ОТБАСЫ МӘДЕНИЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДА ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛДАРДЫҢ  ӘСЕР ЕТУІ

п.ғ.к., доцент Б.У. Курбаналиев, магистр Г.А. Дуйсенбиева

 

Елбасымыз Н.Назарбаевтьғң "Қазақстан-2030" стратегиялық бағдарламасында және Қазақстан халқына Жолдауында: "Біз жергілікті деңгейде де отбасын, әйелдің жүкті кезін және балаларды тәрбиелеуді қолдаудың жаңа жолдарын табу керекпіз. Неке мен отбасы институтын нығайтудың жолдарын мұқият талдау, жалғызбасты аналар проблемасын шешу керек. Егер біз адамгершілігі жоғары қоғам болғымыз келсе, жұбайлардың бір-бірінің алдындағы, ал ең бастысы, балаларының алдындағы жауапкершілігін күшейтуге тиіспіз. Ата-аналар балаларына, ал балалар өздерінің қартайған ата-аналарына қамқор болғанда, әйел отбасы мен қоғамда құрметке ие болғанда - еліміз үшін аландамауға да болады. ...Қандай жағдайда да, әйелдің өмірі мен денсаулығына қауіп төндірмейтін отбасын жоспарлаудың өркениетті жолына түсуіміз керек. Жас шамасына қарай жүргізілетін саясатта біз жастар мен жеткіншек ұрпаққа, сондай-ақ жас отбасыларға көңіл бөлуді күшейтуге тиіспіз," - деп атап көрсетті.

Сондықтанда, бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің бірі - отбасы тәрбиесі, оның беріктігі. Әсіресе, отбасындағы әртүрлі ситуациялардың баршаға тигізетін психологиялық әсері. Отбасы мәдениетін қалыптастыруда осы мәселелердің шешімін табу әрбір адам үшін маңызды да мәнді іс-әрекет болмақ.

Әрине күнделікті өмірде бала кейде килікпейтін жерге килігіп озбырлық көрсетеді (агрессия). Кейде үлкеннің де кішінің де айтқанына қалт еткізбей мойын ұсынып, моп-момақан күй танытады. Дегенмен бөбектің, жеткіншектің өзін бұлай - әркезде әрқалай ұстауы олардың бойында бәрібір белгілі бір мінезге бейімдік болатынын, оның табиғатында не озбырлық не момындық басым түсіп жататынын жоққа шығармайды. Өскен отбасы, жүрген ортасы, көрген-білгеніне дейін бірдей бір үй, «Әр ата-ана балалары мінез-құлқының өзі бір-бірінен бөлек, тіпті кейде қарама-қайшы қалыптасатынынын себебі неде?

Себеп әркімнің мінез-құлық ауанының (темперамент) ә деп дүние есігін ашқаннан әрқилы болатынылда, - деп байлам айтады бұл ретте психолог, педагог ғалымдар. Мінез-құлық ауанының неге әрқилы болатынын олар мида, мидағы жүйке жасушаларында не ширығу (возбуждение) не тежелу (торможеңие) үрдісінің басын болатынымен түсіндіреді. Біреуді жүйкесі мықты, біреуді жүйкесі әлсіз деп жататынымыз сондықтан, - дейді олар.

Ал еңді жүйкенің мықтылығы мен әлсіздігі қалай ажыратылады дегенге келсек, ол әркімнің кінен қалып-дағдысынан оп-оңай аңғарылады. Мәселен, жүйкесі мықтылар қандай қиын деген жұмысты да қайраттанып, жігерленіп, ықыласпен атқарады. Жүйкесі әлсіздер осыған керісінше қиындық. ауыртпалық, қауіп-қатер дегенен қарадай тайсақтап, реті келсе қалайда іргесін аулақ салуға, өзі кедергі-кесапат көргеннің бәрін айналып өтуге тырысып тұрады. Олар дұрыс болсын, бұрыс болсын біреудің айтқанына көнуге, бағынуға дайын. Өзінің ой-пікірін біреуді, біреулерді сөзсіз мойындау, өзін сонікі дұрыс деп сендіру арқылы басып тастап, тойтарып, тежеп тастап отырады.

Жүтікесі мысты, қажырлы мінез иелерін психологтар одан әрі байыпты (сангвиник) мен күйгелектерге (холерик) бөледі. Сол сияқты ұяң, қажыр-қайраты кімдерді уайымшылдар (меланхоликтер) деп атайды.

