Экономические науки

Сейітжағыпарова Ш.Ж.

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің оқытушысы, экономика ғылымдарының магистрі

 

Қызылорда облысының индустриалды –инновациялық әлеуеті мен инфрақұрылымының даму жағдайын бағалау

 

Мемлекеттің негізгі міндетінің бірі – экономиканың басымдық берілетін салаларына қызмет көрсету және тауар өндірісін жедел дамытуды қамтамасыз етуге бағытталған инвестицияларды тарту болып табылады. Бұл  бағытта өнеркәсібі  дамыған  өндірісті облыстардың маңызы ерекшеленеді.

Қызылорда өңірі, шикізат қорына бай потенциалды облыстарға да жатады, енді облыстың  құрамына келетін  болсақ екі қала және  жеті  ауданнан құралады, атап айтсақ  облыс орталығы Қызылорда қаласы  және  Байқоныр қаласы жатады. Ал, облыс аудандарына  Арал, Жалағаш, Жаңақорған, Қазалы, Қармақшы, Сырдария, және Шиелі аудандары жатады.

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев шетелдік инвесторларды индустриялық-инновациялық  бағдарламаларға белсенді атсалысуға шақырған болатын. Бұл тек қаржы құюмен шектелмейді, сонымен бірге жаңа технологияларды енгізу, мамандарды оқытып-үйрету жағын да ұмыт қалдырмау дегенді білдіреді.

Алдыңғы жылы экономиканың шикізаттық емес бөлігіне құйылған қаржы 1,25 млрд  долларды  құрайды. Бұрынғы көрсеткішпен салыстырсақ екі есе көп.

Енді жергілікті аймақтың инвестициялық  ахуалы  талқыласақ. Үдемелі индустриалды - инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы аясындағы индустрияландыру картасына ұсынылған жобалар. Бүгінгі күнге, жыл басынан бері Аймақтық үйлестіру кеңесінің (АҮК) қарауына қала және аудандар тарапынан  31 жоба ұсынылған, оның ішінде 20 жоба АҮК оң шешімін алып, 8 жоба эксперттік комиссиямен қолданды және 3 жоба кейін қайтарылды. Атап айтқанда:

- Қызылорда қаласынан 9 жоба ұсынылған, 8 жоба АҮК мақұлданып,  1 жоба эксперттік комиссияның оң шешімін алды;

- Жалағаш ауданынан 8 жоба ұсынылған. Оның ішінде: 4 жоба АҮК мақұлданып, 4 жоба эксперттік комиссияның оң шешімін алды;

Шиелі ауданынан 6 жоба ұсынылған. Оның ішінде: 3 жоба АҮК мақұлданып,     3 жоба қайтарылды;

- Қазалы ауданынан 4 жоба ұсынылған. Оның ішінде: 1 жоба АҮК мақұлданып,   3 жоба эксперттік комиссияның  оң шешімін алды;

- Қармақшы аудандарынан 2 жоба ұсынылған, 2 жоба АҮК мақұлданды;

- Сырдария ауданынан 2 жоба ұсынылған, 2 жоба АҮК мақұлданды;

- Ал Арал, Жаңақорған аудандарынан ешқандай жоба ұсынылған жоқ.

Сонымен қатар, қазіргі таңда 6 жоба эксперттік комиссияның қарауына ұсынылып отыр. Оның ішінде:

- Қызылорда қаласы 4 жоба,

- Жалағаш ауданы 1 жоба,

- Қазалы ауданынан 1 жоба ұсынылды.

Осы ретте, тапсырманы өз деңгейінде орындалмауына байланысты, тиісті аудандарға аталған тапсырманы жыл соңына дейін сапалы және мерзімінде орындалуын қатаң бақылауға алу тапсырылды .

2012 жылғы  өнеркәсіп саласының даму барысы туралы басты көрсеткіштері. Өнеркәсіп  өндірісінің көлемі  ағымдағы бағаларда 1,104,1 млрд. теңгені құрап, нақты көлем индексі 2011 жылмен салыстырғанда 1,0 пайызға артты. Кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазудағы өсім - 0,4 пайызға өсіп немесе 1 030,8 млрд. теңгенің өнім өндірілді. Нақты көлем индексі 2011 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 100,4% құрады.

