Усенбекова Меруерт

№ 25 Ақтөбе тірек мектебі (РО),  Жуалы ауданы, Қазақстан

 

ИНФОРМАТИКА САБАҒЫНДА ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫҢ ЭЛЕМЕНТТЕРІН ПАЙДАЛАНА ОТЫРЫП, ОҚУШЫЛАРДЫҢ ІЗДЕНУ ДАҒДЫСЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ

 

Жаңа  ғасырдың білікті, білімді, ақыл-ойы дамыған азаматын  даярлау-бүгінгі  күнгі  талабы. Бүгінгі  таңда  білім беру үрдісінде қолданыс тапқан педагогикалық  технологиялар жаңаша сипат  алады. Бүгінгі таңда қазақстандық педагог ғалымдар: Ә.Жүнісбек, Ж.А. Қараев және М.Жанпейісовалардың еңбектері білім беру үрдісінде кеңінен қолданады. Профессор Ж.А.Қараев деңгейлеп оқыту педагогикалық технологиясының мақсаты-жан-жақты дамыған тұлғаны қалыптастыру. Балалардың таным қабілеттеріне сай деңгейлік тапсырмалар даярлауда жеке тұлғаны жаңалыққа ұмтылуға итермелейтін жаңа қабілеттерін ашуға болатындығы ескеріледі.

С.Т.О. технологиясын сабағына пайдаланған мұғалім балалардың қызығушылығын ояту арқылы өзіндік ізденіс жұмысына жетелейді. Оқушыны фактілерді салыстыруға, талдау арқылы оларды проблемалар туғызуға және өзіндік жеке пікірін дәлелдеуге, өзінше шешім қабылдауға үйретеді. Мұғалім бағыт бағдар беруші қызметінде көрінеді.С.Т.О. технологиясы Қазақстанда 1997 жылдан бастау алды. Американдық  ғалымдар Дж.Дьюй, Ж. Стилл, К.Мередит және Ч.Темпидің жәнекеңестік ғалым Л.С.Выготскийдің теорияларының негізінде қолданысқа енген бұл жоба әлемнің 52 мемілекетінде жүзеге асуда. Облыста 1999 жылдан бері  С.Т.О туралы оқыту семинарлары ұйымдастырылып келеді. Бір Тараз қаласында ғана 210 ұстаз үйрету семинарларына қатысып тиісті сертификат алды. Біздің облыстық ассоциация жоба байқауынан ЮСАИД  грантын жеңіп алып нәтижесінде Жуалы, Сарысу және Шу, Т.Рысқұлов аудандарында ізденушілерге жобаны тегін үйрету семинарларын өткізіп, сол арқылы бірқатар мұғалімдерге сертификат берілді.

Б.Ұ.Ұ. стратегиясы-ізденушілік, зерттеушілік әрекетін ұйымдастыріуда басты рөл атқарды. Стратегиялардың қай түрін қолдансақ  та, мұғалім мен оқушының арасындағы қарым-қатынас жаңа қағидаларға сүйенеді.Соңғы кезде оқытудың әр-түрлі педагогикалық   технологиялары жасалып, мектеп өміріне енгізіліп жатыр. Олар мыналар: Лысенкованың алдын ала оқыту,  Хазанкиннің есептер шығару, Палтышеовтың физиканы есептеп шығару, Шаталовтың интенсивті оқыту, Эрдниевтің ірі блоктап оқыту, мәселелік оқыту, оқытудың белсенді әдісі.

Соңғы уақытта оқытудың модульдік технологиясы мен В.М. Монаховтың, Дьяченконың оқытудың ұжымдық тәсілі., сондай-ақ, профессор Ж.. Қараевтың оқытуды дербестендіру мен дифференциялау және білім беруді демократияландыру мен ізгілендіру ұстанымдарына негізделген жаңа педагогикалық компьютерлік технологиясы еліміздің көптеген мектептерінде қолданылып жүр. Егер осы жұмыстарда қарастырылған оқытудың педагогикалық технологиясын оқу-тәрбие үрдісіне оқытудың жаңартылған жүйесінің жобасы ретінде енгізетін болсақ, онда білімді демократияландыруға және ізгілендіруге, оқыту  сапасын арттыруға:басқару сапасын жетілдіруге: оқушылардың дамуына бақылау жасауға: соған сәйкес бағалауға болады.

Мектептерде жүргізіліп жатқан тәжірибелік-сынақ  жұмыстардың басты міндеті жаңаша оқытудың педагогикалық технологиясын оқыту үрдісіне енгізу. Л.В.Занков, Д.Б. Эльконин, В.В.Давыдовтың бірлесе жасаған «Дамыта оқыту жүйесі» бір-бірі мен тығыз байланысты, әрі мынадай ұстанымдардан құралады:

      1. Жоғары деңгейдегі қиындықта оқыту .

      2. Теориялық білімнің жетекші рөлі.

      3. Оқу материалын жеделдете оқыту.

      4. Оқу үрдісін оқушының сезінуі.

      5. Барлық оқушылардың дамуы үшін жүйелі жұмыс істеу.    

