Хамзина А.А., магистрант
Е.А. Бөкетов атындағы
Қарағанды мемлекеттік университеті, Қазақстан
1941-1945 жылдардағы
Ұлы Отан соғысы кезеңіндегі Қарағанды
өңірі
Соғыс
басталысымен мыңдаған қарағандылықтар
әскери комиссариаттарға келіп, өздерін Қызыл Армия
қатарына алуға өтініш білдірді. 1941 жылдың
соңына қарай облыстың әскери комиссариаттарына 25
мыңнан астам өтініш түсті, оның 10 мыңын
қарағандылық қыздар жазған еді. Соғыс
жылдары майданға барлығы 59935 адам жіберілді [1, 17 б.]. Қарағандылықтар
Отан үшін өшпес ерлік көрсетіп, жан қиярлықпен
айқасты, Олар Ленинградты, Сталинградты қорғады, Курск
шайқасына қатысты. Украинаны, Молдавияны, Румынияны, Венгрияны
неміс-фашист басқыншыларынан азат етті.
Орталық Қазақстанда
Қызыл Тулы 72-гвардиялық Красноград атқыштар дивизиясы,
387-Перекоп атқыштар дивизиясы және Ленин орденді 310-Новгород
Қызыл Тулы атқыштар дивизиясы жасақталды. 72-атқыштар
дивизиясы Сталинград бағытында шайқасып, Қырым
мойнағына дейін ұрыспен жүріп өтті, Перекоп бекінісін
алуға қатысып, Севастопольді, Бухаресті азат етті. 310-дивизия
Ленинград түбіндегі, Тихвин маңындағы, Волхов
майданындағы ұрыстарға, Ленинград қоршауын
бұзуға қатысты, Новгород пен Карелияның
оңтүстік аудандарын жаудан азат етті, Шығыс Померанияны
және Берлин операцияларына да қатысты. Сонымен қатар
қарағандылықтар партизандар қозғалысына да белсене
араласып, өз жерін қорғауда теңдесі жоқ ерлік
көрсетті.
Қарағандылықтардың
33-і Кеңес Одағының Батыры атағына ие болды,
бұлардың ішінде Н.Әбдіров, М.Мамыраев, Қ.Нұржанов
А.Дәулетбеков және тағы басқалары. 7 адам
Даңқ орденінің толық иегері болды. Олардың ішінде
М.Сүлейменов, И.Карабанов, Н.Покатиловтар 1945 ж. 24 маусымда
Мәскеудегі Қызыл алаңдағы Жеңіс парадына
қатысты [2, 24 б.].
Фашизмге қарсы күресте
көрсеткен батырлығы мен ерлігі үшін 6600
қарағандылық Кеңес Одағының ордендерімен
және медальдарымен марапатталды. Соғыс уақыты
жағдайларында облыс еңбекшілері, «Барлығы майдан
үшін!», «Барлығы жеңіс үшін!» деген ұранмен
өмір сүріп, еңбек етті. Ұлы Отан соғысы
жылдарында Қарағанды көмір бассейні қорғаныс
өнеркәсібін отынмен үздіксіз қамтамасыз етіп отырды.
Майданға кеткендердің орнына олардың әйелдері,
ана-қарындастары мен қыздары жұмыс істеді. Орталық
Қазақстан еңбекшілері алдына қойылған басты
мақсат - көмір мен түсті металл өндіруді арттырумен
бірге қарағандылықтардың іс-мақсаттары
майданға жан-жақты көмек көрсетуге бағытталды.
Соғыстың қиын-қыстау кезеңінде тылда да тынымсыз
еңбек етті. Астық және басқа негізгі ауыл
шаруашылық өнімдерін тапсыру жоспар толық орындалды.
Соғыс
қарсаңында іске қосылған Балқаш мыс қорыту
зауыты елімізде қорытылатын қара мыстың үштен бірін
өндірді, Жезқазған өнеркәсібінде руда
шығару 3 есе өсті. 1944 жылы желтоқсанда Қазақ
металлургия зауыты іске қосылып, Қазақстанда
тұңғыш болат балқытылды.
Соғыстың
қиын қыстау кезеңінде елдің тылында аса маңызды
өнеркәсіптік база болған Қазақстанның
индустриалды жүрегі - Қарағанды облысына үлкен
маңыз берілді.
Соғыстың
алғашқы күнінде-ақ Қарағандының
шахталарында, өнеркәсіп орындарында, мекемелерде жұмысшылар
мен қызметшілердің жиналыстары болып өтті. №44/45
шахтаның бастығы, байырғы кенші Т.Күзембаев митингіде
сөз сөйлеп былай деді: "Біздің әрқайсысымыз
өз жұмыс орнымызда жақсы жұмыс істеп, көмірді
бұрынғыдан да көп беруіміз керек. Егер қажет болса біз
қолымызға қару алып, жауға қарсы аттануға
әрқашан дайын болуға тиіспіз" [3, 126 б.].
Қарағанды еңбекшілері ортақ Отанның абыройын,
бостандығы мен тәуелсіздігін қорғап қалуға
әзір екендігін білдірді. "Біреуіміз үш адам үшін
жұмыс істейік! Көмір де қару. Еңбекте де
ұрыстағыдай болайық!"
Қарағандылықтардың ұрандары осындай болатын.
