ПЕДАГОГ МАМАН ТҰЛҒАСЫН ЗАМАНАУИ
АҚПАРАТТЫҚ ҚҰРАЛДАР КӨМЕГІМЕН ДАМЫТУ
Айтжанова Р.М., Махметова М.Ж.
Е.А. Бөкетов атындағы
Қарағанды мемлекеттік университеті
Мұғалім – ақпараттанушы емес, оқушының жеке
тұлғалық және интеллектуальды дамуын жобалаушы. Ал
бұл мұғалiмнен жоғары құзырлылықты,
ұйымдастырушылық қабiлеттiлiктi, оқушыларды қазiргi
қоғамның түбегейлi өзгерiстерiне лайық
бейiмдеу, олардың зерттеушiлiк дағдыларын дамыту бағыттарын
талап етедi [1].
Білім беруді ақпараттандыру – бұл
ақпараттық-коммуникациялық технологияның
құралдарын білім беру саласына қолданудың
методологиялық және тәжірибелік
құндылықтарын зерттеп, оқыту мен
тәрбиелеудің психологиялық және педагогикалық
мақсаттарына бағыттап қамтамасыз ету процесі. Бұл процесс мына бағыттар бойынша
жетілдіріледі:
- білім беру жүйесінің басқару механизміндегі
ғылыми-педагогикалық ақпараттар мен
ақпараттық-әдістемелік материалдарды автоматтандыру
арқылы оның қолданылу аясын жетілдіру және
басқару ісіне коммуникациялық желілерді қолдану;
- ақпараттық қоғам жағдайында жеке
тұлғаның даму бағыттарының міндеттерін негізге ала отырып, оқытудың
мазмұнын, әдістері мен оны ұйымдастыру формаларын
таңдау мен оның методологиясын жетілдіру;
- үйренушінің интеллектуальдық қабілетін
дамытуға, өздігінен білім алуға, түрлі
ақпараттарды өздігінен өңдеу сияқты
әрекеттерге бағытталған оқытудың
әдістемелік жүйесін ақпараттық-коммуникациялық
технология арқылы құру;
- үйренушінің білім деңгейін бағалау мен
бақылау әдістерін талдау бағытында компьютерлік тестілеуді
құру мен оны қолдану.
Білім беруді ақпараттандыру процесі жағдайында жеке тұлғаның
интеллектуальдық, қоғамдық, экономикалық,
коммуникациялық және ақпараттық
сияқты іс-әрекеттерін
түрлі салаларға қолдану арқылы
құзырлықтарын қалыптастыру негізгі талаптардың
біріне айналады [Ошибка!
Источник ссылки не найден.].
Жаңа технологиялар - болашақ педагогтың
мүмкіндігін күшейтетін
құрал, бірақ ол мұғалімді алмастыра алмайды. Компьютер мүмкіндіктері психология
мен дидактика тұрғысынан
талданып, керек кезінде педагогикалық
талаптарға сай қолданылуы керек. Сырткы эффектіні қуып кетпей, оқыту программасының
тек сыртқы емес, ішкі тиімділігіне көп көніл бөлген
дұрыс. Компьютердің сызбалық мүмкіндігін молдығы дәрістік экспериментті бояулы
суреттермен, сызбалармен, кестелер мен байыта түсуге жол ашады,
оларды есеп шарттарына да пайдалануға болады.
Компьютерді
мұғалім косымша материалдар, әртүрлі анықтамалық
мәліметтерден акпараттар беру үшін көрнекі құрал ретінде пайдалана
алады. Мұндай мәліметтерге физикалык
формулалар, физикалық шамалардьң
өлшем бірліктері, графиктер, схемалар, иллюстрациялар, физикалық кұбылыстардың динамикалық бейнесі, тәжірибеге
арналған кұрылғылардың тізімі, аспаптардың
сипаттамалары және т.б. жатқызуға
болады. Мұғалім араласпай-ақ, оқушылар өздері меңгеруге тиісті ақпараттар
беріледі. Қажетті акпараттарды
жинақтауда электрондық техникаларды енгізу уакыт үнемдейді, қарастырып отырған кезеңде акпараттың
толықтығын жоғарылатады, ақпараттық-аныктамалық жүйе құрамында
электрондық
кұрырғылармен жұмыс істеу дағдысын калыптастыруға мүмкіндік
туғызады [2].
Жаңа ақпараттық
технология кұралдарын сабақтарда пайдалану, оқушының шығармашылык,
интеллектуалдык қабілетінің дамуына, өз білімін өмірде пайдалана білу
дағдыларының қалыптасуына әкеледі.
