Аймуханова
Ж.Б.,МПс-11н.
ПМУ
С.Торайғыров атындагы
Ата-ана
қамқорлығынсыз қалған балалардың ана
тілінде сөйлеу мен ұлттық тәрбие алуы
«Еліміздің ертеңі жас
ұрпақтың қолында,
ал жас ұрпақтың
тағдыры ұстаздардың қолында»
Н.Ә.Назарбаев
«Балаңды
өз тәрбиеңмен тәрбиелеме, өз
ұлтыңның тәрбиесімен тәрбиеле» деген екен дана
халқым. Сан ғасырлар бойы халықтың өзімен бірге
жасасып, бірге өмір сүріп келе жатқан ұрпақтан
ұрпаққа мұра болып, өмір сынынан екшеленіп,
сыналып, електен өтіп бүгінгі өмірге жеткен
әдет-ғұрып, салт-дәстүр, наным-сенім,
ырым-тыйымдарды адамгершілік тәрбиесінде пайдаланып келген халық
педагогикасы бүгінде өз маңыздылығын жойған
жоқ.
Тәрбие
жалпыға ортақ қасиет. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың
«Еліміздің ертеңі жас ұрпақтың қолында, ал
жас ұрпақтың тағдыры ұстаздардың
қолында» - деген еді.
Еліміздің
дербес мемлекет ретінде дамуы қоғамның болашақ
ұрпақтарын ерекшеліктерімен тәрбиелеуді қажет
етеді.Еліміздің тәлім-тәрбие тұжырымдамасында
«Тәрбие дегеніміз – халықтың ғасырлар бойы
жинақтап, іріктеп алған озық дәстүрлерін жас
ұрпақтың бойына сіңіру»- деп көрсетуі,
бүгінгі әрбір қазақ баласының өзінің
ана тілінде, өз діні мен діліне сай үйлесімді тәрбиелеуді
көздейді. Осы ұлттық тәлім-тәрбиенің
жетістіктерін отбасы мен білім беру саласында кең түрде пайдаланбауымыздың
салдарынан жастар арасында мейірімсіздік, ізгілік, адамгершілік нормаларынан
ауытқулық, кісілік қасиеттер төмендеп кеткенін
аңғару қиын емес.
Бүгінгі
қоғам – жаңа қоғам. Бұрыннан
қалыптасқан дәстүрлі жолдан жаңа арнаға
түсу біршама қиындық тудыратындығын өмірдің
өзі көрсетіп отыр.Атқаратын да,сәт сайын айтатын да
әрі маңызды мәселелердің бірі - бала тәрбиесі. Қоғам – адаммен ғана
қоғам бола алады. Ал қоғамның негізгі
байлығы –адам, оның ішінде жас ұрпақ. Ұлы
ағартушы
Ахмет
Байтұрсынов: «Балам деген жұрт болмаса, жұртым дейтін бала
қайдан болсын» деген еді. Бүкіл елдің кемел келешегі болатын
балаларды тәрбиелеу, оларға сапалы білім беру қандай
қоғамның болмасын алдындағы ең негізгі
міндеттердің бірегейі болмақ. Бұл жөнінде де А.
Байтұрсынов: «Мектептің жаны – мұғалім.
Мұғалім қандай болса – мектебі һәм сондай
болмақшы» деген анықтаманы көрегендікпен әлде
қашан беріп қойған. Ғасырлар бойы халқымыз
өз ұрпағын ізгілікке, өз елін сүюге баулып
келеді. Бұл берік қалыптасқан дәстүрді
тәрбиенің өзегі , алтын діңгегі десе де болады.
Шәкәрім: «Адамның жақсы өмір сүруіне
үш сапа негіз бола алады, олар барлығынан басым болатын – адал
еңбек, мінсіз ақыл, таза жүрек. Бұл сапалар адамды
дүниеге келген күннен бастап тәрбиелейді», - деп есептеген.
Тәрбие жұмысын жүргізуде қолданылатын
нормативтік-құқықтық
құжаттардың көптеп шығарылуы да тәрбие
мамандарына көп міндет жүктесе керек.[3,2]
Ел болам
десең, бесігіңді түзе",- деп Ұлы Мұхаң
текке айтпаған. Тал бесіктен берілген тәлім жер бесікке дейін
бойға қуат. Біз осы бесігімізді қалай тербетіп жүрміз?
