ӘӨЖ 373.1.02 Ж 87

 

БАЛАНЫҢ ОҚУ ІС - ӘРЕКЕТІНДЕ ТАНЫМДЫҚ ЛОГИКАСЫНА ДАМЫТА ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫ АРҚЫЛЫ ЕҢГІЗУ

п.ғ.к., доцент Б.У. Курбаналиев, магистр Г.А. Дуйсенбиева

 

Болашақтың бүгінгіден де нұрлы болуына ықпал етіп адамзат қоғамын алға апаратын күш тек білімде ғана. Қай елдің болмасын өсіп-өркеңдеуі өркениетті дүниеде өзіндік орын алуы оның ұлттық білім жүйесінің деңгейіне даму бағытына байланысты.

Қазіргі білім беру саласындағы оқытудың озық технологияларын меңгермейінше сауатты, жан-жаққты маман болу мүмкін емес. Жаңа технологияны менгеру мұғалімнің интелектуалдық, кәсіптік, адамгершілік, рухани, азаматтық және де басқа көптеген адами қабілетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзін-өзін дамытып, оқу - тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі.

Мектепте оқытуды ұйымдастыратын бірден бір нұсқа - сабақ болса, сабақтың нәтижелі болуына ықпал ететін нұсқа - сол сабақты өткізудің әр түрлі әдіс - тәсілдері, яғни жаңашыл сабақ.

Қазіргі кезде шығармашылықпен жұмыс істейтін мұғалімдердін тынымсыз ізденуінің нәтижесінде оқу-тәрбие жұмысының тиімділігін арттырудың жаңа технологиялары өмірге келді.

Қазіргі кезде білім беру үрдісінде 50-ден астам жаңа технологиялар қолданады екен. Соның шінде дамыта оқыту технологиясы - күрделі құрылымды біртұтас педагогикалық жүйе. Оның нәтижесінде әр оқушыны өзін-өзі өзгертуші субьект дәрежесіне көтерілуі көзделіп оқыту барысында оған лайық жағдай жасалады.

Дамыта оқыту идеясын алғашқылардың бірі болып 1959-1960 жылы қолға алған академик Л.В. Занковтың басшылығымен жасалған бастауышта оқытудың жаңа жүйесін мұғалімдер қауымы үлкен ықыласпен қабылдағанымен белгілі себептерге байланысты өрістеп кете алмады. Тек 1990 жылдан бастап Ресей мектептерінде қайта қолданыла бастады. Қазір бұл жүйе дәстүрлі оқытумен қатар пайдаланылып келеді.

XX ғасырда бұл теорияның негізін салған орыс ғалымдары: А.С.Выготский, Д.Б.Эльконин, Л.В.Занков, В.В.Давыдов т.б.

Дамыта оқыту технологиясы. (А.С.Выготский, Д.Б.Эльконин, Л.В.Занков, В.В.Давыдов т.б.)

Бала бойына еркіндік, мақсаткерлік, ар-намыс, мақтаныш сезім, дербестік, адамгершілік, еңбексүйгіштік, белсенділік т.б. қасиеттерді дамыту. Дамыта оқытудың басты мақсаты: баланы оқыта отырып, жалпы дамыту.

Л.В.Занковтың дамыта оқыту жүйесі:

Жеке адамның жоғары дәрежеде дамуы, жан-жақты гармониялық даму үшін негіз жасау.

Д.Б. Эльконин - В.В. Давыдовтың дамыта оқыту технологиясы:

Теориялық ой мен сана қалыптастыру; балаларда білім, білік, дағдыны қалыптастырып қоймай, ой әрекетінің әдістерін де қалыптастыру; балалардың оқу әрекетіне ғылыми таным логикасын еңгізу.

Дамыта оқытудың дәстүрлі оқытудан айырмашылығы: көздеген мақсатында, мәнінде, мазмұнында дамытушылардың негізгі факторында. Мұғалімнің ролі мен атқаратын қызметінде, әдіс-тәсілінде.