Компьютерлік техниканың дидактикалық мүмкіндіктерін
педагогикалық мақсаттарға қолдану, білім мазмұнын
анықтауда, оқыту формалары мен әдістерін
жетілдіруде жақсы әсерін тигізеді. Есептеу техникасымен жұмыс жасату
оқушылардың алгоритмдік дүниетанымын
қалыптастырады:
-
өз әрекетін саналы түрде жоспарлайды;
- құбылыстарға модельдер
кұра біледі.
Қазақстан Республикасы бiлiм беру жүйесiн
ақпараттандырудың Мемлекеттiк бағдарламаларының негiзгi
мiндеттерiнiң бiрi ретiнде мамандардың осы сала бойынша
бiлiктiлiгiн көтеру және қайта даярлау
қарастырылған. Аталған мiндеттердi жүзеге асыру
мақсатында мамандардың бiлiктiлiгiн көтеру және
қайта даярлау бойынша курс тақырыптарының мазмұны
өзгертiлiп, жаңаланды. Оның негiзгi мазмұны бiлiм беру
мекемелерiнiң қызметкерлерiнiң кәсiби шеберлiгiн
жаңа ақпараттық технологияны пайдалану бойынша жетiлдiруге,
басқаша айтқанда, бiлiм берудi ақпараттандыруға сай
мамандарды жан-жақты даярлауға бағытталған [Ошибка!
Источник ссылки не найден.].
Тәжiрибе жүзiнде дәлелденгенiндей, кез келген
мұғалiмге өз қызметтерiне компьютердi пайдалануы
олардың әлемдiк ақпараттық кеңiстiкке енуде
ақпараттық мәдениетiнiң қалыптасатынымен
өлшенедi. Сонымен бiрге, бұл жағдайда, инновациялық
әдiстер мен құралдарды оқу процесiне пайдалану
оқушылардың мектеп пәндерiн игеруде
қызығушылықтарын арттыруда.
Ақпараттық-коммуникациялық технологияны
оқу-тәрбие процесiне пайдалану оның келесi педагогикалық
мүмкiндiктердi жүзеге асыруға мүмкiндiк бередi:
- студенттің дайындық деңгейiн, ынтасын және
қабылдау жылдамдығын ескеру арқылы жаңа материалды
меңгертуге байланысты оқытуды ұйымдастыру және
оқыту процесiне жаңа ақпараттық технологияның мүмкiндiктерiн
пайдалану;
- оқытудың жаңа әдiстерi мен формаларын
(проблемалық, ұйымдастырушылық-iс-әрекеттiк
компьютерлiк ойындар және т.б.);
- проблемалық, зерттеу, аналитикалық және модельдеу
әдiстерiн қолдану арқылы классикалық әдiстердi
жетiлдiру;
- жаңа ақпараттық технология құралдарын
(жаңа типтi компьютерлер, телекоммуникация, виртуальды орта және
мультимедиа-технология) пайдалану арқылы оқу процесiнiң
материалдық-техникалық базасын жетiлдiру.
Мамандардың бiлiктiлiгiн көтеру мiндеттерiн шешуде оқу
процесiнде ақпараттық және коммуникациялық
технологияларды пайдаланудың келесi мүмкiндiктерi ұсынылады:
- ақпараттық мәдениет элементтерiн қалыптастыруда
бiлiм мекемелерiнiң мамандарының қажеттiлiгiн
қанағаттандыру: желiлiк
технологиялар саласы бойынша жаңа
бiлiмдер алу;
- пән
мұғалiмдерiн жаңа ақпараттық технологияны
өз қызметтерiне еркiн пайдалана бiлуге үйрету;
- қашықтықтан оқыту формаларына
мұғалiмдердiң қызметiн бағыттау;
- облыстағы бiлiм беру мекемелерiн ақпараттандырудың
ғылыми-әдiстемелiк бағыт бойынша жетекшiлiк ету;
- оқу процесi мен ғылыми-әдiстемелiк
жұмыстарға жаңа ақпараттық технологияны
қолдану негiзiнде олардың озық тәжiрибелерiн тарату.
Ақпараттық қоғам
жағдайында педагог мамандардың
ақпараттық-коммуникациялық құзырлығын
қалыптастыру көрсеткіштері төмендегідей:
- білім беру
жүйесінің әлемдік
ақпараттық кеңістікке саналы түрде енуін
қамтамасыз ету;
- ақпараттардың
шексіз көлемі мен осы ақпараттарды аналитикалық түрде
өңдеуді қамтамасыз етуге даярлау;
- ақпараттық ортада
жеке тұлғаның шығармашылық сапасын дамыту мен
қалыптастыру және өзіндік ақпараттық ортаны
құру дағдыларын қалыптастыру;
- ақпараттық ортада
коммуникативтік мәдениетті қалыптастыру;
- ақпараттық ортада
өзара байланыс қызметтерін қалыптастыру;
- ақпараттық ортада
ақпаратты алу, таңдау, сақтау, қабылдау, түрлендіру,
жіберу және бір-бірімен сабақтастыру мәдениеттерін
қалыптастыру;
- интерактивтік
телекоммуникациялық технологияларды (Интернет,
қашықтықтан оқыту және т.б.)
