Анасының
жаңа туған сәбиді өлтіргені үшін
қылмыстық жауаптылыққа тартудағы қылмыс
белгілерін талдау мәселелері
з.ғ.к. Сартбаева
У.К., аға оқыт. Еркебаева Н.А., магистрант Айтуреев Д.Ж.
М.Әуезов ат. ОҚМУ, Шымкент,
Қазақстан
Адам өлтіру басқа адамның
өмірін
заңға қайшы
қиюды білдіреді.
Адам өлтіруді екі түрге бөлуге болады:
1. Ашық адам өлтіру ;
2.
Жасырын, құпия адам
өлтіру.
Ашық адам
өлтіру – өздеріне таныс басқа адамдар
болған кезде, немесе
олар болмаған кезде,
бірақ
өзінің
күнәсін олардан жасыруға әрекет етпей жасау. Бұған кінәлі адамның ізіне түсу нәтижесінде
оқиғав болған
жерде ұстау
жағдайлары, немесе ізін
суытпай немесе қылмыс жасаушының
өз еркімен кінәсін мойындап келу жағдайы жатады.
Жасырын, құпия адам өлтіру – басқа адамдар
болмаған кезде жасалынады,
және кінәлі адам
өзінің жасаған
қылмысының ізін жасыруға немесе жасаған
қылмысқа
қатысы барын жасыруға әрекет етуі жатады. Мұндай жағдай басқа адамдар болған кезде жасалынады, бірақ
та олар қылмыскерді байқамай қалғандықтан,
ол ізін жасырып
кете алады [1, 68 б.].
Біз төменде қарастыратын
анасының жаңа туған
сәбиін өлтіру құпия қылмысқа жатады.
Әдебиеттерде «бала
өлтіру» деген түсінік бар, және де
оны шын мәнісінде түсінетін болсақ, ол кез
келген баланы кез келген
адамның
өлтіруін қамтиды.
Бірақ та бұл жағдайда ол
«анасының жаңа туған
баласын өлтіруне» синоним
ретінде пайдаланылады.
Бала
өлтіру деп анасының жаңа
туған сәбиін туған
кезде бірденнен немесе
туғаннан кейін өлтіруі түсініледі [1, 72 б.].
Қазіргі заманғы ең дамыған елдер (Франция, АҚШ және
т.б.) анасының
өзінің жаңа
туған баласын өлтіруін қылмыстың
жеңілдетілген
құрамынан алып тастады, олардың пікірі бойынша жаңа туған
нәресте – сол елдің
толыққанды азаматы,
және мемлекет оның
өмірі мен денсаулығын қорғау үшін жауапты, сонымен бірге дамыған елдер жаңа
босанғандарға ертеңгі
күніне деген сенімін
қамтамасыз етеді, сондай-ақ баланы алып
тастауға
мүмкіндік береді. Баланы туғаннан кейін бас тарту мүмкіндігі беріледі, ал тастанды
баланы мемлекет өз
қамқорлығына
алады, немесе жаңа
босанған әйел баланы
асырап алушыға береді,
бұл жағдайда
құпиялылық
сақталады. Жоғарыда аталғандар негізінде
мынадай қорытынды
жасауға болады, жоғарыда атлған шараларды мемлекет қабылдаған
жағдайда, жүкті әйел
басынан кешкен психиканы
бұзатын
жағдайды болдырмау мақсатында анасының жаңа
туған
нәрестесін өлтіруіг дербес
құрамға
бөліп қарау орын алады.
Қазақ ССР-інің қылмыстық заңы
анасының жаңа туған
нәрестесін
өлтіруін дербес құрамға бөлір қарамады. Мұндай әрекеттер , басқа да
адам өлтіру
сияқты
Қазақ
ССР-інің
Қылмыстық кодексінің
88-бабының
2-тармағы бойынша белгіленді [2, 226 б.].
Қарастырылып отырған қылмысты онша
қауіпті емес қылмыс түріне
жатқызу туралы
мәселе даулы мәселе болды. Кей
авторлар бұл
мәселені оң шешу
үшін ешқандай негіз жоқ, ал басқалары анасының жаңа
туған
нәрестесін өлтіруін аяушылық жағдайы кезінде
адам өлтірудің
дербес құрамына бөліп қарау керек
деген пікірлер айтты. Енді мәселе өз шешімін тапты.
