ШАҒЫН КӘСІПОРЫНДАРДЫҢ ӨНДІРІСТІК ҚЫЗМЕТІН ҰЙЫМДАСТЫРУ

 

Сарсенова А.Е. э.ғ.к., доцент., Шаханова М.К. магистрант.

 

Тараз инновациялық - гуманитарлық университеті, Тараз қаласы.

 

Экономикада өндірістік кәсіпорындардың қызметі жалпы қаржы нарығын дамытудың бір саласы болып табылады. Өндірістік кәсіпорындардың экономикалық тиімділігінің жоғары қарқынды және бірыңғай өсуін қамтамасыз ету мемлекеттің қаржы-шаруашылық саясатын дұрыс жүргізумен байланысты. Сондықтан да, Қазақстанда кәсіпорындар әр түрлі нысанда құрылады. Акционерлік қоғам түрінде құрылған кәсіпорындар өнеркәсіпте, сауда да, банк және экономиканың басқа да салаларынның кеңінен дамуына әсер етеді.

Экономиканың қарқынды дамуы – ішкі сұраныс пен өндірілген тауарлар көлемінің өсуімен тығыз байланысты. Қаржы нарығының қарқынды дамуы, жаңа тауралардың пайда болуына және қаржы субъектілеріне өз қызметтеріне жаңа технологияны пайдалануды қамтамасыз етеді.

Шаруашылық жүргізудің қазіргі жағдайында кәсіпкерлік қызмет қаржы ресурстарын үздіксіз қалыптастырып отыруды, оларды неғұрлым тиімді пайдаланудың, ұлттық шаруашылықта ақша қоғзалысын ұтымды ұйымдастырудың айрықша нысаны болып табылады және бағалы қағаздар нарығы, сондай–ақ несие нарығының дамуына да әсер етеді.

Кәсіпорындардың қызметі экономикадағы қаржыны қалыптастыруда және әр түрлі нысанда реттейтін нарықтық қатынастардың бүкіл жиынтығын біріктіретін жалпы ұғым болып табылады.

Қаржы ақша қорлары құрайтын және олардың жеке айналымында пайда болатын ақша құралдарының жүйесі. Нарықтық экномика жағдайында қаржы ақшаның үздіксіз айналымы процесі арқылы түсіндірілетін ақша ағымынан тұрады.

Кәсіпкерлік қызметтің орын алар жері ең алдымен кәсіпорын. Экономикалық категория ретінде ол өндіргіш күштер мен өндірістік қатынастарды ұйымдастырудың негізгі буыны.

Құқықтық тұрғыдан кәсіпорын заңдық құқықтары бар дара шаруашылық субъектісі, өзіне бекітіліп берген мүліктерді пайдалана отырып өнімдерді өндіреді, жұмыстар атқарады, әр түрлі қызмет түрлерін көрсетеді.

Кез келген елде кәсіпкерлікті дамыту экономиканы тұрақтандырудың аса маңызды факторы болып табылады.

Қазақстан Республикасында кәсіпкерліктің дамуы 1992 жылдардың басында кең үрдіс алды. Бастапқыда, әрине, жалпы кәсіпкерлік туралы нормативтік құқықтық базаның қалыптасбауына байланысты біршама қиындықтарда болды. Осы себептерге байланысты мемлекет тарапынан тікелей нормативті құқықтық заңдар мен жарлықтар шығарылды.

Қазақстан Республикасының "Шаруашылық қызметінің еркіндігі және кәсіпкерлікті дамыту туралы" заңында, кәсіпкерлік қызмет дегеніміз, кез келген шаруашылық немесе басқада қызмет түрі, мемлекет заңдарына қызметі қарама-қайшы келмейтін, табыс табуға бағытталған, ал кәсіпкерлер меншік формасына тәуелсіз заңды және жеке тұлғалар.

Меншікке экономикалык және заңдық категория ретінде ғылыми тұрғыдан талдау жасау кәсіпкерлікті рыноктық шаруашылықтың ажырамас элементі екендігін дәлелдеп отыр. Жалпы кәсіпкерліктің тарихы көптеген ғасырларды қамтиды, дегенмен қазіргі түсініктің орын алуы капитализмнің қалыптасу және даму кезеңіне сай келеді.

