Шарзадин Ә.М.1, Кұрымбаев С.Ғ.2, Темиргалиев Е.М.3

 

Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті1 ,2, 3

 «Көлік және кәсіптік оқыту» кафедрасының доценті, п.ғ.к.1,

 «Көлік және кәсіптік оқыту» кафедрасының меңгерушісі, п.ғ.к.2,

«Кәсіптік оқыту» мамандығының магистрі3

 

инновациялық оқыту технологияларының мамандарды даярлаудағы қажеттілігі

 

ХХІ ғасыр жаһандық жаңалықтардың ғана емес, білімнің дәуірлеу ғасыры. Ол қазіргі кезеңде мемлекеттің тұрақты дамуы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуде, әлемдік қоғамдастықтағы орнын анықтап, халықтың өмір сүру сапасы мен деңгейін көрсетуде маңызды рөл атқарады. Жаһандану дәуірі - әлемдегі елдердің бәсекелестік жағдайында халықаралық деңгейде өзара кірігу үрдістерінің жандану дәуірі, сондықтан, білім – пайдалы инвестиция саласы ретінде еліміздің экономикалық, әлеуметтік және саяси даму тұрақтылығын қамтамасыз етеді.

Осы аталған міндеттерді шешу мақсатында оқу процесіне инновациялық тұрғыдағы пәндер енгізіліп, жағартылып отыр. Сол мазмұндағы пәндердің бірі «Инновациялық оқыту технологиялары» пәні.

«Инновациялық оқыту технологиялары» пәні бойынша оқу-әдістемелік кешен жоғары оқу орнының 5B012000 «Кәсіптік оқыту» мамандығының студенттерінің оқу жоспарына қатысты жасалған.

«Инновациялық оқыту технологиялары» пәні таңдау бойынша компоненттің базалы пәндер циклына кіреді және 5В012000 «Кәсіптік оқыту» бакалаврын даярлаудағы негізі болып табылады.

Пәннің мақсаты – педагогикалық технологиялар, сонымен қатар педагогикалық ғылымның және практиканың жетістіктерін, өткен тәжірибе элменттерінің дәстүрлерімен үйлесуін педагогикалық технологиялар проблемасы бойынша ақпаратты жүйелеу және саралау болып табылады [1]

Пәннің міндеттері мынадай [1]:

- мақсат пен міндеттерді анықтап, жақын орта және қашық перспективаларды алға қойып, іс-әрекеті  және жұмыстарды жоспарлауды уйрету;

- казіргі заманғы жалпы орта білім беретін мектептерде педагогикалық технологияның қолдануымен таныстыру;

-  педагогикалық  жағдайды талдай  білу дағдысын   қалыптастырып, ұжымда   жеке оқушының   тұлғасын  зерттеп, оның кемшіліктерін көрсетіп, оны түзетуге шаралар белгілеу білігін қалыптастыру:

- өзінің білімін арттыру жұмыстарын ұлғайтып, жалпы орта білім беретін мектептердің жұмыс тәжірибесін және  педагогика ғылымындағы жетістіктерін талдау мен үйрету арқылы оқушыларды оқыту мен тәрбиелеу ісінде шығармашылық ізденуді меңгерту.

Берілген пәнді оқу үшін келесі пәндерді (бөлімдерді (тақырыптарды) көрсетумен) меңгеру қажет: тәрбие жұмысының теориясы және әдістемесі - тәрбие процесіндегі технология; кәсіби білім берудегі педагогикалық менеджмент - тәрбиенің психологиялық-педагогикалық диагностика, тәрбиенің социомәдени ортасы, педагогикалық жүйелер; бейінді оқытуды ұйымдастыру - білім беру қызметінің маркетингі, Білім беруді басқарудағы жаңа ақпараттық технологиялар, сабақтағы оқу-тәрбие мақсаттарын жоспарлау және қол жеткізу, оқушылардың білімін, білігін және іскерлігін ескеру, тексеру және бағалау.

«Инновациялық оқыту технологиялары» пәнін оқығаннан кейін студенттер педагогикалық, диплом алды практикасында және дипломдық жұмысты орындауда арнайы даярлықты жүзеге асыруды жалғастырады. «Кәсіптік оқыту әдістемесі», «Кәсіптік оқыту жүйесіндегі педагогикалық менеджмент», «Оқушылардың бейіндік оқытуын ұйымдастыру» пәндерін өту қажет.

Аталмыш пәнді оқу барысында келесі сүрақтар реті қарастырылады: оқыту технологиясының мәні және интегралды сипатталынуы; қазіргі білім беру технологияларының негізгі сапасы және олардың жіктемесі; жүйелі және белгілік оқу материалы негізінде оқытуды интенсификациялау технологиясы (В.Ф.Шаталов); мақсатты қою технологиясы; педагогикалық өлшемдер технологиясы, педагогикалық өлшемдердің технологиясы: мәтінді кванттау; оқытудың интерактивті технологиясы; критикалық ойлау дамуының технологиясы; оқушыларды даярлаудағы оқытуды жекелендіру және дифференциялау технологиялары; жеке тұлғаға бағдарланған оқыту технологиясы; ынтымақтастық оқыту технологиясы; модульді оқыту технологиясы; кәсіби оқыту жүйесінде тренингтерді жүргізу технологиясы; ақпараттық оқыту технологиясы; оқу тақырыбының құрылымды-логикалық схемасын жасау (өңдеу) және т.б.

Аталмыш сұрақтардың барлығы болашақ педагогтардың технология тұрғысында кез-келген білім беру деңгейлерінде (ЖОО – колледж – мектеп) заман талабынай сай технологияларды оқу процесінде пайдалана білу, соны жас ұрпақтардың бойына сіңіре білу.

