Заурбеков Н.С. – тех.ғ.д-ры, профессор, Алматы технологиялық университеті

Иманбаев Қ.С. – ф. –м.ғ.к., доцент,  Т.Рысқұлов атындағы ҚазЭУ

Заурбекова Н.Д. – тех.ғ.к., Қ.Сәтпаев атындағы ҚазҰТУ

Дарханова А.Ж. – оқытушы, ҚазМемҚызПУ

 

Студенттердің өзіндік жұмыстарын ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ тиімді шарттары

 

СӨЖ-дің тиімділігі үшін төмендегідей бірқатар шарттарды орындау қажет:

1. Көлемді аудиториялық және өзіндік жұмыстардың ұқсастығын қамтамасыз ету.

2. Аудиторияда және одан тыс уақытта студенттің жұмысын әдістемелік тұрғыдан дұрыс ұйымдастыру.

3. Өз бетімен жұмысты шығармашылық үдеріске айналдыру мақсатында студентті қажетті әдістемелік материалдармен қамтамасыз ету.

4.  Студенттің сапалы орындаған өздік жұмысын ұйымдастыру мен орындалу барысын бақылау. Бұл шарт бақылау әкімшілік сипатта болып кетпеуі үшін алдыңғы шарттардың ішінде басқа формада жүреді.

Бірінші шарты оқу жоспарын оңтайлы құрастыру қажеттілігінен туады.  Мұнда жеке курстарды тізбекті оқып-үйренумен ғана шектелмейді, сонымен қатар аудиториялық және өзіндік жұмыстардың белгілі бір мөлшердегі қарым-қатынасы да ескеріледі. Курстық жобалар мен жұмыстар, есептеу-кестелік жұмыстар, басқа да тапсырмалар сияқты өзіндік жұмыстардың түрлерінде еңбек сыйымдылығын анықтау басты роль атқарады. Осындай жоспарларды құрастыруға студенттің бюджеттік уақытын ұйымдастыру,  оқып-үйрену, әдістемелік әдебиеттермен қамтамасыз ету және білім беру жүйесінде ұлттық дәстүрлерді есепке алу септігін тигізеді [6-9].

Екінші шарты – жұмысты әдістемелік рационалды ұйымдастыру. Студент пен оқытушының арасындағы қарым-қатынасты әрдайым өзгертіп отыру қажет. Егер бірінші курста оқытушыға белсенді құрушы көзқарас тиесілі болса, жоғары курстарда бұл тізбектілік студентті өз бетімен жұмыс істеу дағдысын оятуға, өзін-өзі білімдендіруге, белсенді талпынысына қарай ойысады. Өзіндік жұмыс тапсырмаларын орындау ойлауға, талдау жасауға, шарттарды ескеруге, міндеттерді қоюға, пайда болған мәселелерді шешуге үйретеді, яғни, өзіндік жұмыс үдерісі біртіндеп шығармашылыққа ауысуы тиіс. Бұған жаңа ақпараттық технологиялар көмектесе алады. Тәжірибелер көрсеткендей, студент жаңа ақпараттық технологиялар арқылы орындалатын жұмыстарды зор қызығушылықпен орындап, қойылған міндеттерді шешуде  (курстық және дипломдық жобалау, бақылау тапсырмалары, басқа да үй тапсырмалары) қазіргі кездегі бағдарламалық қолоданбалы пакеттерді қолданады немесе міндеттердің шешімін өзі компьютерде бағдарлайды. Шешу барысында осы арқылы пәннің мәнін терең таниды, әдебиеттерді оқып-үйренеді, оңтайлы шешу тәсілдерін іздестіреді. Осындай қадамдардан кейін істелген жұмысқа (оқытушының кеңес беруі, орындалған тапсырмалар бойынша «студенттің рейтингісі» туралы ақпарат және т.б.) бірге оқитын курстастары мен оқытушылардың қызығушылықтары формасында студентті ынталандыру жүзеге асырылады.

