Бейсенбекова Гулназ Турлыбаевна

КазНПУ им.Абая

                                                         Кандидат педагогических наук, доцент

Эсперантоның пайда болуы және даму тарихы

        1859 жылы  15  желтоқсанда Ресей империясының құрамына енетін Польшаның Белосток қаласында Людовик Маркович Заменгоф дүниеге келген. Л.Заменгоф дүниеге келген бұл қалада түрлі ұлт өкілдері: орыс, белорусь, поляк, еврей, неміс ұлтының өкілдері тұратын интернационалды қала болып есептелетін.  Түрлі ұлт өкілдері бір-бірімен достық қатынастан гөрі жауласып өмір сүрген.  Заменгоф бала кезінен бастап бұл адамзаттық проблемаларды жүрегіне жақын қабылдаған. Сол себепті барлық негізгі тілдерді меңгеріп, жаңа тіл енгізу туралы шешім жасайды. Бозбала шағында 18 тілді игеріп,  соның ішінде  7-8 тілді еркін меңгеріп, қалған тілді оқып, мазмұнын түсінген. Заменгоф бүкіл әлемді ортақ тілдің көмегі арқылы түсінуді, сол негізде бір-бірін құрметтеудің жолын іздестірді. Гимназияда оқып жүрген кезінде көп тілдерді үйрене жүріп, әр ұлттың тілінің өте күрделілігін, өзіне тән ерекшеліктері болатындығын түсінді. Сондықтан көне тіл болсын, қазіргі тіл болсын кез келген тілдің дүние жүзі халықтарының ортақ тілі бола алмайтындығын түсінді. Оның үстіне ортақ тіл ретінде алынған тіл сол ұлт тілінің халқына басымдылықтар бере отырып, басқа халықтың намысына әсер ететіндігі де Заменгофтың назарынан тыс қалмады.   Ал Заменгоф ұсынатын тіл еш халықтың мәртебесін көтермейтін, қарапайым тез игерілетін тіл болуы керектігіне мән берді. Халықаралық тіл жасау жөніндегі зерттеулерге ерекше көңіл аударды.

       Әуел бастан-ақ Заменгоф әлемдегі түрлі тілдер адамдарды бір-бірінен алшақтатып қана қоймай, жауласуына да сеьепкер екенін жүрегімен сезінді.  Сол себепті де кез келген адам ойын жеткізе алатын, шынайы тіл жасауға бел буады.

    Людовик 17 жасында «праэсперанто» тілі туралы алғашқы жобасын дайындайды.  Бірақ бұл Халықаралық тіл туралы жобасын әкесі Марек Заменгоф бос әурешілік деп отқа жағып жібереді. Людовик әкесінің айтқанын орындай отырып, жасырын түрде бос уақытында бұл жобасын жаңғыртып, жаңартып қайтадан жасауға кіріседі. Бұл туралы С.Кузнецов былай дейді: «Егер Людовик әкесінің айтқанын орындап поэзиямен айналысса, онда одан үлкен орыс поэзиясының майталманы шығар еді. Бірақ ол өлең жазу талантын басқа нәрсеге: жаңа тіл құрастыру мәселесіне арнады. Жаңа тіл жасау тәжірибесінің маңызды кезеңдері Мәскеуде Мәскеу университетінің медицина факультетінде екі жылдан аса білім алу кезінде жүзеге асты. Ол өзі жасап жүрген тілін тәжірибе жасау мақсатында мәтіндер құрастырды, аударды, өлең жазды».

       Людовик 1887 жылы 28 жасқа толғанда өзінің халықаралық тіл жасау идеясыны жүзеге асыру мүмкіндігі туады. Ол үйленбекші болған қыздың әкесі, яғни қайын атасы Людовикке қалың ретінде дайындаған жобасын-кішкене кітапшасын беруді ұсынады. Ол кітапша Варшавада 1887  жылы Халықаралық тілдің қысқаша сөздігі мен грамматикасы ретінде орыс тілінде басылып шыққан. Осы жылы бұл кітапша поляк, француз, неміс тілдерінде де жарық көреді. Ол кітап «Халықаралық тіл. Алғысөз және толық оқулық» деп аталған. Автор «доктор Эсперанто» деген бүркеме атпен беріледі. Бұл 40 беттен тұратын кітаптың 23 беті алғысөзге арналған. Бұл алғы сөзінде автор не үшін бұл еңбектегі сөздердің болашақта ешкім білмейтін бұл тілдің жалпыға түсінікті халықаралық тілге айналуы мүмкін екендігін жазады. Ал бес беті мәьіндер мен өлеңдерге арналса, алты бетін «Толық оқулыққа» арнаған екен. Сөздіке екі бет берілген. Ал қалған беттерін жаңа халықаралық тілді үйренгісі келетін адамдардың ұсыныстарына арнап, доктор Эсперантоға хабарласуын ұсынған екен.  Бұл кітап жарық көргеннен кейін жаңа тілді үйренгісі келген адамадра саны көбеюе бастайды. Заменгофтың атына көптеген хаттар түсіп, тілді үйреніп және тәжірибе жүзінде қолдана бастағанын жазған хаттар көптеп түседі. Осы сәттен бастап эсперанто қозғалысы басталады. Ол кезде Польша ресей империясының құрамында болғандықтан, алғашқы эсперантистер осы мемлекетте пайда болды.  Заменгоф адамзаттың эспреранто тілін қабылдауына жүздеген жылдар кететіндігіне сенді,  эсперанто тілі саясатқа қатысы жоқ, жалпы адамдардың бір-бірімен еркін қатынас жасайтын халықаралық тіл болуын аңсады.

