ҚОРҚЫТ АТА
АТЫНДАҒЫ ҚЫЗЫЛОРДА МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІНІҢ АҒА
ОҚЫТУШЫСЫ
БЕКЕШЕВА ДАНА АЙТБАЕВНА
МҰНАЙ КОМПАНИЯЛАРЫНДА
ШЫҒЫНДАРДЫ ТӨМЕНДЕТУДІ ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ
Мұнай
компанияларында орындалған жұмыстардың өзіндік
құндарын төмендетудің әртүрлі жолдары
қолданылады,
солардың ішінде маңыздысы болып өндірістік шығындарды нормативтік жоспарлау,
бақылау және калькуляциялау әдісі есептеледі.
Нормативтік әдістің негізгі ұстамы бұл -
әрбір құрылыс
объектілері бойынша жоспарлы - өндірістік нормаларды
тағайындау болып саналады.
Өндірістік нормалармен ұйымның барлық
өндірістік процестері,
өндіріс материалдары мен еңбекақы шығындары,
бұрғылау машиналары мен механизмдерін пайдалануға байланысты
шығындар мен үстеме шығындар, сонымен бірге мұнай
өндірісінің өзіндік құндарына қосылатын
басқа да шығындар қарастырылады. Нормативтік есеп және
бақылау әдісі арқылы өндіріс процесі кезінде нақты
шығындар белгіленген нормалармен жүйелі түрде салыстырылып,
ауытқу анықталады.
Нормадан
ауытқулар мұнай өндірісі технологиясының,
материалдық, еңбекақы және басқа да шығын
нормаларының қалай сақталғанын көрсетеді. Олар
өз алдына жағымды жэне
жағымсыз, құжатталған және
құжатталмаған болып бөлінеді.
Жағымды
ауытқулар өндіріс материалдарын барынша қалдықсыз пайдалану арқылы, еңбек
өнімділігін жоғарылатудың нәтижесінде, сонымен қатар бұрғылау машиналары
мен механизмдерінің жұмыс уақытын тиімді пайдаланудың
нәтижесінде пайда болған үнемділік.
Жағымсыз ауытқулар материалдық, еңбекақы,
өндіріс техникасын пайдалану шығындарын, сонымен қатар
үстеме шығыстарды белгіленген нормадан артық пайдалануды
білдіреді.
Мұнай компанияларында шығындарды талдау, біздің
пікірімізше, саладағы мұнай өндірісінің түрлеріне
қарай және олардың сапалы дамуымен, өгерісімен, сондай-ақ
орындалатын жұмыстар мен қызметтердің технологиялық
ерекшеліктеріне байланысты дер кезінде жүргізілуі тиіс. Сонда ғана
шығындардың бектілген нормадан ауытқуын алдын-алуға және
оларды жоюға мүмкіндіктер пайда болады.
Жалпы Мұнай компанияларында кезеңдік
шығындарды талдай отырып, шығындардың нормаға
сәйкес жұмсалуын қамтамасыз ету үшін:
-
материалдарды тасымалдау, сақтау шығындарын
азайту, ұйымның қосалқы өндірісінде
өндірілетін материалдардың өзіндік құнын
төмендету, жергілікті, бұрын қолданылған жол
құрылысы материалдарын пайдалану, қалдықтарды
пайдаға асыру, сондай-ақ материалдарды өндіріске
қатаң шектеумен жіберу арқылы және белгіленген
шығын нормаларының сақталуына жүйелі бақылау
жүргізудің нәтижесінде тиімді, әрі үнемді
пайдалану;
-
мұнай компанияларында еңбекақы
жүйесін жетілдіру, жұмыстың сапасын жоғарылату,
өндірістегі ақаулардан болған ысыраптарды және
жұмыстағы кідірістерді жою арқылы, жұмысшыларға
еңбекақыны олардың нақты орындаған жұмыс
көлемі мен сапасына қарай тиісті алғашқы құжаттардың
негізінде төлеу; құрылыс машиналары мен механизмдерін
нақты бөлінген құрылыс объектілерінде кідіріссіз
пайдалана отырып, кезең шығындарын белгіленген лимит шегінде
жұмсалуын қамтамасыз ету қажет деп санаймыз.
