ОТБАСЫ
ТӘРБИЕСІ ИМАНДЫЛЫҚТАН БАСТАУ АЛАДЫ
Айтжанова
Р.М., Сахиева Г.Н.
Е.А.Бөкетов
атындағы Қарағанды мемелекеттік университеті
Имандылық –
адамның қоғамдағы күнделікті өмірдегі
іс-әрекеттерін белгілі бір қалыпқа түсіретін ішкі
рухани реттеуші қадір-қасиет, адам бойындағы адамгершілік,
ізгілік белгісі. Дәстүрлі қазақ қоғамында
адамның имандылығына, мінез- құлық
жүйесіндегі ерекшеліктеріне көп көңіл бөлінген.
Адамның жарық дүниеге келуі, өсуі, ер жетуі, тіршілік
етуі, қартаюы, ата мен баланың қарым-қатынасы,
үлкендік пен кішілік, сыйластық, әдептілік пен арлылық,
инабаттылық тәрізді маңызды құрамдас бөлігі
ретінде ешқашанда назардан тыс қалмаған.
Отбасы – адамзат
қоғамының ең шағын бейнесі. Сондықтан ол
адам үшін ең жақын әлеуметтік орта. Қоғамда
отбасы екі түрлі қызмет атқарады. Біріншісі дүниеге
ұрпақ әкелу,екіншісі дүниеге келген сәбиді
қатарынан қалдырмай, заман талабына сай жетілдіріп,қалыптастыру. Имани тәрбие беру әр ата –
ананың парызы. Иманды адам айналасындағыларға және
бүкіл адамзатқа тек жақсылық ойлап, оларға
мейір-шапағатын төгіп, жанашырлық,қамқорлық
жасауға дайын тұрады, әркімге әдеппен, ізетпен, инабатпен
қарайды.
Мәселен,отбасы
мүшелерінің имандылық мәдени деңгейі
баланың әлеуметтік құндылықтарды игеруіне игі
әсерін тигізеді [1].
Жастардың
үлкендерге құрмет көрсетуі, үлкендердің
кішілерге ізет білдіруі өмір сүру салтына айналған.
Қоғамда берік қалыптасқан осындай көрегенділікпен
өмір кешу дағдылары жинала келіп, барша адамгершілік
қағидалардың, Имандылықтың жазылмаған
кодекстерінің қалыптасуына негіз болған.Бойына адамгершілік
асыл қасиеттерді жинап өскен жасты «көргенді» деп,
жүрегінен нұр, өңінен жылу кетпейтін, әрдайым
жақсылық жолын ойлайтын, әр істе әділдік
көрсететін адамдарды «иманды» деп атаған. Мұсылмандық
дүниетаным бойынша Имандылық иманнан пайда болады. Ал иман –
жүректегі нұр, нұрдың сыртқы болмысы, яғни
Имандылық. Алла тағалаға иман еткен адамға бітетін көркем
мінез. Имандылық
адамдарды адамгершілікке және барға қанағат етуге
тәрбиелейді, сонымен бірге иманды адам кісінің ала жібін аттамайды.
Қазақ
отбасында әрдайым: «Әдепті бол, тәрбиесіздік етпе,
көргенсіз болма» деген сияқты сөздерді балаларының
құлағына құйып өсірген.
Қазақ отбасында өз баласын
мейірімділікке, имандылыққа баулып өсірген. Үнемі
отбасында осылай тәрбие көрген бала ақырында, өздігінен
тіл алғыш, адал, тиянақты, ұқыпты болып шыға
келеді.
Имандылық
дәстүрін қастерлей біліп иманды адам болу - адамдық борыш. Иманды адам мейірімді
болады. Мейірімділік - адам бойындағы қасиетті сезім. Ата мейірімі,
әке мейірімі, ана мейірімі отбасындағы адамдардың бір-біріне
деген шапағаты - әсем құбылыс[2].
Үйдегі
тыныштықтың, түсіністіктің ең негізгі
қағидаларының бірі – сырттағы адамдармен қалай
сыпайы және жақсы мәміледе болсақ, дәл сондай
мәміленің жанұя ішінде де болуы! Сыйластық болған
үйде бақ-береке де болады. Ертеде бір жас жігіт отбасы ішінде
қалай бақыт пен тыныштық орнатуға болатынын іздейді.
