ҚҰЛМАНБЕТ МЕН ЖАМБЫЛ АЙТЫСТАРЫНЫҢ

 КӨРКЕМДІК ҚУАТЫ

п.ғ.к., доцент Б.У. Курбаналиев, магистр Г.А. Дуйсенбиева

 

Айтыстың дәстүрлі өрнегі, XIX ғасыр айтыстарының жанрлық өзгеріс, дамытуы туралы елеулі бір мәселе бар. Ол жөнінде алғаш ой қозғаған Мұхтар Әуезов. Осыны тарата түсіп, айтыс дәстүріндегі айқын бір өзгеріс, өзгешелік есебінде танытқан Құлмат Өміралиев деуге болатындай.

«... Мұның сырында айтыс ақындары поэзияның бұл «өлең» түріне, оңай түріне көшіп, әрі өздерінің құдіреттегі талантына тұсау салды. Бір шумақ көлемінде кезектесіп айтысу салты ақындық, үлгілге өріс қалдырмады, оларды тізгіндеп, буып отырды. Міне, мұның өзі XIX ғасырдың басы мен орта тұсындағы айтыс өлең жанрына тән ерекшелік болды.

Бірақ «өлең» түріне ерте көшкен солтүстік пен шығыс қазақтары айтыс ақындарындай емес, Жетісу айтыс ақындары айтыс жанрында «жыр» үлгісін сақтап калды. Олар өлен түрінде бір шумақ валемінде тізгіндесіп қалмай, айтысты жыр үлгісіне құрып, сөзге еркіндігі, шабытқа өрісі болды. Олар он бір буынды өлен үлгісімен айтысқанда да осы дәстүрді сақтап калды. Мұны осы өңірде сақталған ең көне айтыс Бақтыбай мен Тезек, Майкөт пен Құлманбет айтыстарын көреміз.

Құлманбет айтыстарының ішіндегі әйгілісі - Жамбылмен айтысы. Бұл айтыс - айтыстың дәстүрлі үлгісінде басталған. Құлманбет сөзді өзін таныстырудан өрбітеді. Жамбыл деген біреуді ел мақтайды, қане сол деп, айтысқа шақыра сөйлейді.

Бұл айтысқа да оқиғаның даму барысы, болған жайды баяндап беру машығы да қосылған. Бұл «баяндауда ежелгі эпикалық дастандардың әңгіме өрбіту үрдісі, арғы дәстүр айқын, «... сонда сөйлейді, сөйлегенде бұй дейдінің» тәсілімен оқиға өрбіту.

Жамбылды Құдайберген алып келді,

Жиылған халайықтың бәрі көрді.

Жамбылды ол Құлманбет көргеннен соң,

Жамбылға сүйкеңісіп сөйлейді еңді.

Сондағы Құлманбеттің сөзі мынау:

Арам тер талай ақын болды бұлау.

Жамбылға содан тұрып былай деді,

Басқасы болмаған соң адам лау.

(«Айтыс» кітабында бұл екі шумақты айтысты қайта айтатын адамдар қосқан деген түсінік бар Г.Ж.).

Құлманбет сөз бастап, ұзақ толғайды. Жалпы, Құлманбеттің айтыс ақыны болғанына қоса ұзақ толғау, өлең айтқан болғандығы осы тұста тағы көрінеді. Осында Құлманбеттің ақындық тілі мейлінше оқшау өрнектермен өрілген.

Өлеңші өрмеленген толып отыр,

Бірі көшіп, біреуі қонып отыр.

Мысалы дүниенің сол секілді,

Бәріде көрмегендей болып отыр.

Өлеңші толып отыр көбелектей,

Тоғыз ақын толғанып төңіректей,

Тоғыз тұрмақ, ақының он бір болса,

Немене бәріңді де басып өтпей...

Құлманбет қарсыласына ажал төккең қаһарлы күшпін дейді. Тұтап тұрған мылтықпын дейді. Мына бір тұста әлі таныла қоймаған, балдағы алынбаған балапан сұңқар Жамбылды кішісініп, басынан асыра сөйлейді. Өзімсініп, өктемдік көрсеткісі келетіндей ме, қалай....

Болғанда мен ақ сұңқар сен бір тауық,

Сен әтеш айғайлағыш ауық-ауық,

Болмаса аты шыққан Сүйімбайың.

Басқасын қою керек жылы жауып.

Ажал түріп жүрмесін аңдамастан,

Оқтаулы ақ береңге қарсы шауып.

Жамбыл адам таппаған бір тенеумен әрлеп, төпеп қарсы шабады.

Сөйлесем өленімді төтеп бермек

Құйылар сөз нөсері көктең, жерден.

Мылтықта түтеп тұрған мен бір пистон,

Асықсаң ажалықа келші бермен.

.... Ұша алмас қара бүркіт қалықтамай,

Құлманбет сөз сөйлейсің анықтамай.

Айтатұғын кісінің өзіне айтқан,

Делбе сүзек кісідей шатықтамай!

Мұнан соң Жамбыл арыдан келе жатқан аластау өлеңге бұрып, айтыста бұрын кездеспеген бір үлгіге салады.

А, Кұлманбет. Құлманбет,

Ағып жатқан сумен кет!

