Шаяхметова М.Н. ,Мухамеджан Н.

Е.А.Бөкетов атындағы ҚарМУ

АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ҚОЛДАНУДЫҢ БІЛІМ САПАСЫН КӨТЕРУДЕГІ РӨЛІ

 

Қазіргі кезде ақпараттық-желілік құрылымы дамыған заманауи қоғамда оқушылардың мәдениетін қалыптастыру мектептің көкейкесті мәселесі болып отыр. Бұл қоғамда бар салалардың барлығына компьютердің еңгізілуімен байланысты.

Бүгінгі күнде кез-келген пән мұғалімінің сабақты, сыныптан тыс іс-шараларды компьютер көмегінсіз ұйымдастыруын елестетудің өзі қиын. Бұрын ақпаратты оқушылар оқулықтан, мұғалімнің дәрісінен, сабақ конспектілерінен, анықтамалық әдебиеттен, газет-журналдардан  алған болса, қазірде ғаламдық жүйенің, яғни ғаламтордың рөлі артуда.

Әр күні көптеген ғылыми жаңалықтарға терең әлеуметтік өзгерістерге толы қазіргі кезеңде оқушыларға берілетін информация көлемі кеңеюде. Ал оны игеруге бөлінетін уақыт өзгеріссіз қалуда. Сондықтан білім берудің сапасын жақсарту, білім берудің әдістемелік негізін өзгерту заман талабына сәйкес туындап отырған қажеттілік.

Еліміздің білім беру жүйесін 2015 жылға дамыту тұжырымдамасында: «Жылдам өзгеріп отыратын заманда алынған білімнің, кәсіби дағдылардың негізінде еркін бағдарлай білетін, өзін - өзі іске асыруға, өзін - өзі дамытуға және өз бетінше дұрыс, адамгершілік тұрғысынан жауапты шешімдер қабылдауға қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру» деп нақты көрсетілген.

Елімізде оқытудың мазмұны мен әдістерін жетілдіру – жалпы білім беретін орта дәрежелі оқу жүйесімен тығыз байланысты алға қойып отырған зор міндеттердің бірі. Еліміздің Президенті Н. Ә. Назарбаев «Қазақстан жолы - 2050; Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан халқына арналған жолдауында әлемнің дамыған 30 елінің қатарына қосылуға бағытталған басым бағыттар мен міндеттерді жүзеге асыру үшін «... оқыту нәтижесі оқушылардың сындарлы ойлау, өзіндік ізденіс пен ақпаратты терең талдау машығын игеру болуға тиіс» деп атап көрсеткен. Соған орай, қазіргі кезде республикамызда білім берудің жаңа жүйесі жасалып, білім берудің мазмұны жақсарып, жаңаша көзқарас пайда болуда.

Әрбір мұғалімнің мақсаты – сабақ сапасын көтеру, түрлерін жетілдіру, оқушылардың пәнге қызығуын арттыру, ізденуін, таным деңгейін көтеру. Осыған орай мектеп өміріндегі өзекті мәселелердің бірі – сабақтың жаңаша түрлерін дамыту.

Жаңа ғасырдағы Қазақстан елінің үміт артар ұрпағын білімді, мәдениетті, интеллектуалды азамат етіп шығару ұстаздар алдындағы міндет болып табылады. Ал, Қазақстанда білім беру үрдісі  дүниежүзілік білім әлеміне кіруді көздейді.

Сондықтан қазіргі мектеп жағдайындағы  білім берудің ұлттық моделіне өту – оқыту мен тәрбиелеудің соңғы әдіс-тәсілдерін игеруді қажет етеді. Жаңа инновациялық іс-әрекетпен қаруланған, психологиялық-педагогикалық диагностиканы қабылдай алатын шығармашыл педагог-зерттеуші, ойшыл мұғалім ғана мақсатқа жете алады.

Біріккен ұлттар ұйымының шешімімен «ХХІ ғасыр – ақпараттандыру ғасыры» деп аталады. Қазақстан Республикасы да ғылыми-техникалық прогрестің негізгі белгісі – қоғамды ақпараттандыру болатын жаңа кезеңіне енді. Бұл кезең ақпараттық кезең, яғни компьютерлік техника мен оған байланысты барлық ақпараттық-желілік технологиялар педагогтар қызметінің барлық салаларына кірігіп, оның табиғи ортасына айналып отыр. «Білім берудегі ақпараттық - коммуникативтік технологиялар» ұғымы «оқытудың жаңа инновациялық технологиялары», «қазіргі ақпараттық оқыту технологиялары», «компьютерлік оқыту технологиялары» және т. б., тіркестермен тығыз байланысты. Оқыту үрдiсiнде мұғалiм – оқушы-компьютер - оқулық жүйесі пайда болды. Мұндай жүйеде бiлiм беру оқыту процесінде компьютерді қолдану бiлiм мен бiлiктiлiкке қоятын талаптарды қайта қарап, жетiлдiрiп, жүйелеудi талап етедi.

