Абидиева С.Р.
Ш.
Есенова атындағы КМТИУ
Қазақстанның дамуындағы Маңғыстау
облысының орны
Облыс 1973 жылы
құрылды және Қазақстан Республикасының
оңтүстік-батыс бөлігінде орналасқан,
солтүстік-шығыста Атырау және Ақтөбе
облыстарымен, батыста теңіз бойымен Ресей Федерациясымен,
Әзірбайжанмен және Иранмен, оңтүстікте
Түрікменстанмен және шығыста Өзбекстанмен шектеседі.
Облыстың
аумағы 165,6 мың шаршы километрді құрайды
(Қазақстан аумағының жалпы ауданының 6,1 %,
14 өңірлердің ішінде – 7-орын). Облыс халқы 2014
жылғы 1 қарашаға 585,7 мың адамды немесе
Қазақстанның бүкіл халқының 3,5%-ын
құрады. Облыс бойынша орташа алғанда халық
тығыздығы (аумақтың 1 шаршы километріне) 3,6 адам
құрайды. Қала халқының саны 298,0 мың
адамды (49,4%), ауыл халқының саны 305,7 мың адамды (50,6%)
құрайды.
Облыс орталығы –
Каспий теңізіндегі порт болып табылатын және 1963 жылы
құрылған Ақтау қаласы. Қалада 2014
жылғы 1 қарашаға 182,1 мың адам немесе облыстың
бүкіл халқының 31,4%-ы тұрады. Ақтау
қаласынан Астана қаласына дейінгі арақашықтық – 2
413 км.
Облыста облыстық
маңызы бар 2 қала (Ақтау қаласы, Жаңаөзен
қаласы), 5 ауылдық аудан (Форт-Шевченко шағын қаласын
қоса алғанда), 27 ауылдық округ (61 ауылдық елді мекен)
орналасқан.
Облыс Каспий
өңірінің мультиұлттық жүйесіне
шығатын Қазақстан Республикасының шекара
бойындағы облысы ретінде қуатты транзиттік,
көлік-логистикалық және халықаралық маңызы
бар инфрақұрылымдық-сервистік әлеуетке ие.
Облыс аумағы
арқылы Шығыс Еуропаны Орталық Азиямен және
Солтүстік Еуропаны Парсы шығанағының елдерімен
қосатын ТРАСЕКА және «Солтүстік- Оңтүстік» екі
халықаралық көлік дәлізі өтеді.
Халықаралық
сарапшылардың бағалауынша, Қазақстанның туристік
көзге көрінерлік орындарының үштен бір бөлігі
Маңғыстау облысында орналасқан. Облыстың Каспий
теңізінің жағасында географиялық ыңғайлы
орналасуы негізгі туристік ағындарды шығаратын елдерге
жақындауын қамтамасыз етеді.
Көлік логистикасы
және туризм облыстың маңызды бәсекеге қабілетті
басымдықтарымен анықталған, олар экономиканы
әртараптандыруға және жаңа жұмыс орындарын
құруға ықпал етпек.
Облыстағы пайдалы қазбалардың негізгі түрлері
мұнай мен газ болып табылады. Бүгінге Маңғыстау
облысының аумағында 75-тен астам мұнай мен газ кен орындары
белгілі. Облыс бойынша мұнайдың геологиялық қорлары
2840,0 млн. тоннаны құрайды. Жалпы шығарылатын мұнай
қоры – 578,0 млн. тонна, ілеспе газ қоры – 34,6 млрд. тонна текше
метр, табиғи газ қоры 171 млрд. текше метр, конденсат қоры –
8,0 млн. тонна. Олардың ішінде 39 кен орны игерілуде.
Жинақталған мұнай өндірілуі – 629 млн.тонна.
Ірі мұнай кен орындары:
- Өзен – геологиялық қоры шамамен 730 млн. тонна;
- Жетібай – шамамен 279 млн. тонна;
- Қаламқас – 523 млн. тоннадан астам;
- Қаражанбас – 270 млн. тонна;
- Солтүстік Бозашы – 305 млн. тонна.
Сондай-ақ,
облыстың жер қойнауы фосфорит (3 млн. тонна), көмір (42 млн.
тонна) (теңгерімнен тысқары қорлар), марганец (38 млн.
тонна), әр түрлі тұздар (4,8 млн. тонна),
әктас-ұлутас (261752,0 мың текше метр), минералды су
(тәулігіне 3,54 мың текше метр), уран (38 млн. тонна)
қорларына бай.
Облыстың
әлеуметтік-экономикалық дамуы «Қазақстан–2050»
Стратегиясының, Қазақстан Республикасының 2020
жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарының, Елді
аумақтық-кеңістікте дамытудың 2020 жылға дейінгі
болжамды схемасының, мемлекеттік және салалық
бағдарламалардың негізінде және Мемлекет басшысының
Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауларына сәйкес
жүзеге асырылуда.
Облыстың жалпы өңірлік өнімі (ЖӨӨ) 2011
жылғы 1751,1 млрд. теңгеден 2013 жылы 1907,1 млрд. теңгеге
дейін ұлғайды. ЖӨӨ-нің нақты өсуі
(НКИ) 2013 жылда 105,2% (2011 жылда – 99,7%, 2012 жылда – 101,1%)
құрады нақтыланған статистикалық деректер).
