Тойбекова Салима
№ 25
Ақтөбе тірек мектебі (РО),
Жуалы ауданы, Қазақстан
ШУДЫҢ ( ДЫБЫСТЫҢ) АДАМ ОРГАНИЗМІНЕ
ӘСЕРІ
Әлемдегі
әртүрлі дыбыстарға толы, сағаттың
тықылаған дыбысы, матордың гуіллі,жапырақтың
және тағы басқа дыбыстарды айтуға болады.
Табиғаттың жаратқан дыбыстарының барлығы
адамның денсаулығына кедергісі жоқ сияқты, дегенмен
дыбыстар табиғатта әртүрлі мақсатта ұолданылады.
Мысалы: хайуанаттарға сигнал ретінде, адамдар қал-жағдайына
қараай қолданады. ХХІ ғасырда адам баласының
ыңғайына шешіліп отырған көптеген жетістіктерді атап
айтуға болады. Дегенмен, біз көптеген мәселелерді
пайдамызға шеше білгенімізбен, олардың екінші жағы, зиянын
қарастырмаймыз. Өйткені,қазіргі таңда медицинаның
дамыған кезінде де әуен арқылы адамдарды емдеуге болатынын
көріп жүрміз. Мысалы: психологиялық жағынан
қарағанда классикалық әуендер адамның миын
тыныштандырады. Сондықтан дыбыстарды зиянды демей, оның пайдалы
жақтарында айтуға тура келеді. Бізді қоршаған ортада,
табиғаттың ешбір зиянды жақтарын көре алмайтынымыз
дұрыс, бірақ адам баласы өзіне зиянды нәрселерді
өз қолымен жасайды емес пе? Олардың бірі бізді қоршап
отырған дыбыстың түрлері.
Дыбыстың зиянды жақтары да бар.
Қаттыдыбыстаржұмысжасауға, ойлауға, демалуға кеселін
тигізеді. Бұрын дыбысқа (шуға) көп көңіл
бөлмей оның мәдениет пен техниканың айырылмас жол
серігі, онан құтылудың жолы жоқ деп
есептелетін. Қазір болса, машиналар мен жабдықтардың
саны өсіп, мөлшері үлкеюіне байланысты қоршаған
ортада дыбыс көп тарап және жағымсыз факторлардың
біріне айналды. Қалалар мен өндіріс орталықтарында шу
жылдан-жылға көбейіп, елдің мазасын ала бастады. 1948 жылы
қала тұрғындарының 23 %-і дыбыстың өсуіне
наразылық білдірсе, 1961 жылы олардың саны 50 %-ке жетті.
Соңғы 20 жылда үлкен қаладағы дыбыс қуаты
10-15 есе көбейді.
Шу (дыбыс) деген не? Шу деп түрлі жиіліктегі
және қуатты дыбыстардың шым-шытырық
қозғалысын айтады. Дыбыс үнемі газды, сұйық
және нығыз Ауаның тербелуі жиіленген сайын дыбыстың
күші де әрі жоғары, әрі жіңішкелене береді.
Мысалы: сиыр мөңірегенде ауа секундына 20-30 қозғалу
(тербелу) болса, масаның ызыңында 10000-ға дейін тербелу
болады. Дыбыстың негізгі физикалық сипаттамалары мыналар: тербелу
жиілігі, таралу жылдамдығы, күші және қысымы.
Дыбыстың тербелу жиілігі (f) герцпен өлшенеді. 1 герц (гц) 1 секунд
ішінде толық 1 циклы өтетін тербеліс жиілігінің
өлшеубірлігі.
Шудың есту талдағышына бүліндіргіш әсері
организмнің даралық сезімталдығына байланысты және
қарт адамдарда ол айқын көрінеді. Шудың адам организміне
бейспецияфикалық әсері мидың сыртқы қыртысына,
гипоталамусқа, лимбикалық жүйеге, жұлынға
қоздырғыш әсер етуімен байланысты. Шудың әсерінен
орталық жүйке жүйесінде шектен тыс қатты тежелу болады,
артынан оның қалжырауы дамиды. Осыдан адамның қатты
қызбалығы, сезім билеуі, ұмытшақтығы, ынтасы мен
еңбекке қабілеттелігінің төмендеуі байқалады.
Гипоталамустың қозуынан кортиколиберин артық өндіріліп,
аденогипофиз бен бүйрек үсті бездерінің сыртқы
қабатының қызметтері көтеріледі, стресс дамиды.
