Жонышқа мен түйежонышканың жана сорттарының тұзды аймақтарда орын алуы

Календарова Ж.

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекттік университетінің  магистранты

        «ҚазАгроИнновация» АҚ және Ы. Жақаев атындағы Қазақ күріш шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының ғалымдары, ғылыми жетістіктермен және озық тәжірибемен, ақпаратпен алмасу ,барысында, Қазақстанда және шет елдерде күріш шаруашылығы тұрақты дамытудың басым бағыттары - селекциялық жұмыстар, топырақ құнарлылығын сақтау және арттыру, органикалық және минералды тыңайтқыштар қолдану, су және энергия қорларын тиімді пайдалану, әртараптандыру дақылдарының өсіру технологиясы, ауыспалы егістерді игеру, малазықтық дақылдарды зерттеу және суармалы егіншіліктің экологиялық мәселелері бойынша нақты ұсыныстар дайындауда.

            Институт ғалымдары әр жылдары аудандастырылған ауыл шаруашылығы дақылдарының 12 сортына патенттер және авторлық куәліктер, 36 өнертапқыштық патент  алды, 6 ғылыми еңбектер жинағы баспадан шығарылды. Қызылорда облысы ауыл шаруашылығының барлық салалары бойынша соңғы ғылым мен техника жетістіктерін қамтыған «Қызылорда облысының ауыл шаруашылығы өндірісін өркендету жайлы ұсыныстар» үш қайтара басылып шықты. Институт ғалымдары дайындаған технологияларды өндіріске енгізу жайлы 135 ұсынымдар мен әдістемелік нұсқауларды шығарды. Күріштің 7 сорты аудандастырылды. Оның ішінде Маржан сорты еліміздегі күріш егісінің жартысынан астамына егіліп, шет елдерде кеңінен танылған.

     Тәуелсіздік жылдарында жақсы дамыған бағыттардың бірі Қазақстанның күріш ауыспалы егістеріне арналған жаздық арпа мен көпжылдық бұршақ тұқымдас шөптердің құрғаққа төзімді сорттарын шығару бойынша селекциялық жұмыстары. Нәтижесінде жаздық арпаның «Сыр Аруы» және «Іңкәр» сорттары, жоңышқаның «Түркістан 15» сорты, түйежоңышқаның «Приаральский 19» сорты шығарылды.

     

Түйежоңышқа: сары түйежоңышқа: 1,2-дамыған егін көгі мен гүлдену кезевдеріндсгі өсімдіктер; 3-гүл шоғырлары, жемістері және жапырақтарымен бүршіктің бір бөлігі; 4-гүл; 5,6-жеміс пен түқым (сол жакта-үлкейтілгендері). Ақ туйежоңышқа: 7-бүршіктің бір бөлігі; 8-гүл; 9-жеміс (сол жақта-үлкейтілген); 10-тамыр жүйесі.

      Біздің облысымыз еліміздегі негізгі күріш өндіруші аймақ болып  саналады. Сондықтан, біздің өңірімізде сорт алмастыру мен жақсарту жұмыстарына жеткілікті деңгейде мән беріліп отыруымыз тиіс.  Соңғы жылдарда сорт алмастыру жұмысы баяулап кетті. 

      Өнім мен оның сапасы төмендеп, саңырауқұлақ ауруларымен зақымданды. Сорт жаңарту жұмысы нашарлады, оның қызыл дәнді түрлермен ластануына әкеліп соғатын негізгі себептердің біріне айналды. Дегенмен, қазақ күріш шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты ғалымдары бұл бағытта тыңғылықты зерттеулер жүргізіп келеді.

         2006 жылы түйежоңышқаның «Арқас» деген жаңа сорты аудандастырылды, жоңышқаның «Түркістан» деген сорты мен жүгерінің «Жадыра 21» деген будан популяциясы МСС-қа берілді. Сары түйежоңышқаның тұздануға төзімділігі жоғары, күріш ауыспалы егісіне бейімделгіш, зиянкестерге қарсы төзімді, стандартпен салыстырғанда өнімділігі 20-25 пайыз артық «Приаральский 19» деген сорты әзірленді. Сонымен қатар, ғалымдар жері тұзды және шөлейт келетін аймақ үшін жоңышқаның ерекше сортын Қазақстанның басқа облыстарында  жергілікті жеке шаруашылықтарда пайдалануда. Қазір бұл өсімдік тәжірибеден өткізіліп жатыр.   Топырағы тұзды және суармалы егіске қолайсыз облыстары үшін мал азығын дайындау өте қиынға соғады. Жергілікті шаруалар жем-шөпті өзге өңірлерден қымбатқа сатып алуға мәжбүр.  Ал өз күшімен тек бірен-саран шаруашылықтар ғана қысқы мал азығын әзірлей алады. Осыған байланысты соңғы ғылыми жаңалықтарды шаруалар қуана қолдауға әзір.    

