Жанабилова Д.

№ 25 Ақтөбе тірек мектебі (РО),  Жуалы ауданы, Қазақстан

 

ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ ДӘСТҮРЛІ ОЮ ӨРНЕКТЕРІНІҢ АҢЫЗ ӘҢГІМЕЛЕР ЖӘНЕ ӨЛЕҢ ШУМАҚТАРЫ АРҚЫЛЫ СИПАТТАЛУЫ

 

Сонау жазу сызу шыға қоймаған ерте заманда адам өз ойын тасқа сүйекке, ағашқа ойып қашап, түсіріп отырған. Бір кезде тасқа ағашқа, сүйекке түсірілген ою таңбалар келе-келе киізге алаша, кілем тағы басқа заттарға салынатын болған.

  Ол белгілі таңбалар арқылы халық белгілі бір ұғым түсініктерді аңғарып, біліп отырған. Мысалы қазақ халқының ерте кезден бергі әдет -ғұрып салты бойынша, бөтен жерге алыс ауылға күйеуге ұзатылған қыз баланы белгілі бір уақыттан кейін, төркін жағына сәлемдеме жіберуі тиіс екен. Сәлемдемеде жас келіншек өзінің тұрмыс жағдайын ою өрнекпен белгілеп жіберуі шарт екен.Осы салт бойынша тұрмысқа шыққан бір қыздың үйіне жіберген сәлемдемесінде сорайған ұзын және өте жіңішке арық адам бейнеленген және оның жанында тұрған дөп дөңгелек адам тұрпаты бейнеленген. Бұл сәлемдемеден қыздың ата анасы жұртқа ұзатылған баласының отырса опақ, тұрса сопақ болған мүшкіл халін түсінген. Басқа бір ретте күйеуге ұзатылған қыздан құсмұрын бекқұс мұрын бейнесі салынған сәлемдеме келсе, ата анасы одан баласының барған жерінде құстай ерікті, басы бостандықта жағдайы жақсы екенін ұғатын болған.

Сондықтан ұзатылған қыздан сәлемдемеге құс тұмсық ою өрнекті түскиіз немесе басқұр сияқты зат келсе, ауыл аймақ қуанып той жасаған. Ою өрнек белгілерін тұрмыста кенінен қолданылатындығына тағы бір мысал, жана туған нәрестеге құтты босын айтуға барғанда, оған апаратын бала жинағы деген бұйымдарға малдың, аңнын бейнелері салынатын болған. Мұның себебі, балаға айналадағы дүниені таныту. Бұйымдарда белгіленген нұсқаларды бала есейгенше таңып өседі.

Халықтың даму барысына қарай ою өрнекке байланысты атаулар қалыптасып, дамып отырады. Тақырыптық жағынан ою өрнектер мынандай топтарға бөлінеді.

      1.  Ай, күн, жұлдыздарға көк әлеміне байланысты ою өрнек атаулары

      2. Малға, малдың дене мүшесіне байланысты ою өрнек атаулары

      3.  Аңға, аңның дене мүшесіне байланысты ою өрнек атаулары

      4.  Құрт құмырсқаларға байланысты ою өрнек атаулары

      5.  Құстарға байланысты ою өрнек атаулары

      6.  Жер су өсімдік бейнелі ою өрнек атаулары

      7.  Қару құралдарға байланысты ою өрнек атаулары

      8.  Геометриялық фигуралар тектес ою өрнек атаулары

Қазақ елінің топырағынан таралып суын ішіп жоғары дәрежелі білім алып, сол білімдерін басқа ел мамандарына таныта білген және қазақ қолөнерін жоғары бағалап, оның ішінде бір жүйеге келтірген этногроф, тарихшы, әдебиетші, өнертанушы ғалымдарымызда бар.  Олар Ш. Уәлиханов,  Ә Марғұлан, Х Арғынбаев, С.Қасиманов,  М.Мұқанов,   Ө Жәнібеков,  Т. Бәсенов және т.б.