Жұлынның қозуынан және қозудың дербес
(вегетативтік) жүйке жүйесінің орталықтарына тарауынан
көптеген ішкі ағзалардың қызметтерінің
өзгерістері байқалады. Осыдан жүрек – қан тамырлары
жүйесінің, ас қорыту жолдарының аурулары дамуы
ықтимал.20 кГц жиіліктегі дыбыс толқындары ультрадыбыстарға
жатады және олар адам құлағымен естілмейді.
Қазіргі дәстүрлі медицинада бұл дыбыстар ауруларды
анықтау және оларды емдеу үшін қолданылады.
Ультрадыбыстық толқындардың кеңістіктерде таралу
жылдамдықтары және оларды ішкі ағзалар мен тіндердің
қабылдауы мен шағылыстыруы әртүрлі дәрежелерде
болғандықтан (бауырда, мида, бүйректе , ұйқы
безінде) өспелер мен тастарды, сүйектердің сынығын
және бітуін, жүректің жиырылу босаңсу кездеріндегі
көлемін т. Т анықтау үшін пайдаланылады. Ультрадыбыстар организмге
механикалық, температуралық және физикалық –
химиялық әсер етеді. Ультрадыбыс толқынында дыбыстың
қысымы 3 атмосфера (304 кПа) теріс және соншама оң
жаққа ауысып тұрады. Бұл кезде дыбыстың теріс
қыымының әсерінен жасушаларда өте майда қуыстар
пайда болады. Олар тез тым қатты жабылуы кездерінде ішіндегі
сұйыққа соғылып жасушаның қабығында
майда майда жыртықтар пайда болады. Осындай құбылысты
кавитцаия деп атайды. Осыдан дамитын мембрананың деполяризациясы,
молекілалардың иондануы тіндеріндегі химиялық реакцияларды
күшейтіп, зат алмасуларын арттырады және оларды қалыпты
деңгейге келтіреді. Ультрадыбыстардың 1, 5 Вт/ см2 – ге дейінгі аз
немесе 1,5 – 3 Вт / см2 аралығындағы орташа қарқындылығы
организм тіндеріне жағымды әсер етеді. Ультрадыбыстардың тіндерге
тарауынан жылу пайда болады. 4 Вт/ см2 мөлшерінде қарқынды
ультрадыбыс 20 секунд әсер еткенде тіндердің ішінде 5 – 6 см – ге
дейінгі тереңдікте температура 5 – 6 градус С- ға көтеріледі.
Температураның көтерілуі тіндерде микроциркуляцияны
жақсартып, зат алмасуларын арттырады.
Үлкен қарқында ультрадыбыстар (3 – 10 Вт / см2 ) жалпы
организмге, тіндер мен жекелеген жасушаларға бүліндіргіш әсер
етеді. Олар қылтамырда қанның ағымын бұзады,
жасушалардың құрылымдық өзгерістерін туындатады,
тіндердің тым қызып кетуіне әкеледі. Жүйке жүйесі
ультрадыбыстардың әсеріне өте сезімтал болады. Осыдан шеткері
жүйкелердің түіспелері (синапстары ) арқылы
жүйкелік серпіндердің берілуі бұзылады. Сондықтан есті,
вестибулалық және көру талдағыштарының
қозымдылығы төмендейді, ұйқы бұзылады,
адамның жөнсіз қызбалығы және тез шаршауы
байқалады. Қатты шуға қарағанда ультрадыбыстар
есту талдағышының қызметіне азырақ әсер етеді.
Бірақ олар кеңістіктерде дененің қалыпты кейпін
сақтайтын вестибулалық талдағыштың қызметін
басымырақ өзгертеді және ауыру сезімталдығын
күшейтеді, дене температурасын реттеу жолдарын бұзады.
Көшеде тоқтап, құлақ салсаңыз МАЗ
және ЗИЛ сияқты автокөліктердің дарылдаған
дауысын және серіппелі темір есіктердің жабылған дауысын,
ауладағы бала-шаға айқайын естисіз. Магнитофондар және
теледидарлар, зауыттардағы цех станоктарының және
машиналардың гүрсілі құлақ тұндырады.
Осының барлығы күнделікті көрініс.Уақыт
ағымына, ғылым жетістігіне байланысты жаңа дыбыс
құралдары жасалып, олардың күші өсті.
