Психология / Социальная психология
Педагогика
ғылымдарының кандидаты, аға оқытушы Тусубекова К.К.
Абай атындағы
ҚазҰПУ
Қазақ тілі мен
әдебиеті мұғалімі Қожабекова Ж.Ж.
№142 жалпы білім теретін мектеп
Қазақстан Республикасы, Алматы қ.
КОНСТРУКЦИЯЛАУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ -
ӘДЕБИЕТТІ ОҚЫТУДЫҢ ИНТЕРБЕЛСЕНДІ ЖОЛДАРЫНЫҢ
ПЕДАГОГИКАЛЫҚ-ПСИХОЛГИЯЛЫҚ СИПАТЫ
Соңғы кезде еліміздің білім беру ісінде
түбірлі өзгерістер болып жатқаны мәлім. Соның
ішінде ең бастысы, әлемдік білім кеңістігіне ену
мақсатындағы алғашқы қадамдар. Білім
стандартының жасалуы, басқа да жүріп жатқан реформалар
күрделі, қиын, қарама-қайшы белестерді
ақырын-ақырын артқа сап, жылжып келеді. Бұл
қасиетті істерді мұғалімге қойылар талап та ерекше
болып отыр. Мемлекеттік білім саясаты да осы мұғалім арқылы
жүзеге аспақ. Ал бүгінгі таңда мектептің,
мұғалімнің ең қасиетті міндеті – рухани бай,
жан-жақты дамыған жеке, дарынды тұлға
қалыптастыру. Рухани байлық ең алдымен әр
халықтың ұлттық әдет-салты, әдебиет,
мәдениеті, өнері, шыққан түп тамырында жататыны
белгілі. Сол ұлттық байлықты бүкіл адамзаттың
өз ұрпағын тәрбиелеудегі, білім берудегі озық
ұстанымдарымен байланыстыра отырып, әр баланың
қабілеті, талантын ашу, өзіне-өзінің сенімін
нығайтып, өзіне-өзінің жол ашуына түрткі жасау –
міне, бүгінгі білім беру, тәрбие ісінің басты міндеті.
Әр мұғалімнің алдыңғы сәулелі
мұраты - өз пәнінен білім беріп қана қоймай,
әр баланың «менін» ашу, сол «менді» шығармашылық
тұлғаға жетелеу.
Шығармашылық дегеніміздің өзі
ізденімпаздықтан туады. Бұл жерде ұлы дана Абайдың
сөзі еріксіз ойыңа оралады.: «Өзіңе
сен, өзгені сүйреп шығар».
Баланың өзіне деген сенімін туғызу,
өзінен шығармашылық қасиет, қабілет іздете білу,
өмірден өз орнын тапқыза білу қаншалықты
қиын екені түсінікті. Өз-өзін таба алмай, өз
мүмкіндіктерін дұрыс пайдалана алмай, өзін-өзі
тұншықтырып жүргендер, басқа жолға түсіп
адасушылықтың негізгі себебі, ең алдымен, бір кездегі
ұстаздары, мектебінде жатқан жоқ па деген сауалдардың
мұғалімдерді ойлантқаны жөн.
Технология оқытудың тың әдістемесі
немесе мүлде жаңаша жолдарын қарастырады деген түсінік
артықтау. Оқыту мен тәрбие беру үрдістері
ешқандай «науқандық», өтпелікті көтере алмайтыны
белгілі. Керісінше, адамзат баласының өз ұрпағын
оқыту, тәрбилеудегі ең озық, тиімді ізденістерін,
тәжірибелерін жалғастырып, тағы да тың жолдар іздеу,
классикалық педагогиканың озық үлгілерін жаңа
заман талабына сай дамыта отырып еңбектену жалғаса бермек.
Біз өз технологиямызда
оқушылардың дербес ізденісі, жаңа білімді өз
белсенділіктерімен алу іс-әрекеттерін ұйымдастыруға ерекше
көңіл бөлеміз.
1.
Алдын-ала тапсырмалар беру.
Мақсат:
баланың өз бетімен өзіндік, яғни оқушы
деңгейіндегі білімін қолдану, анализ, синтез, баға
деңгейіне дейін жетелеу іс-әрекеттерін ұйымдастыру.
Мақсат ұсыну. Оқушыларға өз мақсатын
қойғызу.
2. Мақсатқа жету үшін
көмек-бағдар, бағыт ұсыну. Эвристикалық жобалау
технологиясына жүгіну.
3. Жаңа сабақта ең алдымен
олардың өз жұмыстарын тыңдау, алдарындағы
өзіндік мақсаттарын саралау, мұғалім қойған
мақсаттардың орындалуына назар аудару. Ұжым болып талдау,
жеткен «жетістіктерін» талдау. Бұл әрекет диагностика үшін де
қажет.
4. Жаңа білімді меңгеру кезінде
оқушылардың осы өзіндік жетістіктері тереңдей
түседі, мұғалім коррекциялық та жұмыстар
атқарады.