Сот тәжірибесі мынаны көрсетеді,
анасының жаңа туған
нәрестесін өлтіргені үшін
басқа адам өлтіру қылмыстарына қарағанда, осы қылмыстық заңға
жатқанымен онша қатаң жаза
берілмеген. Бұл
кездейсоқ жайт емес, өйткені мұндай істер
бойынша әйелдің басқаша жағдай кезінде жасаған қылмысы туралы білбіретін
жағдай
анықталған [3; 72 б.].
Кісі
өлтіру объектісіне адамның өмірі жатады, біздің
жағдайымызда – жаңа
туған
нәрестенің өмірі
жатады. Адам өмірінің бастапқы сәтіне паталогиялық (қалыптан күрт
ауытқушы
қалыпты емес – жанға
бататын) босануды емес,
физиологиялық (ағзада болып жатқан өмір
сүру процестері) бастауын [4,
836 б.], жатқызу
қажет, және де осыны
ескере отырып, өлтіру мен
жасанды түсік тастауды
шектеу қажет, өйткені бұл іштегі баланы
құрту болып табылады. Осыдан келіп баланы
босану кезінде ғана емес,
сонымен бірге босану
кезінде де өлтіру ретінде қарастыру керек.
Адам өмірінің
аяқталуына
биологиялық өлім жатады,
бұл кезде орталық
жүйке
жүйесінің қызметі
тоқтап және бас
миының қыртысында
белоктық дененің қайта
орны толмас құлдырауы болады,
бұл кезде
ағзаның
өмір сүруін қалпына келтіру мүмкін болмай қалады.
Қылмыстық
– құқықтық
қорғауға жасына,
дүниеге келген сәтінен
бастап өлгенге дейінгі
кез келген адамның өмірі жатады.
Жаңа туған сәбидің
өмірі
қылмыстық – құқықтық мағынада физиологиялық
босану сәтінен басталады,
және де бұл кезде ана
құрсағында
дербес өмір сүруі, ана құрсағынан
бөлініп шыққан
кезде тыныс алуы, алмауының маңызы болмайды [4,
486 б.].
А.А. Жижиленко және А.А.
Пионтковский одан да белгілі және аргументтелген бағытта болды.
А.А. Жижиленко былай деп
жорамалдады, әзірше босану
басталмай тұрған
кезде баланың өлі
туылуы мүмкін, ал
босану басталған кезде
, егерде баланың денесінің бір бөлігі ана
құрсағынан
шыққан кезде ол кезде
адамның дүниеге келгендігі
туралы айтуға болады,
ол кезде баланы
өлтіргендігі үшін
жазалануы тиіс [5, 51 б.].
А.А. Пионтковскийдің
пікірінше, «жаңа туған
нәрестені ана құсағынан бөлінгеннен кейін бала
өлтіру деп
қарастыру ғана емес, сонымен бірге босану кезінде туылған бала әлі ана
құрсағына
дербес өмір
сүруін
бастамаған кезде
жасалған бала өлтіру деп қарастыру
керек» [6, 87 б.].
Қылмыстық жауаптылық сыртқы мінез-құлқының әрекеті үшін ғана
пайда болады, яғни,
қылмыстық
заңда сипатталатын қоғамға қауіпті әрекеттер
немесе әрекетсіздік пайда
болған кезде пайда
болады [7, 41-42 б.].
Объективті жағы
- бұл қылмыстық
мінез-құлықтың сыртқы жағы. Қылмыстың объективті жағын мына төмендегідей
белгілер құрайды:
1.
қоғамға
қауіпті әрекет - әрекет ету немесе әрекетсіздік;
2.
қоғамға
қауіпті зардаптар;
3.
әрекет пен қоғамға қауіпті зардаптар
арасындағы себептік байланыс;
4.
қылмысты жасау орны, уақыты, тәсілі мен
жағдайы.