  1888 жылы эсперанто тілін үйренушілерден келіп түскен хаттарға жауап  ретінде «Екінші Халықаралық тіл кітабын» жарыққа шығарады. Қыркүйек айында «Халықаралық» деп аталатын күнделігін басып шығару жөніндегі өтінішін баспа істері жөніндегі Бас басқарма кері қайтарады.  18 желтоқсанда Нюрнберг клубы әлемдік тіл ретінде санала басталған волапюк тілінен эсперанто тіліне ауысады және бірінші эсперанттық ұйым құрады. 24 жылдан кейін Заменгоф Украинада Краков қаласындағы симпозиумында өзінің белсенді эсперанттар қозғалысынан кететіндігін айтады. Қалған уақытын жалпыадамзаттық құныдылықтарға арнап, әдеби қызметпен айналысады. Біраз жылдар өткеннен кейін Э.Грожа-Мопен эсперантоның толық сөздігін шығарады.

    Сонымен, қазіргі кезеңде кең тараған жасанды эсперанто тілі адамзаттың бірігуі мен татуласу идеясынан туындаған. 

 

    Эсперанттық фольклорды жас фольклордың қатарына жатқызуға болмайды. Себебі ол ұлттық фольклор мен  жас әлеуметтік топтардың фольклоры негізінде қалыптасқан. Эсперантистердің көбі бұл ұйымға көзқарасы қалыптасқан кезеңде кірген. Сол себепті олардың мәдени ортасы қалыптасқан. Бұл эсперанто ұйымын діни ұжымдармен байланыс жасауда жақындастырады.

   Осы себептер негізінде эспернато әлемінде балаларға көп көңіл бөлінбеген, ертегілер жоқ, балалар әдебиетінің түпнұсқалары аз, балаларға аранлған санамақтар, балалар прозасы жоқтың қасы. 

    Эсперанто тілі әмбебап тіл ретінде эсперанто ұйымында әрқайсысының қызығушылықтары негізінде топтарға бөлінген: компьютершілер, түрлі діни ұйым ағымдарының адамдары, өмір сүру ыңғайына байланысты (вегетериандар); эсперантоның болашағы мен бүгініне түрлі көзқараста қарайтындар («раумистер», «финвенкисттер»). Бұл топтардың өзіндік дәстүрлері бар. 

   Эсперанто қоғамы түрлі елдерге тараған. Сондықтан да оның фольклор мәтіндері сол аймақтағы жергілікті мәдениеттің ықпалы негізінде қалыптасуы мүмкін. Түрлі дәстүрлер мен мәтіндер әрі қарай тарай отырып, эсперанто ұйымының заңдылықтарына сәйкес дамуы мүмкін.

    Л.А.Петроченко эсперантоның жергілікті географиялық ерекшеліктерге байланысты атауларына тоқтала келіп, Орал өзенінен Кисеагач деген атауды кездестіргенін айтады. Оның аудармасы «тез, жиіркенішті  сүйісу» деген мағынаны білдіретіндігін айтады.

   Эсперанто мәдениетінде тілдік емес жайттардың да бар екендігі кездеседі.  Оған «халық» биі Ла-Бамба биін жатқызады. Бұл бидегі қимыл-қозғалыстар,  бас саусақты көрсетіп билеу, барлық қолды жоғары көтеру, т.б. эсперанттық ритуалдарға қоштасу ритуалын жатқызуға болады. Барлығы жиналып, қолдарын көтеріп, бастарын шайқап, «эсперанто бүкіл әлемде достыққа жол ашады, сау болыңыздар, сау болыңыздар, сау болыңыздар» деп бір-бірін шығарып салады.

   Эсперантоның «халықтық» символдары бар. Олардың түсі жасыл, тіпті туы да бар.

 

Пайдалынылған әдебиеттер тізімі:

1.     Кузнецов С.Н. Основные этапы становления интерлингвистической теории.-М.: Наука, 1991. -346 с.