Ф.ғ.д., профессор М.Р.Көпбаева
М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті,
Қазақстан
БӘСЕКЕЛЕСТІКТІҢ МАМАН
ДАЙЫНДАУДАҒЫ МАҢЫЗЫ
Мемкетіміз тәуелсіздік
алған алғашқы күннен бастап, әлмнің
бәсекеге қабілетті елдер қатарына кіру үшін жаңа
Қазақстан құрудың дербес жолын таңдап
алды.Бүгінгі балалар еліміздің ертеңгі болашағы екенін
ескерер болсақ, бәсекеге қабілетті, жаңа
уақыттың өктем талаптарына үн қоса алатын
ұрпақ тәрбиеле мерейлі міндет. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев
Қазақстан халықтар Ассамблеясының XXI сессиясында
сөйлеген сөзінде «ұлттың бәсекеге
қабілеттілігінің аса маңызды шарты – бұл әлемдік
бәсекелестік үрдісіне табысқа жетуге мүмкіндік беретін
күшті рух пен білім», - деп көрсетеді. Бұл жас
ұрпақ тәрбиесі мен әлемдік қауымдастық
қойып отырған талаптар арасында және жастардың
өзіндік мотивтерініңм арасында қарама- қайшылықтар
туындатып отыр.Бұл қайшылықты шешу үшін рухани
құндылықтарға негізделген оқу-тәрбие
процесін құруды қажет етеді. Сонымен бірге әлем мен
Қазақстанда болып жатқан білім беру мақсаты
саласындағы өзгерістер, нақтырақ айтқанда,
адамның әлеуметтік әлемге енуін қамтамасыз ететін
ғаламдық міндеттерге байланысты болуы білім берудің
неғұрлым толық, әлеуметтік интеграциялау мен жеке
тұлғаның бейімделуін қамтамасыз ететін мәселеге
назар аудару қажеттілігін тудырып отыр.
Қазақ әдебиетінде
айтарлықтай із қалдырған жазушы Ғабиден Мұстафин,
бәсекеге қабілетті болу үшін «... алдымен білім керек...
өмірді, тақырыпты білу қажет... Бірақ білгенімен де
жақсы бәсекеге қабілетті тұлға туа
қалмайды, шеберлігің жетсе туады. Бәсекеге қабілеттілік
іздену мен іс үстінде, өмірден ғана емес, жан-жақты,
толық білім алудан жетіледі» деп бәсекеге қабілеттілікке жетелеудің жолдарын көрсеткен.
Өмірден өз орнын тапқан бәсекеге қабілетті
тұлғаны нағыз бақытты адам деп айту керек. Ендеше,
адамның еңбегі, кәсібі мен өнері өзгелерге
үлгі боларлықтай із
қалдырса, онда оның бақытты ғұмыр кешкені.
Қазіргі бәсекеге қабілетті қоғам мен экономиканы
дамытк кезеңінде адам іскерлігінің сапасын көтеруге ерекше
көңіл бөлініп отыр. Адам ресурстарын жақсартудың
негізгі бағыты мамандардың бәсекеге қабілеттілігін
жетілдіріп, олардың рухани дамуына көңіл бөліп,
тұлғалық жаңаша тұрпатын қалыптастыру болып
саналады. Осындай заман талабына сай бәсекеге қабілеттіліктің
сапалық ерекшелік қасиеттерін саралау қажет-ақ.
