Сартанова Н.Т. - э.ғ.к., ассоциирленген профессор
А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті
Жаһандандыру
жағдайындағы Қазақстан Республикасының
қаржылық секторының бағыты мен мәселелері
Тәуелсіздік алған
күнінен бастап Қазақстан үшін әлемдік
экономикаға бірте -бірте енуі және нарықтық экономика
жағдайында тұрақты қаржылық жүйесінің
қалыптасуы ең маңызды бағытының бірі болды. Осы
бағыттағы стратегиялық қадамға
республиканың қаржылық секторын кезеңдік реформалау
жатты. Айқын болғандай, қаржылық секторының даму
жағдайы еліміздің экономикалық секторының
деңгейіне аса маңызды ықпалын тигізеді [1].
2030 жылына дейінгі ең бір
Қазақстан Стратегиясының ұзақмерзімді даму
басымдылықтары шетелдік инвестицияларының жоғары
деңгейіндегі дамыған нарықтық экономикаға
негізделген экономикалық өсу болып табылады.
Республикамыздың
қаржылық жүйесін реформалаудағы маңызды
рөлін қаржылық нарықтың барлық секторында
жетілдіру бойынша кешенді шараларды өткізу орын алды (қаржылық
секторының даму Тұжырымдамасы, жинақтаушы зейнетақы
қоры, сақтандыру, бағалы қағаз
нарығының дамуы бойынша бағдарламалық
құжаттарға сәйкес келуді жүзеге асыруды бекіте және
т.с.с.).
Осы жылдарда
Қазақстанның қаржылық секторы өзінің
даму кезеңінде аса мәнді нәтижелерге қол жеткізді,
оның өзі оның тұрақтылығының
нығаюына, оған деген халық сенімінің артуына,
қаржылық ұйымдарының тұрақтылық
деңгейінің артуына ықпалын тигізді.
Қаржылық нарық
және қаржылық ұйымдарын реттеу мен
қадағалау осы сферадағы мемлекет саясатының
мүддесі, еліміздің қазіргі экономикасының дамуы
және халықаралық бірлестік жағдайы есебімен
жүзеге асырылды. Еліміздегі нарықтық қайта
құрылымдарының тереңдетілуі мен дамуы
экономиканың субьектілері мен салаларының ұсынысы мен
сұранысына сәйкес капитал ағымын тиімді қайта бөлінуін
қамтамасыз ететін негізгі нарықтық тетігі ретінде
қаржылық нарықтың әрекет ету сферасы мен
мәнділігін ұлғайтты. Ғаламдық
қаржылық-экономикалық
дағдарыс әлемдік қаржылық жүйесінің
қол жеткізбейтін орындары мен кемшіліктерін ашты.
Осы дағдарысты тудырған
және оның өршуіне әсерін тигізген мәселелер,
барлық қаржылық биліктен дағдарыс жағдайында
еліміздің қаржылық қауіпсіздігін тек мемлекет
қорғай алатындықтан, оларды шешу барысындағы кешенді
әдістерін талап етті.
Экономикада және қаржы
жүйесінде жағымсыз құбылыстардың таралуына
байланысты Үкімет, орталық банктер және дағдарыс
салдарынан зардап шеккен елдер (АҚШ, Жапония, Евроодақ, Ұлыбритания
және т.б.) басқалай қаржылық реттеушілер
дағдарыстық құбылысты шеттетуге, сонымен қатар
қаржылық жүйесінің айқындылығын
арттыруға бағытталған іс- шараларды қабылдады.
Сонымен қатар, мемлекеттік
органдардың күшеюі өтімділіктің күйреуін
шеттетуге және қаржылық институттардың жаппай банкроттылығын
аластатуға бағытталған болатын.
Қаржылық жүйе мен
экономиканы тұрақтандыру бойынша дағдарысқа қарсы
іс- шаралардың кешенін өңдеп, жалпыәлемдік
беталысының үрдісінде Қазақстанда болды. Көптеген
елдердің эксперттері дағдарысқа қарсы мемлекеттік
бағдарламаларды жоғары бағалады. Қаржылық сектор
мәселесін шешу бойынша іс- шаралардың пакетіне
құқықтық сипаттағы іс- шаралар және
қаржылық қолдау іс- шаралары енді.
