Мельдеев Куаныш Ибрагимович
Б. Адамбаев тірек мектебі, Жамбыл облысы, Сарысу ауданы,
Қазақстан
ҚАЙЫС ЖӘНЕ БЫЛҒАРЫДАН ДАЙЫНДАЛҒАН АТ
ӘБЗЕЛДЕРІ АРҚЫЛЫ
ОҚУШЫЛАРДЫ ЕҢБЕК СҮЙГІШТІККЕ ТӘРБИЕЛЕУ
Қазақ
қолөнерінің өсу жолы, өзіне тән даму тарихы
бар. Ол тарих сонау көне замандардан басталады. Оған
Қазақстан жерінде бұрын-соңды жүргізілген
археологиялық зерттеулердің нәтижесінде анықталған
ежелгі мәдениеттің
үлгілері дәлел бола алады. Мұның өзі
қазақ өнерінің республика жерінде мекендеген сақ,
үйсін, қыпшақ, қарлұқ және
басқа көне түркі тайпаларының мәдениетімен
төркіндестігінің айғағы.
Қазақ
халқы – кең байтақ республика жеріндегі ертеден
қалыптасқан көне мәдениеттің тікелей
мұрагері және сол дәстүрді дамытушы, жаңғыртып
байытушы. Бұл процес әр кезеңде Қазақстан жеріне
жан- жақты келген көшпелі тайпалар мен халықтардың,
сондай-ақ Оңтүстік – Сібір, Орта Азия мен орыс
халқының да мәдениеті
әсер етті. Сайып келгенде, жергілікті көне мәдениет
және сырттан келген мәдениет элементтерінің сан толқыны
бойына сіңіртіп, үнемі жақсарту үстінде болды. Осындай
толасыз дамудың нәтижесінде 19 ғасырдың екінші жартысы
мен 21 ғасырдың басында қазақ халқының
дәстүрлі қолөнері өз дамуында айтарлықтай
жоғары деңгейге көтерілді.
«Құлагер
озған жүйрігім-ай.Құлпырған ара
құндыз құйрығын-ай» - деп Ақан сері атамыз
қастерлеген жылқы малын қазақ халқы ерекше
бағалап, баптап қолға үйреткен. Небір
дүлдүл тұлпар жылқыларды үйретіп, таңдап
жаратты. Ол аттарды ұлы тойларда, астарда бәйгеге,
көкпарға немесе ел басына күн туған ересек
жорықтарға және күнделікті тұрмыстарда мініп,
жегіп пайдаланды.
Жылқыны
таңдап мінумен қатар, оларды жүзіктің көзінен
өтетін жұлдыздай көркемдеп мінді. Оның ішінде ат
әбзелдері ерекше орын алады. Ат жабдықтарының сәндеп,
алтын, күміспен безендірді. Жылқы иелері бәйгеге
қосатын аттарын ерекше күтіп мәпеледі, сыншылардың
сынынан өтті, ақын –жыраулардың тілдеріне тиек болып,
өлең - теңеулеріне жырларына айналды.
Халық
қолөнер шеберлері де қарап қалған жоқ,
бәйге тұлпардың ат әбзелдері арқылы
қасиеттерін арттыра түсті. Олар өріп, бедерлеп, алтындап,
күмістеп ер-тұрма жасады.
Ер
тұрманның халық игілігіне қосқан үлесі
көп. Атадан балаға мирас болып, әр салада қолданылды.
Әлеуметтік жағдайларына қарай көшпенді халық ерді
сәнділікке, шаруашылыққа, шапқыншылыққа
жорыққа байланысты әр түрлі үлгіде жасаған. Ер-тұрманның
өзіне тән халық игілігімен ұштасып жатқан
шығу, даму тарихы бар. Ер-тоқымның түрлері
әлеуметтік жағдайға байланысты ғана емес,
адамдардың жас ерекшеліктеріне байланысты, балалардың,
үлкендердің немесе қыз-келіншектердің,
батырлардың ері деп бөлінген. Ер тұрманның
құрамы: ердің ағаштан жасалған өз басы,
тоқым, желдік, тебінгі, айыл, құйысқан,
өмілдірік, үзеңгі, аткөрпе жатады. Осы аталған
заттардың көбі қайыстан өріліп, болмаса
былғарыдан бедерленіп, боялып жасалады. Тоқымның ердің
қастарына алтын, күміс жалатылған темір
қаңылтырлар бекітіледі. Шебердің қолынан
шыққан әсем бұйымдар ат әбзелдерінің
ансамблін құрайды.
Тоқым деп -
ердің ағаш сүйегін, үзеңгі бойы
жылқының белінен қабырғасынан батырмай, аттың
терін мінгенадамның денесіне өткізбей бөліп шығатын
жұмсақ киізден жасалған бұйымды айтады.
Тоқымның незігі бөлігін құрым киізден сырып,
шеткі жиектерін астарлап, көмкеріп тігеді. Тоқымның
ердің екі қапталынан шығып, көрініп тұратын
жерлерін бағалы мата не жұқа былғарымен тыстайды. Кейде
қалың былғарының астына жұмсақ киіз
төсеп те, тоқымдар жасаған.
