Қазіргі білім беру жүйесіндегі педагогикалық технологиялардың маңызы Қазіргі білім беру жүйесіндегі педагогикалық  технологиялардың  маңызы

 

Хаирова А.М. №14 ЖББОМ  Көкшетау қ.

Хамзина Н.Р. № «92 гимназия » КММ  Қарағанды қ.  

Медиева С.Х.   Е.А. Бөкетов атындағы ҚарМУ 

 

 

Қазіргі кезде егемен елімізде білім берудің жаңа жүйесі жасалып, әлемдік білім беру кеңістігіне енуге бағыт алуда. Бұл оқу-тәрбие үрдісіндегі елеулі өзгерістерге байланысты болып отыр. Себебі, білім  беру парадигмасы өзгерді, білім берудің мазмұны жаңарып, жаңа көзқарас, жаңаша қарым-қатынас пайда болуда. Келер ұрпаққа қоғам талабына сай тәрбие мен білім беруде мұғалімдердің инновациялық іс-әрекетінің ғылыми-педагогикалық негіздерін меңгеруі маңызды мәселелердің бірі. Ғылым мен техниканың жедел дамыған, ақпараттық мәліметтер ағыны күшейген заманда ақыл-ой мүмкіндігін қалыптастырып, адамның қабілетін, талантын дамыту білім беру мекемелерінің басты міндеті болып отыр. Ол бүгінгі білім беру кеңістігіндегі ауадай қажет жаңару оқытушының қажымас ізденімпаздығы мен шығармашылық жемісімен келмек. Сондықтан да әрбір оқушының қабілетіне қарай білім беруді, оны дербестікке, ізденімпаздыққа, шығармашылыққа тәрбиелеуді жүзеге асыратын жаңартылған педагогикалық технологияны меңгеруге үлкен бет бұрыс жасалуы қажет. Өйткені мемлекеттік білім стандарты деңгейінде оқу үрдісін ұйымдастыру жаңа педагогикалық технологияны енгізуді  міндеттейді. Білім беру саласы қызметкерлерінің алдына қойылып отырған міндеттердің бірі – оқытудың әдіс тәсілдерін үнемі жетілдіріп отыру және қазіргі заманғы педагогикалық технологияларды меңгеру. Қазіргі таңда оқытушылар инновациялық және интерактивтік әдістемелерін сабақ барысында пайдалана отырып сабақтың сапалы әрі қызықты өтуіне ықпалын тигізуде.

Кез келген елдегі білім беру жүйесі қоғамның әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына ықпал етуіне бағытталған, себебі мектеп, жоғары оқу орны болашақта коғамның экономика, мәдениет, саяси өмірі салаларында белсеңді қызмет ететін адамдарды дайындайды. Сондықтан білім берудегі негізгі буын-мектептің pөлі өте маңызды.

Қазақстан Республикасының "Білім туралы" заңында білім беру жүйесінің жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған рөлі атап көрсетіле келіп, "педагог қызметкерлер оқушылардың мемлекеттік білім беру стандартында көзделген деңгейден төмен eмес білім, білік, дағды алуын қамтамасыз етуге, жеке шығармашылық қабілеттерінің көрініп, дамуы үшін жағдай жасауға міндетті,"- делінген [2 ].

Дәстүрлі оқыту әдістемесінің білімді мемлекеттік стандарт деңгейінде толық меңгеруге кепілдік бермейтінін мектеп тәжірибесі көрсетіп отыр. Сондықтан, жаңартылған әдістемелік жүйенің оқыту процесінде іске асуы үшін оны технологияландыру қажетілігі туындайды.

Педагогикалық технология, оқыту технологиясы туралы мәселелер соңғы жылдары педагог-ғалымдардың назарын аударып, әр түрлі қырынан зерттелуде.

Оқытудың жаңа технологиясының бастапқы бip формасы болып табылатын бағдарламалап оқыту мәселелері А.И.Берг, В.П.Беспалько, Б.С.Блум, M.В.Кларин, И.Я.Лернер, В.Оконь, Б.Скиннер, Н.Ф.Талызина және тағы басқалардың еңбектерінде көрініп дамыды.