Дамыта оқыту технологиясы: балаға өз бетінше ойланып қорытынды жасай білуге, сыртқы ортамен қарым-қатынас жасауға үйренуге машықтандырады, теориялық мәселелерді, практикада қолдана білуге баулыйды, шығармашылық ізденіс әдістерін игеруге көмектеседі.

Неміс педагогы А.Дистервег өзінің әйгілі «Неміс мұғалімдерінің білім беру ісіне басшылық» еңбегінде: «Жаман мұғалім ақиқатты өзі айтып береді, ат жақсы мұғалім оқушының өзін ізденуге жетелейді, ойлауға үйретеді» деген. Міне, осындай оқытудың жаңа технологияларының біріне - сабақты өткізуді «дамыта оқыту» технологиясы бойынша ұйымдастыру жатады.

«Даму» ұғымының психологиялық анықтамасы- жаңару процесі, жаңаның өмірге келіп, ескінін жоғалуы деген мағынаны білдіреді.

Дамыта оқытуды ұйымдастыру балаға ақыл-ой әрекетін менгеруте жағдай жасау деп қарастыру керек. Дамыта оқыту сабақтағы ерекше ахуал, мұғалім мен оқушы арасындағы ерекше қарым-қатынас. Мұғалім бұл жағдайда дайын білімді түсіндіріп қоюшы, бақылаушы, бағалаушы емес, танымдық іс-әрекетті ұйымдастыратын ұжымдық істердің ұйтқысы.

Дәстүрлі оқытуда мұғалім еңбегінің «жатықтығы» мұғалімнің қойған сұрақтарына оқушының тез, дұрыс жауап берулерімен, тапсырмаларды бұлжытпай орындауымен, тыныш отырып тәртіп сақтауларымен өлшенеді. Ал баланың екінші жан дүниесінде не болып жатқандығы, оның ойы, сезімдері мұғалімді ойландыра бермейді.

Л.В.Занков жүйесіндегі сабақтардың нәтижелілігінің басты көрсеткіштері: ойлай, пайымдай, нақтылай, жүйелей, дәлелдей білу болып табылады. Егер балалар осы айтылған ой операцияларын орындай алса, мұғалімнің нәтижелі еңбектеңгені саналады.

Дамыта оқытудың Д. Эльконин, В. Давыдов жасаған жүйесінің көздеген мақсатына жету тек баланың өзінің белсенділігіне байланысты. Осыған орай, бұл жүйенің әдіс-тәсілдері де оқушының оқу белсенділігін ұйымдастыру, қолдап, көмектесіп отыруды көздейді. Бұл жүйемен дәстүрлі оқытуды салыстырғанда мынадай қорытынды жасауға болады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

№1 кесте

 

 

Дамыта оқытуда оқушы алдына оқу мақсаттарын қоюда ешқандай дайын үлгі берілмейді. Мақсатты шешу, іштей талқылау, сосын жинақтау арқылы жүзеге асады. Мұғалім сабақ процесін ұйымдастыруды, бағыттаушы адам ролінде.

Шешім табылған кезінде әркім оның дұрыстығын өзінше дәлелдей білуге үйретіледі.Әр оқушы өз ойын, пікірін айтуға мүмкіндік беріледі, жауаптар тыңдалады. Әрине барлық жауаптар дұрыс бола бермейді. Дегенмен әр бала жасаған еңбегінің нәтижесімен бөлісіп, дәлелдеуге талпыныс жасайды.

Дамыта оқытудың Л.В.Занков жасаған жүйесінің ерекшеліктері:

- Оқыту мазмұнындағы өзгешеліктер;

- Мақсаттағы айырмашылықгар:

-Дидактиктикалық принциптердегі өзгешеліктер;

-Әдіс-тәсілдердегі өзгешеліктер;

-Оқытуды өзгеше ұйымдастыру;

-Мұғалім еңбегінің нәтижелігін анықтаудың жаңа көрсеткіштері;

