К.п.н. Абылкасимова Г.К.,
к.п.н Курымбаев С.Г., магистрант Әшімбекова А.М.
Карагандинский государственный
университет, Казахстан
Кәсіби
бағдар беру бойынша факультатив сабақтардың мәні
Факультативті курс немесе факультативті
сабақ (фр. facultatif — лат. facultas —
«мүмкіндік») - оқушы
немесе студенттің таңдауымен
мектепте немесе жоғарғы оқу орнында өткізілетін
міндетті емес оқу курсы.
Факультативтік сабақтар – студенттердің білімін олардың
қажеттіліктеріне, қабілеттеріне, сұраныстарына сәйкес белгілі бір оқу
пәндері бойынша тереңдету, дамыту мақсатында сабақтан
тыс оқу сабақтарын ұйымдастыру формасы. Факультативтік
сабақтар студенттердің ой-санасының дамуына, пәнге
деген белсенді танымдық
қызығушылығының қалыптасуына,
студенттердің зерттеу қызметіне деген қызығушылығын
арттыруға ықпалын тигізеді.
Ұйымдастыру құрылымы – жеке және ұжымдық
субьекттердің жиынтығы, олардың арасында факультативтік
сабақтарды ұйымдастыру мен өткізу жауапкершілігі мен
міндеттері анықталған.
1) жоба қызметі блогы:
- студенттер
мен олардың заңды өкілдерінің қажеттіліктерін
тану
- факультативтік
сабақтарды өткізу сағаттарын бөлу
- факультативтік
сабақтар бағдарламасын жүйелеу және дайындау
-факультативтік сабақтарды өткізу мен
ұйымдастыру тиімділігін бағалау механизмі мен критериилерін
дайындау
2) жүзеге асыру блогы:
- факультативтік
сабақтардың жарты жылдық кестесін құрастыру
- факультативтік
сабақтарды қосымша білім жүйесінде функциялау
3)
мониторинг және бақылау блогы:
- студенттердің
факультативтік сабақтарға қатысуын қадағалау
-
факультативтік сабақтардың
күнтізбелік-тақырыптық жоспарын орындау
-
факультативтік сабақтарды өткізу сапасын
үздіксіз бақылауды қамтамасыз ету.
4)
рефлексивті қызмет блогы:
-
факультативтік сабақтарды ұйымдастыру
бойынша студенттер арасында сауалнама жүргізу
- факультативтік
сабақтарды өткізудің қорытындысы бойынша
мұғалімдермен әңгімелесу
- факультативтік
сабақтарды ұйымдастыру мен өткізу барысындағы
туындаған негізгі мәселелерді анықтау
- факультативтік
сабақтарды ұйымдастыру үрдісін дамытуға жағдай
жасау
Факультативтік сабақтарды өткізу сапасының критериилері:
1) сабаққа
уақытылы қатысу.
2) студенттердің
әр түрлі конкурстарға, пән олимпиадаларына,
конференцияларға қатысуы
3) студенттердің
қызмет деңгейі (зерттеушілік, шығармашылық, жартылай
шығармашылық, репродуктивті)
4) студентердің
сабақты ұйымдастыру жұмысымен қанағаттануы
5) құжаттама
жүргізу
Факультативтік
сабақтар міндетті сабақтар мен қосымша сабақтар
арасындағы белгілі бір ережелерді сақтауды қамтамасыз ететін
арнайы бағдарламалар арқылы өткізіледі. Аталмыш
факультативтік сабақтардың тізімін бекітерде тек
студенттердің және ата-аналардың жеке қалауымен
ғана емес, сонымен қатар жалпы білім беретін орынның
мүмкіндіктері де ескерілуі тиіс.
Факультативтік сабақтарды жүргізетін әрбір ұстазда
жоғарыда айтылғандай факультатив сабақтың бағдарламасы болуы қажет.
