Қ. Бөлеев, п.ғ.
д.,профессор, Ұлттық Білім академиясының академигі,
Л.Бөлеева, п.ғ.к., доцент
Тараз
инновациялық-гуманитарлық университеті, Қазақстан
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПАТРИОТТЫҚ ТӘРБИЕ: КЕШЕ
ЖӘНЕ БҮГІН
Кез келген
педагогикалық проблеманың бүгінгі жайын сөз ету
үшін оның бұрынғы зерттелу жағдайын көрсету
қажет. Сондықтан патриоттық
тәрбиеніңбүгінгі өзекті мәселелерін сөз
етуде оның зерттелу тарихын анықтап алған дұрыс.
Қазақстанда патриоттық тәрбиенің зерттелуін екі
кезеңге байланысты қарастырылу керек. Біріншісі – Кеңестік
кезеңдегі патриоттық тәрбие, екіншісі – егемендік
кезеңдегі патриоттық тәрбие. Кеңестік кезеңде
патриоттық тәрбие жеке тұлғаның бойына советтік
патриотизмді сіңіру мақсатында жүзеге асырылды.
Мектеп
оқушыларына Кеңестік кезеңде патриоттық тәрбие
беру бойынша Қазақстанда бірнеше еңбектер жарық
көрген. Ол, К.Құнантаева оқушыларға
патриоттық тәрбие революциялық күрес және
еңбек дәстүрлеріне оқушыларды тәрбиелеуде 1917
жылдағы Қазан төңкерісі мен Отан соғысы
жылдарындағы патриоттық тәрбиенінегізге алып тәрбиелеу,
ол үшін сыныптан тыс тәрбие жұмыстары мен сағаттарында
көркем әдебиеттегі батырлар бейнесі арқылы тәрбиелеудегі
және әскери-даңқ музейлерінің тәрбиелік
мәніне тоқталған [1].
Ә.Р.Жұмаханов
еңбектеріндеотбасында интернациональдық тәрбие беру, мектепте
патриоттық және интернациональдық тәрбие берудің
Кеңестік мектеп тарихында, оның міндеттері, оқушыларды тәрбиелеудің
психологиялық алғышарттары, оқу жұмысында социалистік
патриотизм мен интернационализмді тәрбиелеу, оқудан тыс
уақытта патриоттық және интернациональдық тәрбие
беру, патриоттық-интернациональдық тәрбиені адамгершілік,
саяси-идеялық тәрбиелермен кешенді жүргізу, ерлік және
еңбек дәстүрлері арқылы жоғары сынып
оқушыларының патриоттық сезімін жетілдіру, дамыту
мәселелері қарастырылған [2].
А.В.Щербаков
еңбегінде мектеп оқушыларына патриоттық тәрбие беруді
пән сабақтары мен оқудан тыс жұмыстарда жүргізу
бойынша Республика мектептеріндегі іс-тәжірибелерді жинақтау
арқылы, оларды талдап көрсеткен [3], ал Ш.А.Әмірәлиев
оқушыларға патриоттық тәрбие беру –
болашақтың адамын тәрбиелеу деп, ол үшін оларды
советтік птариотизм рухында тәрбелеу қажеттігіне тоқтатылған
[4].
Ә.Айтоқов
еңбегінде қазақ халқының Екінші
дүниежүзілік соғыс жылдарындағы ерлік істерін негізге
ала отырып, оқушыларға патриоттық тәрбие берудің
әдіс-тәсілдерін қарастырған. Сол мақсатта
қазақ ауыз әдебиетіндегі ерлік тағылымдарын, екінші
дүниежүзілік соғыс кезіндегі ерлік дәстүрлерімен
сабақтастырады. Ол үшін қазақ тілі мен әдебиеті
сабақтарын және сыныптан тыс тәрбие жұмыстарын бірлікте
ұстай отырып, жүргізу тәжірибесін ортаға салған
[6].