Халқымыздың ортақ қазынасы ою өрнектердің сыры мол, өрнегі ғажап, әрбір оюдың ізінде, әрбір оюдың өнерінде өткеннен ұлағат тарихтан шежіре бар.Өткен тарих шежіресін бүгінде компьютер тілінде сөйлетіп, заман көшіне білімімізбен ілесіп отырмыз. Әрбір текемет сырмақ түрлерінен алқа, сырға бұйымдардан әжелеріміздің қолының ізін, сырлы сөзін, әлдиін сезінгендейміз.

Шынайы өнердің адам баласына жасар әсері мол. Ою өрнек сырлы суреттер өнері нағыз ұлттың шынайы, пәк өнері.Ою өрнекті үйрену арқылы балардың ісмерлігі, шеберлігі артады, эстетикалық талғамы жоғарлайды.

Ою өрнектердің сегіз тобынын бірі Ай,күн, жұлдыздарға байланысты ою өрнектер атаулары. Олардың мынандай түрлері бар. Айшық аспандағы айға ұқсатып жасаған ою өрнек, сырғаның, өрнектің бір түрі. Төртайшық әрбір тармағы төрт ай секілді жай элементтентұрады. Ай балта ай секілді құдіретті балта деген ұғымнан тұрады. Аттұрманда, батырлардың қару жарақтарында кездеседі. Ай мүйіз айды тұспалдап тұратын мүйіз өрнегі. Ай , жартыай бұлар көбнесе діни орындардың архитектуралық безендіруінде, мешіт, медреселердің мұнараларында кездеседі. Жұлдыз бұл ою өрнегі геометриялық сынық сызық арқылы сипатталады, ою өрнектің ортасында кездеседі. Кемпірқосақ әрбір түс белгілі тәртіппен кемпірқосақ көркіне ылайықтап орналастырылған ою өрнек. Күн күнді тұспалдап тұратын ою өрнек. Заттың дәл ортасында орналасқан кілем, кесте тоқуда пайдаланатын өрнек. Тоғыз төбе ең көне оюларымыздың бірі. Ол Айша бибі ескерткіш мавзолейінің плиталарында ұшырысады. 2 Малға, малдың дене мүшесіне байланысты ою өрнек атаулары.

Мүйіз кейіптес өрнектерді зерттеуші ғалымдардың барлығы бұл өрнектердің негізі қойдың, арқардың , бұғының,сиырдың мүйіздерін мегзеуден шыққан. Мүйіз қазақ оюының негізгі және көне мәнері,қойдың, ешкінің, сиырдың мүйізін бейнелейтін оюдың бір түрі. Қосмүйіз қойдың, ешкінің, сиырдың екі мүйізін ғана бейнелейтін кейде ырғақ, кейде ілмек деп аталатын оюларды қосмүйіз дейді. Арқармүйіз арқар деп аталатын жабайы қойдың мүйізін бейнелейтін шиыршықталған, тармағы көп ою өрнектің бір түрі. Сыңармүйіз қосмүйіз, қошқармүйіз деп аталатын оюдың тек бір жақ сыңары ғана бейнелейтін өрнек түрі. Қошқармүйіз қойдың төбесі мен екі жаққа иіріле түскен мүйіз бейнесінде келіп тұрады. Текемет, сырмақ, басқұр, алаша, кілем, былғары, сүйек, ағаш зергерлік бұйымдарда кездеседі.Қырықмүйіз біріне бірі жалғаса, тармақтала қосылған, көп мүйізден құралған ою өрнектің бір түрі. Сынықмүйіз тіктөртбұрыш жасап, төрт рет ішке қарай иіледі, сырт көрнісі малдың сынған мүйізінен ұқсайтын өрнектің түрі.Төртқұлақ қошқармүйіз оюының төрт тармақтан құралып, ортасы крест бейнесін жасап келген түрі Кебеже, жүкаяқ, батырлардың шапанының жауырынына, қалқанға, шалбардың тізе тұсына салынады. Түйемойын түйенін мойынынша иіле көтеріліп барып тармақталатын мүйіз өрнегі. Түйе өркеш түйенің қос өркешін тұспалдап тұратын ою өрнек. Ашатұяақ қойдың, ешкінің, арқардың, сиырдың тұяақ іздерін бейнелеуден шыққан. Ботағөз сырт пішіні ботаның көзіндей дөңгелек оюдың бөлшегі. Жіліншік малдың жілік сүйектерінің негізінде туған атау. Тіс малдың, аңның тісіне ұқсас ақ қара түсті шақпақтан құралатын, шахмат тақтасына ұқсас ою өрнек. Таңдай малдың таңдайының бедерін бейнелеуден шыққан, диогональ тәрізді өрнек.

