін
сақтай отырып, 6,5%-ды құрады.
Мыңжылдықтың
Даму Мақсаттарының «Ең төменгі күнкөріс
деңгейінен төмен табысы бар адамдардың үлесін екі есеге
дейін қысқарту» 1 міндетін Қазақстан 2004 жылы
орындады, алайда ел үшін кедейлік едәуір күрделі мәселе
болып қалуда, әсіресе ауылдық өңірлерде.
Осыған байланысты, 2008 жылы ел алдында Мыңжылдықтың
Даму Мақсаттарында «1+»: ауылдық өңірде тұратын
ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен табысы
бар адамдардың санын екі есеге қысқарту жаңа міндеті
қойылған болатын.
Алайда, кедейлікті
қысқартудағы қол жеткізілген ілгерілікке
қарамастан республика халқының едәуір бөлігі
төмен табыстарға ие болып, кедей халықтың санаты
қатарында қалып қою қаупі бар. Бұл ретте,
ауылдық кедейліктің неғұрлым айқын
көрінісімен барлық өңірлерде өңірлік
кедейліктің саралануы байқалуда. Осы уақытқа дейін
ауылдық кедейлік едәуір жоғары деңгейде сақталып,
қалалықтан үш есеге дейін артық.
Ауылдық кедейлік
көрінісі келесі факторлармен және проблемалармен негізделген[5]:
- ауылдық
отбасылардың көп балалылығы, сондықтан да жоғары
асыраушылық жүктемемен;
- халықтың
ауылдық өңірлерден (әсіресе жастардың) ірі
қалаларға көшіп-қонуы (жұмысқа тұру
мүмкіндігінің жетіспеушілігінен және
еңбекақының төмен деңгейінен, сонымен қатар
кәсіптік оқыту жүйесіне қол жеткізу
мүмкіндігінің болмауынан туындайды);
-
ауылдық жерлердегі жеке меншік секторының әлсіз дамуынан,
нашарланған әлсіз инфрақұрылыммен және
нарық пен қаржыға шығу мүмкіндігінің
қиындығынан халық көбінесе қарыз және несие
алу үшін бастапқы қаржының болмау себебінен өз
кәсіптерін бастай алмауымен.
Қазіргі жағдайда
өңірлік кедейшілікті ерекше бөліп көрсету керек. Табысы
ең төменгі күнкөріс деңгейіне жетпейтін
отбасылардың үлесі жоғары өңірлер арасында
Атырау облысы оқшау тұр, онда кедейшілікте өмір сүріп
жатқан халықтың үлесі 29,1%-ды құрайды
(бұл республика бойынша ең жоғарғы көрсеткіш),
Маңғыстау – 21,0%, Жамбыл – 18,3 пайыз, Қызылорда – 26,5
пайыз, Оңтүстік Қазақстан – 23,0 пайыз. Аталған
облыстарда жағдай осындай болса, республика бойынша орташа
көрсеткіш – 16,1 пайыз.
Аймақтардың кедейлік
деңгейі бойынша топтарға бөлінуін төмендегі кестеден
көруге болады.
Кесте 2
Аймақтардың кедейлік
деңгейі бойынша топтарға бөлінуі
|
2012 жылы кедейлік
деңгейі бойынша топтар |
Аймақ атауы |
|
1 |
2 |
|
Төмен (2,6–4,4%) |
Астана және Алматы қалалары, Қарағанды, Павлодар және
Ақмола
облыстары |
|
Орташа (5,3-6,7%) |
Жамбыл, Солтүстік
Қазақстан, Ақтөбе, Алматы, Атырау, Шығыс Қазақстан, Қостанай және
Қызылорда облыстары |
|
Жоғары (8,4-11,6%) |
Шығыс Қазақстан, Оңтүстік
Қазақстан және Маңғыстау облыстары |
Кедейлік деңгейіндегі аймақтық
өзгешеліктері аумақтық тиістілік өзгешеліктері бойынша
да ерекшеленеді (қала/ауыл). Ауылдық кедейліктің
айтарлықтай қысқару ауқымына қарамастан
(соңғы 10 жылда оның деңгейі 5,9 есеге
қысқарды) 2012 жылы оның көрсеткіші едәуір
жоғары болып қалуда 10,1%.
Елде
қазіргі кезеңде жүргізіліп отырған әлеуметтік
саясаттың негізгі мақсаты кедейшілік деңгейін
төмендету және қоғамдағы
әлеуметтік-экономикалық теңсіздікті азайту болып табылады. Экономикалық өсу халықтың
әл-ауқатын көтеру үшін негіз жасайды, бірақ,
әлеуметтік проблемаларды шешу үшін мынадый шараларды қолдану
қажет:
Бірінші, табыстар саласында ең төменгі әлеуметтік
кепілдіктерді қамтамасыз ету, олардың бастапқы негізі
маңызды өмірлік қажеттіліктер мен қызметтердің
әлеуметтік қажетті деңгейін көрсететін ең
төменгі тұтыну бюджеті болуы керек. Азаматтардың
төлемдерінің жаңа түрлері пайда болуда: жылжымайтын
мүлік салығы, ипотекалық жүйе, міндетті
сақтандырудың әртүрлі нышандары және т.б.
Осының бәрі тұтыну бюджетін есептеудің жаңа
құрылымына көшу қажеттігін алға тартады,
оның үстіне байқалған экономикалық өсу
жағдайында елдің осындай әлеуметтік ең төменгі
деңгейді есептеуге көшуі үшін ресурстық мүмкіндіктері
ұлғаюда; екінші, сала аралық және сала ішілік деңгейде,
мемлекеттік және жекеменшік секторлар арасында, сондай-ақ,
кәсіпорын ішінде жұмыс күшін қайта қалпына келтіру
үшін бірдей жағдайлар жасау (еңбекке ақы
төлеудің ең төменгі мөлшері рөлін
күшейту, еңбекке ақы төлеудің ең төменгі,
орта және ең жоғары деңгейлері арасындағы
арақатынасты реттеу, салық салу жүйесін жетілдіру
және т.б.); үшінші, республикада орта таптың
қалыптасуы жөніндегі саясатты қалыптастыру мен
жүзеге асыру. Осы мақсатта халықтың табыстарын
түбегейлі көтерумен бірге жұмыс орындарын құру,
шағын және орта бизнесті қолдау, білім беру технологияларын
дамыту, жинақ ақшаның, меншіктің қорғалуына
кепілдікті күшейту және т.б. жөніндегі шаралар қажет;
төртінші, ауылдағы еңбекпен қамтылу құрылымының
индустриялық еңбектің үлесін ұлғайту
жағына қарай оңтайландыру қажет.
Әдебиеттер:
1. Ж.Тулеев. Қазақстандағы
кедейшілік және кедейлердің әлеуметтік құрылымы. Ұлт тағылымы №3. 2008. 318 б.
2. Ш.Қарабаев. Әлеуметтік теңсіздік пен кедейшіліктің
әлеуметтік-саяси және әлеуметтік-рухани салдарлары. Ізденіс №
3. 2011 ж. 130 б.
3. Цели ООН в области развития на пороге тысячелетия в Казахстане 2002. – Алматы:
Taimas Print House, 2002.
4. Қазақстан Республикасындағы
халықтың өмір сүру деңгейінің
әлеуметтік-экономикалық сипаттамасы // АльПари. 2010. № 4- 153-155
б.- 0,37 б.б.
5. Әлеуметтік
саясатты іске асыру механизмдерін реттеу жолдары
// ҚазЭУ хабаршысы. 2012. № 6- 43-49б.- 0,43 б.б.