Өскелең ұрпақ
арасында бүгінгі заман талаптарына ілесе алмайтын, оның
құндылықтарын қадірлеп, оған бейімделуге
ұмтыла бермейтін, өзінің келешегін ойлау мәдениеті
төмен, керісінше күштеу мен қатыгездікке, бос жүріс пен
жеңіл жолмен табыс табуға, дүниеқұмарлық
пен өткінші әсер жне арзан қолды жылтыраққа қызығатындар
да аз кездеспейді. Сондықтан да еліміздің білім беру саясаты
жастарға сапалы білім беруді қамтамасыз етумен қатар жас
ұрпақты ұлттық рухта тәрбиелей отырып оқыту
және әрбір шәкіртті жеке тұлға деп санап,
оның жан-жақты дамуына мүмкіндік жасауға
бағытталған. Сонымен, мектептердегі білім беру, бүгінде
бәсекеге қабілеттілік туралы мәселе – ең күрделі
проблеманың бірі. Оның сипаты мен заңдылықтарын,
түрлері мен жетілдіру жолдарын, адамныі іс- әрекетімен және
мақсат – мұратымен байланысты зерттеумен ұзақ жылдар
бойы философтар мен экономистер, психологтар мен педагогтар ұдайы
шұғылданып келеді. Бәсекелестік процесті жан-жақты
талдаудың нәтижесінде, педагогикалық бәсекеге
қабілеттікті дамыту үшін ең алдымен
тұлғаның ойында интуиция мен мотивацияның пайда болуы
шарт, онан соң шабыттану мен жаңаша идеяны ойлап табудың
негізінде тапқырлық танытып, оған сәйкес жоспар
құрып, оны табандылықпен іске асыра білу қажет.
Рухани дамыған, бәсекеге
қабілетті тұлға қалыптастыру бағыттарының
мазмұнын сипаттайтын болсақ, ол негізгі алты бағытты
қамтиды:
Танымдық бағыт – таным
мәдениеті, интеллект, білімнің біртұтастығы, жеке
тұлғаның дүниетанымы, ойлау мәдениеті, өзін
өзі дамытуға практикалық дайындығы, өзін
өзі жетілдіру, ой-өрісінің кеңдігі,
шығармашылық іске бейімділігі,сындарлы ойлай білуі, білгірлік
таныту, сананы жетілдіру, баға беру қабілеттерінен
құралады. Танымдық бағыттын негізгі мақсаты –
рухани құндылықтар негізінде әрбір
тұлғаның жеке және шығармашылық
қабілеттерін дамыту және тәрбиелеу.
Адамгершілік бағыт – ол жеке
тұлғаның қасиеттерінен құралады:
жауапкершілік, мейірімділік, сыйлау, кешіре білу, қайырымдылық,
жанашырлық, әділдік және адамгершілік ұстанымдар:
өзінің қадір – қасиетін сақтау, жауапкершілікті
болу, адал болу, ержүрек болу, өзін өзі бірқалыпта
ұстау, ұқыптылық, сергектік, көрегендік,
тән және жан сұлулығын қалыптастыру,
өмірдің құндылығын сещіну. Бұл
бағыттың мақсаты – жеке тұлғаны адамгершілік
құндылықтар негізінде тәрбиелеп, оның
адамгершілік, идеалдарын қалыптастыру, оқушыларды өзара
түсіністікке , игілік – адамгершіліктік үйлесімділік мен
біртұтастыққа өзін – өзі дамытуға,
азаматтық парызын орындауға дағдыландыру.
Ал ұлттық
бағыттың мақсаты – рухани құндылықтар
негізінде азаматтылыққа тәрбиелей отырып, өзінің
және басқа елдердің дәстүрін, тілін, мәдениетін,
дінін құрметтеуге, ұлттық келісімге баулу. Ол
төмендегі құрамдас бөліктерден тұрады:
ұлттық сана, патриотизм, ұлтжандылық, салт-
дәстүр, әдет – ғұрып және т.б.
Әлемдік бағыттың
мақсаты – жалпы адамзаттық рухани құндылықтар
негізінде жоғары азаматтық сезімі бар, отанын
қорғауға дайын тұратын, басқа адамдардың
құқықтарын құрмет тұтатын жеке
тұлға қалыптастыру. Бұл бағытқа
азаматтық, толерантылық, адам құқықтары мен
міндеттері, парыз, жауапкершілік,
белсенді өмірлік позиция, ұжымшылдық және
т.с.с.жатады. Бүгінгі орта мен жоғары педагогикалық оқу
орындары беретін білім мазмұны диагностикалауға, зерттеуге,
өз білімін тереңдетуге, өзін өзі тәрбиелеуге
қабілетті, басқару ғылымын меңгерген,
психологичлық- педагогикалық зерттеу құралдырынигерген
жаңа кәсіптік қасиеттері бар, ізгілікті білім бәсекеге
қабілетті тұлға тәрбиелеуге бағытталуы тиіс.
