Әл – Фараби атындағы ҚазҰУ азаматтық құқық және азаматтық іс жүргізу, еңбек құқығы кафедрасының 1- курс магистранты

Оңдасынова Райгул

Акционерлік қоғамның коммерциялық заңды тұлға ретінде құқықтық мәртебесі

Акционерлік қоғам түсінігі бір мезгілде құқық субъектісне және осы субъектінің құқықтық формасына да қолдануға жарамды. Атап айтқанда, акционерлік қоғам заңда көзделген шаруашылық қатынасқа дербес субъектілер ретінде қатысатын заңды тұлғалардың ұйымдық-құқықтық формаларының бірі болып табылады. Сонымен қатар, занды тұлға нақты формасыз өмір сүре алмайтындықтан, «акционерлік қоғам» термині арқылы, тегінде, тиісті ұйымдық-құқықтық форманы пайдаланып әрекет ететін осы қатынастың субъектісі де сәйкестендіріледі. акционерлік қоғам формасының ерекшелігі - оның әдетте немесе тікелей (сот жүргізу құқығына байланысты): (а) кәсіпкерлік (коммерциялық) қызметті жүргізу барысында және (ә) тиісті бизнестің, кәсіпкерлік істің көлемі (капитал мөлшері, активтердің құны, кәсіпорындардағы жұмыскерлердің саны, нарықтағы үлес және басқа да көрсеткіштер бойынша бағаланатын) оны ірі кәсіпкерлік ретінде айқындауға мүміндік беретін кезде қолданылатыны болып табылады. Бұл белгілер әрбір нақты заң құзыреті (юрисдикция) заңнамасымен анықталады, ал оларға сәйкестік  шағын және орта бизнеспен салыстыру бойынша істерді жүргізудің мазмұны мен формаларына қойылатын қатаңырақ талаптар қолдануға себеп болады.

Кәсіпкерлік корпорация бола отырып, акционерлік қоғам бес негізгі құрылымдық сипаттама (белгі): меншікті құқықтық субъектілік, шектеулі жауапкершілік, берілетін акциялар, табыстау негізіндегі орталық басқару жүйесі және акционерлік қоғамның капиталына салынатын салымдар негізінде акционерлердің меншігі арқылы сәйкестендіріледі.

Азаматтық кодекстің 85-бабына және «АҚ туралы Заңның» 3-бабына сәйкес, акционерлік қоғам болып өз қызметін жүзеғе асыру үшін қаражат тарту мақсатында акциялар шығаратын заңды тұлға танылады. Осы заңға сыйымды анықтаманың өзі құқықтық субъектілік, акциялар шығару есебінен мүлік қалыптастыру және осы акциялардың айналымдылығы іспетті үш маңызды дәлелді көрсетеді.

Алғашқы жағдай болып акционерлік қоғамның Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде заңды тұлға формасы ретінде танылуы саналады. Сөйтіп, акционерлік қоғамдардың дербес құқықтың субъектілігі өзінен-өзі бекітіледі, өйткені АК-тің 34-бабы, яғни заңды тұлғаның заңға сыйымды анықтамасы бойынша - акционерлік қоғамның өз атынан мүліктік және жеке мүліктік емес құқықтарды алу және жүзеге асыру, оның қызметіне байланысты міндеттерді орындау, сотта талап қоюшы және жауап беруші болу қабілеті бекітіледі. Бұндай құқықтық субъектілік акционерлік қоғамға өз қызметін тиімді жүзеге асыруға мүмкіндік беретін мүліктік негізі болып қоғамға меншік құқығымен тиесілі мүлік саналады.

Акционерлік қоғамдардың құқықтық субъектілігінің екі маңызды элементі көрсетіледі. Біріншісі акционерлік қоғамның меншігінде оның акционерлерінің мүлікпен оқшауланған мүлкінің болуы және оны өз қызметінде мақсаттарға жету үшін өз қалауынша және осы акционерлік қоғамның жеке жауапкершілігімен пайдалана алатын құқығы. Екінші элемент акционерлік қоғамның оның мүлкіне (акциялар шығару және орналастыру есебінен алған мүлікті қосқанда) деген меншік құқының еркіндігін қамтамасыз етеді және сол арқылы акционерлік қоғамды оның акционерлерінің қоғам қызметінің тоқтатылуына әкеліп соқтыруы мүмін біржақты әрекеттерінен қорғауды көздейді.