Ғылым және техника табыстарымен, қарқынымен
урбанизациямен бірге шудың деңгейі де тоқтаусыз өсті.Шу
– үлкен санды қарапайым типті әртүрлі биіктер мен
күштерден тұратын дұрыс емес, қалыпты емес
дыбыстардың жиынтығы.Шу — өркениетті заманымыздың
өзіне тән өндірісінің шығыны, күн
өткен сайын біздің өмірімізге кеңірек басып
кіреді.Адамның қоршаған ортаға әсері ғылыми
— техникалық алға басудың салдары. Ғасыр басынан
дүниежүзілік өндірістік өнеркәсіптер 16 есе
өсті, ол ғасыр аяғына қарай 1,5-3 есеге дейін
өседі, бұл бұған дейінгі адамзат тарихындағы
пайдаланылған шикізат шамасынан асады.Шу мәселесі қазігі
заманда төтенше де маңызды мағынаға ие болды.
Ұзақ уақыт шу өркениеттің шарасыз
жауыздығымен, техниканың қарқынды дамуының, автоматтандырудың,
механикаландырудың, көлік өсу шегінің, техникалық
алға басудың қосымша өнімі деп есептелді.
Табиғатта шу пайда болу әдістеріне байланысты танылады. Олар:
1) Қатты денелердің дірілдеуінен пайда болатын
механикалық шу . Дірілдеуден пайда болған шу лайықты шарттары
бар жағдайларда дыбыс болып сәулелеле шашырайды, сондықтан
көп жағдайда шудың өзі естілмейді. Механикалық шу
машиналармен және механизмдердің жұмыс істеуінен;
2) Аэро немесе гидродинамикалық шу - газ қозғалысынан, бу
немесе сұйықтықтың қысымының
әсерінің нәтижесінен;
3) Термиялық шу- газдардың тығыздыққа
байланысты жанған кезінен;
4) Кавитациялық шу - акустикалық кавитация кезінде дыбыс
импульсының нәтижесінде туатын тамшылар мен қуыстардың
және сұйықтықтың жарылунан.
Шу тұрғын үйлерде сырттан кіретін шудан және ішкі
шудан, санитарлық-техникалық, инженерлік-технологиялық
құралдарда, тұрмыс құралдарында,музыкалық
аспаптарда ойнағанда, адамдардың жылжуынан және жиһазды
жылжытудан, әңгімелескенде, балалардың айқайларынан
құралады.Қала тұрғындарын, әсіресе ірі
қалаларда қалалық көліктердің шуы қатты
алаңдатады: трамвайлар, автомобильдер, автобустар, мотоциклдер,
мотороллерлер. Көп мөлшердегі шу, әсіресе, дизельді
және жүк таситын көліктерден шығады.Қалалық
көлік саны толассыз өседі және өсуде.
Соңғы он жылдықта шудың зиянды ықпалы жұмыс
істеушілерге, дәл осылай халықтың басқа топтарына
әсері өсті. Бұның себебі, техникалық алға
басуындағы өндіріс процестерінің механикалануы,
көліктің қуаттылығының артуында.Тербелмелі
қозғалыс көздерінің дыбыстық энергиясы
қоршаған ортаға үзіліссіз түсуі мүмкін,
мысалы , тоқыма станок жұмысы кезінде немесе
оқтын-оқтын импульстер түрінде, пневматикалық аспапты
қолданған жағдайда орын алады. Осыған байланысты
шудың тұрақты және импульстік түрлерін ажыратады.
Ағза үшін импульстік шу қауіпті.
Шудың адам ағзасына тигізетін әсері өзге
өндірістік факторлармен үйлеседі: қанағатсыз
микроклимат, улы заттар, ультродыбыстар, әсіресе, вибрациямен
үйлесіп отырып шудың зиянды әсері: есту
қабілетінің нашарлауына,жүйке жүйесіне, жүрек
тамыр жүйесіне және т.б. жүйелерге кері әсер етеді.Бұл
еңбек өнімділігінің төмендеуіне, өндірістік
ақауларға алып келеді.
Шу – үлкен қалардың халқына кері әсер ететін
негізгі факторлардың бірі.Шудың тұрақты әсері
ашушаңдылықты жоғарылатады, шығармашылық
әрекетті, еңбек өнімділігін және халықтың
тынығу тиімділігін төмендетеді.Бүгінгі күнгі зерттеулер
бойынша шудың жоғарғы қысымы көптеген
аурулардың – жүрек тамыр, асқазан жүйке жүйесі
ауруларын қоздырушы болып табылады.
Әдебиеттер :
1. Ковригин
К.Н., Михеев А.П. Влияние уровня шума на производительность труда.- М.: Гигиена и санитария, 2001. - 125 с.
2. Гончарова
О.В., Гончарова Л.А. Влияние вибрации и шума на организм человека: Конкурс
научно-технических проектов «Звездная эстафета» – Вологда, 2012. – 12 с.