МҰҒАЛІМНІҢ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ДАЯРЛЫҒЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ

п.ғ.к., доцент Б.У. Курбаналиев, магистр Г.А. Дуйсенбиева

 

«Қазақстан-2030» стратегиясында «Біздің басты игіліктеріміздің ішінде халқымыздың немесе былайша айтқанда адам ресурстарының сапасы тұр. Біздің ғылыми және шығармашылық әлеуетінің деңгейі жоғары, білім өрісі биік халқымыз бар. Біз қолымыздағы осындай баға жетпес капиталды жан-жақты дамытуға және оның дамуы үшін барған сайын жаңа әрі неғұрлым өркениетті жағдай туғызуға тиіспіз» делінгендей, мемлекетіміздің экономикалық және әлеуметтік жетістіктері, ең алдымен, олардың білім жүйесімен, азаматтарының білімділігімен анықталады.

Жаһандану дәуірі - әлемдегі елдердің бәсекелестік жағдайында халықаралық деңгейде өзара кірігу үрдістерінің жандану дәуірі де болғандықтан, білім - пайдалы инвестиция саласы ретінде еліміздің экономикалық, әлеуметтік және саяси даму тұрақтылығын қамтамасыз етеді. Өз кезегінде маман кадрлардың бәсекеге қабілеттілігі әлеуметтік-экономикалық,, техникалық жүйелердің және технологиялардың бәсекеге қабілеттілігімен анықталады.

Білімді тұрақты дамыту стратегиясын басшылыққа алған экономикасы жоғары дамыған елдер, әсіресе Жапония, Қытай, Корея, Малазия, Сингапур сияқты Азия елдері жаһандану үрдісін, акдараттық-коммуникациялық революцияны, инновациялық технологиялардың ендірілуін басқа елдермен белсенді және тиімді экономикалық қарым-қатынас орната отырып жедел даму мүмкіндігі есебінде пайдаланса, екінші жағынан, өздерінің ұлттық, рухани және экономикалық тәуелсіздігін, қауіпсіздігін сақтаудың, ұлттық өркеңдеудің бірден-бір кепілі ретінде отандық білім саласын реформалауға аса үлкен мән беріп, оны мемлекеттің басым саясатына айналдырып отыр.

Оқу-тәрбие процесін интенсификациялау-оқуды күшейту және арттыру, еңбек өнімділігін арттыру-оқу процесіне қатысушылардың белсенділігін, даярлығын, сапалығын талаптарға лайықтау, оқу процесіне керекті құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету, арнайы жабдықталған оқу кабинеттерін оқытуға қажетті компьютерлермен, оқытудың жаңа техникалық құралдармен қамтамасыз ету, әрине ретімен, орынды, жоспарлы пайдалану арқылы интенсификациялау оңтайлы оқыту іске асырылады. Педагогикалық процесс оқыту мен тәрбие жұмыстарының бірлігі. Қоғамның әлеуметтік-экономикалық жаңаруы білім берудің концелтуалдық базасын негіздеуге және айқындауға ерекше мәнділік сипат берді. Педагогикалық білім беру тұжырымдамасы Қазақстан Республикасында терең қызығушылық тудырды, оның авторлары Т.С.Садықов, Н.Д.Хмель, Қ.Қ.Жампейсова, С.И.Қалиев, А.А.Бейсенбаева, Н.Н.Хан, С.А.Ұзақбаева, А.Н.Ильясова.

Табысты оқыту үшін оның мәні мен маңызын білумен бірге терең заңдылықтарын білу маңызды екендігі мәлім, сонда оқу процесін интенсификациялау маңыздылығы байқалады. Оқытудың заңдылықтары:

• тұлғаны жан-жақты және үйлесімді дамыту міндетін шешу үшін оның бағытты оқытылуы;

• оқу процесін интенсификациялау үшін оқу процесіне қатысушылардың белсенді-танымдық сипатта болуы;

• қажеттілік-себептік, қызығушылық, мақсаттық оқу-танымдық белсенділіктерінің оқушыларға білім мен тәрбие берудегі бірлігі арқылы оқу процесін интенсификациялау;

оқушыларға талап қою мен құрметтей білу, оқу процесінде жеке артықшылықтарын
бағалау, нығайту арқылы оқуға ынталандыру бойынша оқу процесін интенсификациялау;

• білім алуларындағы қол жеткізген табыстарынан қуаныштарын қамтамасыз ету, ынталандыруды әділетті жүргізу арқылы оқуға ынтасын арттыру;

• оқыту процесінде оқушылардың шығармашылық белгілерін, қабілеттерін ашып, дамытып, оң ізгі қасиеттерін дамытып, сапалы өзгерістерін жетілдіру;

• оқу процесінде оқушылардың жеке және жас ерекшеліктерін есепке алып, оқу процесін интенсификациялау:

• оқу процесінде оқушылардың белсенділіктерін арттырып, сыныпта, ұжымда оқу процесіне ықпалын ұлғайтып, саналы және сапалы оқуға мән беру арқылы оқу процесін интенсификациялау;

• мектеп, отбасы және қоғамдық ұйымдардың педагогикалық келісімділігін, бірлігін пайдалану арқылы оқу процесін жақсарту;

• мектеп, ата-аналар және оқушылардың бірлескен, ынтымақтасқан қозғаушы күшін тиянақты дамыту, оқу процесін жетілдіруге бағыттау.

