Азаматтардың құқық қабілеттілігі

 

аға оқытушы Данишбаева М.С., аға оқытушы Онласынова Г.М.

ХГТУ, Шымкент, Қазақстан

 

       Құқық қатынастарына қатысушылардың азаматтық құқықтары мен міндеттері болады, олар құқық қатынастарының субъектілері деп аталады. Азаматтық Кодекстің 1-бабында азаматтық зандармен реттелетін қатынастардың қатысушылары азаматтар, занды тұлғалар, мемлекет, сондай-ақ әкімшілік-аумақтық бөліністер болып табылады деп атап көрсетілген.
Азаматтық құкық қатынастарының субъектілері ретінде әрекет жасайтын азаматтардың басым көпшілігі - Қазақстан Республикасының азаматтары. Конституцияның 10-бабында Қазақстан Республикасының азаматтығы заңға сәйкес беріліп, тоқтатылатыны, оның алыну негіздеріне қарамастан бірыңғай және тең болып табылатыны атап көрсетілген
[1].

     Азаматтық Кодекстің 1-ші бабында көрсетілгеңдей, азаматтық-құқықтық қатынастардың негізгі субъектілерінің бірі - азаматтар. Азаматтардың құқықтық жағдайы олардың құқықтық қабілеттілігі және әрекет қабілеттілігі арқылы сипатталады. Сондықтан да азаматтық құқық қабілеттілігіне анықтама беруіміз қажет. Азаматтық Кодекстің 13-ші бабына сәйкес, азаматтық құқық қабілеттілігі дегеніміз - азаматтардың азаматтық құқықтарға ие болу және азаматтық міндеттерді атқару қабілетін айтамыз. Азаматтың құқық қабілеттілігі ол туылған кезден басталып, қайтыс болған соң тоқталады. Азаматтық құқықтың алдына қойған мақсаты сол — азаматтық құқық қабілеттілігін тек аталған саланың шеңберінде ғана көрсетпеу, себебі құқық қабілеттілігі басқа да құқық салаларының көкейкесті мәселелерінің бірі. Азаматтың құқық қабілеттілігі шығу тегіне, әлеуметтік және мүліктік жағдайына, нәсілі мен ұлтына, жынысына, біліміне, тіліне, дінге катысына, кәсібінің тегі мен сипатына, тұратын жеріне және т. б. жағдайларға қарамастан Қазақстан Республикасының барлық азаматтарына тендей мойындалады. Азаматтық құқық қабілеттілігін азаматтан айырып қарауға болмайды. Азаматтық зандарда көрсетілгендей, ол адамның ақыл-есіне, жасына, денсаулығына байланысты емес. Азаматтық құқық қабілеттілігі ол туылған кезден басталып, қайтыс болғаннан кейін тоқтатылады. Сонымен бірге занда әлі дүниеге келмеген нәрестенің, болашақ азаматтың құқығын қорғау мүмкіншілігі де көрсетілген.    

     Азаматтық Кодекстің 525-ші бабына сәйкес мұра қалдырушының тірі кезінде іште қалған, ол өлгеннен кейін туылған азаматтар да басқа мұрагермен бірдей тең үлеске тиесілі. Азаматтардың құқық қабілеттілігінің мазмұнына тоқталатын болсақ, ол жайында Азаматтық Кодекстің 14-ші бабында айқын көрсетілген. Азамат меңшік құқығы деңгейінде мүлікті алуға, мұраға салдыруға, республика аумағында" еркін жүріп-тұруға және тұрғылықты жер таңдауға; республикадан тыс жерлерге еркін шығып кетуге және оның аумағына қайтып оралуға; заң құжаттарында тыйым салынбаған кез келген мәміле жасасып міндеттемелерге қатысу; өнертабыстарға,.— ғылым, әдебиет және өнер шығармаларына, интеллектуалдық қызметтің өзге де туындыларына интеллектуалдық меншік құқығы болуға; материалдық және моральдық зиянның орнын толтыруды талап етуге құқығы болады; басқа да мүліктік және жеке құқықтары болады.

      Азаматтардың әрекет қабітеттілігі құқық субъектілігінің екінші элементі болып табылғаңдықтан оған төмеңдегідей анықтама беруге болады. Азаматтың өз әрекеттерімен азаматтық құқықтарға ие болу және оларды жүзеге асыру, өзі үшін міндеттерді туғызу және оларды орындау қабілеттілігі (Азаматтық Кодекстің 17-ші бабы). Азаматтық әрекет қабілеттілігінін маңыздылығы сонда, ол өз әрекеттерінің нәтижесіңде белгілі заңды салдардың пайда болатынын түсіну. Сонымен қатар, өз әрекеттерінің нәтижесіңде келтірілген зиянның орнын да өзі толтыру мүмкіншілігі, яғни айтқанда, әрекет қабілеттілігін тек келісімдер жасау және-олар үшін жауап беру ғана түсінгеніміз жөн, өйткені азаматта әрекет қабілеттілігімен бірге өзі келтірген зияңды өтеу қажеттілігі де бір мезгілде пайда болады.