қолдануға даярлау;
- ақпараттық-білімдік
ортаны модельдеу мен жобалау қабілетін қалыптастыру және осы
дағдыны өзіндік кәсіби қызметтеріне
қолдануға даярлау.
Педагог кадрлардың білімін жетілдіру жүйесiне қойылатын
талаптарға сәйкес оқу жұмыстарын
ұйымдастыруға бағытталған педагог мамандардың
келесi құзырлықтарын қалыптастырудың
деңгейлерi қарастырылады:
Пәндiк
- мамандық
қызметтерiне байланысты қойылатын проблемаларды шешу
қабiлеттiлiгi.
Аналитикалық бақылау -
пәндiк iс-әрекеттерiн талдау мен бақылау проблемаларын
шешу қабiлеттiлiгi.
Ұйымдастырушылық – оқушылардың өзiндiк
iс-әрекеттерiн ұйымдастыруға бағытталған
проблемаларды шешу қабiлеттiлiгi.
Бейiмделген
- қазiргi жағдайдың өзгерiстерi мен талаптарына
сәйкес проблемаларды шешу қабiлеттiлiгi.
Ынталы психологиялық – психологиялық,
жекетұлғалық, жекетұлғалар арасындағы
өзара қарама-қайшылықты шешу проблемаларының
қабiлеттiлiгi.
1. Жобалық – мектептi, мұғалiмдi
және оқушыны дамыту жобаларын шешуқабiлеттiлiгi.
2.
Ғылыми-iзденiстiк – мектептiң,
мұғалiмнiң және оқушының даму
нәтижелерiн зерттеудi ұйымдастыру және оны өткiзу проблемаларын
шешу қабiлеттiлiгi [3].
Мұғалiмнiң
бiлiмi оқыту мен тәрбиелеудiң
тұлғалық-бағдарлық мәселелерi, оқушы
деңгейiндегi ғылыми жобаларды жасақтап, оны жүзеге
асыру әдiстерi,
оқушының жеке тұлғасын дамытуға
бағытталған жаңа педагогикалық технологияларды
таңдау тәсiлдерi, мұғалiмнiң кәсiби
шеберлiгiн дамытуға бағытталған
теориялық-методологиялық және әдiстемелiк проблемалар,
психологиялық-педагогикалық мәселелер курстың негiзгi
бөлiмдерi ретiнде қарастырылуы керек.
Психологиялық-педагогикалық ғылымда
өңделген қызмет принципіне сәйкес болашақ
педагогтардың жеке тұлғаларының
шығармашылық қасиеттерінің дамуы тек қоғамдық
тәжірибені меңгеру, болашақ педагог мамандардың
өздерінің белсене қызмет ету арқылы жүзеге асатын
меңгеру негізінде ғана жүре алады. Адамзат
мәдениетінің қол жеткізулеріне ие болу үшін әр
жаңа ұрпақ осы қол жеткізулер үшін істелген
қызметке ұқсас қызметті жүзеге асыруы керек.
Осыған байланысты болашақ педагог мамандардың
мамандандырылған қызметіне сәйкес оқу қызметін
ұйымдастыру маман даярлау жүйесінің қажетті кешені
болып табылады
Сондықтан ұрпақ тәрбиесімен
айналысатын әлеуметтік педагогакалық, психологиялық
қызметтің тиімділігін арттыру, оны жаңа салада
ұйымдастыру қажеттігі туындайды. Бұл үшін әрбір
оқытушының инновациялық іс-әрекеттің
ғылыми-педагогикалық, психологиялық негіздерін меңгеру
мақсат етіледі. Инновациялық технологияны пайдалану міндетті
деңгейдегі білімді қалыптастыра отырып, мумкіндік деңгейге
жеткізеді.
Пайдаланған әдебиеттер тізімі
1. Жүнісова Ж.А. Педагогикалық шеберлік.-Алматы,2011.-Б. 91.
2. Аманкелдиев.Ә. Педагогикаға да технология
қажет.-Зерде,1994. 3-4 б.
3. Қоянбаев Ж.Б. Педагогика .-Астана, 1998.-Б.102.
4. Абдукадирова.С. Қазақстан педагогикалық
газеттерінің оқушылардың білім сапасын арттырудағы
ролі.-Тараз,1998.-Б.28.
5. Педагогика курсының лекциялары .-Алматы, 1991.-Б. 21.