ДРАМАЛЫҚ
ҮЙІРМЕНІ НӘТИЖЕГЕ БАҒЫТТАЙ
ОҚЫТУ -
РУХАНИ-АДАМГЕРШІЛІК-ТӘРБИЕ
БЕРУДІҢ ҚАЙНАР КӨЗІ
п.ғ.к., доцент Б.У.
Курбаналиев, С.Ж. Мырзамуратова
Еліміздің
ертеңгі болашағы бүгінгі өсіп келе
жатқан жас ұрпақтың қолыңда. Ендеше
ертеңгі қоғам мүддесіне лайықты, жан-жақты
жетілген, бойында ұлттық сана, ұлттық психология
қалыптасқан, парасатты азамат тәрбиелеп өсіру басты
міндетіміз екенін үнемі назарда
ұстауымыз қажет. Сондықтан отбасынан бастап,
балабақшаларда, мектептерде, қоғамдық
мекемелерде ұрпақ тәрбиесіне аса жауаппен қарау ұстаздар қауымының
негізгі міндеті. Себебі, біз қанша дамып, басқа өмір
саласындағы жетістіктерге жетсек те, әлемдік жаһандану
үрдісіне қосылсақ та, бала тәрбиесі бір сәтке де
ұмыт қалмауы тиіс.
Бүгінгі таңда
сыныптан тыс тәрбие жұмыстарының оқушыларды жалпы білім
жағынан болсын, тәрбиелік дамытушылық тұрғысынан
жетілдіруге әсері зор. Бұл жұмыстар білімді кеңейтіп,
тереңдетіп қана қоймай, мәдени жан-жақтылықты,
шығармашылық шабытты, эстетикалық талғамды дамытады.
Сондай-ақ, өз елінің мәдениетіне, ана тіліне деген
қызығушылығын артгыра түседі.
Үйірме жұмыстары -
сыныптан тыс жұмыстардың күре тамыры. Сондықтан
оқушыларды сөз өнеріне тарту, көркем
шығармаларға деген қызығушылығын арттыру,
эстетикалық талғамын, сезімін дамыту сияқты білім мен
тәрбие берудің ең басты мәселелері сыныптан тыс
жұмыстарды тиімді ұйымдастыру арқылы жүргізіледі.
Ең әуелі оқушыларға драматургия жанры, оның
ерекшелігі туралы хабардар етілді. Театр өнері оның өзіндік
сипаттарымен, ұлы әртістер өмірі және өнерімен
таныстырылды.
Драмалық үйірме
оқушының өзіне сенімді түрде жұмыс істеуіне
бағыт беріп, өз ойын еркін жеткізе алуға жетелейді.
Мұнда бір жақсысы оқушы еркіндігі басым болады.
Драмалық
шығармалардан үзінді жаттатып, өз беттерінше инсценировкалар
әзірлеуге бағыт-бағдар беріледі. Бір айта кететін
жағдай драмалық үйірмеге өзіндік қабілеті бар,
икемді оқушыларды алу жұмыстары алдын ала жүргізіледі.
Мысалы: 5-6-сыныптарда оқушылардың
мәнерлеп оқу; белгілі бір кейіпкердің қимыл
іс-әрекеттерін салу, монолог, диалог оқу өнерлерін
сабақпен ұштастырып, бақылап отырасың. Мысалы: М.
Әуезовтің «Ақын қонақтар» әңгімесінде
Байкөкше мен Абайдың қарым-қатынасы. Әжесі мен
Абайдың әңгімесіне инсценировка жасалды.
Ғ. Мүсіреповтің
«Жаңа достар» әңгімесіндегі Шеген мен Қайроштың
кездесуін, Қайрош пен анасының кездесуін т.б.
оқушылардың өздеріне ұнаған бөлімдерінен
көрініс дайындап, сабақпен ұштастырып отыруға болады. Осы сияқты тапсырмалардың негізінде
оқушылардың бойындағы қабілеттері
анықталады.
Сөз өнерін
ұлттық құндылық деп бағалап, қүрметтей
алатын елжанды азамат тәрбилеуге, алған білім негіздерін
өмірлік жағдайда тиімді қолдануға, драмалық
көріністердің пайдасы зор.
Олай дейтінім қойылымдарда
жақсы мен жаман қатар суреттеледі. Оны көзбен көріп,
өзі жасайды. Сол арқылы өзіндік көзқарас
қальпттасады, рухани адамгершілік тәрбие алады.
7-8-сыньш оқушыларымен
«Алтын сақа», «Ер Төстік елінде», «Балдэурен» атты үйірмесін
жургізуге болады. Үйірме мүшелері ертегілерді мәнерлеп
оқуға, инсценировка жасауға, сахналық көрініс
көрсетуге үйренеді. Төменгі сынып оқушыларына,
балабақшаларға барып, өз өнерлерін көрсетеді.