Кейде кесір біреулердің бесікті аяқпен тербететіні де бар.
Жетімдерді жерсіндіру турасына келгенде, біз жетімдер бесігін аяқпен
тербеп отырғанымызды мойындауымыз керек. Жетімдер үйіндегі
балалардың қаншасы қазақ тілінде сөйлей алады?
Әрі кетсе 30-40 пайыз. Қайсысы қазақтың тарихын
білді? Белгісіз. Егер олардың жүрегінде қазаққа
деген сүйіспеншілік болмаса, олар қайтіп Қазақстанда
тұрақтап қалмақ? Кеңес үкіметі «Ұлы
орыс» деген улы сөзді сынамалап санамызға әбден сіңірген.
Әлі күнге дейін оларға сүйсініп, орыс десе,
отырған тағымызды беруге дайын тұрамыз. Ал қазақ
десе, кешесінде түйе баққан, бүгінгісі адам
болған қалпы деп көйітеді-ай келіп. Сол шовинистік
идеологияның уыты әлі күнге дейін бойдан
тарқамаған. Бұған қарсы вакцина
Ұлттық рухтағы идеологияны жүргізу екені айдан
анық. Сонда жебеген жетімің жеріңді жерсінер, еліңді
елсінер. Түбі қазақ болар. Кешегі Қатағаннан
қашқан жетімдер тобы бүгінде қазақ арасында бар.
Олар – осы елдің айрылмас бір бөлшегі. Ал бүгінгі асырап
жатқандарымыз ертең дәл осылардай бола ма? Бар мәселе
осында. Олар осы кездің өзінен қазақ тілін
меңгеру керек. Еліміздің тарихын білуі тиіс. Ашинаның
бауырынан өрген көк түріктен бастап, бүгінгі Ақ
Ордаға шейін. Ал олар біз айтқандай болуы үшін тәрбиешілері
соған сай болса керек-ті. Олар да ішкі істер қызметкерлері секілді
аттестациядан өтсе. Тал бесік сонда түзелер. Қазақ
тілінің һәм қазақ жұртының
мәртебесін көтеру арқылы ғана біз шынайы
отансүйгіштікке қол жеткіземіз.[4,2]
Қазақтың
ұлттық салт-санасы мен әдет-ғұрпын қанына
сіңіріп өспеген жасөспірімнен таза қазақы
мінез-құлықты табу қиын. Ата-анасы бар балалар үй
іші, ауыл адамдарының күнделікті тыныс-тіршілігінен бірдеңе
ұғар. Ал тұлдыр жетім балалар ше? Олар балалар үйінде
тәрбиеленіп, орыс мектептерінде оқиды. Сөйтіп, өз
ұлтының тарихын, әдет-ғұрпын,
салт-дәстүрін білмейтін мәңгүрт болып
шығады. Өйткені, қазақ тілі мен әдебиетін,
фольклорын, «Қозы Көрпеш — Баян сұлу», «Қыз Жібек»
лиро-эпостық жырларын, батырлық қиссаларды оқып,
сусындамаған шәкірт мұның барлығын қайдан
біле қойсын? «Тамағы тоқтық, қайғысы
жоқтық аздырар адам баласын», — деп Абай айтқандай,
жетімханаға қаншалықты материалдық молшылық
жасағанмен, ол ұлттық рухани жүдеуліктің,
қазақ тілінің, салт-санасының,
дәстүрінің орнын еш уақытта толтыра алмайды. Олар
ауылдағы тілашар, тұсаукесер, сүндет, шілдехана, үйлену
және басқа толып жатқан мерекелер мен той-томалақтан,
халықтық ойын-сауықтан, игілікті салт-дәстүрлерден
бейхабар болатындығына күмән жоқ. Ендеше, осынау жетім
қазақ балаларымыз ана тілінде, туған халқының
әдет-ғұрпына деген махаббатын жаны мен тәніне
сіңіріп өсуі үшін не істеуіміз керек? Әлде
қалалардағы сахна немесе театрландырылған көріністермен
шектеліп, балаларды оқта-текте алдандырып қойып жүре береміз
бе? «Айранды ішіп тоймаған, шелекті жалап тоймайды» дегендей,
халықтық мінез-құлықты,
әдет-ғұрыпты, күнкөрісті бейнелейтін
ойын-сауықтарды сырттай қызықтаушылық, бірақ
іштей белсенді араласпаушылық, жас жеткіншекке барынша терең,
жан-жақты тебіренерлік, ойландырарлық дәрежеде әсер ете
қоймайды.
