Қасымова Рысхан
№ 25 Ақтөбе тірек мектебі (РО), Жуалы ауданы, Қазақстан
КІТАП – БІЛІМ ҚАЗЫНАСЫ
Баланың тұлғалық
қасиетін қалыптастырушы
рухани қазына – кітап.Оның қай қоғам
үрдісінде болсын ізгі мұрат екені баршаға аян. Әр
халықтың көне заманнан бері келе жатқан өзіне
тән тарихи өмірі бар. Сол тарихи ағымның асыл
қоры рухани қазынамызда
сақталып келуде. Осындай асыл қазынаның
құшағында өсіп,
өмір жолына үлкен қадам басқан данышпан
адамдардың еңбектері бүгінгі
күнге дейін құнын жоймай келе жатқандығы
кітаптың арқасында. Қазақ халқының
көрнекті азаматтары Ы.Алтынсарин, М. Дулатов, М. Жұмабаев, А.
Байтұрсынов, Ж. Аймауытов және т.б. өздерінің ағартушылық еңбектерін
халыққа мұра етіп қағаз бетіне түсірген.
Балалардың рухани мәдени дамуында тамыры үзілмей
білімнің жалғасын тауып келе жатқан байлық
«кітап»екендігі күмән емес.Кітапқұмар баланың
сөз байлығын көбейтуде, сонымен қатар
еңбекқорлыққа және адамгершілікке
әсемдікті түсіне білуге
үйретуде, орны бөлек ұстаз кітап болып
табылады. Жас кезінен кітап оқу баланың іскерлігі жетіліп,
бойындағы рухани байлықтары жетіліп қоғамның
дамуына үлес қосатыны сөзсіз. Білімді жетекшілік ету
барысында кітаптысерік етіп, әр кезде жетекші болатын оны
өзгеге де үйренудің алғашқы
сатысын мектеп қалайды.
Мектеп табалдырығын басқан
баланың дамуына мектеп үлкен көңіл бөледі, себебі
қандай пән болмасын кітаптың негізімен өтіледі. Осындай
сәтті пайдаланбай уақыттың бір орында тұрмайтынын біле
тұра кітапты екінші орынға қойып жататыны да бар.
Кітапқа әуестенген баланың
көңіл – күй эмоциясы жоғарылап, оның нерв
жүйесін бекітеді. Балалардың кітапқа бет бұруы шығармашылық қабілетті
қалыптастырудың нәтижелі болуында, оны оқып қана
қоймай, мағынасын ұғып алуы белсенді, жағымды іс
– әрекетке баруы да сөзсіз.
Білім мен іскерлік бір – бірімен
байланысты. Білімнің мазмұны орындалған істің сапасын
белгілейді. Яғни бала оқыған сайын сауаттылығы артады,
өмірге деген көзқарасы
жарқын болады, қоғамда өзінің
зиялылығын көрсете біледі.
Қазіргі техниканың даму
кезінде компьютердің орны кең болуда. Әрбір бала
еліктегіш келеді ата –ананың да қоғамның
дамуындағы етегін алғысы келеді. Баланың болашағын
болжай отырып білімнің
ажырамайтын бөлігі ретінде
жаңа техникамен қамту жолын меңзейді. Ал балаға
білім алудағы қажеттісі
денсаулық екенін ойдан таса жібереді.Кітап оқу баланың аса
денсаулығына зиян келтіре қоймас компьютермен салыстырған
болсақ. Компьютер қазіргі қоғамда қажетті
бұйым екеніне талас жоқ, дегенмен «кітаптың» орны
бөлек. Әсіресе бастауыш сынып оқушылары сауаттылығын
артып, қызықты ертегілер мен әңгімелердің
құшағына бөленіп, балалық шақтың
бояуларын таныған соң ғана техникаға үлгере
алады. Баланың әрбір оқыған кітабынан алған
әсерлерін көпке дейін ұмытаалмай
әңгімелеп жүреді және ондағы
кейіпкерлердің қылықтарын таразыға салып
орнықтырады сондай ақ керекті біліммен қаруланады.
Кітаптан өмірде кездесетін
жайттардың, яғни жақсылықтың
үнемі жеңіске жетіп, жамандықтан басым
түсіп, шындық пен өтіріктің, ерлік пен ездіктің
ара жігін ажыратып, түйсіне білуге, бағалай алуға жол ашады.
Міне осылай балалардың көркемдігі мен талғампаздықтары,
қоғамдағы
сөйлеу мәдениеті, қажетті жағдайдағы
жазбаша сөйлеудегі
сауатылықтың артуы
жоғары бола бастайды.Білімді кітаптан, ал іскерлік пен
дағдыны компьютерден алып үлгереді.Сондай ақ компьютер тек
қана ойын ойнау мен ғаламторға кіріп дайын ақпарат алу
көзі ретінде қарауға болмайды. Оқушыларға компьютердің іскерлік, өндірістік
қоғамның қағаз жүзіндегі іскерлік барысында практикалық
қажеттіліктен шығу жолын
жүргізуге бағытталғандығын білдіру.