Б.М.Бекмұхамедов
оқушыларға патриоттық және интернационалдық
мақсаттағы тәрбиені қазақ мектептеріндегі музыка
пәні сабақтарында жүргізу, ол үшін патриоттық
және интернационалдық мазмұндағы музыкалық
шығармаларды пайдалану қажеттігі туралы әдістемелік
нұсқаулар ұсынған [7].
Мектепте
патриоттық тәрбие берудің бір түрі
әскери-патриоттық тәрбие беру. Бұл мәселеде
И.М.Куликовтың «Оқушыларға әскери-патриоттық
тәрбие беру» және К.С.Серікбаевтың «Бүкіл
халықтың ісі» атты еңбектерін атауға болады.
И.М.Куликовтың
еңбегінде оқушыларға гуманитарлық және
жаратылыстану пәндерін оқытуда, сондай-ақ сыныптан тыс
уақытта әскери-патриоттық тәрбие беру іс-тәжәрибесі
қысқаша баяндалған [8].Ал К.С.Серікбаевтың кітапшасында
әскери-патриоттық тәрбие - коммунистік тәрбиенің
құрамдас бөлігі, оның сенімді тірегі - маркстік-лениндік
ілім, әскери-патриоттық тәрбиенің ұйымдастырушы
мен жетекшісі - Коммунистік партия,
әскери – патриоттық жұмыстың негізгі түрлері
және осы салада партия саясатын жүргізушілер, оқушы жастар
арасында әскери-патриоттық тәрбие берудің кейбір
ерекшеліктері республика мектептерінің іс-тәжірибесі арқылы
көрсетілген [9].
Сонымен,
Қазақстанда шыққан патриоттық тәрбие
бойынша еңбектерді талдау жасау арқылыКеңестік кезеңде
патриоттық және интернационалдық тәрбиелер
революциялық күрес және еңбек дәстүрлері,
бейбітшілік кездегі патриоттық бастамалар негізінде адамгершілік,
саяси-идеялық тәрбиелермен байланыстырылып кешенді
жүргізілгені, ол үшін мектепте оқытылатын
пәндердің мазмұны және түрлі сыныптан тыс
жұмыс формаларының пайдаланылғаны көрініп тұр.
Қазақстандағы
патриоттық тәрбиенің екінші кезеңі – еліміздің
егемендік алуымен сипатталынады және ерекшеленеді. Тәуелсіз
және егемен Қазақ еліне Елбасы Н.Ә.Назарбаев атап
көрсеткендей «патриотизм – елімізді құрудың іргетасы»
болатындай патриоттық тәрбие беру мәселесі бүгінгі қоғамдық-әлеуметтік
даму үрдісіне байланысты болғандықтан, қазақ
ғалым-педагогтары соңғы 20 жылда іргелі зерттеулер
жүргізіп, патриоттық тәрбие беру бойынша көптеген
еңбектерін жарыққа шығарды.
Республикалық
Ұлттық ғылыми кітапхананың қорында егемендік
кезеңде жас ұрпаққа, жастарға және студент
жастарға патриоттық тәрбие беру бойынша 35
диссертациялық (оның 3 докторлық) жұмыс бар екенін
анықтадық. Жұмыстардың 9 жеке тарихи
тұлғалардың патриоттық мұраларына, 4
патриоттық тәрбие тарихына, 20 қазақтың
халықтық педагогикасы арқылы патриоттық тәрбие
беруге, 2 болашақ мамандарды оқушыларға патриоттық
тәрбиеге дайындау проблемаларына арналған. Зерттеу
жұмыстарының нәтижесінде 18 жеке еңбек, оның
ішінде 4 монография, 9 оқу құралы, 3 әдістемелік
құрал, 2 әдістемелік нұсқау жарық
көріпті.
Енді бір
мақаланың көлемінде көрсетілген диссертациялық
жұмыстарды талдау мүмкін болмағандықтан, тек жеке
еңбектерді қысқаша мазмұндауға тоқталайын.
С.Иманбаеваның
«Мектеп оқушыларына патриоттық тәрбие берудің теориясы
мен практикасы» атты монографиясы кіріспеден, төрт бөлімнен,
қорытындыдан және пайдаланған әдебиеттер тізімінен
тұрады [10].