Үшінші шарт – студентті сәйкес оқу-әдістемелік әдебиеттермен қамтамасыз ету.  Жоғары мектептерде болған жағдаяттар студентті орталық баспадан шыққан (экономикалық сұрақтар және ақпараттық технологиялар бойынша әдебиеттерден басқалары) қажетті әдебиеттермен қамтамасыз ете алмайды. Біздің экономикалық сұрақтарымыз бен мүмкін болатын полиграфиялық базаларды ескере отырып, оқытушылардың дәріс материалдарын бүгінгі күні біртіндеп еніп жатқан электрондық баспаларға өткізу ұсынылады. Сонымен қатар, студенттермен осындай қарым-қатынас тәсілдеріне көшу жоспарын талап етеді, бұл – міндеттердің бірі ғана. Мұндай баспаларды әдістемелік еңбек деп есептеп, оны тіркеу біздің ішкі іс-шараларға авторлық құқық беру – ұстаздарды осы саланы көбірек қолдануға ұмтылдыратын басты ынталандыру көзі. Университетте қуатты ақпараттық көз – Internet бар [2].

Оқу және әдістемелік әдебиеттерді қамтамасыз ету мүмкіндіктері ақпараттық компьютерлік технологияларды (АКТ) қолданумен өтетін қашықтан оқыту (ҚО) және компьютерлік білім беру ортасының (КБО) педагогикалық және дидактикалық талаптарын ескере отырып, ерекше ашып көрсетуді қажет етеді [3].

ҚО деп отырғанымыз білім беру үдерісін (оқу-коммуникациялық өзара әсерлесу) ұйымдастыру тәсілі ретінде оқытудың барлық формаларында (күндізгі, сырттай, экстернат, телекоммуникация құралдары, пошталық хат алмасуды қолдана отырып оқыту және т.б.) қолданылатын кез келген қашықтан оқыту. ҚО аудиториялық жүктемені қысқартуға және студенттің өз бетімен жұмыс мөлшерін ұлғайтуға негізделеді. СӨЖ-дің тиімділігі үшін электрондық оқулықтар мен білім беретін бағдарламаларды жасау және игеру қажет.

Шын мәнінде – білім берудің көпсатылы құрылымы жағдайында СӨЖ-ді белсендендіретін факторлар болып табылатын компьютерлік білім беретін үдеріс. Студент өз бетімен ақпарат көздерін таңдайды, уақытты үнемдеу дағдысымен халықаралық қарым-қатынас әдебіне баулиды, өзіндік әлеуетті, іскер және тұлғалық сапаларын объективті және мақсатты бағалау өнерін игереді [4].

Жаңа технологияларды ендіру нұсқаларының бірі – статистикалық берілгендерді жаңартып тұруға, олардың ерекшеліктерін жақсы түсінуге   септігін тигізетін моделдің параметрлерін өзгертуге қатысты электрондық оқулықтарды құру және қолдану. Электрондық оқулықтарды қолдану оқу пәндерінің өзара байланысын, сонымен қатар, ғылыми-зерттеу және оқу-әдістемелік жұмыстардың өзара байланысын күшейтуге көмектеседі.

Студенттердің оқу іс-әрекетін өзіндік ұйымдастырудың мәні мен қағидалары. Жоғары мектепте табысты оқу іс-әрекетінің негізгі факторлары репродуктивті оқыту аймағынан ішкі бақылауды қанағаттандыратын мінез-құлық жағдайы мен белсенді сана аймағына ауыстырылады. Осыған сәйкес оқу үдерісіндегі шешуші мәселе - студент тарапынан өз әрекеттерін бақылауға алу.

Оқу іс-әрекетін өзіндік ұйымдастырудың мәні – басқару объектілері мен субъектілерінің сәйкестігінде, жоғары оқу орындарында заңдылықтар мен қарама-қайшылықтардың өзіндік құрылымын әлеуметтік ұйымдастырудың жаңа деңгейін құруда.

Осы қарама-қайшылықтардың маңыздысы – оқу іс-әрекетін өзіндік ұйымдастыру үдерісінде стихиялық және саналық ұғым арасындағы қарама-қайшылық. Кез келген өзіндік ұйымдастырудың айырықша ерекшелігі оның мақсаттылық, табиғи, спонтанды сипатында. Өзіндік ұйымдастыру үдерісі автономды. Олардың маңызды ерекшелігі – мақсатты үдеріс ретінде болатын өткен тәжірибелерді қолдану қабілеттілігі. Жоғары оқу орындарында оқу іс-әрекетін ұйымдастыру бақылауға бағынбайтын толық стихиялы құбылыс деп есептейтін бірқатар ғалымдардың пікірі орынды. Жоғары оқу орны өзін-өзі ұйымдастыру үдерісінің белгілі бір бағыттылығына қызығушылық туғызуда.

