Экономические науки/4.Инвестиционная деятельность и фондовые рынки.
э.ғ.магистрі, Теңізбаева
Ж.С., білімгер Асем Н.
Тараз Мемлекеттік университеті, Қазақстан, Тараз қ.
Қазақстан Республикасындағы шетелдік
инвестициялық ахуал: бүгіні мен болашағы
Қазақстан
мемлекет экономикасына инвестицияны тарту жөнінде басқа елдер
арасында алдынғы қатарда келеді. Қазақстан тек
маңызды өнімдер түрінің экспортері ғана емес
сонымен бipгe инвестицияны icкe асыруға қажетті
құқықтың негізі бар және оған
қолайлы жағдай жасалған мемлекет.Бүгінгі күні
Қазақстан экономикасының
негізгі инвесторлары болып АҚШ, Азия
және Европа елдерінің компаниялары табылады.
Қазақстан Республикасының
экономикасының тұрақты өcyi, оның барлық
ресурстарының барлық құраушылары, жоғары
технологияны пайдалана отырып және экологиялық қауіпсіздікті
қамтамасыз ету инвестициялық мүмкін емес.
Қазақстан Республикасы бай
пайдалы қазбасы бар, ауылшаруашылық кеңістігі кең,
жоғары білімді кадрлары бар және оларды тиімді қолдану
үшін инвестиция жеткіліксіз.
Қазақстан экономикасын
дамытуға тек өкімет қана емес, iшкі инвесторлар
қабылетсіз, ceбeбi мемлекеттің экономикасын көтеруге
жеткілікті қаржыны табуға қабілетсіз.
Қазақстан экономикасын жандандырудың
жылдам жолдарының бipi бүгінгі күні ол
халықаралық қорды импорттан яғни сырттан алу.
Біздің Республикаға инвестицияны тиімді шақыру үшін
Республикада инвестициялық климат яғни қажетті барлық
жағдай жасалу қажет.
Елде қолайлы инвестициялық климат
жасау, бұл әртүрлі шаралар кешені, ол бүтіндей
терістіктер жүйесін құрайды. Ол
Қазақстандағы инвестициялық климаттың
бағасын талдаудың негізі болады.
ü
Ел
нарықтық сипаттамасы;
ü
Табиғи
және еңбек ресурстарымен қамтамасыз ету;
ü
Экономикалық
рефоманың жағдайы және алға жылжуы;
ü
Инвестициялық
жағдайға арналған құқықтық
база;
ü
Мемлекеттік
филиалдағы басқару шешімдерін қабылдауды
реттеу;
ü
Нарықтық
инфроқұрлым мен валюталық сауданы дамыту;
ü
Банкілік
жүйелердің тұрақтылығы;
ü
Саяси
климаттың тұрақтылығы мен тартымдылығы;
Инвестициялық климат колайлы
болған сайын, инвестициялық қауіптілік төмен болады
және керісінше инвестициялық климат төмен болса,
инвестициялық қауіп жоғары болады.
Шетел инвесторлары мекеменің
жекешелендіру мәселесі мен бақылау пакетін сатып алу
мәселесіне зор ықпал білдіреді. Бұл шаралардың
барлығы тәуелсіз кеңесшілердің бақылауымен
және тек тендерлік механизм арқылы өткізілуде. Мысалы,
осындай шетел инвесторларының салымы— шетел
инвесторының қатысуымен пайда болған мұнай-газ
өндіру саласында – «Тенгизшевройл» (Атырау облысы) «Арман», «Теңге»
(Маңғыстау облысы) кәсіпорындары. Мұнай - газ
секторындағы жағдай мынадай. Мұнай мен газ өндірісі
Қазақстан республикасының ең приориоритеттік де пайдасы
мол өндірілетінің бipi. Қазақстанда 180-нен астам мұнай - газ кен орны
табылған, оның тек 60 ғана зерттелуде. Мұнай - газ
саласының потенциалды мүмкіншіліктері өте үлкен.
Қaзipгi таңда республиканың зерттелген
көмірқышқыл шикізат қорлары өте үлкен. Ол
2,1 млрд.т. мұнайдың, 0,7 млрд.т газды конденсатын, 1,7 трлн,м
газды құрайды. Сонымен қатар, Каспий теңізінің
жеріндегі және теңіздің өзіндегі болжамдық
қорлар келесі көрсеткіштермен бағаланады: мұнай
бойынша-12 млрд. т., газды конденсаты бойынша 1,6 млрд.т., табиғи газ
бойынша 5,9 трлн. м.
Қазақстанда
және басқа ТМД елдеріндегі тура шетел инвестицияларын
тартудың әлемдік тәжірибесі мен практикасын зерттеу,
инвестиция мүмкіндігі мен масштабы бірнеше факторға тәуелді
екенін көрсетті, маңыздылары келесілер табылады:
−
саяси тұрақтылық;
−
елде жүргізілетін
экономикалық реформалардың нарықтық объективтілігі;
−
қолайлы
инвестициялық климат;
−
басқа елде
ұқсас инвестициялық шешімдердің өміршеңдігі
мен мүмкін табыс көлемі;
−
құқықтық
қорғалуы, ашықтығы және
тұрақтылығы;
−
жарамды, қолайлы
өндірістік және нарықтық инфрақұрылым;
−
табиғи
ресурстардың баршылығы мен құны;
−
валютаның еркін
конверттелуі мен пайданы репатриациялау мүмкіндігі.