Бірінші «Қазақстан Республикасының
әлеуметтік даму жағдайында оқушыларға патриоттық
тәрбие берудің теориялық-әдіснамалық негіздері»
атты бөлімінде қазақстандық патриотизм -
әлеуметтік-педагогикалық мәселе, патриоттық
тәрбиеөзегі патриотизмнің қалыптасуының тарихи
алғышарттары және XXІ әлемдік жаһандану ғасырында
Қазақстанда ұлттық идея тұрғысында
патриоттық тәрбие берудің әдіснамалық
тұғырлары анықталған.
«Қоғамның әлеуметтік даму жағдайында
оқушыларға патриоттық тәрбие берудің
педагогикалық және психологиялық негіздері» атты екінші
бөлімінде отандық білім беру жүйесінде патриоттық
тәрбиенің зерттелу жайы, алыс және жақын шетелдердегі
патриоттық тәрбиенің даму ерекшеліктері және мектеп
оқушыларына тұтас педагогикалық үрдісте патриоттық
тәрбие берудің жүйесі жасалынған.
Үшінші
«Қоғамның әлеуметтік даму жағдайында
оқушыларға патриоттық тәрбие берудің
тұжырымдамалық негіздері» атты бөлімінде
оқушыларға патриоттық тәрбие берудің
ғылыми-педагогикалық шарттары, тұтас педагогикалық процесте
оқушыларға патриоттық тәрбие берудің
жағдайлары және олардың патриоттық
құндылықтарын қалыптастыруға негізделген білім
мен тәрбие мазмұны жасалынған.
«Оқушыларға
патриоттық тәрбие берудің әдістемесі және
эксперименттік тәжірибелік жұмыстың нәтижелері» атты
төртінші бөлімінде жаңа әлеуметтік даму
жағдайында оқушыларға патриоттық тәрбие
берудің әдістемесі, оларға патриоттық тәрбие
берудің эксперимент барысында дәлелденуі және
тәжірибелік-эксперименттік жұмыстың нәтижелері
ұсынылған.
Р.А.Джанабаеваның «Халық педагогикасындағы
патриоттық-ерлік тәрбиесінің негіздері» атты оқу
құралы кіріспеден, үш бөлімнен пайдаланған
әдебиеттер тізімінен тұрады [11].
Бірінші «Патриоттық-ерлік тәрбиесінің
теориялық-әдіснамалық негіздері» атты бөлімінде
«патриотизм», «ұлттық патриотизм», «Қазақстандық
патриотизм», «ерлік» ұғымдарының мәні және
олардың өзара байланысы, патриоттық тәрбие және
оның сипаты, патриоттық-ерлік тәрбиесінің
мазмұнын айқындаудағы кешенді тәсіл принциптері,
қазақ ойшылдары мен жыршы-жырауларының патриоттық
тәрбие туралы педагогикалық ой-пікірлері және
қазақ ғұлама-ағартушыларының
патриоттық-ерлік тәрбиесін дамытудағы рөлі
анықталған.
Екінші «Қазақ халық
педагогикасындағы патриоттық-ерлік тәрбиесінің
жүйесі» атты бөлімінде қазақ халық
педагогикасындағы патриоттық-ерлік тәрбиесінің
мазмұны, құралдары, формалары мен әдістері,
қазақ халық педагогикасының патриоттық-ерлік
тәрбиесі нәтижесінің ұлт-азаттық қозғалыстардағы,
Ұлы Отан соғысы жылдарындағы, Желтоқсан
көтерілісіндегі көріністері сипатталған.
«Қазақ халық педагогикасының
патриоттық-ерлік тәрбиесі дәстүрлерін бүгінгі
білім беру жүйесінде пайдалану» атты үшінші бөлімінде
қоғамның қазіргі таңдағы даму ерекшеліктері
және оның патриоттық тәрбиеге ықпалы,
қазақ халық педагогикасындағы патриоттық-ерлік
тәрбиесі дәстүрлерін оқу-тәрбие процесінде
пайдалану тұжырымдамасы, оларды жоғары оқу орны студенттеріне
меңгерту жолдары, мектептің оқу-тәрбие процесінде
пайдалану формалары мен әдістері және пайдалану перспективасы
анықталған.