Жоғары сапалы
өнімді үздіксіз өндіру және өткізу
кәсіпорынның қаржылық ресурстарының
қалыптасуына оң әсерін тигізеді. Өндіріс процесінде
өнім сапасының төмендеуі және оны сатудың
қиындықтары кәсіпорын шотына ақша
қаражаттарының келіп түсуіне кедергі жасайды,
нәтижесінде кәсіпорынның төлеу қабілеті
төмендейді. Кері байланыс та бар, ол ақша
қаражаттарының болмауы материалдық ресурстардың келіп
түсуінің іркілісіне, демек өндіріс процесінің
тоқтауына әкеліп соқтыруы мүмкін.
Шығындар
көлемі өндіріс процесінің тиімділік деңгейімен
анықталады. Олардың тиімділігі қаншалықты көп
болса, кәсіпорын өнімді өткізу көлемін сақтай
отырып ресурстарды, соның ішінде қаржылық ресурстарды
соншалықты аз жұмсайды [1, 193 б.]. Және керісінше, шикізат
пен материалдар шығындарының нормасының өсуі,
еңбек өнімділігі деңгейінің төмендеуі,
басқа да ресурстардың мөл-шерден тыс жұмсалуы
және өндірістік емес шығындар қосымша қаржы
қаражаттарының қажеттілігіне себепші болады. Еңбек
және материалдық ресурстар шығыны ең алдымен
өнімнің өзіндік құнында, содан соң табыста
талдап қорытылады.
Мұнай компанияларында атқарылған мұнай
өндірісінің жалпы шығыны – бұл өнімнің бір
легін (партиясын) өндірудегі шығын, жиынтық шығын. Сан
жағынан олар өндіріс факторының бағасы тауардың
осы мөлшерін өндіру үшін қажет ететін
өндірістің осы факторының бірліктер санына көбейткенге
тең болады.
Мұнай компанияларында орташа шығындар – ол
өндірілген тауардың бірліктеріне есептегендегі шығындар.
Өндірушіге жалпы шығындар мөлшерін емес, орташа
шығындар мөлшерін белгілегені жөн, жалпы шығындар
өсуінің тасасында орташа шығындардың төмендеуі
мүмкін.
Атқарылған жұмыстардың
мөлшерлі шығындары – ол тауар өндірудің бір бірлігіне
ұлғаюы үстіндегі шығындардың өсуі.
Қашан қосымша табыс қосымша шығындарға
теңескенде, әдетте, мөлшерлі табыс мөлшерлі
шығындарға тең келеді делінеді.
Мұнай өндірісіндегі мөлшерлік (шекті) шығындар
дегеніміз - өндірісті одан әрі дамытудың экономика
тұрғысынан қажеті жоқ дегенді білдіреді. Өйткені
келесі қосымша бірлік шығындары ол бірліктерге әкелетін
табыстан асып кетеді. Атап айтқанда қосымша табыстың
қосымша шығындармен теңесу сәтінде (оларға
«шектілік» жекеленген жағдай береді) кәсіпорын жалпы пайданың
шыңына шығады. Мөлшерлі (шекті) шығындар
тұжырымдамасы шығындарды анықтауға мүмкіндік
береді, оның мөлшерін толық бақылайтындықтан да
фирма үшін стратегиялық маңызы болып саналады.
Кәсіпорын мөлшерлі шығындардың көмегімен
өндірісті бір бірліктерге ұлғайтудың неге
түсетіндігін және өнім шығаруды бір бірлікке
қысқартқан жағдайда кәсіпорын қанша
шығынды болдырмайтындығын дәл анықтайды.
Нарықтық
қатынастың қалыптасуы шаруашылық қызметін
біртұтас кешенді талдауды ішкі (басқару) және сыртқы
(қаржылық талдау) талдау деп бөлуді кажет етіп отыр. Талдаудың
бұл түрлерінің әрқайсысының
өзінің негізгі ақпараттық көздері бар.