Әрекет
– бұл субъектінің белсенді,
саналы, ерікті сыртқы мінез-құлқының актісі, яғни оның
қозғалысы,
денесінің
қозғалысы. Қылмыстық құқықта
қозғалыс
оның күрделілігімен ерекшеленеді, ол өзіне бірнеше
қимыл-қозғалысты
қосып алады, олар
дербес қылмыстық
жазаланатын әрекетті
білдірмейді, ол оның құрамдас тармақтары қызметін
атқарады.
Әрекетсіздік - бұл
адамның селсоқ мінез-құлқы, яғни
оның жасауға тиіс,
бірақ жасамаған әрекеті [7, 120 б.].
Бұл қылмыстың объективтік жағы
әрекеттен көрінеді, және де жаңа туған
сәбидің өмірін қиюға бағытталған
әрекетсіздік те болып
келеді. Оларға
балаға жарақат салу,
оны тұншықтыру, оны
қасақана
өмір сүрк
мүмкіндігін айыру мақсатында аязда қалдыру, қасақана аштан
өлтіру
мақсатында емізбеу жатады.
Заңда бұл
қылмыстың
объективтік жағының орындалуының үш
оқиғасы
мүмкін болады :
·
Баланы өлтіру босану
кезінде немесе босанғаннан кейін дереу жасалынады;
·
Психиканы жаралаушы жағдай қалыптасқан;
·
Жауаптылықты жоққа
шығармайтын,
психикалық
күйзеліс жағдайы орын
алуы мүмкін.
Бірінші жағдайда қылмыс
шектеулі, аз уақыт
аралығында жасалынады,
ол әрбір нақты жағдайда анықтауды қажет етеді. Бұл кезде анасы
баласын емізе бастаса,
ол кезде «босанған кезде және босанғаннан кейін» кезеңі жасалды
деп есептеу керек.
С.В. Бородиннің
көзқарасы бойынша,
мұндай жағдайда белгілі бір
мерзім ішінде баланың жаңа
туылған деп саналуы
екі талай [8, 89 б.].
Анасының жаңа
туған сәбиін өлтіргендігі туралы істерден мыналар қарастырылады, мұндай қылмыстарға
баланы туа салысымен, кіндігін
кеспестен және емізуге
әрекет жасамастан,
яғни барлық
жағдай жаңа туған
сәбидің
өмірін сақтап
қалуға ешқандай белсенді шаралар қабылдамаған
қылмыстар жатады.
Егерде анасы
баланың өмірін сақтап қалуға
шара қолданып, сонан
соң өлтірсе, автордың пікірі бойынша, оны ҚР ҚК-нің 100-бабы
бойынша саралауға болмайды.
Сонымен бірге,
жаңа туған сәбидің зорлықпен өлтірілуінің
барлығы адам өлтіруге жатпайды. Өйткені, сәби
босану кезінде кіндігіне
оралып, тұншығып
өлуі, анасының жатырында
тұншығуы
мүмкін,
сондай-ақ
баланың анасымен байланысының мерзімінен
бұрын үзілуі нәтижесінде болуы мүмкін. Мысалы, баланың орнының
баланың басы шыққанға дейін ажырауы, босану кезіндегі
баланың бас сүйегі мен
миының зақымдануы,
яғни босану кезінде
дәрігерлік аспаптар қолдану немесе босануды тездету үшін
баланы басынан не
мойнынан тартқан
кезде зақымдану
нәтижесінде болуы да
мүмкін.
Қылмыстың
субъективті жағы - бұл
жасалған
қоғамға
қауіпті
әрекетке, оның
салдарына тұлғаның
ішкі, психикалық қатынасын сипаттайтын белгілердің
жиынтығы.
Қылмыстың
субъективті жағы
қылмыстың
кінәсін, ниетін
және мақсатын құрайды.
Қылмыстың
субъективті жағының
негізгі, міндетті белгісіне
кінә жатады.
Қылмыстың мотиві мен
мақсаты қылмыстың субъективті жағының белгілері
болғанымен,
кінәдан
айрмашылығы міндетті белгілері
емес, ал факультативті белгілері
болып табылады.