Жаңа ғылыми методология синергетиканың қалыптасып дами бастағанына ондаған ғана жылдар өтсе де аталған ілім ғылым дүниесінде іргелі теорияға айналды.Синергетика (synergetikos – грек. бірігіп, келісіп қызмет жасау) – тепе-теңсіз ашық, диссипативті және бейсызық табиғаты әртүрлі жүйелердегі болатын өзқауым процесінің жалпы заңдылықтарын зерттейтін ғылыми-теория. Синергетиканың негізіне ретсіздіктен реттілік пайда болатын құбылыстарды зерттейтін әдістер мен модельдердің бірлігі жатады. Синергетика сонымен қатар жүйенің немесе оның бөлігінің өздігінен қирау (самодезорганизация) мәселелерін – динамикалық жүйелердегі ретсіздіктің пайда болу механизмін қарастырады.

Ақпарат (Information – латын, таныстыру, түсіндіру, ұғым) – информация.

1.       Адамдар арасында бір-біріне берілетін мәлімет;

2.       Хабар беру арқылы анықталмағандықтың азаюы;

3.       Кез-келген нысан және процестің әртүрлілігін кескіндеу және хабарлау.

Техникалық прогресс нәтижесінде пайда болған информацияны өлшеу мәселесін шешу қазіргі ғылымның алдында тұрған міндеттердің бірі.Информацияның математикалық теориясын жасаушылардың бірі К. Шеннон. Ол ықтималдылықтар әдісіне сүйене отырып информация мөлшерін есептейтін өрнекті тапты.

Қазіргі кезде ақпарат ұғымын ашатын көптеген түсініктемелер бар, бірақ нақты анықтама әлі жасалған жоқ. Осы себепті кибернетиканы жасаушыН. Виннердің пікірінше,ақпарат материя да емес, энергия да емес, олтіптенбасқадүние. Жалпыалғанда, ақпараттаматериалдықжәнерухани – сезімдікәсеретуқасиеттері бар екенінешкімжоққашығараалмайды.Биоақпараттық технология. Математика есебін шығару – ойлау мен елестетуге, зейін мен ынтаға байланысты. Бұл айтылғандардың барлығы психологиялық процестер. Ал ойлану туралы факторлар жасына, қабілетіне, ерік күшіне, іске қызығуына, біліміне, тәрбиеленген ортасына, саналылығына да тәуелді.

Соңғы зерттеулер бойынша оқушы өз зейінін 3 секундқа дейін тұрақты бағыттай алады. Демек, сабақты түсіндіру барысында ойлау қызметін белсенді, мәселені сапалы меңгеру мүмкін емес. Әр оқушының назарын керек нәрсеге тұрақты бағыттап отыру да  мұғалімнен шеберлікті талап етеді.Баланы жастайынан өзіне - өзін сенімділікке тәрбиелейтін биологияның бір саласы диалектика болса, математика ақыл-ой орамдылығына қызмет етеді.

  «Мұғалім-оқушы» жүйесінде өзара әсерін мына ақпараттық желі арқылы көрсетуге болады.Кірісте мұғалім жаңа материалдар жиынтығын 100% хабарлайды. Ол дидактикалық әдіспен кодталады, оқушыларға 50%  жеткізіледі. Әркім ол хабарды өзінше декодтайды, 10% өзінше түсінеді. Ал, енді мынадай сұрақ қояйық:Кірістегі хабар мен шығыстағы хабар бірдей ме?

Әрине бірдей емес. Пайдасыз шу мен бұрмалау әсер етеді – кедергі.Хабар берудің әрбір кезеңінде бұл процесс жүріп жатады. Тіпті, бастапқы кірістегі хабар осылай болып шығуы мүмкін. Мәселен, негізгі айтылатын материал дұрыс таңдалмауы мүмкін немесе ол айқын түсіндірілмеуі мүмкін, болмаса оқушы зейін қоймауы мүмкін. Бұл ақпараттықтехнологияныңпайдасы:

1.       Зорығудың төмендеуі, физиологиялық статустың айтарлықтай өсуі, иммуналдық фактордың нығаюы мен сырқаттың төмендеуі.

2.       Психологиялық қорғаныстың артуы.

3.       Қорқыныштың жоғалуы, өз-өзіне деген сенімнің пайда болуы.

4.       Үй тапсырмасы мен мектептегі тапсырмалардыорындау барысында жылдам ойлау мен есте сақтау қабілетін арттыру.

5.       Туа біткен және қатерлі дерттерден арылуы.

6.       Психологиялық пайымдауы мен шығармашылық деңгейінің артуы, балалардыңқабілетінің айқындалуы.

7.       Мектеп оқушылары арасында жақсы көру қабілеттерін арттыру;

8.       Математикалық және лингвистикалық тапсырмалардың жылдамдықта орындау барысында – мидың жұмысы артады.

9.       Сол қолмен жазу қабілеті – ми қызметіне зор ықпал етеді.

10.   Қиын балалармен жұмыс істеу биоақпараттық технологияныңөзекті мәселесі болып табылады.