А.Қ.Дүйсенбаевтың
«Ерлік дәстүрлері арқылы оқушыларды
отансүйгіштікке тәрбиелеудің педагогикалық негіздері»
оқу құралында орта мектептің оқу-тәрбие
үрдісінде халықтың ерлік дәстүрлері арқылы
оқушылардың отансүйгіштік қасиеттері тәрбиесін
қалыптастыруды негіздеген [12]. Бірінші бөлім «Оқушыларды
қазақ батырларының ерлік дәстүрі арқылы
отансүйгіштікке тәрбиелеудің теориялық негіздері» деп
аталып, онда «патриоттық тәрбие» ұғымының даму
генезисі - оқушылардың отансүйгіштік тәрбиесін
жетілдірудің тарихи-педагогикалық кезеңдері екендігі,
қазақ этнопедагогикасындағы ерлік
дәстүрінің педагогикалық негіздері,
қазақтың көркем әдебиеті мен тарихында
сомдалған батырлардың ерлік өнегесі оқу-тәрбие үрдісіндегі
тәрбие құралы ретінде екендігі және қазақ
батырларының қаһармандық бейнесі арқылы
оқушылардың отансүйгіштік қасиеттерін
қалыптастыру үрдісінің теориялық моделі
жасалынған.Екінші «Қазақ батырларының ерлік
дәстүрі арқылы оқушылардың отансүйгіштік
тәрбиесін қалыптастырудағы әдістемелік жұмыстар»
атты тарауда оқу үрдісінде қазақ батырларының
ерлік дәстүрлері арқылы оқушылардың
отансүйгіштік қасиеттерін қалыптастырудың
педагогикалық құралы ретінде және мектептің
тәрбие үрдісінде қазақ батырларының ерлік
дәстүрі арқылы оқушылардың отансүйгіштік
қасиеттерін қалыптастыру мәселелері
қарастырылған.
Н.Сманованың «Ғабит Мүсірепов шығармалары
арқылы оқушыларға патриотты тәрбие беру» атты оқу-әдістемелік құралында
Ғ.Мүсіреповтың педагогикалық
көзқарастарының қалыптасуы мен оның
мән-маңызы, Ғ.Мүсірепов мұраларындағы тәлім-тәрбиелік
ойлар, оның шығармаларын оқу-тәрбие үрдісінде
пайдалану жолдарын анықтап, оқушыларға патриоттық
тәрбие беру арқылы оларға отансүйгіштік,
ұлтжандылық тәрбие беруге болатыны дәлелденген [14].
Р.А.Джанабаева «Ә.Нұршайықов
шығармаларының оқушыларға патриоттық тәрбие
берудегі мәні» атты оқу құралында
Ә.Нұршайықов шығармалары арқылы
оқушыларға патриоттық тәрбиені беру мәселелері
қарастырылған [15].Құралда «патриоттық
тәрбие» ұғымдарының мәні,
Ә.Нұршайықовтың патриоттық
көзқарасының қалыптасуына ықпал еткен факторлар,
оның шығармаларындағы патриоттық-ерлік идеялар, оларды
оқушыларға патриоттық тәрбие беруде пайдалану
және Б.Момышұлының ұлағатты
сөздерінің тәрбиелік мәні ашылып, көрсетілген.
Е.Жұматаеваның «Қазақстан
майдангер жазушыларының шығармалары арқылы
оқушыларға патриоттық тәрбие» атты монографиясында
Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысқан
майдангер жазушылар -
Б.Момышұлы,Ә.Шәріпов,Қ.Қайсенов,Б.Бұлқышев,М.Ғабдуллиннің
шығармаларындағы патриоттық тәрбие берудің
мүмкіндіктерін халықтық педагогика тұрғысынан
талдап, олардың ерлік істері мен еңбектерін бүгінгі
ұрпақ тәрбиесінде падалану жолдарын көрсеткен [16].
