Жумагазиева М.Е.
Орал қаласы
№30 орта жалпы білім беретін мектептің бастауыш сынып
мұғалімі
СЕЗІМ
МҮШЕЛЕРІ
Пәні: Дүниетану
Сыныбы: 3А
Сілтеме: Дүниетану оқулығы, «Алматыкітап» баспасы 2014 жыл,
Дүниетану оқыту әдістемесі 3-сынып, «Алматыкітап» баспасы
2014жыл.
Сабақтың
мақсаты: Сезім мүшелерін
еске түсіре отырып, олардың қызметімен таныстыру.
Олардың адам өміріндегі маңызы туралы түсініктерін
кеңейту. Жаңа материалда өткен материалдармен ұштастыра
отырып, оқушылардың өз бетімен білім толықтыру
дағдыларын, салыстыру, қорытындылау және ойлау
қабілеттерін дамыту.
Күтілетін
нәтижелер: көз,
құлақ, мұрын, тіл маңызы мен қызметін
біледі; денсаулыққа пайдалы қызметті және зиянды
әдеттерден сақтануды біледі; танымдық, зерттеушілік,
жобалаушылық, шығармашылық тұрғыдан жұмыс
істей біледі.
Оқыту формасы,
технологиясы, әдіс-тәсілдері: Диалог
арқылы оқыту,
ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру, сын
тұрғысынан ойлау, формативті бағалау, АҚТ.
Ресурстар: Дүниетану оқулығы, демонстрациялық материалдар, сезім мүшелерінің суреттері,
«Сезім мүшелері» кестесі, үлестірмелі кесте, кері
байланыс парақтары, маркер,
карандаш.
Сабақтың
барысы:
|
Сабақ кезеңдері: |
Мұғалімнің іс-әрекеті: |
Оқушының іс-әрекеті: |
|||||||||||||||||||||||||
|
Психологиялық дайындық. 3-мин. Топқа бөлу. |
Психологиялық
дайындық: Әрбір
күн – таңертеңнен басталады. Біз ойнауға тиіспіз. «Көбелек»
жаттығуы». Таңертең көбелек оянды,
тартылды, Қанаттарын
бұлғады, терең тыныс алды, Азғана
айналып, барлығына күліп, Қайта
гүліне оралды. Топқа бөлу. Үстелдің үстіне: диск, жемістер, әтір,
кемпірқосақтың суреттерін жайып тастау. Берілген заттардан 4 топ
құрату. Әр топтың үстеліне тиісті заттар
қойылады. Әр топтан бір басшыны сайлату. І топ – Құлақ (диск) ІІ топ – Тіл (алма, лимон) ІІІ топ – Мұрын (әтір) ІV топ – Көз (кемпірқосақтың
суреті) |
Оқушылар
сабақ бастамас бұрын психологиялық дайындық жасайды. Топқа
бөлінеді. Үстелдің
үстіндегі суреттердің бірін таңдап, 4 топ
құрайды. Топтар өз атауларына сай заттарды тауып,
үстел үстіне орналастырады. Топ басшысын сайлайды. І топ –
Құлақ ІІ топ – Тіл ІІІ топ – Мұрын ІV
топ - Көз |
|||||||||||||||||||||||||
|
І. Білу-5 мин. |
Топтық жұмыс. Әр
топқа тапсырмалар беру. Бөлінген топтардың суреттердің
мағынасын ашу. Берілген сұрақтарға жауап береді. - топ атауы; - затты сипаттау; - заттың маңызы; - сезіну мүшесі Аталған тапсырмадағы сұрақтарға
кезекпен жауап беруіне топ басшы реттейді. |
Әр топ таңдап
алынған суреттерді топ атауымен байланыстырып, берілген
сұрақтарға жауап береді. Топта кезекпен жауап беруіне топ
басшысы реттеп отырады. |
|||||||||||||||||||||||||
|
ІІ. Түсіну- 10 мин. |
Оқулықпен жұмыс. «Жигсо» әдісі арқылы мәтінмен
жұмыс. 1. Мәтінді өз бетімен оқиды. 2. Топта мәліметті бір – бірімен талдайды, талқылайды,
түсіндіреді. 3. Әр топтан бір
оқушыдан басқа топтарға өздерінің алған
топ ішіндегі мәліметтерін басқа топқа түсіндіреді. 4. 4 топ өзара мәліметтерімен
алмасады. 5. Алған мәліметтері бойынша сұрақтар дайындайды. |
Оқулықтағы
мәтінді әр топ өз бөлігін ғана оқып,
топта өзара талқылайды. Әр топ мәліметтерін бір –
бірімен бөлісіп түсіндіреді. Бір – бірін толықтырып
отырады. Мәтіннің негізгі ойын ашады.
