Қазақстан
Республикасында логистиканың даму мәселелері және
болашағы
Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар
және инжиниринг университеті «Қаржы, есеп және аудит»
кафедрасының аға оқытушысы Нурбосынова Ж.Н.
Еліміздегі логистиканың даму мәселелеріне
тоқтала кетейік. Логистиканың
тәжірибелі тәсілдерді және ғылыми
көзқарасты талап етуі Қазақстанның
нарықтық қатынастарға көшуінің бастауымен
сай келді. Шетелдік тәжірибе және жоғарыда қарастырылған
шетелдегі логистикалық концепциялардың эволюциясы
көрсеткендей, нақты теориялық аппаратта және
логистикалық менеджменттің тәжірибелік әдістеріне
қажеттілік өндіруші күштердің, технологиялардың,
саяси жағдайдың, белгілі тарихи уақытта
қалыптасқан нарықтық қатынастардың
ересектігіне байланысты болып келеді. Отандық бизнестегі
логистикалық көзқарастың мүмкіндіктерін
және қарқынын бүгінгі күнгі Қазақстандағы
әлеуметтік-экономикалық, саяси жағдайдан және
экономикалық реформалар қадамының болжамынан бөліп-жарып
қарауға болмайды.
Ғылыми-техникалық қадамдар
жоғары оқу орындарындағы логистикаға тура немесе жанама
қатысы бар пәндерін кең ауқымымен мамандарды дайындаумен
байланысты. Шетелде отандық ғалымдарымыздың заманауи
логистиканың теориялық базасын құрайтын жүйелік
талдау, техникалық және экономикалық кибернетика,
операцияларды зерттеу, қорларды басқару теориясы,
қоғамдық қызмет көрсету теориясы, байланыс және
өзге ғылымдар теориясы салаларындағы жұмыстары
кеңінен танымал. Жетекші ғалымдарымыз бен мамандарымыз
материалдық-техникалық қамтамасыздандыру және
өндірудің түрлі аспектілерінде, өндірісті жылдам
түрде басқаруда, материалдық ресурстарда қажеттілікті
оңтайлы түрде жоспарлауда, өнімді қолдану саласында
көліктің жақсы жұмыс істеуін ұйымдастыруда,
қойма қожалығын ұйымдастыруда және т.б.
ауқымды ғылыми және тәжірибелік өзіндік
үлесін қосты.Отандық экономист ғалымдарымыздың
материалдық ағымдардың қозғалысы туралы
ғылымының дамуына қосқан орасан зор үлестерін
атап өтпеуге болмайды. Профессор Сухова Л.Ф. өзінің
«Қазақстандағы материалдық-техникалық
құралдарының қозғалысы» атты кітабында былай
дейді:
«Жалпыға белгілі,
қоғамдық өндірісте қоғамдық
үрдісімен байланысты ауқымды шығындар өз орнын алып
отыр. Бұл тауарларды өңдеуді аяқтау, қаптау,
тасымалдау, сақтауды тоқтату, мұнда тоқтату дегеніміз –
қолдану саласындағы өндіріс үрдісінің созылуынан
пайда болған. Қолдану саласындағы тасымалдауға,
сақтауға және тауарларды өңдеуге кеткен
еңбек өндіруші еңбек болып табылады. Ол тауарға
өнімнің шығындалған құралдарының
бағасына аударады және тауардың бағасының
үстіне жаңа баға қосады.Сонымен қатар,
қоғамдық өндіріс саласында тоқтатудың басқа
-өтелмейтін, өндірілмейтін шығындар сияқты
түрлері бар. Бұл — көбінесе технологиялық
үрдістің жете дамымауынан, еңбектің әлсіз
механизациясынан, өндіріс пәнінің төмендігінен пайда
болатын өндіріс үрдісінде бейрационалды түрде
жұмсалған тірі еңбекті жоғалту;
қоғамдық еңбекті жоғалту – матриалдарды,
жанармайды және басқа да материалдық
құндылықтарды оларды дайындау, эксплуатациялау, сақтау,
жеткізу, қолдану үрдісінде шамадан тыс шығындау».
«Логистика» терминінің өзі және сонымен
қатар ғылыми пән бізде жақында ғана
қолданылып, дәріс оқыла бастағанына қарамастан
логистиканың бөлек теориялық жағдайлары
экономикалық жоғарғы оқу орындарында экономика
және материалды-техникалық қамтамасыздандыру және
өндіруін ұйымдастыру, қоймалық және
шөлмектік қожалықты ұйымдастыру, қорларды
басқару, материалды ресурстарды тұрақтандыру,
өндірісті, оперативті-күнтізбелі жоспарлау, жүк тасымалдау
ұйымдастыру және басқару, көтерме сауданы
ұйымдастыру және т.б. пән кешендерінде игерілді.