Бұл
еңбегімізде жобалау технологиясы бойынша ізденістерді ғана
сөз етеміз.
Келесі мақалада эвристикалық жобалау
технологиясын басшылыққа алған жыраулар поэзиясын
оқытудың моделі және шығармашылық тапсырмалар
жүйесін ұсынамыз.
Моделдің тиімділігі сол, жыраулар поэзиясы
туралы берілетін көлемді түсініктерді, ұғымдарды
тұжырымды түрде, көрнекті түрде ғана жинақы
етіп бере білуінде. Әдебиет – сөз сабағы, көбінде
сөздік әдістер арқылы адам санасына ықпал етіп
психологиялық-педагогикалық шеберліктің негізінде білім
беретін пән. Ал бұл модель конструкциялық жобалау
технологиясын негізге алған. Модель әр оқушының алдында
жатады. Ол жыраулар поэзиясынан білім алудың бағдаршамындай,
оқушылар оған қарап, әр түрлі іздену, зерттеу
жұмыстарын орындайды. Модель әрі тірек карточкасы, әрі
көрнекілік, әрі көмек-нұсқау рөлін де
атқарады. Модель оқушы іс-әрекетін де белгілі бір
мақсатқа жүйелейді, бағыттайды, тәртіпке салады.
Оқулық, ғылыми еңбектермен жұмыс істеуге баулиды.
Өз беттерімен де модель жасауға ықпал етеді. Ең
бастысы, терең, тиянақты білім алуға (өз беттерімен)
өнімді, нәтижелі көмек жасайды. Сызба-модель
мұғалімнің де жұмысын жеңілдетеді. Оның
әр тармағы бойынша жеке жұмыстар, топтық
жұмыстар, жұптық жұмыстар беріп, оқушының
білім деңгейін шығармашылық деңгейге дейін алып келуге,
түсініктен анализ, синтез, бағаға дейін көтеруге
болады. Бала білім тексеру, бағалау, жинақтауда тесттің де
орнына жүреді. Мұғалім басқа тапсырма
орындатпай-ақ, сызбадағы берілген тұжырымдарға тапсырма
берсе де жеткілікті. Модель бойынша жұмыс дұрыс психологиялық
тұрғыда ұйымдастырылса,
онда жыраулар поэзиясы туралы терең де толық білім қамтамасыз
етіледі деп болжауға болады. Бұл жоба, әсіресе
диагностика үшін жаңа тақырыпты игертуге өте
оңтайлы болады деп ойлаймыз.
Түсінік: Б
– бағыт. Нүктелер әр бағыттың негізгі
мәселелерін айқындайды.
Мұндай моделдерді мұғалім тек өзі ғана
дайындамайды, сабақ түсіндіре отырып тақтаға сызып,
пікірлесе отырып та істейді.Өз іс-тәжірибемізде моделдерді
оқушыларға үйге алдын ала беріп, (жаңа білімді игерту
алдында) қайсысы қай бағытты біледі, не білмейді, соған
сараптау жасаймыз. Тақырып түсіндіруде де диагностика
талаптарына сай осы сараптауды негізге аламыз.
|
Толғаулардың шығу тарихы (Б2) |
Шығармашылық ерекшеліктері (Б3) |
Қазақ жыраулары (Б4) |
|||
|
Ұлт-азатттық қозғалыс,
саяси. Қоғам, оның дамуы, Өмір сырлары. Батырлар, даналар |
Толғау мәні, ой тереңдігі,.
Даналық, пәлсапалық, ақыл-нақылға
толылығы. |
Асан қайғы Махамбет Шалкиіз Бұхар т.б. |
|||
|
(Б1) Жыраулар шығармалары (Б5) |
|||||
|
Негізгі сипаты |
Жырау кім? |
Жырау туралы зерттеулер |
|||
|
Романтикалық шарықтау. Оптимистік рух.
Тәтті мұң. Түңілу Зарығу. Үндеу, шақыру (Б8) |
Белгілі хандардың ақылшысы, биі.
Сыншысы. Дидактика- лық толғаулар автор- лары, афаризм, шешен- дік,
даналық көздері, толғап-толғап сөйлейтін шешен.
Данагөй (Б7) |
1.М.Қозыбаев
«Ақтандықтар ақиқаты» 2.М.Әуезов.
«Қазақ әдебиетінің тарихы» (Б6) |
|||
|
|
|
||||
Бұл жоба жыраулар шығармашылығын өту
кезеңінде де, қорытынды, коррекция сабақтарында да тиімді
болып келеді. Әсіресе оқушылардың білім деңгейін
өз беттерімен анализ, синтез, баға беру сияқты танымдық
іздендіру сатыларына жетелеуде көмекші бола алады. Тапсырмалардың әр
бағыты бойынша түрлі модульдық жолдармен жүйесін талдап
келесі мақаламызда ұсынуды
жөн көріп отырмыз.
Әдебиеттер:
1. Мынбаева
А.К., Садвакасова З.М., Инновационные методы обучение. Алматы, 2007. -284 с