ОӘЖ 159.92

 

КЕЛІНДЕРДІҢ ЖАҢА ШАҢЫРАҚҚА АДАПТАЦИЯСЫНЫҢ ӨЗІНЕ ТӘН ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ҚАСИЕТТЕРІ

п.ғ.к., доцент Б.У. Курбаналиев, С.Ж. Мырзамуратова

 

Бүгінгі таңда бірнеше ғалымдарымыз жанұя және жанұядағы қарым-қатынастар мәдениетін, сондай-ақ жанұядағы ата-аналар мен перзенттер қатынасын, ене мен келін қатынасын, жастардың ажырау себептерін өз ғылыми еңбектерінде анықтауға ұмтылуда. Бұл мәселелерді кеңінен үйреніп, олардың негізгі себептерін бақылауда бірқанша ғалымдарымыз ат салысып келеді. Әрине, мәселелерді шешуде ғалымдарымыз өздерінің түрлі ғылыми зерттеулерінен туындай келе дәлелдеуге ұмтылуда.

Олардан, педагог-ғалымдар бұл мәселені тәлім-тәрбие негізінде зерттеп, жанұяның жас ұрпақ тәрбиесіндегі орнына кеңінен назар аударып, жанұядағы тәрбиені жалпы тәрбиенің бір негізі ретінде дәлелдесе, психолог ғалымдарымыз жанұя және жанұя мүшелерінің қатынасына этнопсихологиялық негізінде анықтауға ұмтылып, олар өз ғылыми зерттеулерінде жанұядағы ата-аналар мен перзенттердің қарым-қатынасын, сонымен қатар жанұяда кездесетін ұрыс-керістердің себептерін бақылап, бұл мәселелердің шешу жолдарын қарастыруда. Этнолог-тарихшылар бұл мәселелерді дәлелдеуден алдын, жанұяның пайда болуы негізіне назар аударып, сондай-ақ жанұядағы өзара қатынастар мәдениетінің дамуына байланысты мәселелерге де тоқталып, ежелден келе жатқан әдет-ғұрыптар, салт-дәстүрлеріміз, әрине, жас ұрпақ тәрбиесіне де мол ықпалын тигізуін анықтады.

Философ ғалымдар жоғарыдағы мәселелерді дәлелдеп, олардың пікірінше адамзат және қоғамның өзара қатынасы жөнінде жалпы аксиологиялық заңға сүйеніп, адам әлеуметтік қатынастар бірлігінен қалыптасқан деген теориялық концепцияны алға тартады.

Сонымен қатар, Орта Азия ғалымдары- Фараби, Беруни, Ибн Сино, Юсуф Хос Хожиб, Кайкавус, Девони, Бедил, Бехбуди, Фитрат және басқалардың шығармаларында жанұя және жанұядағы қатынастар мәдениеті жөнінде көптеген пікірлерін атап өткен. Өйткені, жанұя-қоғамның бір бөлігі болып саналады. Егер жанұяда тыныштық-бірлік, ырыс-ынтымақ болса, онда мемлекеттің өсіп-өркендеуіне, көркеюіне септігін тигізері анық . Демек, мемлекеттің дамуы, өркендеуі мен тыныштығы, шаңыраққа да байланысты. Жанұяны басқару-қоғам өмірін басқарудың бір бөлігі. Шаңырақ иелері арасындағы сыйластық, сенім, құрмет, адамгершілік, сол ортада тәрбие алып жатқан жас ұрпаққа да өз әсерін тигізеді. Әрбір шаңырақтың өзінде ерлі-зайыптының, ата-анамен перзенттердің, ата-ене мен келіннің, жеңге мен қайын сіңлінің, басқа да туыс жандардың өзара қарым-қатынасы бар.

Сол шаңырақ иелерінен бірі-келінді біз өсіп-өнетін береке деп есептейміз. Олардың жаңа ортаға тезде сіңісіп кетуінде, отбасының ұйтқысы-енелердің қолында болуының да үлкен рөлі бар. Өйткені, біз кейбір отбасында ене мен келін арасындағы түрлі ұрыс-керістердің кездесіп тұруына көз жұма алмаймыз.

Отбасындағы ене мен келін арасындағы ұрыс-керістер, біріншіден, шаңырақтың берекесін кетірсе, екіншіден, сол ортада өсіп келе жатқан жас ұрпақтың психикасына өз әсерін тигізеді. Қазіргі уақытта жанұядағы ене мен келіндердің өзара келіспеушіліктерінің негізгі себебін анықтау күрделі мәселелерден бірі болып тұр. Бұл тек ғалымдарымызды қызықтырған мәселе емес, керісінше, өткен ғасырлардаңы ірі тұлғаларымызды да қызықтырып келген. Солардан бірі-Ахмед Даниш өзінің «Наводир-ул-вақол» шығармасында ене мен келін арасындағы келіспеушіліктерді жазып; «ене мен келін арасындағы ұрыс-керіс өткен дәуірлерде де болған, қазір де бар, бұдан кейін де болады. Олар не үшін жанжал шығарады? Себебі, олар не үшін жанжал шығарып жатқанын өздері де білмейді ,- дейді.