Бала тәрбиесіне осындай психологиялық топтау, жіктеу тұрғысынан келгенде, озбырлық негізінен күйгелектердің (холерик), момындық уайымшылдардың (меланхолик) үлесіне тиеді. Алайда жүйкесі әлсіз баланы момындыққа, жүйкесі мықты баланы озбырлыққа әкелетін көбіне-көп тәлім-тәрбие екенін естең шығармауға тиіспіз. Мәселен, өзі жүйкесі жұқа сәбиге, жеткіншекке кит етсе жаза қолданып, ақырып-жекіре берсеніз, оның аузынан сөзі, қойынынан бөзі түсіп, күн жаумай суға малшынып жүретін деген қоян жүрек, көкежасық, ынжық болып шығуы қиын емес. Ал еңді осы «жазалағыш», «ақырғыш-зекіргіш» тәрбиеңізді жөн-жосықсыз қолдана берсеніз жүйкесі мықты балаңыз дау-дамайсыз жүрмейтін, аяу, мүсіркеуді білмейтін, нағыз «сен тұр, мен атайын» әпербақан озбырға айналуы әбден ықтимал. Сондықтан ата-анаға, тәрбиешіге жеткіншектің бойындағы жағымсыз қылықтарды ненің ушықтыратынын ненің тежейтінің білуге ұмтылмауға болмайды.

Баланың мінез-құлқына әсер ету, оны ептеп болса да өз қалауыңа қарай бағыттау үшін, әрине, алдымен момындық пен озбырлықтың аражігін ажыратып алуға тура келеді. Мұны бітудің мамандар ешқандай қиындығы жоқ деп есептейді. Мысалы, бесіктегі нәрестенің өзінің әрқайсысының қылығы әртүрлі. Біреуі тыныш, орынсыз жылаудан, ызақорлықтан аулақ, біреуі ашушаң, кекшіл, өзі каламаған нәрсеге бақырып-шақырып көнбейді. Әлбетте, бұл екеуінің алғашқысы момындыққа, екіншісі озбырлыққа бейім екенін білу үшін педагог немесе психолог болу міндет емес. Сол сияқты 5-6 жасар сәбидің де біреуі біреуіне басымдық көрсетеді, билік жүргізгісі келеді, келесі біреулері өзінің қалауынан гөрі біреудің айтқанын орындауға бейім, өзгенің ырқына көнгіш болады.

Момын балаға мінез-құлқын сынап-мінегеннен гөрі белгілі бір нәрселерді қалай атқару, қалай айту керегін түсіндіру дұрыс, - дейді мамандар. Мәселен, біліп тұрған нәрсесін қысылып, қымтырылып зорға жеткізетін жеткіншекке «ұялма, батыл бол» деп ақыл айтқаннан да, оған былай айт, - деп өзің көрсетіп берген, қосылып айтып үйреткен тиімді, - деп біледі олар. Оның болмашы жетістігін елеп-ескеріп, ретін тауып мақтай білсен, өзіне-өзінің сенімін оятасың, бойына батылдық үйірілтесің.

Бала бойындағы озбырлықтың мамандар тиімсіз жағы да, тиімді жағы да бар, - дегенді айтады. Себебі озбырлықтың белсенділік, табандылық сияқты қасиеттермен де ұштасып жатуы әбден ықтимал. Ата-ана, тәрбиешілерге  бұл ретте озбыр бөбектің немесе жеткіншектің мінезіндегі қиянаттылықты тежеу, табаңдылық, мақсаткерлікті қуаттап, қолдау ұсынылады. Ғалымдар озбырлықты баланың өзіне жасаған үстемдікке қарсылығы, өзіне құлақ аспаушылыққа көнбеуі туғызатынын ескертеді. Жеткіншекті, сәбиді мінез-құлқынан жақсылық тауып, мақтай білген, аялап, жақсы көрген, қастерлеп, қадірлеген ата-ана оның бойындағы қатігездік, озбырлықты сөз жоқ, тежейтінің алдыға тартады.

Қысқасы, психология іліміне зер салсақ, озбырлықтың да момындықтың да ертеңгі азамат үшін жағымсыз һәм жағымды жақтары бар. Бала мінез-кұлқының бұрысын тежеп, дұрысын ұштай білу тәрбиенің, дәлірек айтсақ, тәрбиешілердің, ата-ана мен ұстаздардың мойынындағы міндет.

Отбасындағы күш қолдану - отбасының ыдырауына алып келетін ситуация. Әдетте, отбасы адам үшін шаршағанда дем алатын, куанғанда қуанышын бөлісетін, қайғырғанда көңіліндегі қаяуын сейілтіп, жұбаныш табатын тірек екені рас. Дегенмен, осы отбасындағы күйеуі мен әйелді, қарттар мен немерелер, балалар мен олардың өгей әке-шешелер арасындағы қол жұмсауға әкелетін кикілжіндердің болатынына көз жұмып қарауға болмайды. Осылардың ішінде, ең көп таралған модель - бұл еркек тарапынан болатын әйелге күш көрсету болып табылады.

Әйелге күш көрсетудің қол жұмсаумен қоса экономикалық, эмоционалдық, психологиялық, жыныстық, рухани жәбірлеу сияқты түрлері болатындығын да айта кеткіміз келеді. Бірақ, күш көрсетудің бұл түрлері көпшілік әйел адамдар үшін отбасы жеке шаруа деп түсінілетіндіктен, сырт көзге білінбей, жабулы қазан күйінде кала беретіндігін түсіну қиын емес. Өз ошағын сөндірмей, шаңырақты сақтап қалу сезімі біздің әйелдерімізде өте-мөте жақсы дамыған. Мұнымен қоса, әйелдердің өз құқықтарын жете білмеуі де бұл жәбірге шыдап жүре беруінің бірден-бір себебі болуы мүмкін. Егер күйеуі арына тиетін сөздер айтып, кекетіп-мұқататын болса, өзінің қалауынсыз жыныстық қатынасқа мәжбүрлейтін болса, отбасы бюджетін бөлуге, пайдалануға қатыстырмайтын болса, мұның барлығы да қол жұмсауды айтпағанның өзінде күйеуі тарапынан болатын әйелге зорлық-зомбылық болып табылады.