Қай халықтың мәдениетіне байыптап көз салсақ, сол халықтың өсімдік талғамы мен танымына, эстетикалық көзқарасына орай белгілі бір өнер түрінің басым дамып отырғанына көз жеткіземіз. Осы тұрғыдан алғанда ою өрнек өнері қазақ халқының өмір тіршілігінде айрықша орын алып, ғасырдан- ғасырға, ұрпақтан- ұрпаққа жалғаса дамып келе жатқан өнер түрі десек те болады. Жалпы қазақ халқының тұрмыс тіршілігінен ою-өрнек қатыспайтын саланы табу қиын. Ою-өрнек элементтерін біз қазақтың үй-жиһаздарымен киім- кешегінен де, зергерлік бұйымдары мен құрал саймандарынан да, ер тұрман, әбзелдері мен қару-жарақтарынанда, молынан табамыз.

Тарихи ғылыми деректерге жүгінсек, қазақ халқының о- өрнек ежелгі замандардан бастау алып, қазақ жерін мекен еткен көшпелі тайпалар өнерінің ықпал әсерімен сан ғасырлар бойы қалыптасып, өзіне тән белгілі бір жүйеге келгенін қапысыз аңғарар едік. Бұған дәлел, айғақ ретінде қазақтың алғашқы ою өрнек үлгілерін Андронов мәдениеті мен байырғы сақ, ғұн, үйсін өнері мұраларынан ұшырататынымызды айтсақта жеткілікті.

VI –VIII ғасырда түрік қағанатында үй жиһаздарын, киім кешек, ер тұрман, ыдыс аяқ, сандық, кебеже, төсек ағаш жасала бастаған. Шеберлер заттардың бәрін ою өрнекпен әшекейлейді. Архитектура өнері пайда болғанын Тараз моншасының үш жапырақты ою өрнекпен бейнеленгендігінен білеміз.

«Қошқармүйіз» өрнегі ертедегі Андроновтар бұл өрнекпен ыдыс аяқ бетін әшекейлесе, қазақтар әртүрлі бұйымдарды безендірген. «Қошқармүйіз» өрнегі кілем, түскиіз, текеметтер, сандықтар, ағаш төсектерді өрнектегенде пайдаланылған. Әшекей өрнек өнерінің осындай бір мәнерінің өзі де араларын мыңдаған жылдар бөліп тұрған халықтардың мәдениеттерін байланыстыратын ортақ белгілерін айқын көрсеттеді.

Ою өрнектің түп тамыры тым теренде. Ғалымдар зерттеуіне сүйенсек, бұл өнер бізге ежелгі көшпенділерден жеткен. Біздің заманымыздан бұрынғы VIII-ғасырларда Орта Азия, Қазақстан, Алтай және Оңтүстік Сібір жерлерінде бір бірімен тығыз байланысты, Ортақ мәдениеті бар туыстас тайпалар өмір сүрген.

Олар сақтар, ғұндар, үйсіндер.Яғни біздің ата бабаларымыз болатын, олардың бізге жеткен ою өрнегі сырмақ пен кілем, яғни үй жиһаздары.

Ою өрнектермен көне ғимараттарды, Құлыптастарды да безендіріп отырған. Мұның мысалын Ахмет Яссауи кесенесі, Тараз қаласындағы Карахан, Айшабибі ғимараттарынан көруге болады. Ою өрнек өнері барлық халықтарда да соншалық ескі дәуірден келе жатқан халықтық өнердің бір түрі. Демек, ою өрнектің шығу тарихы, олардың сюжеті мазмұны жағынан мал өсіру мен аңшылықты, көшіп қону көрінісін бейнелейді.

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

1.                     Төленбаев С., Өмірбекова М. Ою - өрнектердің жасалу жолдары. - А. 2002

2.                     Өмірбекова М.Ш. Энциклопедия «Қазақтың ою - өрнектері». – А. 2003.