Көрсетілген пәндердің нарығына көшуге дейін
тәжірибелік қосымшаларда және ғылыми-зерттеулік
өңдеулерде территориалдық, салалық және
ведомстволық көзқарас басым болды. Өндіріс және
тауарды қодану салаларындағы бір логистикалық
үрдістің қатысушылары өзіндік жергілікті
қызығушылықтарын және орталықтандырылған
жоспарланған экономиканында жұмыс істеу мақсатын жүзеге
асыру көзқарасымен қарағанда әрқашан
бөлек қарастырылады. Біріккен парадигмалар және маркетингтік
аспектілерде концептуалды түсінікте логистикалық
көзқарас нарыққа көшуге дейін қабылдануы
мүмкін емес еді.
Сол уақытта ҚазСР, кейін
Қазақстанның да экономикасындағы ұзақ
мерзім бойы өндірістік және қолдану салаларындағы
қазіргі кезде біз логистиканың ерекше билігіне жатқызып
жүрген мақсаты материалдық ағымдарды басқару
болған өндірістік-техникалық базалар қалыптасты.
Өнеркәсіптік өндіріс салаларында бұл ішкі
өндірістік технологиялық (өнеркәсіптік) транспорттың
және қоймалық қожалықтың жұмысын,
икемді автоматизацияланған өндірістерге және
роботтандырылған кешендерге, жобалауды автоматтандыру жүйелерін
жүйелерінің ұйымдастыруға жатады.
Өнеркәсіпте отандық макрологистикалық РИТМ, КСОТО,
САПР, оперативті өндірістік оптималды жоспарлау жүйелерін, MRP/DRP,
KANBAN және т.б. шетелдік жүйелер секілді материалдық
ресурстар қорын қадағалау және басқару
сияқты жүйелерді нәтижелі қолдану мысалдары белгілі .
Халықаралық нарықта
транспорттық кәсіпорынның жұмыс істеуінің
әдетегі белгілері транспорттық фирмалар және әр
түрлі транспорттың түрлері арасындағы
бақталастықтың күшеюі ретінде объективті
жағдайлар, тұтынушылардың тарифтерге және
транспорттық қызмет көрсету сапасына қатаң талап
қоя бастауы болып келеді. Батыстағы халықаралық
транспорт сервисінің соғыстан кейінгі жарты ғасырлық
тәжірибесі көрсеткендей, транспорт қызметі бизнестің
нарықтық инфрақұрылымның, яғни кең
ауқымды логистикалық сервистің әлдеқайда
үлкен бөлігін алып отыр [6].
Тауарды жер шарының кез келген
нүктесіне жеткізуді басқарудың заманауи логистикалық
концепциясын тұтынушы сервисінің орнынан қарағанда,
былайша қарастыруға болады: «Керекті тауар белгілі сапасымен
және санымен – белгіленген уақытта және минималды
шығындармен, керек жерге жеткізіледі». Соның ішінде шығындар
тауарды өндірудің өз бағасы ретінде және де
әлемдік өткізу жүйелерінде тауар шығарушы және
сауда делдалдарының физикалық таратылуымен логистикалық
операциялар шығындарына байланысты. Логистикалық шығындар
құрылымында транспорттық шығыны 20%-дан 70%-ға
дейін құрайды, сондықтан транспорт глобальды
логистикалық жүйенің құрылуында орасан зор
рөл атқарады.
Қазақстан үшін
оның үлкен территориясымен қайта шығарудың
жергілікті ерекшеліктері, соның ішінде жергілікті транспорттық
факторлар: транспорттық коммуникациялар, сол аудандағы
транспорттық және транспорттық-экспедициялық
кәсіпорындар, транспорттық түйіндер, терминалдар және
т.б. маңызды орын алады. Әрбір ауданының экономикасының
қолдану саласында қандай да бір логистикалық функцияларды атқаратын
кәсіпорындардың үлкен тобы жұмыс жасайды:
транспорттық фирмалар, көтерме сауда делдалдары, банктер,
транспорттық-қоймалық кешендер, жүктік терминалдар
және т.б.
Тұтынушыларға
нәтижелі қызмет көрсету, көптеген
транспорттық-логистикалық фирмаларды және аудандардағы
делдалдардың жұмысын басқару және координациялау
жергілікті транспорттық-логистикалық жүйесіз мүмкін
емес. Осы жүйелердің түзетуші және біріктіруші потенциалды
белгілі аудандардың әлуметтік-экономикалық дамуына,
транспорттық-логистикалық қызмет көрсетудің
жоғары сапасының арқасында тұтынушыларға
қызмет көрсету нәтижелілігін ұлғайту,
олардың әлемдік стандарттарға жақындауы, жергілікті материалдық
және оларды ақпараттық және қаржылық
ағыммен қамтамасыздандыратын заманауи логистикалық
басқару технологияларын енгізу.
Қазақстан
нарығының көп бөлігін шағын ойнаушылар иеленуде.
