Қазақстандағы бастауыш сынып мұғалімдерін дайындау мәселесіне тарихи шолу (1917-1991 жж).

 

Кокшеева Зайни Таласқызы, Ш.Есенов ат.КМТИУ профессоры

 

Қазақстанда бастауыш сыныптарға  мұғалім дайындау жөніндегі  арнайы оқу орындарының құрылуы қазан төңкерісінен кейін басталды.

1917 – 1991 жж.аралығында әр типтегі оқу орындарының жүйесі пайда болып, дамыды олардың арасында тығыз байланыстар орнады, Осы бағытта қалыптасқан арнайы жүйе бірте-бірте толығып қалыптаса бастады. Жүйеге   «педагогикалық курс – педагогикалық техникум – педагогикалық училище – жоғары оқу орындары» сияқты құрылымдық және қызметтік компоненттер кірді. Оның нәтижелері көрсеткендей бастауыш мектепке мұғалім кадрларды дайындау мақсаты өзінің дамуында бірнеше этаптардан өтті:

1 этап – 1917 – 1920 жж; 2 этап – 1921 – 1937 жж; 3 этап – 1938 – 1940 жж;

4 этап – 1941 – 1945 жж; 5 этап – 1946 – 1959 жж; 6 этап – 1960 – 1979 жж;

7 этап – 1980 – 1991 жж.

Оқу орындарының дамуының әр этапы өзіне тән қоғамда әлеуметтік- саяси, экономикалық және мәдениеттік дамуымен, осы бастауыш мектеп және бастауыш сынып мұғалімдерінің алдына қойған талаптарымен ерекшеленді. Бастауыш сыныптарға мұғалімдер дайындау жөніндегі оқу орындары дамуының бөлек этаптарының арасында айырмашылық қана емес, өзара байланыс, сабақтастық та бар болды. Деректі-тарихи жағдайлар жоғарыда аталған оқу орындарының дамуында өз белгісін қалдырды.Олай дейтініміз, әрбір тарихи этапта  елдің дамуы мен бастауыш сынып мұғалімдерінің қызметінде өзінің әлеуметтік бағыттары болды. 

Қазақстанда бастауыш сыныптарға мұғалім дайындау жөніндегі  оқу орындарының  қалыптасуы мен дамуы, барлық этапта бастауыш сынып мұғалімдеріне талаптардың өсуі мен педагогикалық кадрлардың нақты біліктілік деңгейінің арасында обьективті қарама- қайшылық болды. Қарама- қайшылықты жою мақсатымен болашақ бастауыш сынып мұғалімдерін оқыту мазмұны, формасы және әдістері жаңадан қабылданды.  Жаңа тапсырмалар мен ескертулер бастауыш мектепке маамандар дайындаушы оқу орындарының оқу жоспарлары мен бағдарламаларында қайтадан қаралды.

Әрбір тарихи этапта бастауыш сыныптарға мұғалім дайындау жөніндегі оқу орындарының даму жүйесі өрлеу жолы бойынша жүріп отырды. Алғашқы бастауыш мектепке мұғалім кадрлар  дайындау жөніндегі оқу орындарының қалыптасу жүйесі этаптарымен 1917 – 1920 ж.ж. қамтиды. Бұл кезең  Қазақстанның тарихи дамуында бірден-бір қиын кезең болды: күйзеліс, аштық, елдің жаппай сауатсыздығы, мұғалім кадрлардың  жетіспеушілігі т.б.  Ол бастауыш сыныптарға мұғалім кадрлар дайындау жөніндегі жаңа оқу орындарының қалыптасуымен сипатталады. Мұғалім кадрларға деген мұқтаждық қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді педагогикалық курстар арқылы жаппай бастауыш сынып мұғалімдерін дайындауға алып келді.   Дәл осы жылдары  келесі жаңа оқу орындарының іргетасы қаланып құрылуына септігін тигізді,  жаңа типті мұғалімдерді алғашқы дайындауда - белсенді қоғамшыл, партия идеяларын бірізді таратушылар, сол жылдары саяси аренадан табылатындар   белгіленді.  Педагогикалық курстар бастауыш сыныптарға мұғалім дайындау деңгейіне сай келмегенімен, мұғалім кадрларға деген сұранысты уақытша қанағаттандырды.  Атап айтқанда бұл жылдары  жоғарыда аталған оқу орындарының  берік негізі қаланды.

Екінші этап 1921- 1937 жж. қамтиды. 1920 ж. жаңа оқу орындары- 3- жылдық орысша-қырғызша педагогикалық курстар базасы болған педагогикалық техникум қалыптасты. Орта педагогикалық білім жүйесі,  бұл жылдары бірден-бір, бастауыш сыныпқа болашақ мұғалім дайындауда сапалы білім беретін жалғыз звено болды, оқу мазмұнындағы жеткеші роль қоғамдық-саяси білім беретін және педагогикалық циклдарға көңіл аударылды және оқу педагогикалық теориялармен мектеп практикасымен өзара тығыз байланыста болды.  

Бастауыш сыныптарға мұғалім дайындау жөніндегі оқыту звеносы мемлекеттік саясат арнасында дамыды. Бұл халық шаруашылығын қайта құру, елдің қоғамдық қатынасын және экономикасын қайта өзгерту, республиканың экономикалық даму бағытында басшылық-әкімшілік  кеңесшіл жүйенің орнығып, жетістіктерге жеткен кезеңдері болдығ яғни қалыптасқан атмосфера қоғамда сыншыл ой мен шығармашылық әдістерге жол бермеді.  Бұл кезеңдегі негізгілерінің бірі бастауыш сыныптарға мұалім дайындайтын оқу орындарының  идеологиялық әрекеті болды.   Педагогикалық техникумдар мен педагогикалық курстардың барлық оқу- тәрбие процесі жаңа қоғамдық құрылыста, жаңа мемлекет идеологиясы үшін күрескерлер тәрбиелеуге бағытталды. Бұл жылдары жалпы міндетті бастауышта оқыту ендірілді, бастауыш мектепке және бастауыш мектептер үшін мұғалім кадрлар дайындауға талаптар күшейтілді, мұғалімдер дайындау жүйесіне үздіксіз жетілдірулер жүргізілді.