Өңдеу өнеркәсібіндегі 47,1 млрд. теңгенің өнімі өндіріліп, өсімі  7%   құрады және нақты  көлем индексі  2011 жылмен салыстырғанда 107,0 пайызды құрады;

- 2011 жылы Жалпы аймақтық өнім (ЖАӨ) құрылымында өнеркәсіп өндірісі көлемінің үлесі – 49,4 пайызды құрады;

- 2012 жылғы 9 айының қорытындысымен ЖАӨ құрылымында өңдеу өнеркәсібінің үлесі 2,2 пайызды құрап, ұқсас кезеңмен салыстырғанда 0,1 пайызға төмендегенді байқалуда (2011 жылы 2,3 пайыз);

Өңдеу өнеркәсібіндегі еңбек өнімділігі 2011 жылы 13,6 мың АҚШ доллар/адам) құраса 2012 жыл қорытындысында 7,6 мың АҚШ доллар/адам құрады (себебі: мониторингке жататын кәсіпорындардың өндірілетін өнім көлемі төмендеп, жұмысшылар саны  сақталған).

Өңдеу өнеркәсібінің салалары бойынша:

- өңдеу өнеркәсібіндегі ең жоғарғы үлес -тамақ өнімдері өндірісі 33,0 %, өзге металл емес минералды өнімдері өндірісі - 23,0%, кокс және мұнай өнімдері өндірісіне  18,5% тиесілі.

- өңдеу өнеркәсібіндегі ең төменгі үлес – жихаз өндірісі 0,1%,жеңіл өнеркәсіп өндірісі 0,8%, химия өнеркәсіп өнімдері өндірісі – 1,4% құрауда. Қазақстандық мазмұнды дамыту - ҚР Үкіметінің 2011 жылғы   шілдедегі №745 қаулысымен бекітілген тізбесіне сәйкес Қызылорда облысында тоғыз жүйе құраушы кәсіпорын белгіленген. 2012 жылы жүйе құраушы кәсіпорындардың тауарында қазақстандық қамту  шамамен 96, 6 %, жұмысы және қызметінде – 70,1 пайыз (2011 жылы – 65,4 пайыз) құрауда.

Енді Қызылорда облысында жүзеге асыруға талаптанып жатқан инвестциялық жобалар  туралы төмендегі кестелерден  көруге болады. 2013 жылы индустриаландыру картасына енгізуге  және  жүзеге   асыруға  6  инвестициялық  жоба  қаралды, оның ішінде мақұлданған  жобалар саны 2,  атап айтсақ   «Күйдірілген кірпіш өндірісі» зауытының  жобасы және «БатысЕуропа-БатысҚытай» автомагистралі бойындағы «Қорқыт ата зиярат етушілер орталығы» құрылысының жобасы.

 

Кесте 1

2012 жыл бойынша Қызылорда  обылысы Үдемелі Индустриялық Инновациялық даму бағдарламасы аясында картаға енген инвестициялық жобалар

Жобаның атауы

Жоба  бастамашылары

Орналасу жері

Жүзеге асырылу мерзімі

Жаңа жұмыс орындары

Жоба

құны, млн теңге

1

«Батыс Еуропа-Батыс Қытай" автомагистралі бойындағы» Қорқыт ата зиярат етушілер орталығы»

"Дорстрой" ЖШС-і

Қармақшы

ауданы

2011-2012

508

15

220,0

2

«Күйдірілген кірпіш зауытының құрылысы»

ИП «Палжанов»

Шиелі ауданы

2012ж

9

20

20,0

 

Қорытынды:

 

 

 

517

35

240,0

Е с к е р т у – Қызылорда облысының кәсіпкерлікті қолдау және өнеркәсіп басқармасының мәліметтері негізінде автормен құрастырылды

 

1-кестеден көріп отырғанымыздай, Үдемелі индустриалды инновациялық даму бағдарламасы аясында аймағымызда келесі жобалар іске асырылған:

- «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» автомагистралі бойындағы «Қорқыт ата зиярат етушілер орталығы»– құрылысының жобасы, құны 220,0 млн теңге құрылыс кезеңі 2013-2014 жыл аралығы болып табылады. Жоба құрылыс кезінде 508 адам, пайдалануға берілгеннен кейін 15 адам  жұмысқа  тартылды. Жоба  бастамашысы  «Дорстрой» ЖШС –і, Қармақшы ауданында орналасқан.