"Кәсіпкерлік" түсінігі XVIII ғасырда пайда болды да, "меншік иесі" деген түсінікпен қатар орын алды. Мысалы, А. Смит кәсіпкерді өзінің коммерциялық идеясын өткізіп, пайда табу мақсатымен экономикалык тәуекелге бас ұрган меншік иесі деп сипаттады. Ол өндірісті өзі ұйымдастырады, оның нәтижесіне иелік етеді. Алайда, меншік иесі мен кәсіпкердін бірігуі несиенің пайда болуымен байланысты өзгереді.

Кәсіпкерлікті дамытудың шарттары мынадай болып келеді:

Біріншіден, кәсіпкерліктің қажетті шарты мен белгісі, субъектінің белгілі бір дәрежеде еркіндігі мен құқы болуы шарт. Ол шаруашылық қызметінің бағытын таңдау, өндірістік бағдарламаны анықтау, қаржыландыру көзін таңдау, өнімдерді өткізу, оларға баға белгілеу, пайдаға өз жарлығын жүргізу. Басқаша айтқанда, кәсіпкер шаруашылықты жүргізудің экономикалық жағынан оқшауланған субъектісі болуы керек.

Екіншіден, кәсіпкерлік қабылданатын шешімдерге, одан туындайтын нәтижелерге тәуекелділікті қажет етеді. Қабылдаған шешімдерге деген жауапкершілік болмайтын болса, ол кәсіпкерлік болмағаны, жәй тапсырма бойынша жарлық ету болғаны. Тәуекелдік тура шешім туралы ерекше айту керек. Кәсіпкерліктің қандай түрімен айналысушылардың басым көпшілігі кепілді табыс пен жоғары жалақыға есеп жасайды. Алайда кәсіпкерлік және рыноктын дамуы тек жоғарғы табыс пен жалақыдан тұрмайтыны, оның көлеңкелі жақтары да аз емес екендігі белгілі.

Үшіншіден, кәсіпкерлік қызметтің белгілі коммерциялық табысқа жетуге, пайда табуға бағдар ұстауы, мұның өзі экономиканың қажетті рыноктық құрылымын орнатумен байланысты. Әлемдік тәжірибеде көрсеткеңдей, кәсіпкерліктің жан-жакты дамуына оның құқылық базасы жеткіліксіз, оған сай әлеуметтік-экономикалық шарт қалануы қажет Олар бұйрықпен, үкімет шешімдерімен, міндеттеу жолымен іске қосылмайды. Өйткені ақшасыз, тауарсыз, капиталсыз, ең басты реттеуші-кұн заңынсыз, қозғаушы-күші бәсекесіз олар дами алмайды.

Төртінші шарты еркін кәсіпкерлік меншіктің әр қилы формада, түрде, типте болуын қалайды, олай болса иемденуді де қамтиды. Өз кезегінде ол көптүрлілік объективті құбылыс, өйткені ол өндірістік қызмет көрсету ісінің дамуының нәтижесі. Қоғамдық, жалпы мемлекеттік мақсатқа пайдаланатын өңдіргіш күштер бар, сонымен қатар ұжымдық, топтық және жеке дара мақсатта қолданатын өндіргіш күштер де бар. Осыған сәйкес меншік пен кәсіпкерліктін әр қилы формалары даму алады. Осының негізінде аралас типтегі рыноктық экономиканы құрайтын көп субъектілі нақты экономикалық қатынастар орын алды.

Қазақстан Республикасынд кәсіпкерлікке жол ашқан, онын құқы мен жауапкершілігі туралы алғашқы қабылдаған заң актілерінің бірі "Кәсіпорындар және кәсіпкерлік қызмет туралы" болды. Мұнда кәсіпкерлік азаматтар мен бірлестіктердің жеке дара бастамасы, іс-қимылы, ол пайда алу мақсатын көздейді, тәуекелділік көрсетеді, өзгерістерге деген жауапкершілігі бар деп анықтама берілген.

