Мұхажанова Гаухар Шахмұратқызы, Шымкент,
Қазақстан
«Коммерциялық
және жүктік есептеу станцияны тексеру»
Қызмет
көрсетуден туындайтын міндеттемелер - ол, міндеттемелік
құқық
жүйесінде, көлеміне бойынша, ең кең тарайтын
шарттық міндеттемелер болып табылады. Олардың заты -
әрекеттерді жасау болады. Олардың нәтижесінде жаңа
объект жасалмайды және бұрынғы объектінің
жақсартулары жасалмайды. Осы арқылы, аталған міндеттемелерді,
жұмыстарды өткізу міндеттемелерінен ажыратуға болады.
Бұл міндеттемелер арасында, оның келесі түрлерін атауға
болады: көлік міндеттемелері, сақтандырудан туындайтын
міндеттемелер, есеп айрысу және несиелік (қаржылық)
міндеттемелер. Алғашқы санақтық құжат
және есептеу көліктің және экономикалық
нәтижелерді қаржылық біріктіруде мағлұмат
берудің негізгі көзі болып табылады. Барлық санақ
операциялары қатаң және қатаң емес санақ
бланкаларында толтырылады. Қатаң санақ бланкаларына жатады:
- жол ведомостілері
- қайта
жіберілетін ведомость
- қайта
жіберілетін құжат
- түрлі
жиынның квитанциялары
- коммерциялық
акт және т.б.
Бүкіл осы
бланкалар мәрмен номерленген және қорғаушы торы бар.
Оларды жасау темір жол тапсырысымен орталықтандыра отырып жасайды. Арнайы
қоймаларды катал санақ бланкасымен станциялар толықтырады. Қайта
жіберу, шығындау және олардың болуын құжат
типіне, сериясына және номеріне қарай есептейді. Қатал
есептеу бланкаларын талап ету бойынша алады. Бұл форма 3 бөліктен
тұрады: талап ету, құжат, түбіршек.
Талап етуді станция
бастығы немесе оның орынбасары мөрін қоя отырып
қол қояды. Станцияда төтрайлық қатаң
есепідегі бланк қоры болуы керек. Қор үшайлыққа
мөлшерге төмендеген кезде бухгалтерлік есептеуге және жол
қаржысына бланколарды жаңадан талап ету керектігі жіберіледі.
Бухгалтерлік санақ және қаржы қызметі станцияға
бланкаларды сала отырып, оның сериясын бірініші және
соңғы номерін көрсетеді. Стансада бланктерді
құжатқа байланысты қабылдайды, одан кейін станса
басшысының немесе оның орынбасарының қолы
қойылған және қабылдау уақыты көрсетілген
қолқатты жолдың қаржы қызметіне жібереді.
Барлық қатаң санақтағы бланктер қатаң
санақтағы бланктердің келу кітабына енгізіледі.
Қатаң санақ бланктер қорын қоймада
құлып пен мөр қоя отырып бөтен адамдардан
аулақ жерде сақтайды. Бланктерді сақтау жауапкершілігі станса
бастығы мен соған жауапты адамға жүктеледі. Әр
қатаң санақ бланктің жоғалуы барлық
жағдайда бақылауда болады, жауапты тұлғалар
жауапкершілікке тартылады. Қатаң санақ бланкісінің
жоғалуы туралы мәселені станса басшысы шұғыл
түрде жол қаржы қызметіне ескертуге міндетті.
Қатаң
санақ бланкісінің қолданыстағы қоры кезекшілік
ауысуы кезінде өткізуші мен қабылдаушы арасында қолқат
арқылы алмасады. Бір кассадан екінші кассаға жіберу, үш көшірмеден
тұратын актпен толтырылады, біреуі бухгалтерлік санақ және жолдың қаржы
қызметіне беріледі. Қатаң емес санақтағы бланктер
темір жол тапсырысы бойынша орталықтандыра отырып жасалынады және
стансалар мен тауарды есептеу мекемелерінде таратады.