Адамдар оған «Пәлен ауылда бір шал мен кемпір бар, білсе солар
біледі бақытты тұрмыстың сырын, өйткені олардың
ұрысқанын, бір-біріне дауыс көтергенін әлі ешкім
көрген емес» дейді. Жас жігіт әлгі айтылған үйге барып,
амандасып, хал-жағдай сұрасқаннан кейін үй иесіне
келген себебін айтады. Қарт кісі дастархан басына қонақты
жайғастырып отырғызады. Кемпірі дастарханға бір қауын
әкеледі. Қарт кісі қауынға бір қарайды да,
кемпіріне: «Ханым, бұл қауын онша піспегенге ұқсайды,
ауыстырып әкелесің бе» дейді. Әйелі жарайды деп қауынды
кері әкетіп, тағы бір қауын әкеледі. Күйеуі
«Бұл да болмады, тағы басқасын көрші» дейді.
Әйелі жарайды деп, тағы алып кетеді. Қарт кісі келген
қонаққа: «Әйелім онша таңдай алмаса керек, кеттік
бірге барып таңдап келейік», деп екеуі бірге ас үйге кіреді. Ас үйге
кіргенінде бір ғана қауын тұрғанын көреді.
Қарт кісі қонаққа қарап: «Отбасы
бақытының сырын түсіндің бе» деп сұрайды. Жас
жігіт «түсінбедім» деп жауаптайды. «Балам, үйде бір ғана
қауын бар еді. Мен білетінмін біреу ғана екенін, менің
білетінімді әйелім де біледі. Мен қауынды алып кетіп басқасын
әкел дегенімде, жарайды деп әкетіп дәл соны қайта
әкелді. “Ей, шал, сен алжығанбысың, үйде бір ғана
қауын бар, не айтып тұрсың” демеді. Мен бір нәрсе
айтқанымда әйелім қарсы шықпайды, дереу айтқанымды
орындайды. Ол да бір нәрсе айтқанында мен де оның
көңілін қалдырмаймын. Сол себепті ұрыс-керіс те
болмайды. Отбасы бақытының сыры осы» дейді. Дүниенің
ең тамаша туындысы – тамаша тәрбие алып шыққан
адам.Ежелден мәлім кағида: адам бойындағы таза
қасиеттердің пайда болып қалыптасуында отбасылық
ықпалдың алатын орны ерекше. Оның ер жетіп өсуі,бойындағы
имандылық, адамгершілік белгілері отбасында қалыптасады. Отбасы –
шағын мемлекет, сонымен қатар бала тәрбиесінің ең
алғашқы ұжымы. Ерлі – зайыптылардың тіршіліктегі тату –
тәттілігі, ақыл – парасаттылығы – бала
тәрбиесінің алтын бесігі. Біз - үлкен болайық, кіші
болайық, ұстаз болайық, шәкірт болайық, әке
болайық, ана болайық – бәріміз де талай-талай
тәлімнің төліміз, тоқсан тарау арнамен кеп
тоғысқан тартымды тәрбиенің жемісіміз. Сондай
тәлім - тәрбиенің қайнар көзі – қазақ
отбасындағы тәрбие [3].
Отбасының жеке
тұлғаның әлеуметтік тұрғыда
қалыптасуындағы орны мен рөлі жайында кеңестік
педагогика ғылымы саласында әртүрлі пікірлер орын
алғаны белгілі. Көрнекті
педагог А.С.Макаренко: «Жақсы да, жаман да отбасылар болады. Отбасы
ойдағыдай тәрбиелейді деп кепіл болуға болмайды. Отбасы
қалай тәрбиелесе, солай тәрбиелесін деп біз айта алмаймыз. Отбасылық
тәрбиені біз ұйымдастыруға тиіспіз және мемлекеттік
тәрбиенің өкілі ретінде бастапқы ұйымдастырушы
мектеп болуға тиісті. Отбасыға мектеп басшылық
етуге тиісті»,-деп өскелең ұрпақты қалыптастыру
ісінде отбасына қарағанда
мектеп жетекшілік рөл атқаруы керек деген ұйғарымды
ұсынды [4]. Ал, педагог-ғалым В.А.Сухомлинский: «Мектеп,
отбасыны, әсіресе ананы, толық
дәрежеде алмастыра алмайды... Мектеп пен ата-ананың міндеті -
әр балаға бағыт беру. Бағыт
алуан қырлы. Ол – адамның өз қабілетін ашып,
еңбекті сүйіп, онда жасампаз бола білуінде де және
қоршаған дүниенің әсемдігінен ләззат алып,
басқалар үшін әсемдік жасауында да, басқа адамды
сүйіп, өзі де біреудің сүйіктісі болып балаларды
нағыз адам етіп өсіре білуінде. Тек ата-аналармен бірлесіп
ортақ күш-жігер жұмсағанда ғана
мұғалімдер балаларға зор адамдық бағыт
бере алады», - деп тек отбасымен бірлескенде ғана мектеп ізгі
қабілет-қасиеттері бойында тоғысқан жеке
тұлғаны тәрбиелей алады деген
тұжырымға келді [5]. Демек, жас
ұрпаққа мектеп, ата-ана және әлеуметтік ортаның
өзара сабақтаса отырып, мақсатты
түрде рухани-адамгершілік тәрбие беруді ұйымдастыруының маңызы зор. Себебі ұлы ақын Абай
Құнанбайұлы тұжырымдағандай: «Адамның
адамшылығы – ақыл, ғылым, жақсы ата, жақсы ана,
жақсы құрбы, жақсы ұстаздан болады».