Дүниежүзілік практикада кәсіпорындардың әр қилы ұйымдық және құқықтық формалары пайдаланылады, оны елдің ұлттық заң шығарушы органдары анықтайды. Оларға заңды статус беріледі, осыған сай мүліктері болады, міндеттемеге сәйкес оған жауапкершілігі болады, сөйтіп кәсіпорындар азаматтық процесте, сотта, шаруашылық сотында және аралық сотта да өз мүдделерін қорғайды.

Кәсіпорын экономиканың негізгі буыны ретінде меншік нысандары мен шаруашылық жүргізудің әр алуандығы, тауар-ақша қатынастары мен рыноктың дамуы кезінде жұмыс істейді.

Қазақстанда қолданып жүрген заңдарға сәйкес кәсіпорындардың мынадай ұйымдық-құқықтық нысандары бар:

- толық серіктестік;

- сенім серіктестігі;

- жауапкершілігі шектеулі серіктестік;

- қосымша жауапкершілігі бар серіктестік;

- акционерлік қоғам.

Толық, серіктестіктің пайдасы мен залалдары қатысушылар арасында, егер құрылтайшылардың шартында немесе қатысушылардың келісімінде өзгеше белгіленбесе, олардың серіктестіктің жарғылық капиталындағы үлесінің мөлшеріне барабар бөлінеді; сенім серіктестігі мен жауапкершілігі шектеулі серіктестікте де осылай бөлінеді.

Сенім серіктестігі өзінің бүкіл мүлкімен серіктестіктің міндеттемелері бойынша қосымша жауапкершілікті ниеттестікпен алып жүретін қатысушыларды және серіктестіктің кәсіпкерлік қызметіне қатыспайтын жауапкершілігі шектелінген қатысушыларды кіріктіреді.

Мемлекеттік меншіктің түріне қарай кәсіпорындар:

1) республика меншігіндегі кәсіпорындар-республикалық мемлекеттік кәсіпорындар;

2) коммуналдық меншіктегі кәсіпорындар-коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындар болып бөлінеді.

Басқа мемлекеттік кәсіпорын құрған мемлекеттік кәсіпорын еншілес мемлекеттік кәсіпорын болып табылады.

Мемлекеттік кәсіпорын үшін мемлекеттің тапсырмасын орындау міндетті болып табылады. Мемлекеттік кәсіпорындар қызметінің негізгі міндет-мақсаты (арналымы) қоғам мен мемлекетгің қажетіне қарай айқындалатын мынадай әлеуметтік-экономикалық міндеттерді шешу болып табылады, олар:

            1) мемлекеттің қорғаныс қабілетін материалдық жағынан қамтамасыз ету және қоғам мүддесін қорғау;

            2) экономиканың жеке меншік секторы қамтыған немесе жеткіліксіз қамтылған қоғамдық өндірістің сфералары мен салаларында бірінші қажеттіктегі тауарларды өндіру (жұмыстар атқару,қызметтер көрсету);

            3) мемлекеттік монополияға жатқызылған немесе мемлекеттің функциясы болып табылатын сфералардағы қызметті жүзеге асыру;

Кәсіпорынға қатысты уөкілді орган меншік иесінің және мемлекеттік басқару органдарының басқару функцияларын орындайды.

Меншік иесіне аударуға жататын таза табыстың үлесі уөкілді органның Қаржы министрлігімен келісілген пайданы бөлудің жыл сайын анықталатын таза табысты бөлу нормативінде белгіленеді.

Мемлекеттік кәсіпорындардың мүлкін негізгі құрал-жабдықтар мен айналым қаражаттары, сондай-ақ кәсіпорынның дербес балансында көрсетілген құндылықтар құрайды. Мемлекеттік кәсіпорындардың мүлкі оған меншік иесі берген мүліктің, өз қызметі нәтижесінде сатып алған мүлікті (ақшалай табыстарды қоса), зандармен тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптасады.

Кәсіпорындар мен ұйымдар меншігінің барлық нысандарының теңдігі қағидаты қатынастардың тұрақтылығы мен меншіктің түрлі нысандары-мемлекеттік, жеке меншік, шетел мемлекеттерінің және олардың заңды ұйымдары мен азаматтарының, халықаралық ұйымдардың нысандары дамуының мемлекет кепілдігінде жүзеге асырылады.