Шетел капиталының ағынын
кеңейту мақсатында белгілі шараларды қабылдай отырып, шет ел
капиталын реттеу шаралары туралы және ұлттық
экономикалық қауіпсіздік туралы ұмытпау қажет. Шетел
компаниялардың ұлттық экономикасының басым
қопшілігінің басып алуы ұлттық өндірістің
дамуына еліміздің әлеуметтік және саяси аспектілеріне
бөгет жасап, бүтіндей экономикалық жоспарда тepic әсер
eтyi мүмкін.
Қазіргі
кезде үш арнайы экономикалық аймақ (АЭА) бар, олар
салықтық және кедендік преференциялды режимінде қызмет
етеді. Мәселен каспий аймағында орналасқан “Ақтау
теңіз порты” АЭА шеңберінде теңізбен тасымал базасы,
теңіз инфрақұрылымын дамыту үшін құрылыс
объектілері мен өндірісін жасау жобасын жүзеге асыруда. “Астана –
жаңа қала” АЭА шеңберінде Астананың сол жақ
жағалауында тұрғын және өндірістік объектілер
құрылысының жобалары жүзеге асырылуда. Алматы
түбіндегі Алатау ауылында ұлттық деңгейдегі парк –
ақпараттық технология Паркі жұмыс істей бастады.
Үш
аймақтық технопарктер: Оралда “Алгоритм”, Қарағанды
және Алматыдағы аймақтық технопарктер қалыптаса
бастады.
Инвестициялық
климаттың тартымдылығын арттыру үшін инвестициялық
жобаны іске қосқан күннен бастап он жылға дейінгі
мерзімде корпоративтік салықтан босату нормасы енгізілуде.
Қазіргі
кезде инвестициялық іс-әрекетті мемлекеттік реттеу барысында келесі
негізгі қиыншылықтар байқалады:
- елдегі еркін
экономикалық аймақтардың жеткіліксіздігі;
-
тұрақтық құбылмалы және тиянақсыз
заңдар, заңдық базаның тұтастай алғанда
тұрақсыздығы;
- экологиялық
норманы ескеруде кәсіпорын жауапкершілігі мәселесінде
саясаттың жоқтығы;
- транспорттық
инфрақұрылымның дамымағандығы,
Қазақстан мен сыртқы әлем арасында әуе
жолдарының жеткіліксіздігі;
-
Қазақстаннан сыртқы нарыққа
құрлықпен тауар тасымалы үшін жер үсті тасымалы
жүйесінің (мұнай құбыры мен газ
қүбырын қоса алғанда) барабар еместігі.
Осы
қиыншылықтарды шешу жолдары болып келесілерді келтіруге болады:
1. Елдегі
еркін экономикалық аймақтар санын ұлғайтып,
инвесторларды қолдауды одан әрі жалғастыру;
2. Заңдық
базаны тұрақтандыру, олардың орындалуын бақылау;
3. Мемлекеттік
қызметкерлердің, әсіресе салық инспекторлары,
құқық қорғау органдары
қызметкерлерінің өз ісіне тиянақты, адал болуын
қадағалау. Жоғары
квалификациялы және компетентті мамандар дайындау.
4. Инфрақұрылымды
шетел фирмалары қажеттіліктеріне сәйкестендіру. Оларға тек
қаржы көзі деп қарамай, басшыларының тәжірибесін,
менеджерге тән біліктілігін отандық инвесторларының
үйренуін алға қою қажет;
5. Ақпараттық-таныстыру
шараларын өткізумен қатар, ірі инвестициялық жобаларды
бірігіп іске асыратын трансұлттық компанияларымен тығыз
қарым-қатынасқа көшу қажет;
6. Қаржылардың
әділетті бөлінуі мен тағайындалу нүктесіне
тұтастай жетуін мұқият қадағалау.
Тізімделген
шаралар уақытында, толығымен орындалуы экономикамыздың
қарқынды дамуына әкелетіні анық және оған
толық мүмкіндік бар. Еліміз жер асты, жер үсті
байлығына өте бай. Шикізаттық сектормен қатар
экономикамыздың ақсап тұрған салаларын дамыту
арқылы қуатты серпіндер болатынына толық негіз бар.
Әдебиеттер:
1.Қазақстан Республикасының
“Инвестиция туралы” заңы. 2003 жыл және 2005, 2006 жылдардағы
енгізілген өзгертулермен
2.«Инвестиция туралы ҚР мемлекеттік комитетінің
құрылуы» Заңы
9.11.1996ж.
3.«Тікелей
инвестицияларды мемлекеттік қолдау туралы» ҚР Заңы 28.02.1997ж.
4.Асимова А.С. «Инвестицияны
қаржыландыру және несиелеу» Оқу құралы.,2012ж.
5.www.egov.stat.kz сайты