 Үшінші этапта (1938 – 1940 г.ж.ж.) бастауыш сыныптар үшін мұғалім кадрлар дайындау жөніндегі оқу орындарының оның орнығу сипатының дамуы, бастауыш сыныптардың мұғалім кадрларына деген қоғамдық талаптың жоғарылауы, оның кәсіби шеберлігі, оқу орындары дамуының өзгеруіне әкеліп соқты.  Бастауыш мектепке мамандар дайындау процестерін жетілдірумен байланысты 1937 жылы педагогикалық техникумдар педагогикалық училище болып қайтадан құрылды. Бұл кезеңдерде  бастауыш сыныптарға болашақ мұғалімдер дайындау  мазмұнынын ұйымдастыру үлгілері мен әдістерін жетілдіру мақсатына сәйкес іштей және сырттай, жедел оқыту үлгісі бойынша жүзеге асырылды, әсіресе  педучилищелер мен  педагогикалық курстарда жүрді. Бұнымен бірге  оқытудың дәстүрлі түрі- репродуктивтік және жаңғырту бекітілді.

Төртінші этап (1941 – 1945 ж.ж.) бірнеше рет баяулады, бірақ Қазақстанда бастауыш сыныптарға мұғалім дайындау жөніндегі оқу орындарының орнықты дамуы тоқтаған жоқ. Соғыс жылдары жағдайында оқу орындарының және бастауыш мектепке мұғалім кадрлар дайындау процесін жетілдіру қызметтері жалғасын тапты.  Оқу жылының құрылымы мен ұзақтығына өзгерістер енгізілді,  демалыс қысқартылды, зерттеліп отырған жылдарда  оқу орындарының оқу-тәрбие процесінде саясат және идеология күрт күшейтілді.

Бесінші этап соғыстан кейінгі жылдар (1946 – 1950 ж.ж.),бастауыш сыныптарға мұғалім кадрлар дайындау жөніндегі оқу орындарының дамуы табысты жалғасты, мұғалім кадрларды дайындау педагогикалық училище мен педагогикалық сыныптарда жүзеге асырылды.  Педучилища төртжылдық оқыту мерзімінде, орта мектептен кейін екі жылдық оу мерзімінде  жүргізді, мамандардың дайындық сапасына ерекше көңіл аударылды, оқытудың мазмұнына, формасына және әдістеріне  өзгерістер енгізілді.  Бұл уақыттарда толық орта білім алмаған тұлғадан қысқа мерзімде мұғалім дайындаудың бұрынғы тәжірибесі жойылды.

Алтыншы этапта бастауыш мектеп үшін  мұғалім кадрлар дайындау жөніндегі оқу орындарының даму жүйесі (1960 – 1979 жж.) елдегі жалпыға міндетті орта білім, орта мектеп реформасын жүзеге асырумен байланысты болды. Бұл кезеңде оқу орындарының дамуы жеделдеп, оның мақсаттылық деңгейінің өскендігі байқалды. Бастауыш сыныптарға мұғалім дайындау тек қана педучилищелерде, педкласстарда ғана емес, педагогикалық жоғарғы оқу орындарында да жүзеге асырыла бастады.  

Жетінші этап бастауыш кластарға мұғалім кадрлар дайындау жөніндегі оқу орындарының дамуы (1980 – 1991 жж.) бастауыш сыныптарға мұғалім дайындауда қайта құру жүйесі тамырымен, осы елдің  әлеуметтік- саяси, экономикалық дамуымен байланысты ғылыми-техникалық прогресс деңгейімен байланыстырылды.

Мұрағаттық құжаттарды зерттеу, аталған кезеңде мұғалім кадрларды дайындау жөніндегі  оқу орындарының басқару қызметі, бірыңғай жалпы кеңестік жүйе құру мақсатында жүзеге асырылғандығын көрсетті. Бұл ұлттық маңыздылықтарды жоюға әкеліп соқты, психологиялық және аймақтық ерекшеліктер, халықтық менталитет есепке алынбады.

Бірақ, аталған қиындықтарға қарамастан оқу орындарының қызметін құру тәжрибесінің пайдалы жақтары да көп болды,  барлық жұмысты партиялық, иерархиялық принциптер негізінде, нақты, жүйелі, бірізді ұйымдастыру мен құру және оларды бүгінгі таңда тәжірибеде қолдану негізінде Қазақстан Республикасының әлемдік білім кеңістігіне ену жағдайында, білім жүйесін жетілдіруде және бәсекеге қаблетті кадрлар дайындауда   айтарлықтай пайдасын тигізді.

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

1      Асылбеков М.Х. Галиев А.Б. Социально-демографические процессы в Казахстане (1917-1980 гг.). – Алматы: Наука, 1991. - 185 с.

2      Омарбеков Т.20-30-жылдардағы Қазақстан қасіреті.Алматы:Санат,1998

3      Рашева Г.У. Түркістан Кеңестік Автономиялық Республикасындағы қазақ зиялыларының ағартушылық қызметі (1918-1925 жж)–Алматы, 2010.

4      Қ.Бержанов., Педагогика тарихы, Алматы, 1998