Отбасында күш қолдану - жаңа пайда болған, сондай-ақ сирек кездесетін құбылыс емес. Көптеген елдерде, отбасында әйелге зорлық-зомбылық болған жағдайда, оның құқын қорғауға маманданған адвокаттар бар. Бұл проблемада әлеуметтік шекара да жоқ. Жәбірлеуші - оқымысты да, бизнесмен де, жоғары білімді де, қаталы да, қайыршы да, ішкіш те, қалалық та, ауылдық та болуы мүмкін.

Ең бастысы - жұбайлар арасындағы барлық дау-жанжал, өзара бір-бірін тілдеу балалардың көз алдында болатылдығы, ал оның жағымсыз жағы бала бойында ізсіз қалмайтындығы да құпия емес. Әдетте, кішкентай бала анасын қорғауға талпынады. Көп жағдайда ересектердің өзін-өзі ұстай алмауының салдарынан бала да жапа шегеді. Бала тек қана дене жарақатын алып қана қоймайды, оның бүкіл өмірінде із қалдыратын терең психологиялық зардап та шегеді. Психология заңдылығы бойынша мұндай отбасында өскен бала осы мінезді өз отбасында қайталайды екен. Балалар мұнымен қоса, тұйықталып, депрессияға ұшырайды, өз абырой сезімдері өте төмен болады, сондай-ақ. жанжал құмар немесе барлық нәрсеге немқұрайлы қарайтын болып өседі. Көптеген «қиын балалардың» тап осындай отбасылардан шыққандығы айқыл болып отыр. Ең ақырында бала отбасының қиын мәселелерінен аулақтау үшін тәуелсіз өмір сүруге ұмтылады да, өз жан тыныштығын нашадан, ішімдіктен іздей бастайды.

Отбасындағы сыйластық - отбасының нығаюына алып келетін психологиялық ситуация, ерлі-зайыптылардың «бейбіт қатар» өмір сүруі бүгінгі XXI ғасырдағы отбасы үшін де оңай шағылатын жаңғақ емеске ұқсайды. Бір-бірінен қосыла салып қашып кұтылғандар, алты-жеті жыл айқасып барып ажырасқандар адым ашып, алысқа ұзамай-ақ өз арамызда да андыздап жүр. Ұлы қырма сақалға айналып, қызы сары қарын тартқанда аттың басын кері бұрыл, қосағымен кетісіп жататындар қаншама!

Соның бәріне бәйбіше мен отағасының бірін-бірі түсінбеуі, бір-бірімен елдесер елшілік қасиеттең хабарсыздығы себепші, - дейді отбасының хал-жайын қалт еткізбей қадағалап жүрген психологтар. - Мәселен, қай әйел де жарынан өзіне деген жаңашырлық, қамқорлық күтеді. Тамақ істеп не үй жинап, әйтеуір бір шаруаға тұмсық сұғып, қапылып жатқан бәйбішеңізге шаршадың ғой, демалсаңшы енді, - деп қойсаңыз, мойныңдағы жүктің қақ жартысын жұлып алғандай жеңілденіп сала береді. Сондай-ақ айымдар мен ханымдардың табиғатын бір адамдай танимыз дейтін мамандар ер азаматтарға қай істе де қосағымен кеңесіп, «өзің бұған не дейсің?» деп отыруды кеңес қылады. Бәйбішенің әлдебір істі тындырғанын көргенде «өзің болмасаң күнім не болар еді, сенің жөнің бөлек-ау» - деп қолпаштап қоюды да ұмытпа, - дейді.

Ал ер адамның көңілінен шығудың еш қиындығы жоғының басы ашық десек те болатындай. Атап айтқанда керемет өзің ғана, басқалар саған қайдан жетсін, өзіңе кезіккеңіме, шүкір, - дегендей сөздердің орайыл тауып, орылымен қолдана білсен, отағасың отты айналған көбелектей көз алдында көлбендейді де жүреді, - дейді зерттеуші мамандар.

Бейбіт «қатар өмір сүріп», қосағыма қадірлі боламын, қоса ағарамын десеніз, бұл үшін берілген кеңестерді – сыйластық «формуласын» сіз де қолданып көріңіз.

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

1.     .Қазақстан - 2030. -Алматы: ЮРИСТ, 2001. -104 б.

2.     .Мұрат Белгібай. Отбасы және денсаулық. Алматы. 2-2005. -9 б.

3.     .Раушан Омарова. Тәрбие жұмысы. Алматы. №5, 2005. - 10 б.

4.     .Егінбай Әбдірахманұлы. Отбасы және денсаулық. Алматы. 4-2005. - 86.