Өзіндік ұйымдастыруды аяқталған сызба түрінде елестету мүмкін емес. Оны белгілі бір аймаққа қатаң сызба ретінде енгізу білім беру құрылымындағы ортақ тепе-теңдік ұстанымын бұзады. Студенттердің өзіндік жұмыстары тәжірибемен тікелей байланыста жүзеге асады [6-9]. Оқу үдерісін ұйымдастырудың кәдуілгі сызбасы оқытудың соңғы сатысында орындалады.

Кез келген өзіндік ұйымдастырудың айырықша ерекшелігі мақсатты, спонтанды сипатында. Өзіндік ұйымдастыру үдерісіндегі мақсаттылық  жоғары оқу орнында маманның моделін анықтауды көздейді. Оны құру үшін студенттің тек болашақ кәсіби іс-әрекетінде ғана емес, сонымен қатар 4-6 жылдық оқу үдерісінің іс-әрекетінде терең сараптамалық оқып-үйренуді қажет етеді [10].

Біз маманның кәсіби-біліктілік сипаттамасын құруда оның әлеуметтік құрылымы мен ақыл-ой сапасын есепке ала отырып жалпы тұлғалық құрылымын қалыптастыруды ұсынамыз. Маман даярлау моделі оқу үдерісінің мазмұны мен әдістемесін анықтайды [5].

 

Әдебиеттер

1. Ошибка! Недопустимый объект гиперссылки.

2. Ошибка! Недопустимый объект гиперссылки.

3. Алтайцев А.М., Наумов В.В. Учебно-методический комплекс как модель организации учебных материалов и средств дистанционного обучения. В кн.: Университетское образование: от эффективного преподавания к эффективному учению (Минск, 1-3 марта 2001 г.) / Белорусский государственный университет. Центр проблем развития образования. – Мн., Пропилеи, 2002. – 288 с., С. 229—241.

4. Попов Ю.В., Подлеснов В.Н., Садовников В.И., Кучеров В.Г., Андросюк Е.Р. Практические аспекты реализации многоуровневой системы образования в техническом университете: Организация и технологии обучения. М., 1999. – 52 с., р. 3.1 Самостоятельная работа студентов С. 15—24. – (Новые информационные технологии в образовании: Аналитические обзоры по основным направлениям развития высшего образования / НИИВО; Вып. 9).

5. Пучков О.А., Солопова Н.С. Самоорганизация учебной деятельности в юридическом вузе (методологические основы).

 6. Заурбеков Н.С., Досмухаметова Р.С., Дарханова А. Ж. Составление учебных планов по кредитной форме обучения. - VI международная научно-практич-еская конференция МАБ «Системы обеспечения качества бизнес образования в РК: инновационные подходы», 26-27 мая, Алматы, 2006 г.

7. Заурбеков Н.С., Салимова Г.Е. «Алгоритмдеу және программалау тілдері» пәні бойынша сырттай оқу нысаны студенттеріне өзіндік жұмыстарды орындауға арналған әдістемелік нұсқау. -  Т.Рысқұлов атындағы ҚазЭУ. – Алматы, 2010. – 56 б.

8. Заурбеков Н.С., Бралиева Н.Б. Об информатизации экономического образования - Материалы международной научно-практической конференции «Прикладные аспекты информатики и математической экономики», Душанбе, 2008. – С. 211-216

9. Заурбеков Н.С., Бралиева Н.Б. Информатизация экономики – основа информатизации экономического образования – Мат. II Республ. уч.-метод. конф.  «Непрерывное экономическое образование: модернизация обучения и методического обеспечения». Ч.1.–Алматы:Экономика,2007.–С.342-361.

10. Заурбеков Н.С., Мәнжу М.Д. Өндірістік практика ұйымдастыру бойынша әдістемелік нұсқау. 4 курс студенттері үшін. 050703 – Ақпараттық жүйелер, 050704 – Есептеу техникасы және программалық жабдықтау - Методическое указание.  -  Алматы, 2009. –26 с.