Бала сонымен
қатар отбасында дау-жанжалдың қалай туындайтынын және
оны шешу жолдарын, бағынуды немесе қарсы тұруды, өзара
келісімге келуде адамгершілік қасиеттерді ұстануды және т.б.
әрекеттерді басынан өткізеді. Назар аударарлығы,
отбасындағы үстемдік етуші қарым-қатынастың
сипаты дербес өмір құруға қадам басушы жеке
тұлғаның болашақтағы
мінез-құлқында зор маңызға ие, мәселен,
келісілген істі орындауға қабілетінің болуы, өз
көзқарасына қарсы пікірлерді талқылай алу
мүмкіндігі, агрессивтік мінез көрсету немесе көрсетпеу
тәрізді ерекшеліктерді қалыптастырады деп атап көрсетеді
поляк ғалымы Е. Вятр [6].
Отбасы деген - Отан. Отанын қорғау әр адамзаттың
міндеті. Ең бастысы – тәрбиенің негізі
отбасынан, ананың сүтінен, әкенің
қамқорлығынан басталатынын ұмытпағанымыз
жөн. Біз ата-бабаларымыздың ұлттық тәжірибесін пайдалана
отырып жас жеткіншектерге отанын, елін құрметтеуге, адал
еңбекке, адамгершілікке,білім алуға,өмірге бейімделуге
сияқты ізгі қасиеттерге тәрбиелеуіміз қажет. Өз
отбасында жақсы тәрбие алған бала, ана-анасының
ғана бақыты емес, еліміздің, отанымыздың Үлкен
болашағы дер едім. Ұлдың тәрбиесі-әкеде,
қыздың - тәрбиесі шешеде. Қазақта, қызды
қырық үйден тыю - деп бекер айтылмаған. Бала
дүниеге шыр етіп түскен күннен бастап әке-шеше
өздерінің міндетті борыштарын орындау керек. Бақытты
балалық шағым - деп еске алып отыратындай, әр баланың
тәрбиесі әке-шешенің қолында. Қазақ
халқына тән тәрбие беру керек адамгершілігі зор, инабатты,
кішіпейілді,иманды, қонақжай, үлкендерді сыйлайтындай етіп.
Қазіргі жастар, мысалыға, автобусқа міне қалсаң
жасы үлкен адамдарға орын бермейді, құлақтарында
телефон көрмегенге ұқсап терезеге қарап отырады. Кез
келген тәрбиелік сөздердің мәнісіне
үңілсек, осыны айқын аңғарамыз. Ал,
имандылық пен адамгершіліктің қағидаларын
халқымыздың өлең-жырларынан, шешендік сөздерінен,
бабалар өсиеттерінен де үйренуге толық негіз бар.Демек,
ұлттық тәрбие қашан да имандылықтың
өзегі екенін еліміздің есінен шығармағаны дұрыс.
Осылардың барлығы бірінші отбасының тәрбиесі деп
ойлаймын.
М.Жұмабаев «Педагогика» ғылыми
еңбегінде «Жас бала – жас бір шыбық, жас күнінде қай
түрде иіп тастасаң,есейгенде сол иілген күйінде, қатып
қалмақ» - деп, сөзімді аяқтағым келеді.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
1. Тәрбие басы – отбасы.
«Тәрбие сағаты»
журналы. - №1. Алматы,
2013. – Б. 28.
2. Отбасының берекесі
имандылық. «Педагогика және оқушы психологиясы» журналы. -
№6. – Алматы, 2014. – Б. 9.
3. Қазақ
отбасындағы ұлттық тәрбиенің дәстүр
сабақтастығы. Педагогика және оқушы психологиясы. -№1.
– Алматы, 2014. - Б. 24.