Мысалы: дәстүрлі сабақтардағы сұрақ-жауап, әңгімелесу әдістері балалардан таныс нәрсені сұрап білуге негізделеді. Бір ғана жауабы бар сұраққа жауап та, тек бір сөзді қосып қайта айтып берумен қайтарылады.(Балалар қайда барады? Балалар мектепке барады. Немесе, 2-ге 7-ні қосса қанша болады? 2-ге 7-ні қосса 9 болады түріндегі жауаптар)

Дамыта оқыту жүйесіндегі қойылатын сұрақтар проблемалы, ойлауды, пайымдауды қажет ететіндей етіп беріледі. Оқушы да ол сұраққа өз ойын, өз пікірін білдіре жауап беруге дағдыланады. Жауаптардың  бірнеше  вариантта  болуы  мүмкін  екендігі  қарастырылады. Мысалы:   «Әңгіменің кейіпкерлері туралы не айта аласың?» немесе «4» және «5» сандарымен қандай тапсырмалар ойлап табуға болады? түріндегі сұрақтар.

Оқу әрекеті деп білім, білік алуға бағытталған әрекетті айту қабылданған. Ол өз бетінше де, мұғалімнің жетекшілігімен де жүзеге асады.

Әрекеттің ішкі құрылымына енетін бұл компоненттер былайша сипатталады.

Қажеттілік - индивидтің өзінің өмір сүруге, дамуға білімнің, тәжірибесінің, басқа да әлеуметтік жағдайлардың жеткіліксіз екенін сезіну. Белсенді әрекеттің негізі.

Мотив - ынта-ықыластың аууы.

Құрал - әрекеттің амалдарын белгілеу, жолдарын талдау.

Әрекет - іс-қимыл, құрал. Ол ойын, тілдік, ойлау әрекеттері түріңде жүзеге асады.

Нәтиже - өнім.

Оқушының дамуының негізі болып табылатын әрекет, оқу әрекеті әрбір сабақтың өзегі деп түсіну жерек.

Айтылғандарды қорыта келсек- дәстүрлі оқыту балада білім, білік, дағды алуға қажетті ақыл, сана бар деп есептеп, сол ақылға дайын білімді құю керек деген көзқарасқа бағытталса, дамыта оқыту бала бойындағы табиғи қабілеттерді жаңа белестерге көтеруді мақсат тұтатын ұстанымдарға негізделген.

Дамыта оқытудағы оқу әрекетінің ішкі құрылымы.

№ 2 кесте

 

Дәстүрлі оқыту жаттығуға, есте сақтауға, ал дамыта оқыту дербес жұмыс істеуге, алған білімді пайдалана білуге үйретеді.

№3 кесте.

Дәстүрлі және дамыта оқыту жүйелерінің негізгі белгілерінің салыстырмалы сипаттамасы.

 

 

 

 

Педагогикалық процесінің

компоненттері

 

 

ккомпонентекомпоненттері

Мазмұнындағы басымдылық

Дәстүрлі оқыту

Дамыта оқыту

Мақсат

Оқушыларда      білім,      білік,

дағды қалыптастыру.

 

 

 

 

 

 

! қалыптастыру.

Байқампаздығын, ойлауын,

 практикалық әрекетін қалыптастыру                

 

 

Бастапқы мазмұн

Факторлар, мысалдар,  тақырыптар, дәлелдер.               

|

Заңдылықтарды, теорияларды,ұғымдарды, ережелерді қорыту.

Оқытудың формалары             __,

Жеке, топтық, фронтальді

Бірлескен ұжымдық іс-әрекет.

Оқыту әдістері

Ауызша түсіндіру, көрнекілік, практикалық.

Проблемалық баяндау, ізденушілік, зерттеушілік.

Бақылау, бағалау

Оқытудың нәтижесін мұғалімнің бақылауы, бағалауы.

Өзін-өзі бақылау, өзін-өзі бағалау, рефлекция.

 

Дамыта оқыту технологиясы жайындағы ойымызды тұжырымдайтын болсақ, ең бастысы, дамыта оқытуды әр мұғалім түсінуі, жүрегімен қабылдауы және мұғалім оқушыға дайын білімді берумен шектелмей, баланы өз бетімен білім алу, іскерлік, мүмкіншілікке бағыттауы керек