Қылмыстың
субъективті жағының
белгілері
қылмыстың
мінез-құлықты
қылмыстық емес әрекеттьен шектеуге мүмкіндік береді,
қылмыстың бір құрамын объективтік
белгілері бойынша (мысалы, абайсыздықтан қасақана өлтіру) шектеу, яғни
олар қылмысты дұрыс саралаудың шарттары
болып табылады.
Қылмыстық
кодексте кінәнің жалпы
анықтамасы жоқ, тек
оның формалары –
абайсыздық пен қасақаналық қана
көрсетіледі. Кінәнің
түсінігін қылмыстық құқық ғылымы береді: кінә - бұл
жауаптылыққа
қабілетті
адамның өзі жасаған қоғамға
қауіпті
әрекеитіне және оның
абайсыздық пен қасақаналық формасындағы зардаптарына
психикалық қатынасы.
Адамды қылмысты жасады деп тану – бұл оның жасаған қоғамға
қауіпті
әрекетіне психикалық қатынасын анықтау болып
табылады. Психикалық
қатынас бұл адамның санасының мен еркінің белгілі бір күйі. Аталған формадағы кінә мынаны көрсетеді, қылмыс
адамның санасы мен
еркінің
бақылауымен жасалады.
Тұлғаның өзінің әрекетінің,
әрекетсіздігінің
қоғамға
қауіптілігін,
әлеуметтік
маңызын сезінуі қылмыс құрамының
нақыт белгілерін түсіну, сезіну арқылы шегіне
жетеді.
Тікелей қасақаналықтың екінші
интеллектуалды белгісіне заң
қоғамға
қауіпті зардаптың мүмкіндігі мен болмай қоймайтындығын жатқызады, яғни
тұлғаның
өзінің әрекетінің (әрекетсіздігінің) зардаптары
туралы, олардың қылмыстық заңмен қорғалатын байлықтар пен мүдделер үшін
зияны туралы ойша білуі
жатады. Қоғамға қауіпті зардаптарды
көрсетуге өзіне зардаптың (өлімнің) нақты
сипатын (белгілерін)
сезінуі, олардың тұлға үшін, қоғам мен мемлекет үшін
әлеуметтік
зардаптарын түсінуі жатады. Қоғамға қауіпті зардаптарды алдын ала
білудің формалды тәсілдері талап етілмейді.
Тікелей қасақаналық кезінде
алдын ала көріп
білу екі жақты
сипатта болады:
қоғамға қауіпті зардаптың болуын алдын ала
көріп білу немесе
оның болмай қоймайтындығын алдын
ала білу. Болмай қоймайтындығын алдын
ала көріп білу - тұлғаның ниет
еткен әрекетінің
(әрекетсіздігінің) нәтижесі
болып табылады. Тұлғаның алдын
ала
қоғамға
қауіпті
зардаптың болу
мүмкіндігі кезінде ол
олардың болу ықтималдығын сезінеді,
яғни олар болуы
да болмауы да мүмкін. Қоғамға қауіпті зардаптың болуын
алдын ала көріп білу
жасалған әрекет пен
қоғамға
қауіпті
зардаптардың
арасындағы себептік байланысты
сезінуін білдіреді.
Қылмыстың мақсаты – бұл кінәлі
адамның оның қылмыс жасай отырып, неге
ұмтылуы
нәтижесі туралы субъективтік түсінігі.
Мотив мынадай
сұрақтарға
жауап береді, қылмыс жа ай отырып субъект
нені басшылыққа алды,
мақсаты – ол
оған қандай жолмен
ұмтылды деген сұрақтарға жауап
береді. Мақсат тек тікелей
қасақаналықпен
жасалған
қылмысқа
қатысты ғана болады.
Қылмыс
субъектісі болып қылмыс жасаған және заң
жүзінде белгіленген
жасқа жеткен есі дұрыс
тұлға бола алады.
Жекелеген жағдайда қылмыстың
субъектісі бірқатар
қосымша белгілермен беріледі. Мұндай жағдайда қылмыстың
арнайы субъектісі сөз
болады.
Алайда заңды
белгілер қылмыс жасаған адамды тек жекелей сипаттайды.
Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінде
ақыл-есі
дұрыстығына
түсінік берілмейді,
ол ақыл- есі дұрыс емес түсінігінен
келіп шығады.