ҚарМТУ
әзірлеген және тәрбие үдерісіне енгізілген
«Патриоттық тәрбие беру моделін» іске асыруға қажетті
патриоттық тәрбиенің теориялық негіздері
А.М.Ғазалиев, Ғ.Есім, С.И.Ферхо, К.Н.Бұрханов,
Л.Т.Матвеенкованың «Қазақстандағы патриотизмді
қалыптастыру: теория және практика» атты ұжымдық
мнографияда ғылыми-философиялық және
психологиялық-педагогикалық тұрғыда жасалынған
[18].Кіріспеде елімізде патриоттық тәрбие берудің
бүгінгі таңда өзектілігі, оның
әлеуметтік-гуманитарлық білімнің түрлі салалары
шеңберінде әлемдік қоғамдық ойдың
бүкіл тарихы бойында қарастырылғаны, «патриотизмді»,
«кеңестік патриотизм», «патриоттық тәрбие»
мәселелерінің қазақстандық ғалымдар
еңбектеріндегі бейнеленуі айтылған.
Монографияның
бірінші тарауында патриотизм-әлеуметтік өмір құбылысы
екендігі; екінші - қазақстандық патриотизмді
қалыптастыру ерекшеліктері; үшінші - студент жастарды
патриоттық тәрбиелеу түрлері мен тәсілдері;
төртінші тарауда Қарағанды мемлекеттік техникалық
университетінде студенттермен патриоттық тәрбие
ұйымдастырудың принциптері мен түрлері, оларды жүзеге
асыру тәжірибесі баяндалған.Әдістемелік
құралдың бірінші тарау «Ел Президенті Н.Ә.Назарбаев
және қазақстандық жас жеткіншектердің
патриоттық тәрбиесі» деп аталып, онда Н.Ә.Назарбаевтың
өмірі мен қызметі – нағыз азаматтың және шын
патриоттылықтың үлгісі екендігі, оның тәуелсіз
Қазақстанды құрудағы және дамытудағы
айрықша үлгісі, «патриотизм» сөзінің қазіргі
түсінігі, Қазақстандық жастардың өзОтанына
мақтанышы, Қазақстан –
дүниежүзімемлекеттерініңеңүздігі болатыны;
«Жастардыңреспубликалық қоғамдық
ұйымдарының қызметі» атты тарауда«Жас Отан», «Нұр Отан»,
«Қазақстанжастарының Конгресі», «Жасыл ел»,
«Қазақстан ауыл жастарының Одағы», «Жас қыран»,
«Жас ұлан», «Жас қыран әскери-патриоттық
бірлестіктерінің даму Орталығы», студенттік
құрылысотрядтарының қызметтерінің жастарға
патриоттық патриоттық тәрбие беру мәселелері;
үшінші «Жастармен патриоттық тәрбие жұмысының
негізгі бағыттары» тарауында Ұлы Отан Соғысы
ардагерлерінің, Ауған соғысы ардагерлерінің,
археологиялық экспедицияларға және музей ісіне
жастардың тарихи орындарға туристік сапары, мемлекеттің
тілдік саясатының, діни экстремизмнің жастар арасында кірудің
алдын алу, қазақстандық патриоттың бейнесі, Астана –
халық мақтанышы және ел тәуелсіздігінің символі
екендігі, Қазақстан – тәуелсіздік жолындағы
бағыттары арқылы жастарға патриоттық тәрбие беру
түрлері түрлі іс-шаралар негізінде баяндалған.
Төртіншітарауда жастардың қоғамдық
ұйымдарын қалай құруға болатынына
әдістемелік ұсыныстар мен кеңестер берілген.