Сонымен, уақтылы айқындау
мақсатымен және жаһандандыру қаржылық
тұрақсыздандыру жағдайында қаржылық
сектордың тәуекелін оперативті басқаруда 2008 жылы қадағалау
органдарына қаржы жүйесінде уақтылы тәуекелдерді
айқындауға және қаржылық ұйымдарына
тиесілі, әсіресе, оның ішінде банктер, сақтық
органдары, жинақтаушы зейнетақы қорлары сияқты ертеден
сезіну шараларын қабылдаудағы қаржылық
тұрақтылық жөніндегі Қазақстан
Республикасының заңы қабылданған.
Қазақстан Республикасы
Ұлттық банкі және Агенттігімен бірлесіп қабылданған,
мемлекет басшылығы тапсырмасына сәйкес және 2010 жылдың
1 ақпанында оның Жарлығымен бекітілген
дағдарыстық кезеңіндегі қаржылық сектордың
даму Концепциясында отандық қаржылық
қадағалаудың жүйесі мен одан әрі реттелуі
шегіндегі қағидаттары мен бағыттары белгіленгенін атап
өтуге болады [2].
Осыған байланысты, 2010
жылдың маусым айында мемлекет Басшысының тапсырмасы бойынша әрдайым
тұрақты мониторингті және еліміздің қаржылық
-экономикалық әлеуетті қатерін бағалауды жүзеге
асыратын, оларды айқындаған жағдайда, артуына жол бермеу
мақсатында келісілген жауапты шараларының ықпал етуін
өңдейтін, сонымен бірге макропруденциалды реттеу амалдары мен
негізгі секторлы қағидаттарды анықтайтын және
дағдарысқа қарсы іс- шараларды басқаруды
өңдейтін қаржылық нарықты дамыту және
қаржылық тұрақтылық бойынша Кеңесі
құрылған болатын.
Одан әрі, қаржылық
секторды реттеу бойынша ең басты бағыты құлдырау
кезеңінде жинақталған әлеуеттілікті
қолдануға және экономиканың белсенді артуы
кезеңінде өтімділік пен резервтердің, меншікті
капиталының көбеюі, провизияның қалыптасуы бойынша іс-
шаралар кешенін қарастыратын, реттеу мен қадағалау
кезеңіне қарсы қағидаттарына одан әрі өту
болып табылады. Ішінара, Агенттікпен провизия есебінің әдістемесін
жетілдіру бойынша, халықаралық тәжірибе негізінде арнайы
динамикалық резервтер есебін құру бөлігінде
жұмысы жалғанатын болады [3].
Реттеу қаржылық ағым,
меншіктің айқын құрылымымен банк қарыз алушылар
тарапынан несиелеуді сонымен бірге ашық бизнес келешегін ынталандыруға
бағытталатын болады. Осы іс- шаралар бірте- бірте енгізілетін болады,
бұл жерде тек банк тарапынан ғана емес, корпоративтік сектор
тарапынан да болуы өте маңызды тәсілдердің өзгерісін
талап етеді.
Ол үшін жаңа реттеу
кезең бойынша жүзеге асырылады, жай түрінен күрделі
түріне өтуінің іске көшуі тек қаржылық
жүйе мен экономиканың тұрақты артуы шарасы бойынша
күшіне енеді. Қазіргі уақытта Агенттікпен көптеген
шетел мемлекеттерімен ақпараттар алмасу және
өзаратүсінушілігі жөнінде бірқатар Келісімдер жасалынды
және осы бағыттағы жұмыстары жалғасуда.
