Заркенова Ж.Т., Скакова Б.Б.
Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды
мемлекеттік университеті, Қазақстан, Қарағанды
қаласы
ТІРЕК-ҚИМЫЛ АППАРАТЫ ЗАҚЫМДАНҒАН БАСТАУЫШ СЫНЫП
ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ТАНЫМДЫҚ ҚАБІЛЕТІНІҢ ДАМУЫ
Қоғамдағы
қазіргі кезде қайта құрулар, экономиканы
дамытудағы жаңа стратегиялық бағдарлар, оның
жедел ақпараттануы мен қарқынды дамуы білім беруге
қойылатын талаптарды түбегейлі өзгертуде. Әлемнің
жетекші елдерінің көпшілігі оларды білім беру жүйесі мен мақсатын, мазмұны мен технологияларын
оның нәтижесіне қарап бағалайтын болды. Білім
берудің қазіргі кездегі негізгі мақсаты білім алып, білік пен
жетістікке қол жеткізу ғана емес, олардың негізінде дербес,
әлеуметтік және кәсіби бағдарлы – ақпаратты
өзі іздеп табу, талдау және ұтымды пайдалану. Бұл
міндеттерді шешу үшін білім беру орындары, мұғалімдер мен
оқытушылар күнделікті ізденіс арқылы барлық
жаңалықтар мен өзгерістерге батыл жол ашарлық
қарым-қатынас жасау үстінде.
Мүмкіндігі
шектеулі балаларға қатысты мемлекетіміздің алдында
тұрған негізгі мәселелердің бірі оларды
қоғамдық өмірге дайындау, әлеуметтік бейімдеу,
жан-жақты дамуларына көмек көрсету, әлеуметтік өмір шеңберде тең
құқылы тіршілік ете алуларына жағдай жасау.
2002 жылдың 11 шілдесінде
қабылданған Қазақстан Республикасындағы «Мүмкіндігі шектеулі балаларға әлеуметтік
және медициналық-психологиялық-педагогикалық
қолдау көрсету туралы» Заңына
сәйкес даму және денсаулық мүмкіндіктері шектеулі
балалар білім алуға және шығармашылық,
дүниетанымдық мәдениеттерін дамытуға тең құқылы
[1]. Осы заң аясында жарымжан балаларға
ерте бастан білім беру мәселесіне мән берілген. Оларды білім беру,
әлеуметтік, медициналық тұрғыда қамтамасыз ету
қарастырылған. Қазіргі таңда мүмкіндіктері шектелген балалар саны
артуда. Тірек-қимыл аппарты зақымданған балалар тобына
көбінесе церебральды сал ауруына
шалдыққан балалар жатады. Церебральды сал ауруына
шалдыққан ақыл ойы кем бастауыш мектеп оқушыларында
байқалынатын кемшіліктері олардың қимыл
қозғалысының дамуын, сөйлеу тілінің дамуын,
сөздік қорлараның кеңейюін ойлау
қабілеттерінің, танымдық қабілеттерін дамуын,
еңбекке деген икемділіктерін шектетіп оқуға деген
қабілеттерін, үлегерімін төмендетеді.
Оқу іс
әрекетінің ерекше түрі ретінде оқушылардың
ақыл-ой, эстетикалық, адамгершілік қасиеттерінің,
тілінің дамуына үлкен ықпал етеді. Осының
нәтижесінде оқу дағдыларын дамыту және жетілдіру
бойынша жүйелі де мақсатты бағытталған жұмыс
қажет екендігі шығарылады.
Адаммен қоршаған
ортаны бейнелеуін көрсететін барлық танымдық
процестердің арасында ең жоғарғы және ең
күрделі болып ойлау табылады. Егер қабылдау процесінде адам дара
және нақты заттарды таныса, олар тікелей оның сезім
мүшелеріне әсер етеді, сонда ойлаудың арқасында ол
тікелей қабылдай алмаған заттың ерекшеліктері мен белгілері
сияқты айырмашылықтарды таниды.
Ойлаудың ерекшелігі болып
әр заттың бөлшектері, жақтары, белгілері
арасындағы және болмыстың түрлі заттары мен
құбылыстары арасындағы болмыстың заттары мен
құбылыстарының олардың мәнді белгілерінде,
заңды байланыстар мен қатынастарындағы бейнеленуі саналады.