Стансаның
коммерциялық есептеуін жүргізу нұсқауын стансаның
коммерциялық есептеулері бланк құжаты арқылы
жүзеге асады. Әрбір жеке форманы толтыру ретін қарастырады,
олар: жолаушыларды, багажды, жүк тасығыш, әртүрлі
жинақ және кассалық есептеулер; стансаларды бланктармен
қамтамасыз ету реті; стансаға есептеулерді өткізудің
мерзімі мен кезеңі. Жүкті тасымалдау есебін өткізу мерзімі
және кезеңі бухгалтерлік санақ және қаржы
қызметімен жетілдіріледі, әрине жолмашинасы есептік стансамен
ақылдасу арқылы және жол бастығымен қойылады, сол
саладағы жұмысшылар есептеу, құрастыру уақыты
басталғанға дейін оған дайындалулары керек. Есептеуді
мерзімінде өткізу станса жетекшісінің және станса
жұмысшыларының басты міндеті болып табылады. Бұл
өтілген тақырыпты оқушылардың есінде қалдыру
үшін машықтану сабағы арқылы да өткізуімізге
болады.
Жүкті жіберушілер және
қабылдаушылармен - жалпыға пайдалануға
арналмаған орындарында
қауіпті және тез бұзылатын, шикі жануарлар өнімдері,
ауыр салмақты және габаритті емес
жүктерді тиеу және түсіру жұмыстары іске
асырылады. Ал құйылатын, шашылатын және аударылатын
жүктерді тасымалдау арнайы жылжымалы тіркесте және
жіберушінің немесе қабылдаушының жолсерігінің
шығарып салуымен- жалпы пайдалану орындарында іске асырылады. Жолдар өзіне кәсіпорындармен
және ұйымдармен келісім бойынша көрсетілген жүктермен
(құйылатын, қауіпті, сонымен қатар тез бұзылатын,
суықтай, жылылап тасымалданатын
жүктерден басқа) жүктік операцияларды орындауды
қабылдай алады. Жүкті жалпыға пайдалануға
арналған автомобилдік көлікпен орталықтандырылған
әкелу және шығаруда барлық жүктерді станцияларда тиеу
және түсіру (қауіпті
және құйылмалыдан басқа) жолмен іске асырылады.
Жалпыға пайдалану орындарында жүктік операциялар
механикаландырылған дистанциялық тиеу-түсіру
жұмыстармен атқарылады.
Жүк
тиеуге көрсетілген жүкті тасымалдауға жарамды,
алдындағы тасымалданған жүктің
қалдықтарынан және қоқыстардан тазартылған,
қажет жағдайда жуылған вагонды береді. Жүк тиеуге
берілетін вагоннның техникалық жағдайын(жүру
бөлшектерінің дұрыстығын, соғылатын және
жанастырылатын приборларды, шанақтың және жабынның
бүтіндігі, тіреуіштердің дұрыстығы т.с.с) вагон
тексерушілері тексереді. Тексеру
нәтижелерін станция бойынша кезекшіде болатын «Вагондарды
техникалық карауға ұсыну кітабы»-на енгізеді. Вагондарды коммерциялық
қарау (вагон
шанағының ішкі жағдайы) жүкті қабылдапөткізуші немесе жүкжіберуші агент іске асырады.
Қажет жағдайда вагондарды жуады. Ол үшін тек қана
жуатын емес сонымен қатар кептіретін
арнайы құрылғыларды пайдаланады. Көп
мөлшерде вагондарды жуу күзгі уақыттарда жылжымалы тіркесті
нан жүктерін жаппай тасымалдауға дайындауда жасайды. Мұнай
өнімдерін құяр алдында цистерналарды жуу және парлау,
құю пункттерінде орналасатын арнайы жуу-парлау станцияларында
орындайды. Арнайы цистерналарды тазалау (газдарды, қышқылдарды
жағу үшін тс.с.) жіберушінің міндетіне енеді.
Темір
жол және жүк жіберушілер вагондарға жүкті тиеу кезінде
тиеудің Техникалық шарттарын қатаң сақтау керек,
яғни вагонның
көтеруінің техникалық нормасы, сонымен қатар
жүкті тиеуге қойылған уақыт. Техникалық нормасы
көрсетілмеген жүк үшін, вагоды тиеу вагон сыйымдылығын
немесе оның жүккөтерімділігін толық пайдаланып По грузам, для которых
технические нормы не установлены, загрузка вагонов должна производиться до
полного использования вместимости вагона или его грузоподъемности.