Дамыта оқыту бағытындағы педагогикалық технология Л.С. Выготский, Д.Б.Эльконин, В.В.Давыдов, Л.В.Занков, Г.И.Щукинаның зерттеулерінде, жеке-бағдарлы оқыту технологиясының жобасы Ш.А.Амонашвили, Е.В.Бондаревская, И.С.Якиманская еңбектерінде, жекелеп, даралап, саралап оқыту технологиясы А.А.Бударный, Р.Б.Вендровская, А.А.Кирсанов, А.В.Петровский еңбектерінде жан-жақты зерттелген. К.Я. Вазина (ұжымдық ойлау ic-әрекеті), Н.Д.Хмель (ұжымдық танымдық әрекет) сияқты ғалымдар ынтымақтастықты педагогикалық технологияның негізі деп қарастырса, жаңашыл-педагoгтap С.Н.Лысенкова, Е.И.Соседова, В.Ф.Шаталов мұны тәжірибеде жүзеге асырды.

Оқытудың ойындық технологиясының теориясы мен тәжірибесіне байланысты мәселелер M.Ж.Арыстанов, Н.К.Ахметов, Б.А.Қойшыбаев, П.И.Пидкасистый, Ж.С.Хайдаров және басқалардың еңбектерінде зерттелген.

Қазіргі кезде қай салада да маңызға ие болып отырған ақппараттық технологияның мәні, мазмұны, қолданылуы және оны оқу процесіне еңгізу мәселесі Б.С.Гершунский, Ж.А.Қараев, Н.М.Шахмаев сынды ғалымдар еңбектерінің өзегіне айналып отыр.

Оқушылардың оқу процесіндегі компьютерлік ойындардың, компьютер негізінде дербес оқытудың дидактикалық мүмкіндіктері туралы Қ.Аганина, Ж.Сардарова, К.Халықова және басқалардың, мектеп, жоғары оқу орнында математиканы оқыту процесінде Монахов технологиясын қолдану туралы Л.Оразбекова, И.В.Логинова және басқалардың зерттеулері бар[1 ].

Қазіргі заманда білім берудің, оны дамытудың көкейкесті мәселелерін шешу нақты, ғылыми-теориялық және практикалық бағыттағы реформаны қамтамасыз ететін, білім беру жүйесін прогрессивтік және динамикалық бірлікте тұтас, интегративті дамытуды жобалау мен жасақтауды, ерекше оқу-тәрбие процесін, жоғары тиімділіктегі педагогикалық технологияның пайда болуын талап ететін дидактикалық ғылымға тікелей тәуелді. Осыған байланысты ipгeлi ғылыми зерттеулердің неғұрлым өзекті де зор болашағы бар көкейкесті бағыты Қазақстандағы өркениет дамуының қарқынына және бүкіл дүниежүзінде соңғы жылдары жүріп жатқан ipi өзгерістерге сәйкес дамуда. Ал, жақын болашақтағы Қазақстан Республикасының дүниежүзілік процесте алатын орны оның үкіметі мен халқының Қазақстанды ғылымды мол қажет ететін, материалдық өндірістері басым дамыған мемлекетке айналдыру жөнінде алдына стратегиялық мақсат қоюға бел байлауымен айқындалады. Сондықтан, мұғалімдер қауымына зор жауапкершілік, үлкен міндет жүктеледі. Мұндай міндетті шешу мұғалімдерден мектептерде оқушыларға беретін ғылым негіздерін олардың болашақ ic-әрекетінің берік негізі әpi тірегі болатындай етіп оқытуды, оқу-тәрбие процесін, білім мазмұнын жаңартумен қатар, оқытудың әдіс-тәсілдері мен әр алуан құралдарын қолданудың тиімділігін арттыруды, педагогикалық технологияларды меңгеруді, педагогикалық жаңалықтарды тәжірибеге батыл еңгізуді талап етеді [3 ].

Қазіргі қоғамға ақыл-ой кемел, шығармашылық жағынан қабілетті, іскер және білімді адамдар керек. Осыған сәйкес жалпы білім беру саласындағы түрлі өзгерістер болашақ ұрпақтарды оқыту, білім сапасын жаңарту, арттыру мәселелерін қарастырды.