Заттардың арасындағы байланыстарды аша отырып адам заттардың
түпкіріне көз тастай отырып олардың әртүрлі
себептердің әсерінен өзгерісін алдын ала көре алады.
Ойлау-адамның заттар мен
ақиқаттық құбылыстардың, олардың
мәнді белгілерінде бейнелейтін және өздерінің ішіндегі,
өз арасындағы алуан түрлі байланыстарды ашып көрсететін
психикалық процес. Ойлау қызметінің арқасында адам
қателіктен қателікке бой алдырмауы қажет. Олар
жарыққа шыққан заңдарды қолданады.
Өздеріне таныс тәуелділікті қолданады және одан кейін
өз тәжірбиесімен олардың дұрыстығын
дәлелдейді немесе оларды қателік түрінде серпіп тастайды.
Ойлау-бұл әлеуметтік
қамтылған тіл мен үздіксіз байланыстағы жаңалықты іздестірумен
ашудың психикалық процесі. Болмыстың талдау мен синтездеу
барысында жалпы бейнелеу процесі. Ойлау тәжірбиелік іс-әрекет,
сезіну арқылы тану негізінде пайда болады.
Тірек-қимыл аппараты
бұзылған балаларға оқу үрдісін қабылдау
және танымдық қабілеттерінің қалыптасу
қиындығы тән құбылыс. Танымдық белсенділікті
психологиялық -педагогикалық құбылыс ретінде
анықтау, бұл даму мүмкіндігі шектеулі балалардың
тұлғалық сапасының ерекшелігіне талдау жасауға,
тәрбиелеу мен оқыту үрдісін қалыптастыру
жағдайлары мен құралдарын қарастыруға
мүмкіндік береді. Себебі меңгерілген білімнің сапасы мен
беріктігіне тек балаларды оқыту, дамыту және
тәрбиелеудің нәтижесі емес, сонымен қатар
балалардың өзіндік танымдық іс -әрекетіне
қатынасының қатысуымен тәуелді болып келеді.
Танымдық белсенділік баланың психологиялық-денелік дамуының
алғы шарты мен нәтижесі болып табылады. Осыған байланысты
балалардың жоғары психикалық үрдісін қабылдау,
зейін, ойлау ерекшеліктері анықтайды. Барлық психикалық
танымдық үрдістердің ішінен ойлау жетекші үрдіс болып
табылады. Демек оқыту үрдісінде ынталандыру- бұл ең
алдымен бала ойлауын дамыту болып табылады. Танымдық қабілетті
дамыту ойлау қызметін жетілдірумен тығыз байланысты. Баланың
ойлау қабілетін дамыту мәселесі мектеп тәжірибесінде үлкен
орын алады. Оқушы қабілетіне қарай ең басты
мәселені айыра білсе, демек ол мәнді тапсырмаларды орындай алады [2].
Балалардың
церебральды сал болуы – бұл жатыр ішінде, туылу кезінде және туылудан соң мидың
зақымдалу салдарынан пайда болатын патологиялық синдромдар
тобы, ол қозғалыс, тілдік және психикалық бұзылыс формасында көрінеді.
Балалардың церебральды сал болудың пайда болуы себебінің
бірінші тобына жүктілік кезіндегі ананың
инфекциялық аурулармен, жүрек-қантамыр және эндокринді
бұзылыстармен, жүктілік таксикозы, ана мен ұрық қанының иммуналогиялық
сәйкессіздігі, жүктілік кезінде психикалық және физикалық
жарақаттардың, асфиксияның, жатыр ішілік
жарақаттардың болуы жатады.
Себептердің екінші тобына менингит, энцефалит, менингоэнцефалиттерді
жатқызуға болады.
Зиянды факторлардың жатыр ішіндегі даму кезіндегі, туу және
туғаннан кейінгі кездегі миға әсері, ми қабаты мен ананың
затында түрлі өзгерістерге әкеледі, ол өз кезегінде
қалыпты дамудың бұзылыстарын себептейді.
Балалардың церебральды сал болуының клиникасында жетекші болып қимыл
қозғалыстары табылады, олар белгілі бір бұлшықет
тобының орталық сал болуымен,
координацияның бұзылысы және гиперкинезиямен сипатталады.