Қаланған
жүктің беті түзу болуы керек: вагонның шеткі
жақтарында жүктің есік аралығындағы
кеңістіктен жоғары қалануын жібермеу керек, бұл
жүктің құлауына, сонымен қатар оның
бүлінуіне әкеледі. Бөшкелердегі жүктерді, кабелді
катушкаларды және т.с.с тиегеннен соң (подклинить)қадап
қою керек. Себеттерге немесе шарбақтарға
қапталған бөтелкелердегі сұйық жүктерді,
егер ол вагонның еденінің барлық ауданын алып жатпаса,
тақтайлармен бекіту керек немесе ылғалдан қорықпайтын
жүгі бар жәшіктермен тығыз қоршап қою керек.
Арнайы маркировкасы бар жүктерді, осы маркировканың талаптарына
сәйкес вагондарға, осы маркировка көрініп тұратындай
етіп қалау керек. Жабық вагондарда есік аралық
кеңістікте жүкті,
вагонның екі жағында да еркін есік ашылатындай етіп
қалау керек. Ыдысқа оралатын жүктерді, мысалы, вагон есігінен
25 см ден жақын емес етіп қалайды. Вагонға әр
түрлі аттардағы жүктерді тиеуге болмайды, егер оларды бірге
тасымалдау бұл жүктердің бұзылуына алып келетін болса.
Жабық және изотермиялық вагондарға тиеуді
аяқтағаннан соң, сонымен қатар цистерналар темір
жолдың пломбаларымен пломбалануы керек. Өтілген дәріс
сабағын нақтылау тұрғысында алған білімдерін
пысықтау мақсатында машықтану (семинар) сабағының
құрылымын былайша беруімізге болады: Әрбір жүк
үшін тиімді вагон типін таңдау және олар үшін
жүктелудің техникалық нормасын орнату.
1.Вагон
жүктемесінің орта
техникалық нормасын анықтау;
2.Контейнерлер
жүктемесінің техникалық нормасын анықтау. Вагон
және контейнерлерді тиеуде тиімді типті таңдауда
студенттердің білімін тексеру. Оқушылардың алған
білімдерін тексеру үшін бақылау сұрақтарын береміз.
Мысалы:
1.Вагон
жүктемесінің орта
техникалық нормасын анықтау формуласы;
2.Контейнерлер
жүктемесінің техникалық нормасын есептеуге арналған
формулалар.
3.Вагондарды тиеу
жоспарын құру;
4.Вагондар
ағымының балансы;
5.Жүкті қабылдауда және
өткізуде салмағын өлшеу;
6.Тауарлық өлшеуіштердің
жүк көтерімділігі;
7.Тауарлық
өлшеуіштердің өткізгіштік мүмкіндігі.
Алған білімді тиянақтау
тұрғысында оқушыларға өздік жұмыстар да
беруімізге болады. Өздік жұмысты
ұйымдастыру бойынша әдістемелік нұсқаулар:
оқушының өздік жұмысы реферат түрінде орындалады.
Өздік жұмысты бақылау келесі
формада өтуі мүмкін:
– жасалған жұмысты көрсету;
– өздік меңгерген тақырып
бойынша баяндама;
– дәрісханалық сабақтарды ауызша сұрау;
– жазбаша орындалған тапсырмаларды
қорғау.
Өздік
жұмыс тақырыптары:
1.Тасымалдау
құжаттары;
2.Жүктің
салмағын өлшеуге арналған техникалық
құрылғылар;
3.Жүкті сақтау және жүк қоймалары;
4.Кіру жолдарындағы коммерциялық
операциялардың орындалуының ерекшеліктері;
7.Кіру жолдары және қиылысу
станциялары жұмысының бірыңғай технологиялық
процесс ұғымы.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1.Галабурда В.Г. Единая транспортная
система. М: Транспорт, 2004.
2.Лецкий Э.Информационные технологии
на железнодорожном транспорте М: 2005.