Бүгінгі күнгі жоғары оқу орындарының басты міндеті – бәсекеге қабілетті білікті мамандарды дайындау екендігі даусыз. Заман талабы өзгерген сайын жоғары оқу орындарына қоғам тарапынан қойылатын талап та өзгереді. Сол талаптардың маңыздыларының бірі педагогикалық үдерісінде  инновациялық іс-әрекет жүргізу қажеттілігі. Инновациялық процесс түсінігі, ол барлық динамикалық процестерді қамтып, жаңалық аймағында процесуалдық аспектілердің, барлық жаңалықтардың өзгеруіне байланысты.

Қоғамның жедел жаңаруы үшін білім саласының, әсіресе қоғам үшін болашақ мамандарды даярлайтын жоғары кәсіби білім беру жүйесі жедел жаңаруы керек. Бұл мәселеге келгенде, Қазақстанның жоғары білім жүйесі сәтті реформаны жүзеге асырып үлгерді. Бүгінгі білім саласына енгізілген үш сатылы білім беру, кредиттік жүйе, білім саласына мемлекет қана емес, жалпы қоғамның араласуы – инновациялық реформалардың бастапқы жемісі. Бүгінгі таңда әлемдік бәсекеге қабілетті кәсіби даярлығы жоғары, өз білімін ұдайы жетілдіріп отыратын, шығармашыл, ізденімпаз, инновациялық даярлығы қалыптасқан ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізе алатын маман даярлау басымдықтар биігіне көтерілді. Жаһандану жағдайында білім берудің мақсаты мен мәнінің өзгеруі «білім беру технологиясы», «педагогикалық технологиялар», «инновациялық технологиялар» деп алатын жаңа ұғымдардың пайда болуына ықпал етті.

Қазіргі инновациялық технологиялар педагогика ғылымы мен практикасының жетістіктерін, дәстүрлі тәжірибедегі құнды дүниені, әлеуметтік прогрестің жетістіктерін, қоғамдағы гуманизация мен демократия жемісін жинақтаушы қызметін атқарады. Педагогикалық жаңалық - жаңа идеялар, әдістер, технологиялар ғана емес, педагогикалық процесс элементтерінің бірлігінің немесе жеке элементтерінің білім беру мен тәрбиелеудегі белгілі міндеттерді тиімді шешу жолы. Бұл маңызды мәселе әсіресе  жоғары мектеп, оның ішінде болашақ педагогтарды даярлау үшін құнды. Аталмыш мәселе көптеген ғылыми зерттеулерге негіз болған.

Философиялық және педагогикалық әдебиеттерде инновациялық процестерді зерттеу барысында кейбір ғалымдар жаңалықтың жүйелілік, әрекеттік тұжырымдамасын ұсына отырып (Н.И.Лапин), жаңалықты енгізуді әртүрлі деңгейде (жалпы ғылымилық, жалпы әдіснамалық) талдаудың қажеттілігіне ерекше көңіл аударады.

Инновациялық білім берудің мазмұнын жетілдіру, оны инновациялау мәселелерін Ю.К.Бабанский, В.С.Библер, Ю.С.Гершунский, В.П.Кваша, В.С.Лазарев, В.Я.Ляудис, А.В.Лоренсов, В.М.Полонский, С.Д.Поляков, М.М.Поташник, А.И.Пригожин және т.б. қарастырған [2].

Қазақстанда білім беру саласындағы педагогикалық инновация мен оқытудың жаңа технологиясы мәселелерін Ш.Т.Таубаева, Н.Н.Нұрахметов, С.Н.Лактионова, Е.З.Батталханов, Қ.Қ.Қадашева, Т.О.Балықбаев,  Ж.А.Қараев, Г.К.Нұрғалиева, К.Бұзаубақова, С.Д.Мұқанова, Н.И.Хван,  З.У.Имжарова, М.М.Мұқаметқалиқызы және т.б. педагог-ғалымдар зерттеген [2].

ХХІ ғасыр – әлемдегі өзгерістерге негізделген білімнің дәуірлеу ғасыры, өйткені, ол қазіргі кезеңде мемлекеттің тұрақты дамуы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуде, әлемдік нарықтағы, әлемдік қоғамдастықтағы орнын анықтап, халықтың өмір сүру сапасы мен деңгейін анықтауда негізгі көрсеткіш болып табылады [2].

Қазіргі кезде педагогикалық инновацияның білім беру жүйесіндегі маңызды мәселелерінің бірі – жаңалықтарды топтастыру. Оқытушы, ұстаз үшін ашылған жаңа әдісті жан-жақты түсіне білу үшін, бұл жаңалықтың басқа жаңалықтардан ерекшелігін, айырмашылығын, артықшылығын көре білу қажеттілігі туындап отыр.

Қорыта айтқанда, инновациялық оқыту технологияларын әр оқытушы оқу процесінде пайдалану жолдары мен әдістерін меңгеру қажет, ол себебі заман талабы, заман сұранысы, - деп ұғынуымыз қажет.

Ал, бізідің қарастырған «Инновациялық оқыту технологиялары» пәнінің студенттердің ақпараттық құзыретттілігн қалыптастырудағы мәні не, маңызы да аса зор.

 

1 «Инновациялық оқыту технологиялары» пәні бойынша оқу-әдістемелік кешен. Қарағанды: ҚарМТУ баспасы, 2014. – 117 б.

2 Cамашова Г.Е., Құрымбаев С.Ғ., Сансызбай А.С. Инновациялық технологиялардың тұлғаны қалыптастырудағы мәні. «Қазақстан Республикасынындағы психологиялық-педагогикалық білім берудің заманауи мәселелері». Респ. Ғыл.-практ. Конф. Материалдары.- Алматы: Абай атындағы ҚазҰПУ, 2014.- Б. 52 – 55.