Қозғалыстың бұзылуы жиі тілдік және
психикалық бұзылыстармен қатар жүреді.
Қозғалыс бұзылысының синдромы.
Балалардың
церебральды сал болуы кезіндегі қозғалыс бұзылыстарын шектен
тыс бұлшықет тонусы мен патологиялық тоникалық
рефлекстердің бірлігі шарттайды, олар жасерекшелік қозғалыс
дағдыларының қалыпты дамуына кедергі жасайды. Тоникалык
рефлекстер 2-3 айлық балалар үшін қалыпты рефлекс болып
табылады. Дегенмен балалардың церебральды сал болуы кезінде олардың кepi дамуы тежеледі және баланың
қозғалыстық дамуы едәуір қиындықтарға
ұшырайды.
Церебральды
салдығы бар баладағы тоникалық лабиринтті рефлекстің
(ЛТР) көрінуінде шалқасынан жатқан кезде
бұлшықеттің тонусы жоғарылайды. Мұндай бала басын
көтере алмайды немесе оны күшпен жасайды, қолын созып
заттарды ала алмайды, отыра және арқасынан екбетінен көше
алмайды. Егер екбетінен жатса, басын көтере алмайды, қолын созып
оған сүйене алмайды, төрт аяқты вертикальды
қалыпты меңгере алуы мүмкін болмайды.
Церебральды
сал балада симметриялы мойынның тоникалық рефлексі (СМТР)
көрінуінде оның бұлшықетті тонусы мойнын бүгу мен
жазуға тәуелді болып табылады. Мойынды жазу, қолды жазу тонусын
күшейтеді. Осыған байланысты бала тепе-теңдігін
жоғалтып, артқа қарай қауіптігі бар. Мойынды бүгу
бұлшықеттің бүгу тонусын жоғарлатады және
бала алдыңғы жаққа қарай құлауы
мүмкін. Церебральды сал балалар басын ортаңғы деңгейде
ұстауға тырысады, әйтпесе отыру кезінде, тұру
және жүру барысында тепе-теңдік бұзылады [3].
Ассиметриялық
мойын – тоникалық рефлексі (АМТР) басты бұру кезінде бас қай
жаққа бұрылатын болса, сол жақтағы қолдын
жазу бұлшық етерінің тонусының жоғарлауымен бейнеленеді.
Бас көбіне бір жаққа бұрылып тұруына сәйкес
спастикалық қисық мойындылық дамиды. АМТР
тоникалық лабиринтті рефлекспен қосылса, ол жанына бұруды
және екбетінен жатуды қиындатады.
Тоникалық
рефлекстердің көрінуі мидың зақымдану ауырлығына
тәуелді. Егер зақымдану ауыр деңгейде болса, олар тез
және оңай анықталады. Зақымдану жеңіл түрде
болса, бала рефлексті тежеуге үйренеді. Тоникалық рефлекстер
артикулциялық аппаратың бұлшық ет тонусына әсер
етеді. ЛТР тіл ұшының бұлшық етінің тонусын
жоғарлатады, нәтижесінде дыбыстық реакциялардың
қалыптасуы қиындыққа ұшырайды.
Ассимитриялық тоникалық рефлекс кезінде бұлшық ет
тонусы артикуляциялық мускулатурада ассимитриялық түрде
жоғарылайды, баланың басын басын бұрған жағына
қарама-қарсы жақта көбірек болады. Бұл
жағдайда дыбыстарды айту жағдайы туындайды. СМТР тыныс алуды,
ерікті ауыз ашуды, тілді алдыға жылжытуды қиындатады. Бұл
рефлекс тілдің арқасындағы бұлшық ет тонусын
жоғарылатады. Осы кезде тілдің ұшы нақты емес
және қайық тәріздес формада болады.
Артикуляциялық аппраттың мұндай бұзылыстары
дыбыстық белсенділік пен тілдің дыбыстарды айту жағын
қалыптастыруды қиындатады. Мұндай балалардың дауысы
жай, нашар модульданған мұрын арқылы болады [4].