Педагогикалық технологияларды бастауыш мектеп жағдайына бейімдеу және іріктеп алудың маңызы зор.

Жаңа технологияның жаңа мақсаты бойынша оқытуды ізгілендіру қажет. Ол-оқыту құралдарына деген көзқарасты да өзгертуді талап етеді.

Педагогикалық технология мәселесіне арналған П.Я. Гальперин, В.В. Давыдов, В.М. Кларин, Ж.А. Қараев, Т.Т. Галиев т.б. ғылымдардың еңбектерінде оқыту технологиясын техникалық құралдардың көмегімен оқыту деген ұғынудан бастап педагогикалық технологияны ғылыми тұрғыдан ұғынуға дейін түрліше пікірлер айтылған.

 Педагогикалық технологияның оқыту әдістемесі және тәрбиелеу жұмысынан айырмашылығы байқалады. Егер “әдістеме” ұғымы, оларды орындауға қатысты емес оқытудың әдістері және тәсілінің жиынтығын қолдану кейіпкерлік белгілерінде жинақтауын анықтайды. Осыдан келіп, яғни кез-келген педагогикалық тапсырма тек қана белгілі жетілдірілген педагог маманның іс-әрекеті мен негізгі технологиялардың көмегімен тиімді шешіледі.

Оқыту технологиясы оқыту мазмұнын жүзеге асыру жолындағы алға қойған мақсатқа жетудің тиімділігін қамтамасыз ететін оқытудың әдіс, құрал және түрлерінің жүйесі болып табылады. Қажетті мазмұнды, тиімді әдістер мен құралдарды бағдарлама мен қойылған педагогикалық міндетке сәйкес іріктей білу мұғалімнің педагогикалық шеберлігіне байланысты

Педагогикалық технологиялар тарихын, оның пайда болуын және маңызды құрылымдық ерекшеліктерін қарастыру педагогикалық құрылымды түсінуге мүмкіндік береді. Ғалымдардың тарихи-педагогикалық зерттеулерін талдау педагогикалық технологияның бірнеше ғасырлар бойында ғылыми пікірталастың басты нысаны болғанын айқындайды.

Педагогикалық технология педагогикалық шеберлікпен өзара қарым-қатынаста. Педагогикалық технологияны өте жақсы меңгеру дегеніміздің өзі – шеберлік.  Бір ғана технология әр түрлі мұғалімдермен іске асуы мүмкін, бірақ оны іске асыру ерекшеліктерінде олардың осы педагогикалық шеберлігі және кәсіби іскерлігі көрінеді.

Сонымен, оқыту технологиясы сабақ беру әдістемесімен салыстырғанда, оқушылардың өздерінің іс-әрекетін ұйымдастыру тәсілдері және мазмұнын өндіруді көрсетеді. Олар диагностикалық білім маңыздылығын және оқыту процесінің қасиеттерінің жалпы оқушылардың тұлғасын дамытуға бағытталған объективті бақылауын қажет етеді [4 ].

Білім ізгілігі - педагогтар мен оқушылардың өз шығармашылық даралығын дамыту субъектісі болатын, педагогикалық процестің мәні мен сипатына деген көзқарасты едәуір өзгертетін, педагогикалық ойлаудың басты бөлшегі. Педагогикалық процестің негізгі мәні, мұндай жағдайда, тұлғаның дамуы мен өзін-өзі дамытуы ретінде қалыптасады, олардың сапасы мен мазмұны мұғалімдердің, оқу мекемелері мен бүкіл білім жүйесі жұмысында маңызды шарттардың бірі болып табылады.

 

Пайдаланған әдебиеттер:

1.  Беспалко В.П. «Слагаемые педагогической технологии».Педагогика

    1989.

2. Қараев. Ж. А, Кобдикова Ж. У.  Актуальные проблемы модернизации

педагогической   системы на основе технологического подхода.Алматы.2005 ж.

3.  Бұзаубақова К. Ж., Жаңа педагогикалық технология Тараз, ТарМУ 2003

4. Скаткин М.Н. Методология и методика педагогических исследований. Москва. 1986 г. 159 б.