Өкінішке
қарай, 20 жыл ішінде мемлекет қамқорлығындағы
балаларға арнап бірде-бір қазақ тілді мектеп ашылмаған.
Осы жайлы осыдан төрт жыл бұрын құзырлы орындарға
хат жазғанымда, ҚР Білім және ғылым
министрлігінің жанындағы Балалардың
құқықтарын қорғау комитетінің
төрайымы Раиса Шер ханымнан «интернатқа түскен баланың
қай этностан екенін анықтап, ұлтына қарай сол мектепке
береміз» деген жауап алдым. Барлық ел
қамқорлығындағы балалар үйінің
бүлдіршіндерін өздерінің мемлекеттік тілінде
тәрбиелеуге тырысады. Мәселен, Ресейдегі мектеп-интернаттардың
барлығы орыс тілінде, ал Америкада ағылшын тілінде. Ал біз сонда
мемлекет қамқорлығындағы балаларды неге басқа
тілде тәрбиелеуіміз керек? Жақында облыстарды аралап
жүргенімде, Қарағанды облысының білім
басқармасының өкілінен осы мәселе жайында
сұрағанымда, «көшеде жүрген жетім бала бес-алты жас
шамасында болса, оны қамқорлығымызға алғаннан
кейін тілі қай тілде шықса, сол тілде береміз» деп ақталды.
Меніңше, бес-алты жасар балаға қазақ тілін үйрету
оңай. Мүмкін 10-15 жас аралындағы ересек орыс тілді баланы
орыстілді мектеп-интернатқа орналастыру дұрыс шығар.
Бірақ сәбилер үйінен келгендерді қазақ тілінде
оқытып, қазақ тілінде тәрбие беру қажет
қой.
Өкінішке
қарай, бүгінде сәбилер үйінен келген балаларға
қаншалықты қазақ тілінде тәрбие беріп
жатқанымыз белгісіз. Егер еліміздегі балалар үйінің
бәрін қазақ тіліне көшірсек, көшеден
ұсталғанын да, сәбилер үйінен әкелінгендеріне де
тек мемлекеттік тілде оқытуға мүмкіндік туар еді.
Кеңес
Одағы кезінде балалар үйінің барлығы орыс тілінде
болды. Бүгінгі күні сол мекемелердің директорларының,
ұстаздарының жалпы ұжымның сақталып қалуы
балалар үйінің қазақшаланбауына әсер етіп отыр.
Кезінде бұл мәселені есімізден шығарып алыппыз деп кейбір
басшылар мойындаған еді. Бірақ әлі күнге еш
өзгеріс жоқ. Сондықтан алдағы уақытта осы
мәселені қайта көтергім келіп жүр.[2,3]
Мысалы,
Павлодар облысында жетім және ата-анасының
қамқорлығынан сырт қалған балаларды
асырап-сақтаумен, оқытып-тәрбиелеумен айналысатын үш
балалар үйі жұмыс істейді. Ондағы балалардың
төрттен бірі қазақ
балалары. Мәселен, бір аудандағы жетімханада үш пен жеті жас
аралығындағы мектепке дейінгі 55 бала бар дейік. Олардың 35-і
қазақтың ұл-қызы болып шығады. Бірақ
бұл көрсеткіш мектепке барғанша кеми түседі.
Өйткені басқа ұлт өкілдерінің қазақ
балаларын асырап алуы жиі кездеседі. Мектеп-интернаттардағы балалар
арасындағы қазақ перзенттерінің күрт азайып кетуі
де осыдан.