Оку және жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту бағдарламасы - әлемнiң түпкiр-түпкiрiнен жиылған бiлiм берушiлердiң бiрлескен еңбегi. Оның мақсаты барлық жастағы студенттерге кез-келген мазмұнға сын тұрғысынан қарауды аудиториялық сабақтарда үйрету. Сын тұрғыдан ойлауды дамыту қабілетi үшiн оны жетiлдiретiн, ынталандыратын үйрену ортасы қажет екені де анық. Бұл бағдарлама – бiрлесiп жасалынған туынды, себебi осы аталмыш бағдарламаның түпкi мақсатына жету үшін барлық осы бағдарламаны жасаушылар өз тәжiрибелерiн, бiлiмдерiн, осы бағдарламаны iске асыру жолдарын, өз ойларын ұсынып отыр.

Топтастыру (ойды жинақтау) - студенттердi, оқушыларды еркiн және тақырыпты ашық талқылауға бағытта қолданылатын оқыту стратегиясы. Бұл идеяларды жинақтап, бiр-бiрiмен сабактастырып бiрiктiру үшiн ойды дамытып жетiлдiруге кажеттi құрылымдарды тудырады. Бұл стратегия - жаңа түсiнiктi көрсетуде оқыған нәрселердi жинақтап беретiн қорытындылау құралы. Бұл әсiресе, енжар оқушыларды жазуға ынталандыруға, жазу iс-әрекетiн қолдау, жазу iсiнде белсендiлiк танытуға қолданылатын әсерлi құрал. Ол адамның өз бiлiмiне енуге, бiр тақырыпқа қатысты түсiнiгiн немесе сенiмiн бiлуге көмектесетiн стратегия. Топтаудың алдында 5 нәрсе жасау маңызды. Олар:

1. Жасалынатын iс-ерекеттi және топтаудағы сатыларды суреттеңiз.

2. Бағдарламаға қатысушылардың  қызығушылығына байланысты тақырып алыңыз, топ болып iстелетiн iс-әрекеттің моделiн жасаңыз.

3. Топтық кызығушылығын ескере отырып, екiншi тақырыпты алыңыз және жеке адамдарға тақырып туралы жинақтап, ойлап сөйлеуге уакыт беріңiз.

4. Топта 4-5 адамға топтастырған ойларын ортаға салуға уақыт беріңiз.

5. Әр сынып деңгейін немесе жұппен жұмыс жасау кезiндегi мазмұнды талқылап ертең олардың қалай қолдана алатындығын байқаңыз. Содан соң, топ болып талқылап және ойды топтастыру қалай қолданылатын айту керек.

Модульдік оқыту технологиясы-оқушы өзінше мақсатты жеке бағдарламамен толық немесе бөлімдермен оқитындай етіп оқыту процесін өзгертеді, қайта құрады.Модульдік оқытудың «өзегі» оқу  модулі. Ол:

-ақпараттардың аяқталған блогынан

-оқушы іс-әрекетінің мақсатты бағдарламасынан,

-бағдарламаны табысты жүзеге асыру бойынша берілген мұғалімнің нұсқауларынан тұрады.

Деңгейлеп оқыту – оқылатын ақпараттың азаюы арқылы емес, оқушыларға қойылатын талаптардың әр түрлілігі арқылы жүзеге асырылады. Оның мақсаты: әрбір оқушы өзінің даму деңгейінде оқу материалын меңгеруін қамтамасыз етуі.Деңгейлеп-саралап оқыту құрылымында білімді игерудің негізгі үш деңгейі қарастырылады: ең төменгі /минималды базалық/, бағдарламалық, күрделенген деңгей.

Қазіргі таңда Қазақстанда білім берудің өзіндік ұлттық үлгісі қалыптасуда. Бүл процесс білім парадигмасының өзгеруімен қатар жүреді. Білім берудегі ескі мазмұнның орнына жаңасы келуде. Жаңа білім парадигмасы бірінші орынға баланың білігі мен дағдысын емес, оның түлғасын, білім алу арқылы дамуын қойып отыр.Жалпы педагогикалық технологиялар - бұл білімнің басымды мақсаттарымен біріктірілген пәндер мен әдістемелердің, оқу-тәрбие процесін үйымдастырудың өзара ортақ тұжырымдамамен байланысқан міндеттерінің, мазмұнының, формалары мен әдістерінің күрделі және ашық жүйелері, мұнда әр позиция басқаларына әсер етіп, ақыр аяғында оқушының дамуына жағымды жағдайлар жиынтығын қүрайды.

Әдебиеттер:

1.       Жанпейісова М.М. Модульдік оқыту технологиясы. – Ақтөбе, 1998.

2.       Қараев Ж., Ермеков Н.Т. Информатика және есептеуіш техника негіздері мектепте оқыту әдістемесі. - А. 1998 

3.       Давиденко С.П., Пилипенко С.Б., Викс В.Ю.. Информатика практикум (дидактикалық материалдар). –А.: Мектеп. 2004 ж.

4.       Балафанов Е.Қ., Бөрібаев Б.Б., Мұхамбетжанова С.Т. Ақпараттық мәдениет негіздері. (Әдістемелік нұсқау). - А. 2005.