Сумен кетсен ел ішер,

Судан шықан бумен кет!

Ондада кесірін тиеді,

Қызарып батқан күнмен кет!

Күнде қайтып шығады,

Оттан шыққан күлмен кет!

Күлден ауру жұғады.

Қараңғы тұман түнмен кет!

Жамбылдың айтыс тілі айқын, дәл, өткір, өтімді. Жамбыл эпикалық жырлардың әлдиімен өскен өленде ақынның сұнқар болар болмысын осы айтысты бастар-бастамастан-ақ танытады. Байлық, барлықты ақындар қалай айтса да, не деп айтса да, Жамбылдың мына айтысындай етіп ешкім айта алған жоқ десек, әсірелеу болмас. Шапыраштыны кенже көріп, кем санап, кішірейте күдірейген Құлманбеттең Жамбыл ықсын ба?! Әсірелеудің әкесі деген осы болар!

Жылқысының бір шеті

Алматының өзеңінде,

Бір шеті қара нәстек,

Кәстектің кемерінде,

Несі болмас құданың берерінде?

Бұған қайтып жетесіз,

Жалған сөйлеп не керек.

Айтайын сөздің төтесін.

Жылқысының шетінен

Жарамды атпен сабаулап,

Он күнде әрең өтесің.

Осы айтыста Жабыл дәстүрлі айтыс өленнің арқалар жүгін ауырлатып, әңгіме бағытын елдік дейтін ұлы ұғымға бұрды.

Адамдықты айт, ерлікті айт, батырлықты айт,

Ел бірлігін сақтайтын татулықты айт.

Жамбылдың баяндау тәсілі соншалықты ойнақы, жанды образға бай. Ол жыр жорғасымен алатауды бөктерлеп, онан да сырғып отырып ілгері кетеді. Жамбыл ел жақсыларын, мекенін өленмен аралап отырып айтудың жаңа бір тәсілін табады.

Бұдан да шығып адаңдап,

Қастекке барып жетейік.

Ол Кәстекті жерлеген,

Екпіні судай өрлеген,

Сұраншы, Саурық батырым,

Шеңіне дұшпан келмеген.

Ақ кіреуке жамылып,

Ат кетпеген кермеден.

Садағым белге байланып,

Жауға қылыш сермеген.

Қамын ойлап халқының

Тар кезеңде бермеген,

Тоятын тілек алыстан,

Тұғырда тұрып жем жеген.

Байды, барды айтқан Құлманбетті Жамбыл батылдықты елдікті айтып сөзден тосады. Ат кереңке арғымақ мінгізген Сыпайдай кімің бар дейді.

Жамбылдың әсірелеу тәсілдері мейлінше қонымды. Айтыстың табиғатынан сүйуші. Жамбыл Алатаудың айналасын жырмен әрі асып, бері асып түгендеп сөйлеуі - дәстүрлі айтыста бұрын кездеспеген өзгеше бір өзіндік тәсіл болатын. Сөзбен жүріп отырып дүниеңі шарлау небір қиял-ғажайып ертегіде де кездеспеген желі сияқты.

Асықпайтында, Кұлманбет,

Беремін кезек нәубетті.

Онан бері асайын.

Теріскейге қадам басайын,-

Жоғарғы шеті Мырзабек,

Бәрі де өңшең қара көк.

...онан былай өтейік.

Көрінді сенің көр қылып,

Асан Атаның Желмаямен жер шолғанындай, жас Жамбыл түстік жерге тоқтамай, көлденең өтіп ел кезген ағыл-тегіл ақын Жамбыл, елінің берекесін, ел тұгқасы ерлерін қорған етеді.

Айтыс өткір, зілдей салмақпен Жамбылдың Құлманбеттің арғы тегіне тиісуімен, егер мұным ите болса, Албанның аға адамдары жанын беріп ақтап алсын деген үкімге келгенде, Құлманбеттің домбырасының шегі үзіліп кетіп, «Жамбылдың женіп бәйге алған жері, Жеңіліп Құлманбеттің қалған жеpi» деген айтушылардың түйін сөзімен аяқталған.

Құлманбет пен Жамбылдың осы айтысы - дәстүрлі айтыс жанрының бұл қарашыл, әлеуметтік бағытының басында тұрған, көркемдік қуаты бөлек, құрылымы мен жауаптасу тәсілі оқшау жаңа бір үлгici. Заман күйін арқау еткен айтыстың әлеуметтік салмағы арта түсті: Құлманбет пен Майкөт ақын айгысындағы әлеуметік арқау жайлы айтыстың жанрлық даму, көркемдік мәнін арнайы зерттеген Мұхаммедрахым Шармұхамедұлы «Бұқара халық - еңбек адамдарының өмір күйі мен тұрмыс суреттері Майкөт ақынның айтыстарынан мол байқалатындығы туралы айтқан еді» (4). XIX ғасырда әртүрлі айтыс жанрының түрі де, мазмұны да, басты бағыттары да елеулі көркемдік, сапалық «теріске түсті. Осы әнде XIX ғасырдағы әйгілі айтыс ақындарының шығармашылық өрісі әлі де арнайы зерттеуте зәру.