      Азаматтың толық әрекет қабілеттілігі кәмелеттік жасқа толғаннан кейін, яғни 18 жасқа келген кезден бастап пайда болады. Заң құжаттарында 18 жасқа толмаған азамат некеге тұрған кезден бастап, толық көлеміңде әрекет қабілеттілігіне ие болады. Он сегіз жасқа толғаннан соң азамат азаматтық айналымның толық қатысушысы болып саналады. Егер заң құжаттарында өзгеше көзделмесе, барлық азаматтардың әрекет қабілеттілігі тең болады. Әрекет қабілеттілікті шектеудің екі түрі бар:

1. Әрекет кабілеттілігін табиғи түрде шектеу;

2.Әрекет қабілеттілігін сот орыңдарының шешімі негізінде шектеу.
       Әрекет қабілеттілігін табиғи түрде шектеу азаматтың жасына байланысты. Сөйтіп, азаматтық құқық теориясыңда қалыптасқан ережелерге байланысты әрекет қабілеттілігін үш түрге бөлуге болады.

-толық

-жартылай (ішінара)

-шектеулі әрекет қабілеттілігі [2].

      Азаматтардың толық әрекет қабілеттілігі туралы жоғарыда айтылып кеткендіктен, оған тағы қайтып оралудың қажеті жоқ. Азаматтық кодекстің 23-ші бабында атап көрсеткендей 14 жасқа дейінгі кәмелетке толмағандар үшін мәмілелерді, бір заң құжаттарында өзгеше көзделмесе, олардың ата-аналары, асырап алушылары немесе қорғаншылары жасайды.

      Азаматтық құқықтарды иеленіп оны жүзеге асыру үшін азаматтық құқықтың бастаулары басшылыққа алынады, кеңінен айтатын болсақ ол нормативтік сипаты бар, қоғамдық қатынастарды азаматтык-құқықтық реттеу бастамасын басшылыққа алатын негіз. Ол Қазақстан Республикасы азаматтық заңының мейлінше маңызды тұстарын көрсетеді. Демек азаматтық заңды түсіну мен оны қолдану азаматтық құқықтың тек жалпы қағидалары арқылы мүмкін болады. Қағидалар Азаматтық құқық жүйесінде әрқашанда бастапқы норма болып саналады. Сондықтан да басқа нормалар онымен жанама түрде көрініп, жалпы сипат алады, демек қағидалар өзгелерден басым түседі. Қағидалар азаматтық-құқықтық нормалардың барлық жүйесін қамтып, басшылыққа алынады. Азаматтық кодекстің 2-бабындағы азаматтық зандардың жалпы негіздері мен мәнісін бекіте түсуіне байланысты, енді қағидалар нормативтік мәнге ие болды және оны колдану міндеттілікке айналды. Бұрын-соңды азаматтық қағидалар заң нормаларында арнайы термин немесе тиянақты тұжырындама ретінде бекітілмеген еді, тек "азаматтық заңның жалпы негіздері мен мәнісіне байланысты" деген жалпы тұжырымдамамен шектелетін (Қазақ КСР АК-тің 4-бабы).

      Профессор Ю.Г.Басин азаматтық құқық қағидалардың ролі мен маңызы туралы былай деп тұжырымдайды:

-  Біріншіден, ол тікелей әрекет ететін нормалар түрінде кездеседі.

- Екіншіден, ол жаңа заңды жасау немесе бұрынғы заң құжаттарын өзгерту кезінде ескеріледі.

-Үшіншіден, құқық ұксастығын қолдану қажет болған жағдайда заң қағидалары басшылыққа алынады.

-Төртіншіден, мұндай қағидалар құқықтық нормалардың бастапқы мазмұнының немесе шарт талаптарының тиісті жағдайларының мазмұнының түсіндірілуі жүзеге асырылғанда назарға алынуы тиіс (мысалы, Азаматтық кодекстің 6,392- баптарын қараңыз).

- Бесіншіден, заң қағидаларына сүйене отырып, заң нормалары арасындағы қарама-қайшылықты жоюдың жолдарын табуға болады, мұның өзі егер бұл аталған жағдай кездескенде ғана қолданылады. Осы мәселелерге орай оған екі жағдайды қосып айтуға болар еді: біріншіден, қағидалар тек заң актілері жүйесінің сипатын көрсетіп қоймайды, сонымен қатар ол заңгерлердің құқықтағы құқықтарын белгілейді. Екіншіден, азаматтық құқық қағидалары өзінің реттеу жүйесі арқылы бірқатар мемлекеттік құқықтық институттар мен нормаларды, яғни бірінші кезекте азаматтардың конституциялык құқығын азаматтық құқықтар аркылы өзіне тән тәсілдермен қорғауды нақтылай түседі.