Әлемдік
тәжірибе көрсеткендей, есеп берудің екі түрі бар:
серіктестіктерді, қалың жұртшылықты, банктерді,
сондай-ақ сақтандыру ұйымдары мен үкімет органдарын
кәсіпорынның жұмыс жағдайы мен оның
қаржылық жағдайы және есепті кезеңдегі
шаруашылық кызметінің нәтижесімен таныстыру үшін
қаржылық газеттер мен бюллетендерде, арнайы анықтамаларда
басылып шығатын қаржылық есеп беру. Сонымен қатар көбіне,
есепте субъектінің шаруашылық қызметін динамикада бейнелеп
көрсетуге, даму бағыты мен оның алдыңғы
кезеңдегі жағдайын болжауға мүмкіндік беретін
бірқатар жылдардың мәліметтерін жариялайды.
Есеп
берудің екінші түрі - басқару талдауы, бұл
кәсіпорын шығаратын өнімдердің жеке
түрлерінің өзіндік құнының нормативтері
туралы, сондай-ақ сапасының төмендігіне немесе
тауардың мөлшерден тыс
шығарылып, өтпей қалуына байланысты мәліметтерден
тұратын қатаң құпияландырылған, басқа
тұлғалар үшін жабық есеп болып табылады. Ішкі есеп
берудің ішіндегі жауапкершілік орталықтары мен пайда болу орындары
бойынша шығындар сияқты жеке бөлімшелердің жұмыс
нәтижелерін сипаттайтын маңызды есеп түрлері болады. Кәсіпорынның
жеке бөлімшелеріндегі шаруашылық жүргізу деңгейін
анықтау шығындар мен нәтижелерді салыстыру, кім қалай
жұмыс істейтінін көруге мүмкіндік береді және
еңбекке ақы төлеуде қандай да бір иесіздікті жояды.
Ішкі талдау басқару есебі, ал
сыртқы талдау қаржылық есеп негізінде жүргізіледі.
Бүгінгі таңдағы нарыққа өту кезеңінде
кәсіпорынның қаржылық жағдайын бағалауда
жаңа амалдар қажет.
Соңғы
кездері мерзімді баспасөздерде, сондай-ақ жеке басылымдарда
қаржылық талдауды жүргізу бойынша бірқатар
әдістемелік ұсыныстар жарық көрді.
Бұл
еңбектің авторлары кәсіпорынның қаржылық
жағдайын және оның жекелей көрсеткіштерін
талдаудың әр түрлі әдістемелерін ұсынып отыр.
Бұл әдістемелердің көпшілігінде олардың
маңызды ерекшелігі болып табылатын, кәсіпорынның
қаржылық жағдайының біздің отандык
тәжірибеде қолданылмаған жаңа
көрсеткіштерінің жүйесін толық талдауда.
Ондаған жылдар
бойы барлық басқару деңгейлерінде және
кәсіпорынның өзінде пайдаланып келген қаржылық жағдайды
талдаудың қалыптасқан әдісінің, шаруашылық
жүргізудің әкімшілік жүйесінің жұмыс істеу
жағдайында және негізінен орталықтандырылған
көздерден қаржыландырылатын мемлекеттік меншік үшін,
сондай-ақ уақытша тартылған қаражаттарды
(тұрақты пассивтер), айналым қаражаттарын және
басқаларды мөлшерлеу мақсатында қолданылғаны
түсінікті. Бұл жағдайлар шаруашылық
жүргізудің тиімділігіне бағытталған басқарушылық
шешімдерді қабылдауда кәсіпорынның дербестігін тежеп отырады
және нарықтық қатынастар және кәсіпшілік
қызметпен мүлдем үйлеспейді. Бұрынғы
қолданылып келген талдау әдістемесінде әр түрлі
баптардың мәндерін, баланс бөлімі мен топтарының
жиындарын олардың мөлшерлік көлемдерімен салыстыру,
мөлшерден ауытқуын зерттеу, бұл ауытқулардың
кәсіпорынның қаржылық жағдайының
тұрақтылығына қалай әсер етуін зерттеу шешуші
роль атқарды.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1.
Волков
О.И. Экономика предприятия. Москва: Инфра-М,
2004 г. – 193с.
2.
Анализ хозяйственной деятельности в промышленности:
Учебник / И.А. Богдановская, Г.Г. Виноградов, О.Ф. Моргун и др.: Под. общ. ред.
В.И. Стражева. – Минск: Высшая школа, 2005.