Сондықтан қазіргі таңда, бірнеше психологтар мұның негізгі себебін анықтауға ұмтылуда. Олардың ізденістеріне қарағанда, кей қыздар тұрмысқа шыққанға дейін олардың санасында енеге, ене мен келін қатынасына теріс пікір қалыптасады. Олар көбінесе енеге жаман образ ретінде баға беруге әрекет жасайды. Тұрмыс құрғаннан соң олар өздері ойлаған идеал енемен емес, нақты дүниедегі енемен жасай бастайды. Сөйтіп олар өздерінің идеалындағы енеден нақты ененің айырмасын іздейді. Нақты ене жақсы болуы мүмкін, бірақ келін өз идеалына сүйеніп, жаман ене образындағы кемшіліктерді өмірдегі енеден іздей бастайды. Бойында бар кемшілігін табуы мүмкін, бірақ жоқ кемшілігін де табуға әрекет жасайды. Өйткені, келін өзінің идеалы алдағанын тән мойындағысы келмейді.

Сол үшін жаңа түскен келін, шаңырақ иелеріне баға беруге асықпауға тиіс. Себебі, түймедей нәрсені түйедей етіп шығаруы мүмкін. Жаңа түскен келін салмақты, сабырлы болып, шаңырақ иелерінің лажы барынша жақсы әрекеттерін көруге талпынғаны жөн. Өзінің де сол шаңырақтың бір мүшесі болғанын ұмытпауы керек. Сонда отбасында тыныштық, ырыс-береке болады.

  Кей отбасындағы енелер келіннің жас екендігін, қызығушылығын, мақсатын, жұмыс істейтінін, оқитынын есепке алмайды. Өйткені, кейбір отбасындағы енелердің өмір бойы үй бикесі болғандары да бар. Олар өкіметтің жұмысы мен тұрмыс-тіршілігін бірге қатар жүргізуді бастарынан өткізбеген.Сол үшін мұндай енелер өздері қандай келін болса, сондай болуын талап етеді, оны түсінуге әрекет жасамайды. Соның нәтижесінде мұндай енелердің талабын орындамаған келін жаман атқа ілеге бастайды.

Көптеген қыздарымыздың жаңа отауға үйренуі біраз ауыр өтеді. Бұл ене мен келін арасында кірбің тууына әкеп соғады. Әр шаңырақтың өз ортасы, әдеті, заңдары болады. Жаңа түскен келін өзімен бірге туылып өскен үйінің ортасын, әдет-ғұрпын, да ала келеді. Сол үшін кейде ене мен келіннің жанұядағы іс-әрекеті бір-бірімен сәйкес келмей қалады. Бұл олардың түсінісіп кетуіне кедергі жасайды.

Жас келіннің жаңа ортаға тез сіңіп кетуінде-психологиялық адаптацияның да орны ерекше. Психологтардың дәлелдеуінше, жас келіннің жаңа шаңыраққа тез үйренісіп кетуінде олардың мінез-құлқы, сондай-ақ адамның тума қасиеттерінен бірі болып саналатын-темпераметтің де үлкен рөлі бар. Өйткені, әрбір адамның темпераменті оған туа біткен қасиет болып саналады. Темперамент төрт классификацияға бөлінеді. Олар: холерик, сангвиник, флегматик, меланхолик. Бұл төрт темперамент тікелей адамның нерв жүйесімен байланысты. Сонымен қатар төрт темпераменттің қасиеттеріне қарап, экстраверт, интраверт, сензитивтік, реактивтік, активтік, эластик және ригидттікке ажыратамыз. Темперамент  қасиеттерінің характеристикасы төмендегідей:

Сензитивтік.Жоғары сензитивтік адам күшсіз қозғатушыларға өте әсерлі болады. Бұл есе біріншіден, тез ашуы шығатын, ренжитін етіп қояды. Екіншіден, сезгір әсерлерге өз әрекеттерін сездіруге қабілетті болады.

Реактивтік. Ол сыртқы және ішкі әсерлерге жауап беру дәрежесінде анықталады.

Активтік. Ол адамның өз әрекеттерін өз мақсатына қаншалықты бағындыра алуында, түрлі қиыншылықтарды жеңе білуінде айқындалады.