Жаңа ақпараттық технологиялар дегенiмiз – бiлiм беру iсiнде ақпараттарды даярлап, оны бiлiм алушыға беру процесі. Бұл процесті icкe асырудың негiзгi құрал компьютер болып табылады. Компьютер - бiлiм беру iсiндегi бұрын шешiмiн таппай келген жаңа, тың дидактикалық мүмкіндіктерді шешуге мүмкiндiк беретін зор құрал.

Әрбір ұстаз өз оқу үрдісінде сабақтың мақсаты мен мазмұнына сай өз қалауы бойынша инновациялық технологияларды қолданатыны түсінікті. Оқу үрдісін мұқият құра білген жағдайда білімгерлердің білім сапасын едәуір арттыруға және білім стандарты бекіткен оқу материалын барлық оқушылардың меңгеруін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Біріншіден, дәстүрлі емес сабақтарды өту арқылы оқушылардың ой толғауын, білімін, қабілетін кеңейтуге болады. Білімді даяр күйінде бермей, оқушылардың алдына белгілі бір мәселені міндет етіп қойып, оны олар инновация технологияны пайдалана отырып ізденіп шешуі тиіс. Бұл арқылы олар проблемалық жағдай туған кезде оны дұрыс шеше білу тәсілдерін үйренеді. Мұның нәтижесінде өз бетінше өмір сүре алатын шығармашыл азаматтар тәрбиелейміз.

Екіншіден, оқушыларға қазіргі заман талабына сай жоғары дәрежеде сапалы білім мен тәрбие беруде компьютерлік технологияны пайдаланып оқыту – бүгінгі күн талабы. Дамыта оқытуда баланың ізденушілік - зерттеушілік әрекетін ұйымдастыру басты назарда ұсталады. Ол үшін бала өзінің бұған дейін білетін амалдарының, тәсілдерінің жаңа мәселені шешуге жеткіліксіз екенін сезетіндей жағдайға жетуі керек. Содан кейін барып оның білім алуға деген ынта - ықыласы артады, білім алуға әрекеттенеді.

Үшіншіден, қазіргі таңдағы талаптарға сай білімді, әсіресе білгенін өмірде пайдалана білетін жастарды тәрбиелеу мақсатында оқытудың жаңа әдістерінің ішіндегі ең маңыздысының бірі – желілік ресурстарды пайдалану технологиясын енгізу.

Қазіргі заманғы дамыған технологиялар электронды оқулық пен интербелсенді тақта арқылы сабақ өткізу оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын арттырып, сабаққа деген зейін ашады. Сабақты бұл екі құрал арқылы оқушылар теориялық білімдерін практикада ұштастырып сабаққа деген белсенділіктері артып, сыныптартарының алдында алда болу үшін берілген тапсыраманы уақытымен орындап интербелсенді тақтада жұмыс жасауға асығады. Электронды оқулықтарғы тапсырама мен тест жұмыс орындау арқылы  өздерін бағалай алады. Егер тапсыраманы дұрыс орындай алмаған жағдайда айтылған тапрысманы уақытымен орындап, сабаққа зейінін аударып жақсы баға алуға тырысады.

Қорыта келе, ұстаздың қазіргі білім саласында оқытудың озық, жаңа технологияларын меңгеруі мен жаңа буын оқу құралдарын дұрыс қолдана білуі, оқыту процесінің оқыту стандартына сай болуы, дамуы мен оқу – тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастырылуы, сапалы нәтижеге – білімді шәкірт тәрбиелеуге бағыттайды. Тәуелсізеліміздің болашағы болып табылатын жасұрпаққа сапалы білім беріп, жеке тұлға етіп қалыптастыруда электрондық оқыту жүйесі мен оның берер мүмкіншілігі мол болары сөзсіз.

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

1. Ә. Беркутов. Компьютер – оқу жүйесінде. Шымкент, 1996.

2. Абыканова Б. Т. Компьютерлік технологияны пайдалану арқылы оқушылардың танымдық белсенділігін арттырудың дидактикалық шарттары. Алматы, 2005.

3. Бөрібаев Б, Балапанов Е. Жаңа ақпараттық технологиялар. Алматы, 2001.

4. Софронова Н.В. Теория и методика обучения информатике. – М.:Высшая школа, 2004. – 223 с.