Акционерлік қоғамдар туралы Қазақстан Республикасының заңына сәйкес өзінің қызметін жүзеге асыру үшін қаражаттарды тарту мақсатымен акциялар шығаратын заңды тұлға акционерлік коғам деп танылады

Акционерлік қоғамның баланстық таза табысы заңнамамен қарастырылған тәртіппен анықталады. Таза табыс (салықтарды төлегеннен кейін) қоғамның қарамағында қалады және акционерлердің арасында дивидендтер түрінде бөлінеді, резервтерге, өндірісті дамытуға немесе қоғам жиналысының шешімімен қарастырылған өзге мақсаттарға аударылады. Меншіктің акционерлік нысаны экономикалық жағынан дамыған елдерде тиімді жұмыс істеуде және дүниежүзілік практикада көпшілікке танылған нысан болып табылады. Акционерлік нысанның құндылығына қаражаттардың жеке иелері үшін, тіпті жеке қаржы институттары үшін қиын болатын жеткілікті ірі кәсіпорындарды құру мүмкіндігі жатады. Акционерлік кәсіпорынның көлемі тек оның нарықтық сұранымның ауқымымен, басқарушылықпен, рыноктың даму перспективаларымен ғана сәйкестенеді.

Ол рұқсат ету жолымен құрылады, акцияда бірден үлесі бар, белгілі мөлшерде бір бөлшектенген негізгі капиталы бар. Жеке адам және заңды ұйымдар акционерлер бола алады.

Акционерлік қоғамды құру үшін серіктестік келісім шартын жасау керек, оны қоғамның жарғысы деп атайды. Акционерлік қоғамды ұйымдастырушыларға шек қойылмайды. ұйымдастырушының бір адам болуы да мүмкін. Қоғамның негізгі жарғылық қорының мөлшерін сол елдің ұлттық зан шығарушы органы анықтайды. Акционерлік қоғамның негізгі капиталы акцияларға бөлінеді.

Экономикалық көзқарас тұрғысынан акция деп отырғанымыз бағалы қағаз, онда қоғам мүліктері белгілі бір мөлшерде есепке алынған. Акциялардың жай, тартымды, атаулы және ұсынушыға арналған түрлері болады. Биржаларда сатылатын және сатып алынатын акцияларды курс бағасын көрсетіп биржа котировкасында жариялайды.

Акционерлер құқы жылына бір-екі рет жиналатын акционерлердің жалпы жиналысы арқылы шешіледі. Жалпы жиналыс жылдық баланс бойынша, пайданы пайдалану жөнінде, басқарма мүшелерін өз міндеттерінен босату, қоғамның негізгі капиталын көбейту немесе азайту туралы шешім қабылдайды.

Акционерлік коғам екі типте болады: жабық және ашык. Ашық қоғамның акциялары еркін сату жолымен таралады. Оны кәсіпорында жеке адам да сатып ала алады. Мұндай қоғам көп көлемді капиталды қажет еткен жағдайда құрылады

Жабық типтегі акционерлік қоғам іс жүзінде жауапкершілігі шектеулі серіктестік десе де болғандай. Республикамыздың "Кәсіпорындар және кәсіпкерлік қызмет туралы" заңында жауапкершілігі шектеулі серіктестік пен жабық типтегі акционерлік қоғамға бірдей анықтама берілген.

Акционерлік қоғамның басқа серіктестермен салыстырғанда артықшылығы бағалы қағаздарды сатып алу, сатумен байланысты рыноктың болуы. Міне осының барлығы акционерлік қоғамның өнеркәсіпте, саудада, банк және сақтандыру жүйесінде, экономиканың басқа да салаларының кеңінен дамуына әсер етті.

 

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

 

1. Нұрғалиев Н.Р. Қазақстан экономикасы. – Алматы: Қазақ университеті, 

    1999. – 192 б.

2. Смағұлова Р. Қаржы нарқы. - Алматы: Қазақ Ұлттық аграрлық

    университеті, 2001 ж. – 108 б.

3. Шеденов Ө.Қ,. Сағындықов Е.Н,. Жүнісов Б.А, Байжомартов У.С. Жалпы

экономикалық теория. - Ақтөбе: Санат, 2004. – 313 б.