Бүгінгі күні оқушылардың білімінің
сапасы мен тәрбиесіне үлкен талаптар қоюда. Демек, кітап
оқу деңгейін жоғарлатып,
кітапханалық жұмысты жан–жақты ету, ата–анамен тығыз
байланыста болу қажеттігі туындап отыр. Баласымен бірге
өздері де қолдарына кітап алып,
ондағы оқиғаларға араласып кетсе
«нұр үстіне нұр» деуге болады. Ата -ана бір
жұмбақ әлемге еніп кеткен сияқты
болып, одан бас көтере алмай қалады. Барлық
ата–ана баласының болашағына деген сенімді нығайтамын десе, ең алдымен,
жан–дүниесін, бүкіл
азаматтық болмысын қалыптастыратын
қазына – кітапты бірінші
орынға қою керек.
Оқушы тілін дамытуда, сөздік қорын байытуда кітапханашымен
тығыз байланыста болып кітап көрмесін ұйымдастырудың пайдасы
мол. Себебі бұл балаларды өздігінен кітап оқуға
қызықтырып, жаңа кітаптарды оқуға бағыт
береді. Бұның бәрі
қоғамдағы әрбір баланың болашақ өмірінің субьективтік жағын,
яғни әлеуметтік өмірге байланысты ойлау әрекетін
қалыптастырады. Бұл жұмыстың ең
бірінші қадамы кітап не
үшін пайда болған тарихын анықтап айтып, сен
қалай ойлайсың деп қызықтыра білген
абзал. Оқыған кітаптардың мазмұнымен дұрыс жұмыс түрі
ұйымдастырылса ғана мәні ашылып,
мағынасы санасына жететін болады.Барлық әдет атаулының
бала жастан бастап қалыптасатынын ғалымдар
дәлелдеген. Адам өміріндегі ең
маңызды нәрсе
болашаққа үлкен мақсатпен қарау.
Белестерге мойымай білімнің негізгі қалаушысы кітап екенін ұмытпау.
Әрбір оқушының
кітапқа деген құлшынысы болу керек.Кітап білімге толы, ал
білім оқушының басты қаруы. Білімнің арқасында
адамдар өздерінің армандарына жетуде.Біз ғаламтордан
өзімізге керекті ақпараттар іздейміз бірақ сол ақпаратты кітаптан іздесек екі есе етіп таба аламыз.Кітапты
тек қана қажетті жағдайда ғана оқу
керек деген ұғым
қалыптасқан, яғни қажеттілік міндеттеген кезде
іздену жұмыстарымен айналысамыз. Жалпы
жадымыздың белсенділігін өз деңгейінде жұмыс
істеуіне көңіл бөліп, ойлау қабілетіміздің дамуына
кітап оқу өте пайдалы.Кітаптың назарынан ешбір
тақырып тыс қалмайды.
Бүгінгі күні
белең алып келе жатқан жаман әдеттер басым болуда,
әдеттермен күрестің де белсенді
мүшесі кітап екенін ұмытпасақ.Бүгінгі
таңда өзіндік ерекше тыныс – тіршілігі бар әрбір тіршілік
иесінің шағын әлемі
туралы баяндау жазбаша
сөйлеуіне жеткілікті. Кез –
келген адам – үлкен бол, кіші бол, өзінің елге білдірер
жаңалық істің болмысын жеткізу міндетті түрде
ұялы телефонға түсіру емес шығар, арнайы әдеби
тілмен сипаттай отырып шағын
әңгімедей болып табылатындай етіп жазба түрін
көрсетсе оқырманның
санын көбейтер еді.Ендеше сымбат пен сұлулыққа, өмірге деген көзқарасы
жарқын, жазбаша мен ауызекі сөйлеуі сауатты болуға
тәрбиелеу мақсатында осы
заман талабына үндесіп жатқан Орта ғасырларда өмір
сүрген ойшылдарымыздың өміршең тағылымдарын
пайдалану жастарымыздың кітапқа құмарлығын
артуына қажетті шаралардың
бірі. Айтарлық Ұлы ғұлама Әбу Насыр Әл –
Фарабидің кітапқұмарлығы, өздігінен
ғылымға деген әуесі кітапты өз ақшасына сатып
алып, оның мағынасы енгенше жүз, екі жүз рет оқып
білімінің артуы үлгі
аларлық дүние емес пе?!Қазіргі кезде өскелең
ұрпағымызға осынау тамаша ғұламаларымыздың
өмірлік ғибраты мен дәстүрін жеткізсек, олардың
да кітап оқудың аса маңыздылығы бар екендігіне
көздері жетер еді.
Бүгінгі күннің
қоғамдағы
жағдайларына орайластыра пайдалану аса маңызды тәлім – тәрбиелік іс дер едік.
Қорыта келгенде, «Кітап барлық замандағы, барлық адам
баласының ғажайып білім қазынасының қоймасы» деген нақыл сөзден айрықша
мән алуға болатыны сөзсіз. Рухани қазынамыз – кітап
бізге өзінің білімділік,
танымдық, эстетикалық қасиеттері мол мәңгі
өшпес үлгілерімен де, жас ұрпақтың
танымдылығын дамытудың сарқылмас қайнар
бұлағы ретінде қызмет етіп отырғандығымен де
қымбат.
Пайдаланылған
әдебиеттер тізімі
1.
Бержанов Қ., Мусин С. Педагогика тарихы. – А.:
Мектеп 1984.- 255 б.
2.
Құнантаева Қ.Қ.
Оқушылардың оқудан тыс бірліктері. - А.: Мектеп 1970. – 56б.
3.
Бахтиярова Г.Р. Халық тағлымы – тәрбие
қайнары. – А.: Ғылым. 2002