   Ауылшаруашылық кешеніндегі жем-азық өңдірісінің негізгі факторы- жем-азықтық шөптердің жоғары өнімділігі және жоғары сапалы тұқым. Тұқым жетіспеушілігі мен сұранысты жою үшін карқынды технологияларды еңгізу қажеттілігі туындауда. Түйежоңышқаны тұқымға өсіру арнайы ауыспалы егісте жүргізілу қажет. Ең қолайлы алғы дақыл ретінде өзінен кейін егісті арамшөпсіз калдыратын бау-бақша және кысқы дәнді дақылдар болып саналады.  Тұқымға себу дербес түрде болу керек осы жағдайда жарықтын және топырақтың су режимі тұқымның жоғары өнімділігін камтамасыз етеді. Себуге арналған топырақты күзде терендігі 20 – 22 см. жыртады. Біркелкі егіс алу үшін егістікті түзету және себу алдындағы мен себуден кейінгі топырақты бастыруды орындау міндетті түрде қажет. Түйежоңышқаны себу кезінде тұқым арамшөптерден тазартылған және өсіп-өнетін энергияға бай болу қажет. Түйежоңышқа тұқымы сепкен жылы өспей бірнеше жыл жатып қалуы  мүмкін, ол тұқым қабығы катты және қалын болғандықтан ұрыққа су жетпеушілігі-мен түсіндіріледі. Осы кедергіні жою мақсатымен арнайы тұқымды қайрау әдісі қолданылады. Осы әдіс арнайы қайрау машиналарда орындалады.

          Егістін өңдеу ауданы мен қолдану мақсатына байланысты себу мөлшері әртүрлі болады. Түйежоңышқаны тұқымға себудін оптималды мөлшері – 5 - 6кг/га кең қатарлы себу әдісі. Егістін біркелкі өсуіне себу тереңдігі де өз әсерін тигізеді. Ең қолайлы себу мезгілі ретінде ерте қөктемгі болып есептеледі, өйткені кысқатөзімділік пен құрғақшылыққа беріктікті қамтамасыз етеді. Түйежоңышқа тұқымының танаптық өсуін қарастырсақ себу мерзімі де өз әсерін тигізетінің байқаймыз.

      Топырақтағы төмен температуралық режиміне байланысты ерте көктемгі себу мерзімі кезінде түйежоңышқа тұқымының танаптық өсуі 20,4 – 29,1 % аспайды, көктемгі себу кезінде топырақта температура мен ылғалдың оптималды мәңі болған жағдайда 38,2 – 46,5 % жоғарлайды. Ең қолайлы жағдай ретінде жазғы себу мерзімі болып табылады 53,3 – 61,7 % ертекөктемгі себу мерзімімен салыстырғанда 3 есе артық. Түйежоңышқа тұқымын екінші жылғы шөптерден алады. Жинауды екі бөліп орындайды. Біріншіден құлату жұмыстарын жүргізеді, кейін жинауды жүргізеді. Тұқымды тазартып, құрғатып сақтауға шашады. Сонымен, тұқымға арналған түйежоңышқаның өнімін жоғарлатудың міндетті агроәдістері: себу алдындағы тұқымды өңдеу, себу мерзімдері, себу мөлшері және т.б.

Әдебиеттер:

1.    Қазақ энциклопедиясы, 4 том;

2.    "Гүлстан" республикалық ғылыми-танмыдық, көпшілік журнал, 2010 жыл ISSN 2078-6727

      3.ШәріпбаевН. Малдың тыныс алу мүшелерінің ауруларын емдеу үшін   

         қолданылатын дәрілік өсімдіктер // сары түйежоңышқа — "Қайнар", 1988.   

          — Б. 37-38

      4. Қазақстанның дәрілік өсімдіктері. Іскендіров Әбіш. Алматы "Қазақстан"    

         1982, 188 бет.