Осы сөзімнің
дәлелі ретінде 2010-2011 оку жылында «Жаңа жыл» кешіне арналған аудандық
әкімнің ұйымдастыруымен жасалған мерекелік
іс-шарада үйірме мушелерінің ұйымдастыруымен «Ертегілер еліне
саяхат» атты қойылым көрермен назарына ұсынылды. Үйірме
мүшелеріне көрермен оң бағасын беріп, оқушылар
марапатталды.
Бүл қойьшымның
ерекшелігі кейіпкерді оқушы езі таңдап, соның қимыл
іс-эрекетіне байланысты мэтін жазды. Топпен жүмыс жүргізу
арқылы мазмүныи қиюластыра отырьга, ертегі қүрастырды.
Оқушылардың ездері образға енді. Қоян,
қасқыр, жолбарыс, мыстан, күн, ай, Аяз ата, Ақша
қар киімдерін өздері тіктіріп, сахнаға дайындады. Оқушы
қызығушьшығының арқасында қойылым өте
сәтті өтті.
Үйірме жүмысына
қатысқан оқушыларды топ-топқа бөліп, белгілі бір
керкем туьшдымен жүмыс жасатуға да болады. Оны оқи отырып,
өзіндік топшылау, ой қорытындысын да жүргізеді. Кейде топ
арасында қарама-қарсы пікірлер де туындап жатады. Бірақ
бұл қарама-қарсы пікірлердің соныңда бір шешімі
болатыны анық. Әр оқушы өз ойын дәлелдеуге
нақты пікірлермен барады. Бұл — қоғам, адамзат
талабының қажеттілігінен туындаған. Осындай жайттар
жан-жақты дамыған дара тұлға қалыптастыруға
негіз болмақ. Жұмыстың сапалы болуының кіріспесіне жол
салмақ. Мысалы:
Б.Момышұлының «Жауынгер тұлғасы» атты
әңгімесінің негізінде драмалық қойылым
дайындадым. Мұнда ең алғаш кейіпкерлер таңдап алынды. Кейіпкердің ішкі элеміне зер
салуды, оның іс-әрекетіне, жүріс-тұрысына, сөйлеген сөзіне
көбірек көңіл аударуды мұрат тұттым. Егер оқушы
қаһарманның ішкі психологиялық сезімін көбірек
аңғарса, қойылым соғұрлым шынайы болады. Осындай мақсаттарды
негізге ала отырып, «Жауынгердің түлғасы»,
«Омыртқадағы оқ» әңгімесінің негізінде драмалық көрініс
дайындадық. Қойылым
Б.
Момышұлының 100 жылдық мерейтойына арналған
аудандық іс-шарада көрермендер назарына ұсынылып,
көрерменнің оң бағасына ие болды.
Шығармашылық
жұмысқа икемдеудің тағы бір сыры кенеттен бір
жағдаятты таңдап, баланы соған кіргізе отырып,
оқиғаны жан-тәнімен сезіндіру. Осы сезім, түйсік
арқылы жағдаяттан шығу жолын баланың өзі табады.
Осындай жағдаяттар арқылы белгілі бір оқиғаның
шешімін анықтауға негіздеймін.
Заман талабына сай
жан-жақты білімді, саналы, өз бетінше ойлай білуге, өмірде
кездескен проблемаларды өзі шешуге талпынатын, өзіндік
көзқарасы, ой тұжырымы бар тұлға тәрбиелеу
- рухани-адамгершілік тәрбиенің қайнар көзі.
Драмалық
үйірменің ерекшелігі - танымдық
қызығушылықтарының жалпылығы.
Оқушының нақты пәнді білуге
құмарлығы, оны жақсы көруі маңызды болады. Сол
үшін әрбір жеке тұлғаны белгілі бір нәтижеге бағыттап отыру керек. Дұрыс
ұйымдастырылған үйірме оқушының білімін тереңдетіп, пәнге деген
қызығушьшығын арттырады,
үлгерімін жақсартады. Коммуникативтік құзіреттілігін
жүйелейді.
Шығармашылық
жұмысымның қорытындысы ретінде бүгінгі күнге
дейін мына тақырыптар бойынша қойылымдар, көріністер дайындадым. «Желтоқсандағы аналар
зары», «Әке мен баланың бетпе-бет келуі», «Жауынгер
тұлғасы», «Кім десе -- Бауыржан дер едім», «Бауыржанның
журналистпен сұхбаты», «Қазақстанның болашағы
-балалар көзімен», «Бірлігіміз жарасқан», т.б.
Драмалық үйірме
оқушының қарым-қатынастық біліктілігін,
рухани-адамгершілік құндылықтарын дамытуға септігін
тигізеді. Себебі сахналық қойылым көрермен назарына
ұсынылғанға дейін талай басқыштардан өтеді.
Бейтаныс адамдардың пікірін тыңдайды, одан өзіндік
қорытынды шығарады. Ең бастысы сахна құдіретін
түсінеді.
Оқушылардың ішкі жан
әлемін байытып, оқырмандық мәдениет
қалыптастырады. Көркем шығармаларды өз бетінше іздеп,
қызығып оқуға дағдыланады.