Азаматтық құқықтын мынандай қағидалары бар:

1)азаматтық-құқықтық қатынастарға қатысушылардың тендігі;

2) меншікке және басқа заттық құқыққа қол сұқпаушылық;

3) шарт еркіндігі;

4) жеке істерге кімнің болса да озбырлықпен араласуына жол беруге  болмайтындығы;
5) азаматтық құқықтарды кедергісіз жүзеге асыру;

6) нұқсан келтірілген құықтардың қалпына келтірілуін қамтамасыз ету;
7) азаматтық құқықты сот арқылы қорғау [3].

      Міне, осы қағидалардың бәрі де Азаматтық кодекстің "Азаматтық зандардың негізгі бастаулары" деп аталатын 2-бабын да бекітілген. Яғни сол арқылы мемлекет пен қоғамнын азаматтық зандарының алдына қойған мақсаты мен міндетін орындаудағы азаматтық заңның демократиялық және ізгілікті қасиеттері көрініс береді.Енді осы көрсетілген қағидаларды талдасақ дейміз.
      Азаматтык, құқықтык, қатынастарға қатысушылардың теңдігі қағидасы азаматтық құкықтың басты қағидаттарының бірі, олардың катысушыларының теңдігіне байланысты келеді. Азаматтық қатынастарға катысушылардың теңдік қағидасы қоғамдық қатынастарды азаматтық-құқықтық реттеу әдістемесінің өзімен айқындалады. Яғни бұдан азаматтық-құқыктық қатынастарда тараптардың жағдайы тәуелсіз, тең дережеде болатындығын көреміз. Демек, азаматтық қатынасқа қатысушының бірі екіншісіне тіптен бағынышты емес, ал тәуелділігі оның мінез-құлқына, екіншісінің ерік-жігеріне қатысты болмау керек.

       Азаматтық заңмен реттелетін мүліктік және мүліктік емес қатынастар жүйесінде субъектілер теңдігі төмендегідей жәйттерді білдіреді:
1) мемлекет немесе оның әкімшілік-аумақтық бөлінісі азаматтық-кұқыктық қатынастарға жалпы негізде, өзге қатысушылармен тең құқықта қатысады. Бір айта кететін жайт, азаматтық-құқықтық қатынастардағы мемлекеттің жауапкершілік ерекшелігі (дербес иммунитеті) занда көрсетілмеген (АК-тің 111-114 баптары);

2) занды тұлғалардың құқықтық мәртебесі жеке тұлғалардың мәртебесіне біртабан жақын келеді. Мысалы, қазіргі кезде азаматтар ғана емес, заңды тұлғалар да шартпен өздерінің құқықтары мен міндеттерін белгілей алады, сондай-ақ заңға қайшы келмейтіндей шарт талаптарының кез келгенін таңдауға ерікті; занды тұлға және заңды тұлға құрмай кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын азаматтар еңбек шартын, оның ішінде келісім шартты жасасуға құқығы бар;

3) егер заң құжаттарында өзгеше көзделмесе, шетелдік жеке және заңды тұлғалар, сондай-ақ азаматтығы жоқ адамдар, азаматтық зандарда ҚР-ның азаматтары мен занды тұлғалары үшін қаңдай құқықтар мен міңдеттер көзделсе, нақ сондай құқықтарға ие болуға құқылы және сондай міндеттерді орындауға міндетті (АК-тің 3-бабының 7-тармағы) [4].

      Қазақстан Республикасы Конституциясының 6-бабында меншік иелерінің құқын қорғауға байланысты теңдік қағидасы тұжырымдалған. Мұның өзі оларға қатысты құқыктардың бұзылуына қарсы қорғану құралын субъектілер бірдей қолданады дегенді білдіреді. Меншікке және басқа заттық құқыққа қол сұқпаушылық қағидасына тоқталсақ, меншікті құрметтеп, оған ешкім қол сұқпайтын елде ғана азаматтар жайбарақат өмір сүре алады. Сондыктан да әрбір қоғамда меншік ерекше мәртебеге ие болып, оны қасиетті әрі қол сұғылмайтын нәрсе деп бағалайды. Адамның белгілі бір затты иеленуі оны тұтынуы, белгілі бір мақсатына, яғни керегіне жаратуы үшін керек, сондықтан ол бұл орайда кызмет ету құралын бәрінен де жоғары кояды. Мемлекет пен құқық, оның ішінде азаматтык құқық мұндай жағдайды қамтамасыз етеді. Ресей Федерациясының Азаматтық кодексінде арнайы былай деп жазылған: "Шетелдің заңды тұлғалары, азаматтары және мемлекеттерінің қатысуымен азаматтық заң арқылы реттелетін Ресей Федерациясының жауапкершілігі мен Ресей Федерациясы субъектілерінің ерекшелігі мемлекеттің иммунитеті және оның ерекшеліктері жөніндегі заңмен айқындалады". РФ-нын АК-і 127- бабы [5].

