Көкенова А.Т., Әбілқасым А.Б., Болеева А.Е.
Халықаралық гуманитарлық-техникалық
университеті
ДАМЫҒАН ЕЛДЕРДІҢ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ САЯСАТЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
МЕН ТӘЖІРЕБИЕСІ
Ғылыми-техникалық революция
жағдайында инвестициялық ағымдардың өсуіне
ықпал етуші факторларды дамыту белсенді түрде жүргізілуде.
60-80 жылдары өндіріс пен сыртқы саудаға
қарағанда капитал ағымы өте жоғары
қарқынмен дамыды.
Мысалы, егер 1960 жылы тікелей шетелдік
инвестициялар көлемі 66 млрд. доллар болса, онда 80-жылдары олар 8 есеге
өсті. Бұл жиырма жылдық кезең дамыған елдер
экономикасын инвестициялауға дамушы елдер экономикасынан шығатын
шетел капиталының қозғалу векторларын түбегейлі
өзгертті [1].
Бұл бәсекелестік күресті
қатаң жүргізудің негізі болып табылады. Осы мезетте
жаңа халықаралық экономикалық жағдайды
қалыптастыру бойынша іс-қимылдар белсенді түрде жүріп
жатты. Бұл құбылыс сөзсіз, үйлестіру
императивтерін, экономикалық және саяси ынтымақтастықтың
жаңа мүмкіндіктерін туындатты.
Халықаралық капитал
қозғалысының тарихында аталған кезең былайда
ерекшеленеді, яғни капиталды шетке шығарудағы
күштердің өзгерісі де түбегейлі өзгерістерге
ұшырады. Салыстыру үшін төмендегідей мысал келтіруге болады:
Екінші дүниежүзілік
соғыстың алдында Ұлыбритания капиталының ірі экспортері
болды, оның үлесінде жалпы көлемнің 40%-тен астамы
болды, ал АҚШ үлесі 20%
және 55% болды.
АҚШ-тың алдыңғы
қатарлы рөлі 60-жылдардың ортасына дейін байқалды,
бірақ та осы уақытқа дейін АҚШ-тағы шетел
активтерінің барлық түрлері едәуір көп болды [2].
Сонымен бірге, соғыстан кейінгі жылдары
АҚШ-тың инвестицияландыруының басты формасы ретінде
мемлекеттік және жеке меншік саудалық капитал экспортында АҚШ
елеулі үлес алады және олар көп жағдайда дамушы
мемлекеттер әлеміне бағытталады. Бұл жердегі мақсат –
сол елдерде американдық ықпал ету орбитасын енгізу.
Сөзсіз түрде мынаны атап өту
керек, яғни шетелдік жеке меншік инвестициялардың ірі
формаларының бірі ретінде тікелей шетел инвестициялары
қарастырылды. Бұл кезде статистикалық мәліметтер көрсеткендей,
кәсіпорындар мен объектілердің акцияларының басым
көпшілігі американдық капиталдық толық меншігінде
болады.
Бұл американдық
корпорацияларға, бәсекелестерге қарағанда өте
жоғары көрсеткіштерге ие болуға мүмкіндік береді, ал
алынатын пайдалардың басым көпшілігі елдің төлем балансындағы
пассивтің белгілі бір үлесінің орнын толтырады және
шетел экспансиясын қаржыландыруға арналған ресурстарды
толықтырады.
Енгізілген американдық капитал дамушы
елдердің жұмысшылары мен қызметкерлерінің мынандай
санын тұтынады, яғни оның шамасы АҚШ-тағы
өңдеу салаларының жартысына жуығын құрайды.
АҚШ капиталды шетке шығарудан
мынандай экономикалық тиімділік алады, яғни АҚШ-тан
шығатын капитал көлемімен салыстырғанда әлемдік
нарықтағы тауарлар қозғалысы 5 есеге көп болады.
Біздің ойымызша, шетелдегі американдық
кәсіпорындар кешенін АҚШ-тың екінші экономикасы деп есептеу
өте дұрыс. Елдердің қаржылық ресурстарын
капиталды тартушы елдер үкіметінің басқару және
ынталандыру тәжірибесінің жеткіліксіздігі ықпал етеді.
Әлемдік аренада 60-жылдардың
соңында күштерді орналастыру күрт өзгерді, ол
төмендегі сәттермен анықталды.
Көптеген дамыған елдерде энергия
ресурстары болмады да, белгілі бір шикізаттық тәуелділікте болды.
Сонымен бірге 60-жылдары доллар бағамының төмендеуі орын
алды, батыс-еуропалық және жапондық
кәсіпорындардың мүмкіндігін арттыру жеделдетілді, ол
әлемдік аренада американдық капиталдың жағдайының
нашарлауына әкеп соқты.
70-жылдардың басына қарай
көптеген аметикандық өндірістер Батыс Еуропадағы
өз қызметін тапты және 80-жылдардың ортасына
қарай АҚШ-тың тікелей инвестицияларының өсу
қарқыны батыс-еуропалық және жапондық капиталдар
ағымынан артта қалды.
Сонымен бірге айта кететін жайт,
американдық капитал негізінде құрылған көптеген
дамушы елдер экономикасы ЖИЕ және мұнайды экспорттаушы мемлекеттер
тобын туындатты, олардың өз елдерінен капиталды
шығарудың маңызды себептері бар [3].