Эластик және ригидтік.Олар адамның жаңа ортаға : режімге, талаптарға, адамдарға үйренуінің жеңілдігі яки болмаса қиыншылығында көзге түседі. Мәселен, кейбір келіндер жаңа ортаға тезде үйренеді бұл-эластик, басқаларда есе мінез-құлқы және әдеттері қатып қалған бұл-ригидтік болып саналады.

Экстраверт және интраверт.Егер адамда сыртқы әсерлер күшті әсер етіп, оның мінез-құлқын белгілеп беріп, оған жол көрсетсе бұл-экстраверт, егер өзінің ішкі эмоциялары әсер етсе бұл-интраверт болады.

Темперамент типтеріне төмендегідей характеристика беріледі:

Холерик - қайратты, бірақ ұстамсыз, қызба адам. Оның сензитивтігі төмендеу келеді, бірақ өте актив және реакциясы жылдам. Оларда реактивтігі активтілігінен басым келеді. Сабырсыз, бірақ тыным білмейді, әрекеттері өте тез болады. Қызығушылық оларда жоғары деңгейде. Бірақ, көңіл беру процесін бір объектке жинауға қиналады. Сөйлеу қабілеті тез болғандықтан, лезде жауап қатуға әрқашан даяр тұрады. Іс-әректтері тез болғандықтан, бір әрекеттен екінші әрекетке тез ауысады. Сондай-ақ жаңа ортаға да тез үйренісіп кетеді.

Сангвиник-қайратты, әрі ұстамды адам. Өте актив, іс-әрекеттері де жылдам, мимикаларды көп қолданады, олар сезімтал болуына қарамай, әсері төмен дәрежедегі қозғатушыларды сезуге қиналады. Сөзге шешен, бірақ мінез-құлқы тез өзгеріп тұрады. Кірісімді болғандықтан, өзгелермен тез тіл табысып кетеді. Бұл типтегілер көңілсіз оқиғаларды да жеңіл өткізе алады. Сондықтан да бұл типтегілер жаңа ортаға еш кедергісіз, жеңіл, оп-оңай үйренісіп кетеді.

Флегматик- қайратты, бірақ баяу қимылдайтын адам. Сензитивтігі төмен дәрежеде қалыптасқан. Көңіл-күйлері лезде өзгеруіне қарамастан, мұндай адамдарды күлдіру, ашуын шығару өте қиын. Салмақты, әрекеттері жай, бірақ актив, сабырлы кісілер саналады. Назар аудару процесін жаңа объектке өткізуге қиналады, сондықтан жаңалықтарды да қабылдау біршама қиын кешеді. Сыртқы әсерлерге де төмен дәрәжеде жауап қайтарады. Жүрегі кең, суық, басыңқы болғаны үшін жаңа шаңыраққа баяу үйреніседі. Бұл типтегілердің үйренісіп кетуіне уақыт керек болады. Бір үйренген соң, оны өзгертуді ешқашан қаламайды, жанұяда болатын болар-болмас сөздерге мән бере бермейді.

Меланхолик- қайраты шамалы, тез мұқалатын, көңілсіздеу адам. Сезімталдығы өте жоғары дәрежеде қалыптасқан. Эмоциялары төмен деңгейде өзгереді. Сабырсыз, іс-әректтері төмен болғандықтан, тез шаршап қалады. Артықша әрекеттерге өзінде күш таба алмайды. Бұлар флегматиктерге де сәйкес келеді. Бірақ меланхоликтер ауыр сөзді көтере алмайды, лезде ренжиді. Сондықтан олардың психикасына болар-болмас сөздер тез әсер етеді.

Бұл темпераменттердің жақсы-жаманы болмайды. Сондықтан әрбір адам өзіне туа біткен қасиеттерді мойындап, психологиялық білімдерге ие болса нұр үстіне нұр.

Қорыта айтқанда, жанұяның тұрақтылығы, беріктігі, гүлденіп-жайнауы шаңырақ мүшелеріне тікелей байланысты.Сондықтан олар бір-бірінің мінез-құлқын толық біліп алса, сондай-ақ жас келіннің жаңа ортаға үйренісуінде олардың да мінез- құлқына, темпераментіне назар аударса, бұл шаңырақ иелеріне жаман болмас еді. Бұл, әрине, жаңа келінмен тезде тіл табысып, бір-біріне үйренісіп кетуіне өз септігін тигізері сөзсіз.

 

Қолданылған әдебиеттер:

1. Шоумаров Ғ.Б.,  Жанұя психологиясы. Ташкент 2005 ж.

2. Хохлова Л.П. Задания по психологии студентам педвузов в период педагогической практики. Ташкент.1992г