      Қашан да меншік кұқығы азаматтық құқықтың орталық институты болып есептелген және меншік иесінің кұқығын қорғауды барынша талап еткен. Міне, сондықтан да азаматтық құқық меншіктің кол сұқпаушылық қағидасына негізделеді. Меншікке қол сұқпаушылық Азаматтық кодекстің, басқа нормаларында да өзіндік көрініс тапқан, ал оны нақтылайтын тұжырымдама Конституцияның 26-бабының 3 тармағында бекітілген. Яғни онда былай делінген: "Соттың шешімінсіз ешкімді өз мүлкінен айыруға болмайды. Заңмен көзделген ерекше жағдайларда мемлекет мұқтажы үшін мүліктен күштеп айыру оның кұны тең бағамен етелген кезде жүргізілуі мүмкін". Конституцияның бұл қағидалары Азаматтық кодексте реквизициялау, күтімсіз ұсталған мәдени жөне тарихи қазыналарды сатып алу және т.б. қатынастарда қолданылады (АК-тін 253,254, 256-баптары).

      Қазіргі кезде занда меншік қүқығымен қатар меншік иесі болып табылмайтын адамдардың заттық құқықтары да қаралған, оларға да қол сұкпаушылық қағидасы қолданылады. Айталық

а) жерді пайдалану қүқығы;

ә) шаруашылық жүргізу қүқығы;

б) оралымды баскдру құқыш;

в) өзге де затгық қүқыктар (АК-тің 194—195 баптары).

       Кей жағдайда меншік құқығы шектеулі болуы да мүмкін. Мысалы, Жер кодексінде жер қатынастары субъектілерінің өздеріне тиесілі құқықтарды жүзеге асыруы табиғи объект ретінде жерге, айналадағы табиғи ортаға, сондай-ақ басқа адамдардың құқықтары мен заңды мүдделеріне зиян келтірмеуі жөнінде айтылған. Бірақ та заң арқылы белгілі бір дәрежеде шектеу қойыла тұрғанымен азаматтық заңдағы меншік құқығының алар орны ерекше, ал меншік иесі нарықтың, басты тұлғасы болып табылады. Бұл бұрын-соңды болмаған меншік кұқығын корғаудың жаңа тәсілдерінің өмірге келуімен байланысты болып отыр. Мысалы, оған козғалмайтын мүлікті мемлекеттік арнайы тіркеуге енгізу жатады (АК-тің 118-бабы), сондай-ақ қозғалатын мүліктің, мәселен, бағалы қағаздардың меншік құқығын сенімді де жедел ұштастырудың жаңа тәсілдері жасалды (АК-тің 129-140-баптары) [6].

      Шарт еркіндігі қағидасы бойынша зан шығарушы меншікті емін-еркін пайдалану үшін заңды негіз жасайды, сол арқылы азаматтық субъектілердің өздеріне контрагентті таңдауына, шарт талаптарын мүлдем дербес айқындауға әрі оны тағайындауға мүмкіндік береді.  Бұл қағида нарықтың дамуына және бәсекеге қажетті алғышарттарды жасайды, міне, сондықтан да ол кәсіпкерлік қызмет үшін ерекше маңызға ие. Сонымен АК-тің 10-бабының 6-тармағында әрбір тұтынушының тауарлар сатып алу, жұмыс пен қызметті пайдалану үшін еркін шарт жасасуға мүмкіндігі бар.

      Жоғарыда аталған азаматтық құқықтың негізгі қағидалары, ең бірінші азаматтардың мүдделерін оның ішінде мүліктік емес құқықтарын қамтамассыз етуде басшылыққа алынады.

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

 

1. Мемлекет және құқық теориясы К.Жоламан, А.Мұқтарова. Алматы 1999ж.

2. ҚР Азаматтық кодексі (жалпы бөлім) 27 желтоқсан 1994ж

3. Азаматтық құқық. Тілеуғалиев Ғ.И. Том-1. Қаз ГЮА. 2001ж                              

4. Избранные труды по гражданскому праву. Басин Ю.Г. Алматы, 2003.

5. Гражданское право. Ч. І. Под.ред. Сергеева А.П., Толстого Ю.К., М., 

    Проспект, 1997г.

6. Русское гражданское право. Мейер Д.И.  ч.2 М.: Статут, 1997, 3 бет.