Акционерлік қоғамның үшінші белгісі - Азаматтық кодекс және «АҚ туралы Заң» нормаларында көрінетін шектеулі жауапкершілігі және ол қоғамның өзінің және акционерлерінің олардың борыштары бойынша мүліктік - жауапкершілігін мүліктерінің оқшаулануына негіздегі шектеуді белгілейді. Сонымен, Азаматтық кодекстің 44-бабына және «Акционерлік қоғамдар туралы Заңның» 85-бабына сәйкес, акционерлік қоғам өзінің қатысушыларының мүлкінен оқшауланған мүлік иеленеді, өз міндеттемелері бойынша өзіне тиесілі барлық; мүлкімен жауап береді және өз құрылтайшыларының және акционерлерінің міндеттемелері бойынша жауап бермейді, өз кезегінде, жалпы ережелер арқылы акционерлік қоғам акционерлерінің оның міндеттемелері бойынша жауапкершілік алмайтындығы және өздеріне тиесілі акциялардың құны шектерінде қоғамның қызметіне байланысты шығындардың тәуекелдігін көтеретіндігі белгіленеді.

Жоғарыда аталған құрылымдық белгілердің төртінші және бесінші акционерлік қоғамның заңды анықтамасында көрсетілмеген, бірақ олар бірнеше тұлғаның мүлкін біріктіру нәтижесінде құрылған кез келген коммерциялық, ұйымның маңызды белгілері болып табылады. Құқықтық анықтау мақсаттарында акционерлердің және олар құрған компанияның құқықтық; мәртебесін шектей отырып, заңнын, соңғыға (компанияға) зандық, және мүліктік дербестік бергені белгілі. Алайда акционерлердің өздері құрған компанияның өмір сүруіне және табыстылығына айтарлықтай мүдделі болумен қатар, акционерлер оның істерін де, мүлкін де тиісті дәрежеде басқаруға да, оның жемісті қызметінен табыс алуға да мүдделі екенін түсіну қиын емес.

Акционерлік қоғамдар туралы заңның 6-бабына сәйкес – акционерлік қоғам оны ұйымдастыру немесе бұрыннан бар заңды тұлғаны (немесе бұрыннан бар бірнеше заңды тұлғаны) қайта ұйымдастыру жолымен құрылуы мүмкін. Яғни, заң көрсеткендей, акционерлік қоғамды оны құру туралы шешім қабылдаған және заң арқылы акционерлік  қоғамнын құрылтайшылары ретінде анықталған жеке және (немесе) заңды тұлғалар құра алады. Атап айтқанда, акционерлік қоғамды оны құру туралы шешім қабылдаған және заң арқылы акционерлік  қоғамнын құрылтайшылары ретінде анықталған жеке және (немесе) заңды тұлғалар құра алатыны белгіленген.

Акционерлік қоғам құру туралы шешім алғашқы құрылтай жиналысында, яғни құрылтайшылар: қоғам құруға келісетін, құрылтай шартына қол қоятын, қоғамды тіркеушіні таңдайтын, оның жарғысын қабылдайтын, шығаруға жария етілген акцияларды мемлекеттік тіркеу туралы шешім қабылдайтын, қоғамды құру жөніндегі бірлескен қызметтің тәртібін белгілейтін және заңға сәйкес құрылтайшылардың қоғамның жарғылық капиталына төлеуге енгізген мүлікті бағалауды жүзеге асыратын адамдарды анықтайтын, сондай-ақ қоғам атынан оны мемлекеттік тіркеу үшін құжаттарға қол қоятын уәкілетті адамдарды таңдайтын жиналыста қабылдануға тиіс.

Құрылтай жиналысының барлық шешімдері хаттамамен рәсімделеді. Мазмұны оның тараптарының коммерциялық құпиясынан тұратын құрылтай шартынан айырмашьшығы - құрылтай жиналыстарының нақ сол хаттамаларының белгілі бір дәрежеде жария сипаты бар немесе (тағы да сол құрылтай шартынан айырмашьшығы) тіркеуші және басқа уәкілетті органдарға, шарттар бойынша контрагенттерге — шарт жасасушы қарсы тараптарға (мысалы, тіркеушіге, бағалаушыларға, әділет органдарына, қаржы нарықтарын және қаржы ұйымдарын қадағалау жөніндегі агенттікке) қоғам құрылтайшылары қабылдаған шешімдерді растау үшін беріледі немесе бершуі мүмкін.

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

1.     Қазақстан Республикасының «Акционерлік қоғамдар туралы» Заңы

2.     Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексі

3.     Тhе Аnаtomy оf Corporate lаw; Субъекты гражданского права. / Жауапты ред. М.Қ.Сүлейменов.

4.     Қарағұсов С.А. «Қазақстан республикасының корпоративтік құқық негіздері және корпоративтік заңнамасы»

5.     Қазақстан Республикасының «Бағалы қағаздар нарығы туралы»  Заңы