Бәсекелестіктің классикалық түрдегі түсінігі
рейтеил нарығында жоқ. Қазіргі күні желілік ритейл, мамандардың
пікірінше көтерме тауар айналымның 5-10 пайызын алады. Мұндай
жағдайдың болуы аймақтар мен нарықтың дамуына
шектелуіне себептер бар:
Ірі
сауда желілердің келуі 2-3 жыл ішінде қазіргі заманғы
логистық қызмет құруды талап етеді, тарату
орталықтар желісін құру арқасында.
Тауар
дистрибьюторлары. Қазақстан нарығының қазіргі
заманғы логистикалық қызметтерге халықаралық
компаниялар мұқтаж. Мысалы:
Еліміздің экономикасында қалыптасқан
жағдай принципиалдық жаңа жүк ағымын
басқарудың терминалды технологияға және тауар қозғалысының
логистикалық принципіне негізделген жаңа жүйенің пайда
болуын талап етеді. Жергілікті жүйенің логистикалық
қызмет көрсету қалыптастыру стратегиясы ірі
қалалардың жан-жағында жүк өңдеуші
және жүк жинаушы терминадар желісінің және
көпмақсатты мультимодальдық терминалдық
кешендердің, сонымен қатар олардың тасымалдаушылар,
экспедиторлар және жалпыға бірдей ақпараттық
қолдау және телекоммуникация арқасында басқа да
логистикалық серіктестермен жұмысын басқару және
кординациялауды жүзеге асыратын логистикалық
орталықтардың құрылуына негізделуі қажет.
Жергілікті макрологистикалық жүйе клиенттерді әлемдік
стандарттарға өндірістік технологиялық деңгейімен
және тұтынушыларға логистикалық қызмет
көрсету кешенділігі және сервистілігімен жауап беретін
транспорттық-экспедициялық, қоймалық, жүк
өңдеуші, кедендік және сервистік қызметтер
жиынтығымен қамтамасыз етуі қажет.Біріншіден мультимодалді
транспорттық дәліздердің логистикалық қолдау
жүйесінің жетілдірілуі маңызды. Біріккен сауда
транспорттық құрылымдардың пайда болуына негізделе
әр түрлі деңгейдегі логистикалық орталарда
олардың функцияларының координациясы негізінде осындай жүйе
транспорттық дәліздердің жасалуын жүзеге асыруға
бөлінетін бюджеттік құралдарды және инвестицияларды
тиімді пайдалануға көмегін тигізеді, терминалды және
қоймалық жүйенің рационалды дамуын жүзеге асыру,
бейрационалды тасымалды қысқарту, экологиялық жағдайды
жақсарту және соңғы тұтынушыларға
транспорттық-логистикалық сервистің сапасын жақсартуды
қамтамасыз етеді .
Қазақстанның жергілікті
макрологистикалық жүйесінің құрамындағы
транспорттық дәліздердің логистикалық қолдау
көрсетуі мыналарды қамтамасыз етеді:
Еліміздің
транспорттық кешеніне кіретін жергілікті тасымалдау нысандары басқа
өнеркәсіптер және ұйымдармен ара қатынаста
жергілікті деңгейде де мемлекет деңгейінде де, сонын ішінде
ауданаралық, аймақаралық және халықаралық
экономикалық байланыстарда транспорттық қызмет көрсету
нарығының қалыптасуына қатысуы қажет. Сонымен
қатар тасымалдау шешуші болса да, бірақ қазіргі кездегі
кең ауқымды біріккен логистикалық жүйелердің
жалғыз функциясы емес. Өнімді өндірушілер мен тұтынушылар
арасында оларға көрсетілетін қызметтер кешенінде,
мысалға, физикалық тарату операцияларында жүктеу
және қайтадан алу, түрге бөлу, қаптау,
қоймалау, сақтау, шоғырландыру, жүк партияларының
ірілендірілуі және т.б. қызығушылық танытуда. Логистикалық
тауар өндірушілер қатарының үлкен бөлігін
қадағалау логистикалық қызмет көрсету сапасын
жақсартуға, өндірушілердің қамтамасыздандыру
және өндіру саласындағы шығындарды азайтуға,
логистикалық фирмалардың кірісін көбейтуге көмектеседі.
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:
1. Белоусов А.Г., Стаханов Д.В., Стаханов В.Н. Коммерческая логистика. – Ростов-на-Дону: Феникс, 2001.-С.7-14.
2. Джонсон Д.С., Вуд Д.Ф., Вордлоу
Д.Л. и др. Современная логистика. - М.-СПб.- Киев, 2002.-С.23-29, 95.
3. Логистика
товародвижения. М.: Маркетинг, 2000.-с.. 120 — 126.
4. Новиков О.А., Уваров
С.А. Логистика. Учеб. пособие. СПб.: СПбУЭФ, 1995.-110с.
5. Неруш Ю.М.
Коммерческая логистика. М.: Биржи и банки, 1997. – 271с.