Бүгінгі
күнде Қазақстанхалқына, әсіресе жас
ұрпаққа және жастарға патриоттық
тәрбие беруде Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың халыққа
жылма-жылғы Жолдауларын, Қазақстан Республикасы Білім
Министрлігінің «Үздіксіз тәлім тәрбие
тұжырымдамасын», «Қазақстан Республикасы азаматтарын
патриоттық тәрбиелеу жөніндегі мемлекеттік
бағдарламасын»,«ҚР азаматтарына патриоттық тәрбие
берудің 2006-2008 жылдарға арналған мемлекеттік
бағдарламасы туралы Қазақстан Республикасы Президентінің
Жарлығын», сондай-ақ, қазақ ғалымдарының
егемендік кезеңдегі зерттеу жұмыстары мен жарық көрген
еңбектерін, түрлі оқу орындарының патриоттық тәрбие
беру жөніндегі озық тәжірибелерін басшылыққа алып
жүргізу керек.
Қорытындылай
келе, Қазақстанда бүгінгі күні жас
ұрпаққа, жастарға және студент жастарға
патриоттық тәрбие беруде олардың бойында «патриотизм»,
«қазақстандық патриотизм», «жалпыұлттық патриотизм»,
«қазақ патриотизмі», «ұлттық патриотизм», «ерлік»,
«отансүйгіштік» ұғымдарын қалыптастыру арқылы
жүзеге асырылып жатқаны, ол үрдісте
қазақтың халықтық
педагогикасыныңкеңінен пайдаланылуы, олардың патриоттық
сезімі, санасы, мінез-құлқы, намысы мен дүниетанымының
қалыптасып, орнығуына әсері мен ықпалы айрықша
болатыны хақ.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1.
Құнантаева К.Қ. Оқушыларды
революциялық күрес және еңбек дәстүрлері
рухында тәрбиелеу. – А.: Қазақстан, 1965. – 95 б.
2.
Жұмаханов Ә.А. Интернациональное воспитание в
семье. – А.: Мектеп, 1966. – 53 с.
3.
Щербаков А.В. О патриотическом воспитании школьников. –
А.: Мектеп, 1972. - 105 с.
4.
Амиралиев Ш.А. Человека будущего ростим (О патриотеческом
воспитании). – А.: Мектеп, 1975. – 32 с.
5.
Айтоқов Ә. Оқушыларды патриотизмге
тәрбиелеу. – А.: Мектеп, 1978. – 94 с.
6.
Бекмұхамедов Б.М. Патриотические и
интернациональное воспитание учащихся на уроках музыки в казахской средней
школе. – Шымкент, 1989. – 30 с.
7.
Куликов И.М. Военно-патриотическое воспитание учащихся. -
Алма-Ата: Мектеп, 1969. - 51 с.
8.
Серікбаев К.С. Бүкіл халықтың ісі
(әскери-патриоттық тәрбие).– Алматы: «Білім» қоғамы,
1984. – 43 б.
9.
Иманбаева С.Т. Ерлік тағлымы. – А.:РБК, 1998.- 152
б.; Ұ.
10. Джанабаева Р.А.Халық педагогикасындағы патриоттық-ерлік
тәрбиесінің негіздері.– А.: Әрекет-Принт, 2010. – 283 б.
11. Дүйсенбаев А.Қ. Ерлік дәстүрлері арқылы
оқушыларды отансүйгіштікке тәрбиелеудің
педагогикалық негіздері. – Ақтөбе, 2008. - 155 б.
12. Сманова Н.Ғабит Мүсірепов шығармалары арқылы
оқушыларғапатриоттық тәрбие беру. – А., 2009. -71б .
13. Жұматаева Е. Қазақстан майдангер жазушыларының
шығармалары арқылы оқушыларға патриоттық тәрбие
беру. – Павлодар,2007. – 220 б.
14. Туебакова Н.А. Наследие М.Габдуллина и основы формирования у школьников
казахстанского патриотизма. – А., 2001. – 40 с.
15. Ғазалиев А.М., Есім Ғ., Бұрханов К.Н., т.б.
Қазақстандық патриотизмді қалыптастыру: теория мен
практика. – Қарағанды: ҚарМТУ, 2009. – 122 б.