Капиталдың күшті
экспортерлерінің бірі ретінде Жапония ерекше орын алады, ол әлемде
бұрын болмаған ұзақ мерзімдік салымдар
құнын жинақтады. Егер 60-жылдары тікелей
инвестициялардағы Жапонияның үлесі 0,5%-ті
құраса, 1985 жылы ол 10-11%-ке жетті.
Соның арасында, Жапонияның
өз капиталын орналастырудың негізгі аймақтары – бірінші ретте
дамушы елдер, соның ішінде ЖИЕ болып табылды. Бірақ, дамыған
әлемдегі оның үлесінің кеңейгендігін атап өтпеуге
болмайды.
1985 жылы Жапония мен АҚШ-тың
тікелей инвестициялары 10 млрд. доллардан асты, ол жалпы көлемне
тең, Жапон капиталының шетке шығарылуының мұндай
қарқыны «АҚШ – Жапония – Батыс Еуропаң
үшбұрышында өткір қақтығыстарды туындатты.
70-жылдардың басына қарай тікелей
инвестициялар 725 млрд. долларға жетті, қазіргі кезде Жапония
капиталдың өте белсенді экспортеры бола отырып, шетел тауарларына
«ашық есіктерң саясатын жүргізбей отыр. Өйткені,
соғыстан кейінгі Жапония өзінің даму моделіне
АҚШ-қа әскери тәуелділігі жағдайында жетті,
АҚШ пен Батыс Еуропаның ықпалы әсерінен Жапония капитал
импортын ырықтандыруға тырысуда.
1980 жылғы жапондық мысал, ауыл
шаруашылығы, мұнай және газ өнеркәсібіне шетел
инвестицияларын енгізуге толық тыйым салуды көрсетіп отыр.
Экспансия құралдарының күрделі байланысуында ТҰК
өзінің енгізілу аймағын едәуір кеңейтті.
Бұл тікелей американдық инвестициялардың интенсивті
өсуін көрсетеді.
Шетелдерден капиталдың ағылып
келуіндегі түбегейлі өзгеріс 1984 жылы болды, яғни осы кезде
АҚШ-тың күшті ықпалымен шетелдің
қаржылық ұйымдарының енуі үшін жағдайлар жасады.
Осылайша, қысқа мерзімдік капиталдың импорты және
ұзақ мерзімдік капиталдың экспорты ырықтандырылды [4].
Капиталдың әлемдік экспортына
Батыс Еуропа ерекше орынды алған және алып отыр, оған
үш масштабты фактор ықпал етті:
- екінші
дүниежүзілік соғысты қаржыландыру:
- Ұлыбритания, Франция,
Голландия және Бельгия капиталы ұмтылатын Азия мен Африка
территориясында отарлау режимінің болуы;
- Батыс Еуропа
интеграциясының күшеюі.
Оңтүстік шығыс азиядағы (ОША)
Қытай капиталының рөлін ерекше атап өту керек. Капитал
салу үшін жедел және тиімді қайтарымдылықты беретін
салаларды мұқият таңдай отырып, ОШАМА елдерінде
ЖҰӨ-нің 60%-ке жуығын Қытай кәсіпкерлері
өндіреді.
Бұл кездегі экономикалық дамудың
айрықша құбылыстарының бірі - қытайлық
үш этникалық ошақтарының (Гонконг, Сингапур, Тайвань)
атқарған рөлі, сонымен бірге, осы ошақтардан тыс
жерлерде өмір сүретін Қытай диаспорасы болып табылады.
Ұлттық экономиканың
қытайлыққа қарсы бағытталуына жауап бере отырып,
жеке меншік фирмаларды, акционерлік компанияларды қолдануға
мөлшерлеме жасайды.
Қытайларға тән ерекше қасиет
(үнемділік, ұқыптылық, есептілік) Қытай
капиталының орасан ұдайы өндірісін дамытты, ол елдердің
бүтіндей өнеркәсіп салаларын өзіне бағындырды.
Көптеген қытай зерттеушілерінің
айтуынша, жетекшілер экономиканы саясаттан жоғары етіп
қойған, ал идеология саясат мүддесіне тәуелді болып
келеді.
Өзіміз білетіндей, шетел капиталы белгілі бір елге
әр түрлі жолмен тартылады, бірақ Еуропада бірлескен
кәсіпорын (БК) құру сияқты жол кеңінен
таралған.
Өйткені, жаңа бизнес инвесторға
маңызды қосымша шығындарсыз өндірісті жүзеге
асыруға мүмкіндік берді. Мұнда жинақталған
тәжірибе мен серіктестік іскерлік байланыстарда негізгі құралдар
болып табылады.
ПАЙДАЛАНҒАН
ӘДИБИЕТТЕР ТІЗІМІ:
1.
Русинов Ф., Минаев Н.
Система отбора и оценки инвестиционных проектов // Консультант директора. –
2008 - №23.
2.
Чуб Б.А. Стратегический
менеджмент организации. (http://www.cfin.ru)
3.
Косалс Л. Я. Социальный
механизм инвестиционных процессов: сравнительный анализ
советского и постсоветского периодов // Экономическая наука
современной России. – 2000. - №3.
4. ThuronyiV. Tax Law Design and Drafting. IMF, 1998, с. 1005.