Ортақ
Отанды қорғаушылар қатарына алынған кеншілердің
лавадағы орнын әкелері, ұлдары мен қыздары басты.
Зейнеткерлер забойға қайтып оралды, шахтада жұмыс істеуді
жастар мен әйелдер жедел үйрене бастады.
Орталық
Қазақстан еңбекшілері алдына қойылған басты
мақсат - көмір мен түсті металл өндіруді арттырумен
бірге қарағандылықтардың іс-мақсаттары
майданға жан-жақты көмек көрсетуге бағытталды.
Соғыс жылдары астық және басқа негізгі
ауылшаруашылық өнімдерін тапсыру жоспары толық орындалды.
Егіс алқаптары 28 процент артты [4, 4 б.].
Қарағандылықтар
арасында қорғаныс қорына қаржы жинау жөніндегі
патриоттық қозғалыс қызу қолдау тапты.
Соғыстың алғашқы 5 айында Қарағанды
қаласы бойынша 1904955 сом қаржы жиналды және майдан үшін
жылы киім жинауға зор ынтамен қатынасты. Екі жарым жыл ішінде 37
мың шолақ тон, күрте, бөкебайлар, 24 мың пима,
10543 дана іш киім мен 100 мыңға жуық
құлақшын, биялай, шұлық даярланды. Ленинград
майданы мен Нева бойындағы қаланың жауынгерлері үшін
азық-түлік жинау айлығы кезінде (1942 жылғы
мамыр-маусым) 20 вагон азық-түлік жөнелтілді. 1944 жылы
тағыда 10 вагон азық-түлік пен сыйлық жіберілді.
1942-1943 жылдары аралығында майданға сыйлық тиелген 94 вагон
жөнелтілді [4, 3 б.].
Облыстың
әр кәсіпорындарында, барлық ұйымдарында майдан
сұраныстарын мүлтіксіз орындау жолындағы ерлік күрес
өріс алды. Ұлы Отан соғысы қарсаңында
Балқаш мыс қорту зауыты салынып болды. Соғыс кезінде
өндірістік алаңдарынан Кольчугин түсті металдар прокаты
зауытының жабдықтары осында орналыстырылды. Молибден рудасын өндіру
басталды. Соғыстың аяқ шенінде Балқаш
өнеркәсібі - елімізде қорытылатын қара мыстың
үштен бірін, молибден өнімінің, түсті прокат пен
вольфрамның едәуір бөлігін өндірді.
Жезқазған өнеркәсібі қағаз, жарылғыш
заттар, сұйық шыны, карбид өндірісін, күрделі
қосалқы бөлшектер мен жабдық шығаруды игерді,
руда шығару үш есе өсті. 1944 жылы желтоқсанда
Самарқан поселкесінде (қазіргі Теміртау) Қазақ
металлургия зауыты іске қосылып, Қазақстанда
тұңғыш болат балқытылды [5, 3 б.].
Ауыл
шаруашылық өнімдерін өндіруде облыс шаруашылықтары
үлкен үлес қосты. Мал шаруашылығын дамытқаны, сондай-ақ
жоспардан тыс астық өнімдерін қамтамасыз еткені үшін
Қарағанды облысы және оның Осакаров ауданы Мемлекеттік
Қорғаныс комитетінің ауыспалы Қызыл Туымен
марапатталды.
Жау басып
алған аймақтан көшіп келгендерді жұмысқа
орналастыру, балаларын бақшалар мен мектептерге орналастыру, майдангерлер
мен қаза болғандардың отбасыларына көмек көрсету,
госпитальдарды қамқорлыққа алу жөнінде де
тыңғылықты жұмыс жүргізілді.
Азат етілген
Донбастың шахталарын тезірек қалпына келтіруге барынша
жан-жақты көмек көрсетілді. Мәселен 1943 ж. және
1944 жылдың қысында, бүкіл донбастық қызыл
эшелоннан кейін 12 жыл өткен соң, Донбасқа шахта
жабдықтары, техника және азық-түлік тиелген 17 вагон жөнелтілді,
жұмысшылар мен негізгі мамандықтардың мамандары аттандырылды.
Қарағанды облысының еңбекшілері Сталинградты, Харьковты
және басқа азат етілген аудандарды қалпына келтіру
қорына бірнеше рет өздерінің бір күндік
еңбекақыларын аударды [5, 3 б.]. Міне, осылайша
қарағандылықтар Ұлы Жеңіске жету үшін
жан-жақты үлесін қосты.
Әдебиеттер
тізімі:
1.
Боздақтар. Жинақтама том / құр.: П.С. Белан,
Н.Едігенов. -Алматы: Қазақстан, 1995.-480 б.
2.
Қарағанды. Қарағанды облысы: Энциклопедия. -
Алматы: Атамұра, 2006.
3.
Балақаев Т., Алдажұманов Қ. Қазақстан
еңбекшілері майдан қызметінде (1941-1945 жж.).- Алматы:
Ғылым, 1985. - 320 б.
4.
Лұқпан Е.,
Смағұлов Ғ. Майдан мен тылдың бірлігі // Орталық
Қазақстан.-2005.-№6-7.
5.
Жанғожин А., Лұқпан Е. Тылдағы ерлік еңбек //
Орталық Қазақстан.-2003.-№2.