Педагогические науки / 5. Современные методы преподавания
Алғашқы әскери дайындық пәнінің
оқытушысы Касымов Қ.Т.
Қарағанды қ. №86 жалпы білім беретін орта мектебі
п.ғ.к., доцент
Абилкасимова Г.
Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды
мемлекеттік университеті
магистр Повед А.
Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды
мемлекеттік университеті
Білім
алушыларға патриоттық тәрбие беру негіздері
Қазіргі кезеңде патриотизм
тақырыбы, оның ішінде қазақстандық патриотизм
мәселесі барлық қоғамдық, мемлекеттік, саяси,
мәдени-рухани тақырыптардың өзегіне айналуда. ҚР
Президенті Қазақстан халқына Жолдауында «оқыту
үдерісінің тәрбиелік құрамдасын күшейту
қажеттілігін» ерекше ескерткен және олардың ең
бастыларының қатарында «патриотизм, мораль мен парасаттылық
нормалары, ұлтаралық келісім мен толеранттылық,
тәннің де, жанның да дамуы, заңға
мойынұсынушылық» аталып өткен, сонымен қатар,
«бұл құндылықтар меншіктің қандай
түріне жататынына қарамастан барлық оқу орындарында да
сіңірілуге тиіс».
Қазіргі заманда біздің халқымыздың патриотизмі экономиканы
қайта құруда, қоғамды рухани жаңартып
демократияландыруда, плюрализм пікірін бекітуде және әлеуметтік
орта мен идеологиядағы сол бір тоқырау кезеңдерінің
әсерінен туған жікшілдік пен бұрмалаушылықты
жоюдағы күреске бар күшті ынталандыру болып табылады.
Мұның бәрі келешек жас ұрпақты
патриоттық және интернационалдық рухта
тәрбиелеудің қажеттілігін қамтамасыз етеді.
Қазақстан Республикасында білім беру саласы бойынша қоғамның
бүгінгі күнгі талабы әрбір адамды Отанын сүюге,
туған жерін құрметтеуге, ата-бабаның озық
салт-дәстүрлерінің құндылығын
мақтаныш тұтуға, әлемде халықтар арасындағы
бейбітшілік үшін достықты нығайтуға бағыт беруде талмай
еңбек етуді қажет санайды.
Мемлекет, партия,
қоғамның белсенді бөлігі аса маңызды реформаларды
жүзеге асыру кезінде сәйкесінше символиканы,
құндылықтарды, идеалдарды, мақсаттар мен принциптерді,
бір сөзбен айтқанда, идеологияны қалыптастырады және
оларды қорғай отырып дамытады.
Жаңа кезеңдегі білім берудің
өзекті мәселесі жас ұрпаққа адамгершілік-рухани
тәрбие беру. Құнды қасиеттерге ие болу, рухани бай
адамды қалыптастыру оның туған кезінен басталуы керек.
Халықта «Ағаш түзу өсу үшін оған
көшет кезінде көмектесуге болады, ал үлкен ағаш
болғанда оны түзете алмайсың» деп бекер айтылмаған.
Сондықтан баланың бойына жастайынан ізгілік, мейірімділік,
қайырымдылық, яғни адамгершілік құнды
қасиеттерді сіңіріп, өз-өзіне сенімділікті
тәрбиелеуде отбасы мен тәрбиешілер шешуші роль атқарады.
Патриоттық сезім отбасынан басталады.
Өкінішке қарай, нарықтық қатынастардың
кеңінен орын алуы, ересектердің тәрбиеге жеткіліксіз
көңіл бөлуі, ата-аналардың уақытының
жетіспеушілігі мен қолдарының тимеуі отбасындағы жастар
тәрбиесінің ролін түсірді. Әрине, мұндай
жағдайларда өзінің ескі арнасын жоғалтқан
патриоттық, отансүйгіштік сезімдерді қалыптастыру мен оған
тәрбиелеудің жаңа жолға оңайлықпен
түсіп кете алмасы анық.
Студенттерге
патриоттық тәрбие беруде жоғары мектептегі әр
қызметкерлердің өзіндік атқарар міндеті бар. Ол
әр қызметкерге жоғары мектептің жарғысын және
ішкі жағдайды орындау Ережесіне сәйкес жүргізіледі. Патриоттық,
отан сүйгіштік рухта тәрбие беру мәселесін шешу барысында әр
қызметкердің - ректордың, тәрбие жұмысы
жөніндегі проректордың, куратордың, пән оқытушының
орындайтын міндеттері тұтас қарастырылады. Еліміздің
тәуелсіздік алып, егемендікке жетуі қазақ
халқының және республикада тұратын басқа да
халықтардың ұлттық дүние танымының
өсуіне жағдай жасады. «Қазақстан – 2050» Жолдауында
Республика Президенті еліміздің ұлттық қауіпсіздігін,
тәуелсіздік пен егемендігін танытатын мемлекетіміздің ұзақ
уақытты дамуын анықтады. Білім беру мен тәрбиенің
негізгі міндеті - өз елінің азаматы, патриотын тәрбиелеу
болса, осыған сәйкес «жаңа қазақстандық
патриотизм мен ұлттық патриотизм» студенттердің
тәрбиелік деңгейін бағалаудағы көрсеткіш болып қарастырылады.
Қазақстанның
жоғары және арнаулы оқу орындарында студенттерге өз
халқының рухани құндылықтарын дәріптеу
жастарға патриоттық, отан сүйгіштік рухта тәрбие
берудің қайнар көзі болып табылады. Еліміздегі патриотизм
тәрбиесі бүгінге дейін жеткілікті дәрежеде зерттелген.
Дегенмен, өзгермелі қоғам жағдайында, сол
өзгерістердің еліміздегі жастар санасына күнделікті
жан-жақты әсер етуі, жаһандануға бет бұрған
қазіргі жағдайда жастар тәрбиесінде кейбір ұлттық
болмысқа жат келеңісіз жәйттердің көрініс табуы,
дінге деген көзқарастың түбегейлі өзгеруі, ол
өзгерістердің оң және теріс ықпалы. Міне,
осының бәрі азаматтық-патриоттық тәрбиені
жүйелендіруді, оның жастар тәрбиесіне ықпалын арттыруды
талап етіп отыр. Бұл қажеттілік әсіресе ертеңгі маман бұл
бүгінгі студент тәрбиесіне тікелей қатысты болып отыр деп ойлаймыз.
Қолданылған әдебиеттер тізімі
1. Назарбаев Н.Ә. «Қазақстан-2050»
стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси
бағыты. – Орталық Қазақстан, 2012. - №213-214 (21417).
2. Әбілқасымова Г.Қ., Қасымов
Қ.Т. ҚарМУ хабаршысы. - Серия Педагогика – 2010. - №4 (60). – Б. 66
– 69.
3. Қойшыбаева Қ.Б.
Болашақ педагогтарды патриоттық– азаматтық рухында
тәрбиелеудің шарттары: пед.ғыл.канд. ...автореф.: –
Қызылорда: Қорқыт Ата атындағы Қызылорда
мемлекеттік универсиеті, 2010. - 30 б.
4. Алғашқы
әскери дайындық. Республикалық
әдістемелік-педагогикалық журнал №3 (33) 2006.