Оқытудың мазмұнын, ұйымдастыру түрлерін, әдістерін, оқытудың мақсаты мен заңдылықтарына сай дидактикалық принциптерге жетілдіру жасау нәтижесінде оқу процесін интенсификациялау мақсатты.

Оқыту процесінің принциптері деп оқытуға қойылатын талаптардың бастапқы белгі жүйесін-принциптерді әрбір тақырыпқа-өтілетін сабаққа сай жетілдіру мүмкіндіктерін пайдалану қажет. Оқушылардың да мүмкіндіктері мол, ол саналы және сапалы белсенді және ынталы болуларына, ертеңгі мақсатына ұмтылыстарына қатысты. Келесі мол мүмкіндік әрине мұғалімнің өзінде, теориялық оқу материалдарын терең игеруінде, оқу материалдарын оқу-әдістемелік тұрғыдан өзінің нақты игеруінде,шәкірттерге жеткізе білуінде, үшіншіден әрбір сабаққа мұқият дайындалуы, шығармашылық еңбегі, ізденісті зерделеуі, үздік, озық тәжірибелер, оқытудың жаңа инновациялық технологияларын пайдаланып, әрбір сабақты жете жоспарлап үлкен ықыласпен өткізуте дайындығы, өткізуі. Оқу процесіне қажетті оқу материалдарына керекті құрал-жабдықтарды толық пайдалану, оқу-әдістемелік құралдарды ұсыныстарды жүзеге асыру, мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стаңдарты, ұлттық бірыңғай тест, типтік бағдарлама талаптарын мұқият мүлтіксіз орындауды басшылыққа алу, үздіксіз ізденісте болу әрекеттерін жетілдіру, оқушыларға саналы тәрбие, сапалы білім беруге қажетті шарттарды орындау. Мұғалімнің инновациялық даярлығы педагог тұлғасының мотивациялық, когнитивтік, процессуалдық компоненттерін қамтиды. Мұғалімнің инновациялық даярлығы кез келген педагогикалық іс-әрекетті жаңашылдық тұрғысынан нәтижелі шешуді көздейді.

Мұғалімнің инновациялық даярлығын қалыптастыру барысында жүргізілген педагогикалық іс-тәжірибелік жұмыстарда біз педагогика ғылымында бұған дейін белгілі инновациялық әдіснамалық тұжырымдарды басшылыққа алдық.

Мұғалімнің инновациялық даярлығын қальптастыру бағытындағы ғылыми-зерттеу жұмысымызда біз мұғалімнің инновациялық білім денгейін қарастырдық:

• мұғалімнің инновациялық педагогикалық технологиялар жайлы білімі;

• психология, педагогика ғылымдарындағы инновациялық тұжырымдар жайлы білімі;

• мұғалімнің өз іс-әрекетіне педагогикалық талдау, сараптама жасай алуы,

• педагогикалық рефлексия;

• мұғалімнің өз білімін өзі жетілдіруге талпынысы.

2000-2007 жылдары мұғалімнің инновациялық даярлығын қалыптастыру бағытында тәжірибелік-эксперименттік жұмыстары жүргізілді. Тәжірибелік-эксперименттік жұмыстардың мақсаты - мұғалімнің инновациялық даярлығын қатыптастыру әдістемесін сынақтан өткізу.

Тәжірибелік-эксперименттік жұмыстардың міндеттері:

• мұғалімнің инновациялық даярлығын қалыптастыру денгейлерін анықтау;

• мұғалімнің инновациялық даярлығын арттырудың педагогикалық алғышарттарын анықтау;

• мұғалімнің инновациялық даярлығын қалыптастыруда әдістемелік және әдіснамалық рефлексияның маңызын анықтау;

• мұғалімнің инновациялық педагогикалық технологияларды менгеруге инновациялық даярлығын қалыптастыру бағытындағы тәжірибелік-эксперименттік жұмыстарды ұйымдастыру.

Қорыта айтқанда мұғалім өскелең жас ұрпаққа терең білім беру үшін, В.Леви көрсеткен барлық рөлдерді сомдай алса, ғана қолданған барлық инновациялық технологиялары тиімді болмақ. Яғни, қолданылатыл технологияның тиімділігі, пайдаланған мұғалімнің шеберлігіне байланысты

Қолданылған әдебиеттер:

1.Қазақстан -2030. -Алматы: Юрист. -2001. -104 б.

2.Әбдіманапов С. Білімді ел - бәсекеге қабілетті ел / Егемен Қазақстан, 5 қараша, 2005.

3. Қудайқұлов М. Мектептегі базистік oқу жоспары үлгісі. Қазақстан  мектебі. 1996.