- «Күйдірілген кірпіш зауытының құрылысы» жоба  бастамашысы «Палжанов» ЖК, орналасқан жері  Қызылорда облысы, Шиелі ауданы құны 20,0 млн теңге. Жоба құрылысы кезінде 9 адам, пайдалануға  берілгеннен кейін 35 адам жұмыспен қамтылды.

 Қаралып  жатқан жоба, яғни бұл көрсеткішті төменгі кестеден көре аламыз.

Кесте 2

Индустриаландыру картасына еңгізу жолданған, оңтайландырылған инвестициялық  жобалар

Жобаның атауы

Жоба  бастамашы

лары

Аймақ

Жүзеге асырылу мерзімі

Жаңа жұмыс орындары

Жоба құны, млн теңге

Құрылыс  кезінде

Пайдалану барысында

Қаралып жатқан жобалар

3

Цемент зауыты  құрылысы

«Вернал Актас» ЖШС

Қызылорда облысы, Шиелі ауданы

2013-2014

100

20

1385,0

Мақұлданған  жобалар

4

Жем кешені және ет комбинат құрылысы

 «АК-Барс»ЖК

Қызылорда қаласы, Шымкент – Самара тас жолы

2013-2014

40

40

200,0

5

90 бас малға арналған жем комплексі

 «Бекжанов»

ШҚ

Қызылорда облысы,

2013

15

10

20,0

6

Асфальт бетон зауытының құрылысы

«TechnostarKZ»ЖШС

Қызылорда қаласы

2013-2015

20

15

102,6

Е с к е р т у – Қызылорда облысының кәсіпкерлікті қолдау және өнеркәсіп басқармасының мәліметтері негізінде автормен құрастырылды

 

«Вернал Актас» ЖШС-нің  Цемент зауытының құрылысы, жоба құны 1385,0 млн теңге. Жүзеге асырылу мерзімі 2013 – 2014 жылдар аралығы, жобада  құрылыс кезінде 100 адам және пайдалануға берілгеннен кейін 20 адам жұмыспен қамтылатын  болады. «Ак-Барс» жеке кәсіпкерлігінің  «Жем кешені және ет комбинат құрылысы» жобасы құны 200,0 млн теңге.

 «Бекжанов»  шаруа қожалығының 90 бас малға арналған жем кешенінің құрылысы жобасы, құны 20 млн теңге. «Техностар»  ЖШС – нің «Асфальт бетон зауытының» құрылысы жобасы  102,6 млн , құрылыс кезеңі 2013 – 2015 жылдар  аралығы, 15-20 адам жұмыспен қамтылатын болады деп  жоспарлануда.

Қорыта айтқанда, Қызылорда облысында индустриалды –инновациялық әлеуеті мен инфрақұрылымының даму жағдайын бағалау елімізде инновациялық қызметке үлкен роль бөлініп отырғандығын көрсетіп отыр. Алайда айта кеткен жөн, республикадағы инновациялық қызмет әзірге әлемдік нарықтағы еліміздің бәсекеге қабілеттілігін арттырудың көзі болып отырған жоқ. Ал мұның барлығы да, өз кезегінде, Қазақстан экономикасының дамуына тікелей жауапты оның өңірлерінің қазіргі инновациялық әлеуетіне байланысты. Сол үшін де біз, әрбір өңірдің инновациялық әлеуеті мен инфрақұрылымының даму жағдайын сараптауды қажет деп санаймын.

Бүгінгі күні осы индустриялық-инновациялық даму бағытында атқарылған жұмыстар нәтижесінде жобалардың іске қосу есебінен 2010-2012 жылдардың қорытындысы бойынша өңдеу өнеркәсібі 2009 жылмен салыстырғанда 48,6 пайызға өсіп, салынған инвестиция көлемі 2 есеге артып отыр.

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Кудров В. Ключ к эффективному росту // Стратегические чтения,  2002. - №5. - Б. 106-108.

2. «Жаңа онжылдық – жаңа экономикалық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы // Егемен Қазақстан, 2010. - 29 қаңтар.

3. Қазақстанның ғылыми және инновациялық қызметі. Статистикалық жинақ // Қазақстан Республикасының Статистика агенттігі. - Астана, 2012. - 89 б.