Жетімхана
жасына дейінгі сәбилерді облыс орталығындағы Нәресте
үйі тәрбиелейді. Мұнда үш жасқа дейінгі балалар,
сәбилер бар. Олардың арасында көшеге,
күл-қоқысқа тастап кеткен бейкүнә жас
бейбақтармен қатар, аналары асырауға шамасы келмей,
әдейілеп өткізген нәрестелер де кездеседі. Әрине,
олардың алдына ешкім шығып келген жоқ. Болашақ біртуар
азаматтарымыз мүмкін солардың арасында жүрген де болар. Барлық
балалар үйінде қазақ тілінде топтар ұйымдастырылса да,
нәрестелер үйінде тіл проблемасы жоқ сияқты.
Сондықтан мұнда қазақ топтары атымен жоқ. Ал
шындығына жүгінсек, осынау жүзден астам сәбидің
94-ін қазақ қыздары туған…
Ал олар
қазақтығын жоғалтпасын десек, осы бастан
ұлттық тәрбиесіне көңіл бөлуіміз тиіс.
Кезінде балалар үйінде өскен бір көршім әскерден
соң ауылына оралып, үйлі-баранды болып отыр. Өйткені
оның туған ауылымен, ағайын-бауырларымен байланысы
үзілмеген. Жетімханада жүрген кезінде әкесінің
ағайындары оны жазғы демалысқа ауылына алып кетеді екен.
Міне, соның арқасында ауыл тіршілігіне көзі үйреніп,
туған халқының дәстүрін, салт-санасын көріп
өскен.
Бала асырап
алушылардың қатары жыл сайын көбеймесе азаймай келеді. Олар
негізінен жасы екіден асқан сәбилерді асырап алады. Мәселен,
жетімханадан жеке адамдардың асырап алған 55 баласының 35-сі
қазақ. Бала асырап алушылардың арасында басқа
ұлттың азаматтары да жетерлік.
Қазіргі
кезде,бала асырап алушылар кезегі байқалмайды. Олардың
мүмкіндігін барынша қарастырып, бала асырап алушыларға
жағдай жасалған. Әрине, бала асырауға тілек
білдірушілерге жағдай жақсы . Соның өзінде ол
баланың болашақта қазақ болуын қарастыру керек
емес пе? Өйтпеген күнде басқа ортаға түскен
қазақ баласының күні не болары кімге болса да белгілі
емес пе? Ендеше, осылайша қазақ балалары «тістегеннің
аузында, ұстағанның қолында» кете бермесін десек,
олардың болашағын пайымдылықпен, жан-жақты
ойластыруымыз керек. Бұл үшін жетім қазақ
балаларының арнайы мектеп-интернаты тектес оқу орнын
ұйымдастырған жөн. Қазірдің өзіндегі
жетімханалардағы жүзден астам, ал нәрестелер үйіндегі
осы шамалас балалар саны осындай қазақ тіліндегі мектеп-интернатты
ұйымдастыруды қажет етіп отыр. Мұнда оқу және
тәрбие ісінің бәрі қазақ тілінде жүргізілуі
тиіс. Бұл үшін ұлттық кадрлар жеткілікті. Ал іріктеліп,
ішінара толықтырылып жатқан орта кәсіптік-техникалық
училищелердің босаған мекенжайларын осындай игілікті
мақсат-мүддеге арнаған ләзім. Мұндай
мектеп-интернат тектес жетімханада қазақ балаларының өз
тілін, туған халқының салт-дәстүрін,
әдет-ғұрпын терең біліп,қанына сіңіріп
өсері сөзсіз.
Халқымыздың
маңдайына біткен ұлттық құндылықтарымызды,
сонау өткен ғасырлардан өшпес мұра болып
қалыптасып келе жатқан дархан халқымыздың
таратқан үлгі насихаты асыл мұраларымызды дәріптеп,
білімге ден қойып көп ізденіс жасамайынша оқыту мен
тәрбиені бірге ұштастырып , ықпалдастыру мүмкін
болмайды. Оқыту мен тәрбиені ықпалдастырып қажымай
еткен еңбек арқасында әлемдік деңгейдегі дарынды да
тәрбиелі тұлға
шығатынына сеніміміз мол.[1,4]
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
1. «Қазақстан
заман» газеті бөлімі отбасы қыркүйек 2012ж
2. «Алаш
айнасы» газеті 2012ж
3. Айтмамбетова Б.Р, Бейсенбаева А.А. Жеке адамның
дамуы, тәрбиесі Алматы 1991
4. «Ана тілі» газеті 2011ж