Маңғыстау облысының жалпы
өңірлік өнімінің (ЖӨӨ)
Қазақстанның жалпы ішкі өніміндегі (ЖІӨ)
үлесі 5,4% құрайды.
ЖӨӨ-нің нақты көлем
индексі (бұдан әрі – ЖӨӨ НКИ) салалар кесінінде
өнеркәсіпте – 102,2%, саудада – 112,6%, құрылыста –
100,3%, көлік пен қоймалауда – 107,8% құрады.
ЖӨӨ өсу қарқынының 2012 жылмен
салыстырғанда ауыл шаруашылығында төмендегені байқалады
– 96,7%.
Ауыл шаруашылығының үлесі 2012
жылғы 0,3%-дан 2013 жылы 0,5%-ға, өзге де
қызметтердің үлесі тиісінше 25,2%-дан 30,4%-ға дейін
артты. Өнеркәсіптің үлесі 2012 жылғы 56,5%-дан
2013 жылы 53,7%-ға, тиісінше көтерме және бөлшек
сауданың үлесі 3,9%-дан 3,7%-ға, құрылыстың
үлесі – 7,0%-дан 6,5%-ға, көлік пен байланыстың
үлесі 6,3%-дан 5%-ға дейін азайды.
Облыстың өнеркәсібі республика
ЖІӨ-нің жалпы көлемінде айтарлықтай үлеске ие –
55,5%, ал осымен бір мезгілде ауыл шаруашылығы өндірісінің
үлесі болмашы ғана – 1%-дан кем болып отыр[1].
Маңғыстау облысы
өнеркәсіптік өндіріс үлесі бойынша елде 2-орын алады
(13,2%). Өнеркәсіптік өндірісі негізінен ұлттық
тау-кен өндіру өнеркәсібінде үлесі 23% құрайтын
тау-кен өндіру өнеркәсібінен
тұрады. Осы салада ірі және орта кәсіпорындардың
саны біршама көп.
Өңдеу өнеркәсібі
металлургия мен дайын метал бұйымдарының өндірісінен, машина
жасау мен химия өнеркәсібінен тұрады.
Халықтың жан басына
шаққандағы ЖӨӨ көлемі 2012 жылғы
2945,9 мың теңгеден (19,6 мың АҚШ доллары) 2013 жылы
3301,9 мың теңгеге (22 мың АҚШ доллары) дейін
ұлғайды, бұл – республика өңірлері
арасындағы төртінші орын (ҚР бойынша орташа – 2070,7
мың теңге немесе 13,8 мың АҚШ доллары).
Облыс әлемнің 101 елімен
экспорттық-импорттық операцияларды, оның ішінде 41 елмен
экспорттық операцияларды, 99 елмен импорттық операцияларды
жүзеге асырады. Облыстың сыртқы сауда айналымы 2013
жылы 9 832,9 млн. АҚШ долларын құрады, бұл 2012
жылдың деңгейінен 14,7%-ға көп. Экспорт 9 092,9
млн. АҚШ долларын (12,8%-ға ұлғайды), импорт 739,9 млн.
АҚШ долларын (44,1%-ға ұлғайды) құрады.
Сыртқы сауда балансының сальдосы 8353,0 млн. АҚШ доллары
сомасында қалыптасты (2012 жылы – 7544,8 млн. АҚШ доллары) [1].
Облыстың сыртқы сауда айналымы 2014
жылдың қаңтар-қазанында 9173,9 млн. АҚШ долларын
құрады, бұл – 2013 осындай кезеңінен 9,3%-ға
көп. Экспорт 8751,5 млн. АҚШ долларын (13,2%-ға
ұлғайды), импорт 422,2 млн. АҚШ долларын (36,2%-ға
төмендеді) құрады. Сыртқы сауда балансының
сальдосы 8329,6 млн. АҚШ доллары сомасында қалыптасты (2013
жылдың қаңтар-қазанында – 7072,5 млн. АҚШ
доллары).
Маңғыстау облысы республикалық
бюджеттің доноры болып табылады және жоғары
тұрған бюджетке бюджеттік алу көлемі 2013 жылы – 24,6 млрд.
теңгені, 2014 жылға арналған жоспар – 10,1 млрд.
теңгені, 2015 жылға арналған жоспар – 16 млрд. теңгені
құрады [2].
Облыстың бәсекеге
қабілетті артықшылықтарын есепке ала отырып, облыс экономикасының мынадай өсу резервтері айқындалды:
мұнай-газ өндіру секторын одан әрі дамыту (іздестіру, барлау
жүргізу және жұмыс істеп тұрған кен орындарын
жете барлау, жұмыс істеп тұрған кен орындарының
тиімділігін көтеру, мұнай сервистік кластерді дамыту),
облыстың транзиттік әлеуетін дамыту (көлік пен логистика),
құрылыс индустриясы мен туризмді дамыту («Кендірлі» курортты
демалыс аймағы).
Әдебиеттер
тізімі
1. Сайт www.mangystau.gov.kz;
2. Сайт mangystau.stat.udpn.k.