Сондықтан, қаржылық
секторды қадағалау мен реттеу жүйесін жетілдіру
облысындағы мемлекетпен қабылданатын іс- шаралар ішкі және
сыртқы инвесторлар тарапынан отандық қаржылық
секторға сенімділікті тез арада қалпына келтіруге ықпалын
тигізеді және мемлекет есебінен және стратегиялық
мақсатта одан әрі сапалы және ұзақмерзімге
оның дамуын қамтамасыз етеді. Қарастырылатын мерзім ішіндегі
қаржылық нарықтың дамуы мемлекетіміздің басшысының
жуық арадағы 10
жыл ішінде Қазақстанды әлемдегі 50 ең бір танымал бәсекеге
қабілетті елдердің қатарында болуы қажет деген
мақсаты бойынша жүзеге асырылатын болады.
Сонымен бірге, қаржылық
нарықтың дамуының негізгі бағыты осы
бағыттағы мемлекеттік реттеу жүйесін одан әрі
жетілдіруден тұратын болады, оның ішінде:
Банктік секторға қатысты – отандық қаржылық
нарыққа шетел банктерінің енуін ырықтандыру; республикамыздың банктік секторының
сыртқы пайдалануының өсуін тиімді басқаруын арттыру
және банк активінің сапасына оның ықпал етуін
бағалау; банктік секторының активінің сапасына жылжымайтын
нарықтың тұрақсыздануына жағымсыз ықпал ету
мүмкіншілігіне әсерін тигізу; екінші деңгейлі отандық
банктердің қызметінің айқындылық деңгейін
арттыру [4].
Сақтық секторға
қатысты – сақтық ұйымдарына қызметінің
айқындылық деңгейін арттыру; сақтық
қызметінің отандық нарығының көлемін
көбейту, оның ішінде қайта сақтандыру ішкі секторын
дамыту жолымен; жинақтаушы сақтандыру жүйесінің дамуы,
оның ішінде осы сақтандыру түрінің салық салу
жүйесін жетілдіру жолымен; шаруашылық субьектілерінің
сақтық мәдениетін және міндетті сақтандыру
жүйесінің тиімділігін арттыру.
Бағалы қағаздар
нарығына қатысты – акционерлік ұйым қызметінің айқындылық деңгейін
арттыру және корпоративтік басқаруды жетілдіру; қор
нарығының өтімділігін қамтамасыз ету, оның ішінде
Алматы қаласында Аймақтық қаржылық
орталығын құру жолымен; акция нарығының дамуы; халықтың
жеке жинақталуын жұмылдыру, инвесторларды оқыту жолымен - қазақстандық
бағалы қағаз нарығында жеке тұлғаны,
оның ішінде ұжымдық инвестиция жүйесі арқылы; ұсынылатын
қаржылық құралдарының аумағын кеңейту;
бағалы қағаз нарығының кәсіби
қатысушыларының тәуекелін басқару жүйесін
жетілдіру [5].
Сондықтан, жоғарыда аталып
көрсетілген қажетті іс- шараларының жүзеге
асуы отандық қаржылық секторының даму деңгейін,
сонымен бірге, оның бәсекеге қабілеттілігін арттыруға
мүмкіншілік береді, өз кезегінде, толығымен
республикамыздың экономикасының дамуына жағымды әсерін
тигізеді. Қаржылық нарықтың тиімді дамуының
негізі экономикалық өсу жағдайындағы жайлы тәртіп
бойынша қаржылық ұйымдарының қалыптасуын
қамтамасыз ететін сапалы мемлекеттік реттеу болып табылады.
Әдебиеттер:
1. Стратегия
развития Казахстана до 2030 года
2. Указ Президента
РК «Концепция развития финансового сектора Республики Казахстан в посткризисный
период». - № 923 от 01.02.2010г.
3. Абдрахманова
А.Т. Особенности финансового рынка Республики Казахстан. // Аль Пари, 2012. - №
1-2. - С. 123-125
4.
«Республика Казахстан - заключительное заявление миссии МВФ по итогам
консультаций 2012 года в соответствии со Статьей IV» от 05.12.2012г. – www.nationalbank.kz
5. Кулкаева
А.М. Роль государства в оздоровлении финансового сектора в посткризисный
период. // Банки Казахстан, 2013. - № 2. – С. 34-37