Самашова Г.Е.1, Абильгазин Б.И. 2, Ақылтаева С.Д.3

 

Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті1, 2, 3

«Кәсіптік оқыту» кафедрасының доценті, п.ғ.к.,1 «Кәсіптік оқыту» мамандығының магистранты2 , «Ақпараттық технологиялар»

мамандығының магистранты3

 

«Кәсіптік педагогикадағы ғылыми зерттеу негіздері» пәнінің жоғарғы оқу орнының оқу процесінде алатын орны мен маңызы

 

Қазақстан Республикасының Президенті «Қазақстан Республикасында техникалық және кәсіптік білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған Мемлекеттік Бағдарламасын» бекітті [1]. Онда осы жүйенің қазіргі жай-күйі, оны іске асырудың негізгі бағыттары мен тетіктері, оның материалдық-техникалық базасын жаңарту, жүйеде даярланатын жұмысшылар мен орта буын мамандарының бәсекеге қабілеттілік сапасын көтеру, басқару мен қаржыландыруды жетілдіру мәселелері қамтылды.

Жалпы ғылыми жұмыс, зерттеу дегеніміз – адамның еңбектену іс-әрекетінің ерекше түрі. Бұл іс-әрекет адамнан еңбекқорлық, мақсаттану, уақытша туындаған сәтсіздікті жеңе білу қабілетін, оның интеллектуалды мүмкіндіктерін барынша пайдалануды қажет етеді. Ал сол интеллектуалды мүмкіндіктердің бірі – ол студенттердің ғылыми-зерттеушілік бағытын қалыптастыру болып табылады [2].

Студенттердің зерттеу бағыты бойынша қабілеттерін дамыту мақсатына жоғарғы оқу орнының оқу процесіне белгілі пәндер қатары енгізілген, біздің жағдайда «Кәсіптік педагогикадағы ғылыми зерттеу негіздері» пәні, ол кәсіптендіру компонентінің базалық пәндер циклына кіреді. 5В012000 «Кәсіптік оқыту» мамандығы бойынша оқытылатын студенттерді даярлауда ұсынылады.

Пәннің мақсаты: берілген пәнді оқыту мақсаты кәсіптік оқыту мәселелері бойынша ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру мен жүргізуге болашақ кәсіптік оқыту педагогтарының даярлығын қалыптастыру болып табылады.

«Кәсіптік педагогикадағы ғылыми зерттеу негіздері» пәнінің негізгі міндеттері төмендегідей болып табылады, және де берілген пәнді оқу нәтижесінде студенттер міндетті [3]:

- шығармашылық әдіснамасы мен ғылыми таным негіздерін;

- ғылыми зерттеудің бағытын таңдау негіздерін;

- зерттеу нәтижелері мен мәліметтерін өңдеу негіздері;

- педагогикалық тәжірибе логикасын;

- ғылыми жұмыстарды рәсімдеу ережелері.

Берілген пәнді зерделеу нәтижесінде студенттер келесілерді білуге міндетті [3]:

- ғылыми мәселелердің негізін;

- педагогикалық зерттеудің әдіснамалық мәселелері мен ғылыми әдісте-менің негізгі ережелерін;

- теория мен тәжірибенің бірлік диалектикасын;

- зерттеулердің логикалық құрылымын;

- ғылыми-педагогикалық зерттеулердің ұйымдастырылуын және техни-касын;

- зерттелетін сұрақтың жағдайын талдау әдістемесін, тәжірибе және ғылыми айғақтардың қалыптастыруын және жинақтауын;

- педагогикалық тәжірибені жүргізу және ұйымдастыру әдістемесін;

- ғылыми еңбектерді рәсімдеу ережелерін және эксперименталды мәліметтердің математикалық санақтық өңдеу әдістерін.

Берілген пәнді зерделеу нәтижесінде студенттер келесі әрекеттерді дағдылануға міндетті [3]:

- педагогикалық құблыстарды бақылап талдауға;

- әлеуметтік зерттеулердің негізін қолдануға;

- педагогикалық тәжірибені үйренуге және жалпылауға;

- педагогикалық зерттеулерді ұйымдастыруға және өткізуге;

- зерттеулердің мәліметтерін өңдеу барысында математикалық әдістерді қолдануға;

- зерттеулердің нәтижесін өңдеуге, алынған мәліметтерді баяндама, мақала, курстық немесе дипломдық жұмыс түрінде жалпылауға және рәсімдеуге.