Ұлы бабаларымыз «Тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың
қас жауы» деген ғой. Тәрбие екі жақты болған
кезде ғана іс өз нәтижесін береді.
Бәсекеге қабілеттілік
- жеке адам туралы ілімнің
құрамды бір бөлігі болып табылады. «Қабілеттілік»
ұғымын ғылымға алғаш рет Платон енгізген.
Адамның қабілеттілігі А.Н.Радищевтің, В.Г.Белинскийдің,
Ш.Уәлихановтың, Ы.Алтынсариннің,
А.Құнанбаевтың еңбектерінде де әлеуметтік
тұрғыда талданған. Абай шығармаларында, әрбір
қазақ азаматының өзінің қабілет-
қарымына сай, бала бағу немесе мал бағу, білім қуу,
өнер үйрену, егін егу, сауда жасау сияқты белгілі бір
кәсіппен айналысу қажеттігі айқын көрсетілген.
Психологиялық теория
тұрғысынан адам тұлға болып тумайды, оның
тұлғалық қасиеті іс-әрекет негізінде дамытылады.
Адамның тұлғалық қасиеттері оның
шығармашылық қабілетімен яғни әлеуметтік
мүмкіндігімен анықталады. Сондықтан, адам реурсын, оның
тұлғалық сапасын, шығармашылық қабілеттіліктерінзерттеп-зерделеумен
философия мен социология, педагогика мен психология, экономика мен эстетика,
құқық пен тарих сияқты көптеген
ғылымдар айналысып келеді.
Бүінгі таңда
ғылыми-педагогикалық, психологиялық әдебиеттерде
бәсекеге қабілетті тұлғаны тәрбиелеу, оқыту
және дамытудың жаңа әдістері бекітілді. Олар: «тұлғаға
бағыттылық», «тұлғалы – орталықтандырылған
педагогика», «субьект – субьектік қатынастар» және т.б.
Ғалымдар адам табиғатының ерекшеліктерінен, оның даму
заңдылықтарынан және баланың ішкі күштерін анықтаудан
шыға отырып, бәсекеге қабілетті ұрпақты
тәрбиелеу үрдісін түсіндіруге тырысады.
Бәсекеге қабілеттілік –
белгілі бір іс – әрекетті нәтижелі орындайтындай
тұлғаның жеке дара ерекшелігі. Ол іс –әрекетті жылдам,
тұрақты, сапалы орындаудың әдіс-тәсілдерімен сипатталады.
Бәсекеге қабілеттіліктің нышандары – адам организмінің,
негізінен ортылық жүйке жүйесінің ерекшелігі. Ол
бәсекеге қабілеттілікті дамытудың алғышарттары болып
саналады. Бәсекеге тәрбиелеу туралы психологиялық –
педагогикалық зерттеулер
негізінде тұлғалық қасиеттерді қалыптастыру
үрдісін басқаруға мүмкіндік туғызады.
Қорыта келе айтарымыз,
бәсекеге қабілетті тұлға болу үшін – жоғары
технологияларды жетік меңгерген, елімізді индустриялық дамудан
ақпараттық өркендеу кезеңіне алып өтуге қабілетті,
дені-қарны ғана емес, діні мен ділі де сау, рухы биік жаңа
ұрпақ тәрбиелеуіміз керек.
Әдебиеттер:
1. Назарбаев Н.Ә. Бәсекеге
қабілетті Қазақстан үшін, бәсекеге
қабілетті халық үшін /
2. Қазақстан Республикас
Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы/ Егемен
Қазақстан,2004.20.03
3. Портер М. Бәсекелестік
проблемасы. – М.,2001.
4. Портер М. Конкурентноспособность и
школа. – М.,2000.