Ақыл-есі дұрыс
деп, қылмыс жасаған кезде өзінің
әрекетінің
(әрекетсіздігінің)
қоғамдық
қауіптілігін
және шын мәнісіндегі сипатын сезінетін және
оны басқара алатын тұлға танылады.
Ақыл-есі дұрыс
емес деп, Қылмыстық кодексте
қарастырылған
қоғамға
қауіпті әрекет жасаған кезде
тұлғаның
өзінің
әрекетінің (әрекетсіздігін) қоғамға қауіптілігі мен
шын мәнісіндегі сипатын
сезіне алмауы немесе
әрекетін созылмалы психикалық сырқатының
салдарынан, уақытша
психикалық
жүйкесінің жұқаруы, ақылы кемдігі немесе
басқадай
аурушаңдық көңіл - күйінің
салдарынан басқаруын ақыл-есі дұрыс емес деп
танылады.
Қылмыстың арнайы
субъектісі тек қана
қылмысты орындаушы ғана
болады. Арнайы субъектімен
қылмысқа қатысушы
ретінде арнайы
субъектінің белгілері жоқ
тұлғалар бола алады.
Қарастырылып
отырған
қылмыстың
субъектісі ретінде қылмыс жасау кезінде он
алты жасқа толған, бала туған әйел
бола алады.
Анасының жаңа
туған сәбиін
қасақана өлтіруінің
90% жағдайында, айыптылар Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 100-бабымен
сотталуы дұрыс емес.
Жасалған қорытындыға байланысты,
анасының жаңа туған
сәбиін алдын ала ойластырылған
қасақана өлтіру жағдайы анықталған
кезде, ол айыпты
әйел барлық жеңілдететін және
ауырлататын жағдайларды ескере
отырып Қазақстан Республикасының 99
бабы бойынша қылмыстық
жауаптылыққа тартылуы тиіс.
Жоғарыда
келтірілгендерді негізге ала отырып,
анасының жаңа туған
сәбиін
босанғаннан кейін
абайсызда өлтіріп алу
жағдайында оны қылмыстық жауаптылыққа тартуға болмайды. Босану кезі
мен босанғаннан кейін
жаңа босанған әйелдің психикалық көңіл-күйіне
байланысты жас
нәрестеге дұрыс қарай
алмауы, психиканы жаралаушы
жағдайда болуы оның
қылмысты абайсызда жасауына
себеп болады.
Егерде анасының жаңа
туған сәбиін тәулік ішінде психиканы
жаралаушы оқиға жағдайында өлтірсе, ол кезде
оның әрекетін Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 100-бабы
бойынша саралау қажет.
Кәмелетке толмағандарды қалмыстық жауаптылыққа тарту
мен жазалау мәселелеріне алғаш рет ҚР
Қылмыстық кодексінің
Жалпы бөлімінің арнайы
тарауы арналған.
Бұл тарау
гуманизи мен әділеттілік принципіне
негізделген.
Кәмелетке
толмағандарға жаза тағайындау кезінде ҚР
ҚК 52-бабында қарастырылған жағдайлар, мән-жайлардан
басқа, олардың өмір сүруі мен
тәрбиелену
жағдайлары,
психикалық
дамуының
деңгейлері,
тұлғаның басқа
да ерекшеліктері, сондай-ақ оларға жасы бойынша
ересек адамдардың ықпалы ескеріледі (ҚР ҚК, 82-бабы).
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
1 Пантелеев
И.Ф. Криминалистика: Учебник.–М.–1993.–321 с.
2 Комментарий к Уголовному кодексу Республики Казахстан
от 12.10.1999г.
3 Бородин С.В. Преступления против жизни.– М.–1993.–216
с.
4 Ожегов С.И. Толковый словарь русского языка.–М.: ОНИКС.–1050 с.
5 Жижиленко А. Некоторые вопросы о
детоубийстве.–М.–1992.–118 с.
6 Пиотковский А. Начало жизни.– М.–1993.–154 с.
7 Поленов Г.Ф. Уголовное право Республики Казахстан
(Общая часть).–Алматы: Адилет пресс.–1997.– 120 с.
8 Бородин С.В. Преступления против личности.–М.–2001.–218
с.