Аталмыш бағдарлама құрылымына сыртқы бет,
түсіндірмелі жазба, қысқаша мазмұны, студенттер
дайындығына талаптар, пайдаланылған әдебиеттер тізімі.
Сыртқы бетінде бағдарлама атауы, білім ордасы атауы, сағат
көлемі, бағдарлама авторының тегі, аты-жөні, аталмыш
бағдарламаны бекіткен жетекшінің аты-жөні, лауазымы, бекіткен
жылы көрсетіледі.
Сабақ пен пәндік бағыттағы факультативтік
сабақтың арасында өзара айырмашылықтар бар (кесте 1).
Факультативтік
сабақтарды ұйымдастырудың сапасын бағалау
Факультативтік
сабақтарды ұйымдастыру жұмыстарын бақылау келесілерді
қажет етеді:
-сабақ формасын таңдаудың мақсаттылығы
және сабақты өткізудің тиімділігі
-сабақты өткізу барысындағы оқушылардың
белсенділігі
-оқушылардың сабаққа толық қатысуы
Сабақтың өткізілу тәртібі:
Факультативтік сабақтар оқу
орнының директорымен бекітілген сабақ кестесіне сәйкес
сабақтың алдында немесе сабақтан соң өткізіледі.
Егер де факультативтік сабаққа арналған уақыт
тарификацияға сәйкес 0,5 апта сағатына сәйкес келетін
болса, онда екі аптада бір сабақтың өткізілуіне жол беріледі.
Факультативтік сабаққа қатысушылар саны 5 адамнан аз болмауы
керек.
Аталмыш сабақтар кәдімгі сабақтардан айырмашылығы болуы
керек: факультативтік сабақтарда оқушыларда өз беттілікке,
шығармашылық қасиеттерін көрсетуге, өз пікірін
айтуға, өз ұсыныстарын білдіруге мүмкіндіктері болуы
абзал.
Кесте 1
Сабақ пен
пәндік бағыттағы факультативтік сабақты
салыстыру
Салыстыру белгілері |
Сабақ |
Факультативтік
сабақ |
Оқу
жоспарындағы статус |
Міндетті сабақ |
Қосымша
сабақ |
Мақсатты
бағдар |
Студенттердің
жалпы білімді дайындығы |
Пән бойынша
жоғарғы деңгейдегі дайындық |
Оқу мазмұны |
Базалық
деңгей бағдарламасымен анықталады |
Факультативтік
сабақтар бағдарламасымен анықталады. |
Студенттердің
оқу уәждемесінің (мотив) деңгейі |
Жоғары емес (кей
кезде) |
Жоғары, себебі
студент таңдауымен сәйкес келеді |
Бағдарламалар
және оқу әдістемелері |
Мемлекеттік
бағдарламалар |
Авторлық
бағдарламалар, оқу әдістемелері қолданылуы мүмкін |
Студенттердің оқудағы жетістіктерін
бағалау |
Баға қою
арқылы |
Бағасыз
оқыту, өзін-өзі бағалаудың
құралдары мен үрдістері |
Өткізу уақыты |
Негізгі сағаттар
легінде |
Сабаққа
дейін немесе сабақтан соң |
Жалпы
кәсіби бағдар беру бойынша факультативтік сабақтарды колледж
оқушыларына сабақтан тыс уақытта өткізуді мақсат
еттік. Сабақтан тыс уақытта оқушылар өздерінің
пәнге деген қызығушылықтарын арттырады деген
сенімдеміз.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1. Студенттердің
кәсіби бағытын қалыптастыру // Ұлт тағылымы. –
КарГУ № 3. - 2008.- Б.20-22.
2. Сарбасова Б.Қ,
Шәушекова Б.Қ. Педагогика негізі. -Қарағанды, 2004. –
126 б.
3. Тұлғаның
кәсіби бағыттылығын дамыту үрдісінің моделі //
Мереке-праздник для всех. Алматы: 2004. – 7 б.