Балалардың церебральды сал
болуын қиындығы мен таралуына қарай келесі түрлерге жіктейді: спастикалык диплегия, спастикальщ
гемиплегия, қосарлы гемиплегия,
параплегия, монаплегия, астоникалы - астатикалық синдром, гиперкинетикалық форма.
Спастикалық
диплегия (Литтл синдромы).
Жиі
кездесетін балалардың церебральды сал болуының түрі, ол
аяқ-қолдардың қозғалысының
бұзылыстарымен сипатталады, сонымен қатар қолға
қарағанда аяқ көп азап шегеді. Қолдың
патологиялық процеске қатысу деңгейі
әртүрлі болып келеді - парездерден бастап жеңіл икемсіздікке
дейін, ол баланың ұсақ моторикасының
дамуында көрінic табады. Аяқтың бұлшықет
тонусы кенеттен жоғарылайды; бала жартылай иілген күйде тұрады,
жүру кезінде аяқтары айқасады, үлкен буындарда
контрактура дамиды, табанның клонусы байқалады,
патологиялық рефлекстер туындайды.
Қимыл-қозғалыс
жасау үшін ми қыртысынан келетін
импульс бұлшық етке кедергісіз жетуі керек. Ал спастикалық
диплегия жағдайында ми қыртысының
қимыл-қозғалыс аймағының зақымдануы немесе
пирамидалық жолдың зақымдануы
импульстың аяқ-қолға жетуіне кедергі жасайды.
Сөйтіп, олар сал болып қалады.
Сал аурулары, диплегия, плегия -
бұл бұлшық еттегі қимыл-қозғалыстың
жоқтығы, рефлекстер жолының зақымдануы. Ал
қозғалыс функциясының
жартылай бұзылуы - парез деп аталады. Спастикалық
диплегияда орталық
қозғалыс нейрондары зақымданады және органикалық парез
немесе сал ауруы дами бастайды.
Спастикалық диплегияда аяқ-қол
қозғалысының
бұзылуымен сипатталады, әрі аяқтар қолдан да
гөрі ауыр зардап шегеді. Қол қимылының зақымдануы
әртүрлі деңгейде болуы мүмкін – қимыл
–қозғалыс көлемінің шектелуінен мен жеңіл
моторикалық епсіздіктерге дейін. Мысалы, жазу, мозайка
құрастыру, қол еңбегімен айналысуда
қиындықтар пайда болады. Көп жағдайларда
қолдың зақымдануы онша байқалмайды да,
спастикалық диплегияда негізінен аяқтардың
қозғалыс функциясының бұзылуы бірінші орынға
шығады.
Аяқтың немесе
қолдың жұптасып зақымдануын диплегия, кейде параплегия деп атайды. Бірақ кейбір ғылыми
әдебиеттерде спастикалық
диплегия тетраплегия (немесе тетрапарез), яғни барлық 4
аяқ-қолдың зақымдануы деп аталады. Бұл екі термин
де дұрыс болып саналады, әрі олар бір-бірін толықтырады [5].
Спастикалық
диплегияның негізгі белгісі аяқтардағы бұлшық ет
тонусының жоғарлығы
мен қимыл-қозғалыс көлемінің шектелуі болып табылады.
Балалардың психикасы
өзгермейді, олардың көпшілігі жалпы мектептерде оқи
алады. Сирек жағдайларда интеллект
кемшілігі кездеседі, бірақ дер кезінде жүргізілген
коррекциялық жұмыстар ПДТ–н
жоюға көмектеседі.
Пайдаланылған
әдебиеттер:
1. Кемтар балаларды
әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу
арқылы қолдау туралы Қазақстан Республикасының
Заңы. 2002ж. 11 шілде № 343-ІІ
тарау.
2. Ипполитова М.В.,
Бабенкова Р.Д., Мастюкова Е.М.Воспитание детей с церебральными параличами в
семье. – М.: Просвещение, 1993. - 200 б.
3. Исаев Д.Н. Психическое
недоразвитие у детей. - Ленинград: Медицина, 2003. – 120 б.
4. Казаков В.Г.,
Кондратьева В.Л. Психология. - Москва: Высшая школа, 1989. - 103 б.
5. Коррекционная
педагогика: Основы обучения и воспитания
детей с отклонениями в развитии/ Под ред. Пузанова Б.П. - М.:Наука,
Академия, 1999.-140 б.