Кез келген пән ғылыми тұрғыда пәнаралық байланыс арқылы жүзеге асады, олар: жалпы педагогика, жалпы психология, этнопедагогика, кәсіптік оқыту әдістемесі және т.б.

Пәнді оқу барысында келесі тақырыптар қарастырылады: пән мазмұны, пәннің мақсаты мен міндеттері, ғылым және ғылыми шығармашылық туралы ҚР Конституциясы, кәсіптік педагогика бойынша ғылыми-педагогиклық зерттеулерді ұйымдастыру, ғылым танымның жоғарғы түрі, ғылыми мәселелер, кәсіптік педагогикадағы зерттеу әдістері, ғылыми зерттеу әдістерінің жіктелуі, кәсіптік педагогикадағы жеке мәселені зерттеу барсында қолданылатын әдістер, ғылыми зерттеулердің нәтижелерін өңдеу және біріктіру әдістері, педагогикалық зерттеулердің нәтижелерін рәсімдеу және жариялау.

Жоғарыда келтірілген барлық сұрақтар студенттердің ғылымға деген қызығушылықтар оятуға, ғылыми мақаланы жазудың технологиясын меңгеруге, эксперименттің ұйымдастырылу және жүзеге асырылу жолдарын меңгеруге, ғылыми аппараттың құрылымы мен мазмұнын құрастыруға және жасауға үйренеді және де т.с.с. қалыптастыруға бағытталған.

Ғылыми еңбектің мақсаты адамзатқа осы уақытқа дейін беймәлім ақиқатты ашу, табиғат жұмбақтарына тереңірек үңілу, адамзат игілігіне пайдаланатын табиғи күштерді қолданудың жаңа жолдарын, адамды, оның ішкі, яғни дене күштерін және рухани қайратын зерттеу. Ғылым аясында еңбек ету әрқашанда құрметті және мәртебелі болып саналған.

Зерттеу – жаңа ғылыми білімді жасау, әлем танымын кеңейті процесі, адам іс-әрекетінің бір түрі. Ғылыми нәтижелер объективтілігі және сенімділігі зерттеу процестерінің және құбылыстарының мәнін түсінуге байланысты. Ғылыми зерттеудің әдіснамалық платформасы – таным теориясы. Ғылыми танымның жалпы әдісі бағыттаушы функциясын атқарады [2].

Зерттеудің дидактикалық және әдістемелік сұрақтары аясында оқыту мазмұны, оқу-бағдарламалық құжаттама, пәнаралық байланыстар, оқытудың жаңа әдістері мен формалары және т.б. сұрақтар үнемі ортада тұруы қажет. Кез-келген педагогикалық зерттеудің соңғы мақсаты – қарастырып отырған процестегі үнемділік реттікті анықтау, яғни оған шек қою.

Қорыта айтқанда, пән мазмұнын талдау барысында келесі анықталды, яғни аталмыш пән студенттердің зерттеушілік құзыреттілігін қалыпастыруда негізгі орын алады, сонымен қатар студенттерге ғылыми мақаланы жазу алгоритмін, ғылыми аппаратты жазу технологиясын меңгертеді. Осының барлығы пәннің қажеттілігін дәлелдеп, оны одан әрі нақтылай түседі, себебі заман талабына сай ғылымның алар орны да, мәні де күннен-күнге қажетті болып отырғанының айғағы.

 

1.     Қазақстан Республикасындағы білім беруді дамытудың 2011-2020 жж. арналған мемлекеттік бағдарламасы.

2.     Шкутина Л.А., Плотников В.М., Егоров В.В. Основы исследовательской работы в профессиональной педагогике. - Алматы: Гылым, 2000.

3.     Самашова Г.Е. Ғылыми зерттеу сұрақтарының ақпараттық қоғам жағдайында алатын орны. Университет еңбектері. Республикалық журнал. Карағанды: ҚарМТУ баспасы, 2014. – Б. 13 -17.