Сұрақтарға жауап дайындайды. |
|||||||||||||||||||||||||
|
Сергіту сәті 2 мин |
Қадыр Мырза Әлидің «Не үшін
керек?» өлеңін еске түсіру, өлеңді
қимылмен айтқызу. Екі көзің не үшін керек? Жақсыларды көру үшін. Құлақ деген не үшін керек? Ақыл – кеңес тыңдау үшін. Екі қолың не үшін керек? Елге көмек беру үшін. |
Мұғаліммен
бірге ақынның өлеңін айтып. Қимыл
қозғалыстарды жасайды. |
|||||||||||||||||||||||||
|
ІІІ. Қолдану-10 мин. |
«Сезім мүшелерін күтіп ұста» ойыны.
Әр топ атауларына байланысты таза ұстау, сақтау ережелерін
постерге салып қорғайды. Қорғау ережесін топ басшысы
анықтайды. Оқушыға көмекші құрал: 1. Көзді бөгде заттардың түсуінен қорғай
біл; 2. Жұмыс орнындағы жарық тым шаңқиған
немесе тым көмескі, әлсіз болмауын қадағала; 3. Үстелге қоятын шамның жарығы сол жақтан
түсу керек; 4. Кітапты отырып оқы және оқығанда көзден 30
– 35 см қашықтықта ұста; 5. Теледидарды ұзақ уақыт көрме; 6. Құлақты күнделікті сабындап, жылы сумен жуып тұр; 7. Құлақты тазалағанда қатты , үшкір
заттарды пайдаланба; 8. Өте қатты дыбыс адамның құлағына
зиян; 9. Аузыңа үшкір немесе өткір заттарды салма; 10. Мұрныңды таза ұста; 11. Үнемі жаныңда қол орамал болсын; 12. Өзің білмейтін өсімдіктерді, сұйық не
ұнтақ заттарды иіскеме; 13. Спортпен шұғылдан; 14. Жеке бас тазалығын сақта! |
Ойын арқылы
әр топ өзінің атауына сай сезім мүшесінің
күту ережесін шығарады. Сурет, сызба арқылы постерге
бейнелейді. Кім
қорғайтынын топ басшысы шешеді. |
|||||||||||||||||||||||||
|
ІV.
Талдау-5 мин. |
1. Жұптастыру стратегиясы. Иіс сезу мүшесі ----------
Құлақ Көру
мүшесі ---------- Тіл Дәм сезу
мүшесі ---------- Мұрын Есту
мүшесі ---------- Көз 2. Семантикалық карта
3.Топтан топқа сұрақ: 1. Көз
жасының қызметі туралы не білесің? 2.
Көздің қорғаныш қабаттарын ата. 3. Тіл
бүртіктерінің қызметі туралы не айта аласың? 4.
Мұрынның иіс сезу әрекетін сипатта. 5. Сыртқы ортаман байланыс қалай
жүзеге асады? 6.Сезім
мүшелерінің қызметіне жауап беретін адамның басты
мүшесі не және оны дәлелде. |
Әр топ
қағазға сезім мүшелерін топтастырады. Семантикалық карта
толтырады. Әр топтан
сұрақтар қойылады, оқушылар жауап береді. |
|||||||||||||||||||||||||
|
V. Жинақтау-5 мин. |
Адамның
сезім мүшелері туралы бейнебаян көрсету. |
Адамның сезім
мүшелері туралы бейнебаян көру арқылы сабақтан
алған білімдерін, ойларын жинақтайды. |
|||||||||||||||||||||||||
|
VI. Бағалау. Кері байланыс - 4 мин |
Рефлексия - мен не үйрендім? - мені не таңқалдырды? - менің сұрағым ..... «Бағдаршам» түстері арқылы бағалау. Топ
басшысы топтағы адамдарды тиісінше түстер арқылы
бағалайды. |
Сабақ барысында
жасаған жұмыстарына талдау жасалады. Берілген
сұрақтарға жауап беріп, мұғаліммен кері
байланыс жүргізіледі. Бағдаршамның
үш түсі арқылы топ басшысы бағалайды. «қызыл» - «5» «сары» - «4» «жасыл» - «3» |
|||||||||||||||||||||||||
|
Үйге тапсырма: 1 мин. |
Мәтінді түсініп оқу. «Егер сезім
мүшелері болмаса...» тақырыбында эссе жазып келу. |
Берілген мәтінді
оқып, түсінгені айтады. Дәптерлеріне берілген
тақырыпта эссе жазып келеді. |