Әр
елдің, рудың салт-дәстүрлеріне байланысты
тоқымның қалыптасқан түрлері мен жасалу жолдары да әр түрлі
болған. Киіз тоқымды сырып, шұға, жібек маталармен
көмкеріп әсемдесе, былғары тоқымдарға бедерлі
өзекті өрнектер түсіреді. Жұмсақ
былғарыларды кестелеп, бояп көркемдеген. Бедерлі өзекті
өнер оюлар арнаулы қалыптар арқылы былғарының
бетіне бастырылып, онан кейін киізге сырылып тігіледі. Ылғалдын,
жауынның салдарынан ою-өрнектер өшіп қалмас үшін,
үзік сызық жолдарының бойымен, тоқымының
астарына қойып,тігеді. Осымен
қоса тоқымдардың беттеріне күміс, алтын
қаңылтырлар бекітіледі, кейде оларға тастан, шыныдан
көздер салынады. Міне, тоқымның осындай ат
әбзелдерінің ішінен алатын орны ерекше.
Жүген
қайыстан өріліп, былғарыдан бедерленіп, көркемделіп
жасалған аттың басына ілініп, былғарыдан бедерленіп,
көркемделіп жасалған аттың басына киіліп, атты
бағындырып, бағдар беретін ат әбзелдерінің бірі.
Жүгенді атты жөнге бұру, жетекке алу үшін
тұрмыста қолданылса, әсемдеп өріп, сәндеп
нақыштау өз алдына бір сала болып қалыптасты. Жүген
бірнеше таспалардан өріліп, күміс, шабылған темірлерімен
әшекейленеді. Сәнді әсем жүгендер үлкен жиындарда,
тойларда, атты бәйгеге қосқанда қолданылады. Ал жай
күнделікті тұрмыста жүгеннің қарапайым
түрлері пайдаланылады. Бірақ қазақ даласында
мұндай жүгендер ат басынан әлі күнге дейін түскен
жоқ.
Жүгеннің
құрамына келетін болсақ оның негізгі бөлігі
қайыстан өріледі. Оған ноқта, ауыздық,
сағалдырық, тізгін, шылбыр жатады. Ноқтада екі жақ,
милық, кеңсірік, сағақ болады.
Айыл,
өмілдірік, құйысқан-қалың былғарыдан,
бірнеше таспа қайыстан жалпақталып өріліп, ер тоқымды
аттың белінде қозғалтпай ұстап тұратын құрал.
Айыл ер-тоқымды аттың белінен аунатпай, түсірмей қысып
ұстаса, құйысқанның атқаратын қызметі
ат қатты желгенде не шапқанда ер-тоқымды алға
жібермейді, ал өмілдірік ер-тоқымды аттың жібермейтін ат
әбзелдерінің бірі. Айылды тартпа, төс, шап айыл деп бөледі.
Осы аталған ат жабдықтарының барлығы темірден айылбас
жасалып, күмістен әшекейленеді. Бұларға да тоқым,
жүгенге қолданылған ою-өрнек түрлері, өру
әдістері қолданылды. Тастан, шыныдан әдемі көздері
салынады.
Қолөнердің
ескіден келе жеткен әдемі де күрделі істердің бірі таспа
өру. Оның да үш таспа, төрт таспа, бестемше, алты
таспа, бұзау тіс, жылан бауыр, қос бұрым, сегіз қырлы
егеуқұйрық, айыл жырым өрімі, қабырға,
таңдай сияқты алуан-алуан түрлері бар.
Өрімдер 3, 4,
5, 6, 7, 12, 36 таспалардан бастап, 83
кейде одан да көп таспадан өріледі. Өрім өрнектері сан
алуан. Кейде құйысқан, шілиялардың үстіңгі
беті төрт бұрым, алты бұрым болып, асты бір тұтас
«жыланбауыр» өрнегін жасайды. Ал ішіне өзек салып, алақанын
тоқыма өрімімен жалпақтап келтірген дойыр, дырау, бұзау
тіс, дембел қамшылар ұрған жерін кесіп түсетін
өткір, сабы, алақаны, айдары алтын, күміс талшықтармен
бұралып, бунақталып өте сәнді келеді. Осынша көп
таспалы өрімдердің ұштары жай ғана байлана салмайды,
олар әр түрлі мәнермен түйіліп шашақталады.
Өте шебер
өрімшілер таспадан қылыш, найза өтпейтін сауыт тоңды
да, су ақпайтын торсықты да, кеукерін де өрген. Түрлі
шыны қаптар, шамалан, қоржындар да өретін.
Қазақ
шеберлері өрім өнерін зергерлік, тоқымашылық,
шабаташылық және шарбақ, шыпта жасау, сымнан түрлі
бұйымдар тоққу өнерімен ұштастырып, таспа
өруде арқар өткізу, жөркемдеп ілу, торлап
тоққу, топшылап тоқу әдістерімен көркемдік
мәнерлерін тиімді пайдалана білген. Өрілген заттардың ірі
жерін күміспен жауып, тас орнатып, кавказ өрнегін жүргізіп
әшекейлеген. Сондықтан да бұрын өрім өнері
өте жоғары бағаланатын. Өрмелі бір шідердің
тағасы ір бестіге татитын.
Қамшы
атқа мінер адам ұстайтын, бірнеше таспа қайыстардан
көркемдеп өрілген, сабы тобылғыдан, қарағайдан,
аңдардың аяқ, мүйіздерінен әшекейлеп
жасалған атты айдап жүргізетін құрал.
Қамшының өрімі сабынан бір жарым еседей ұзын болады.
Қамша құрал болумен қатар қару ретіндеде
қолданылған. Өрімші
қамшының таспасын жіңішке, не жуандатып, кейде өрімге
жіңішке талшық сымтемір салып өрген. Ондай қамшылар
ыңғайына және қамшы иесінің қалауына
қарай өріліп отырған. Қамшы саптан, өрімнен,
алақаннан және бүлдіргіден тұрады. Саптың
қолға ұстар жері былғарыдан қапталады. Кейде
қайыстан өрнектеліп өріледі. Қамшы өрудің
көптеген түрлерін кездестіруге болады, соның ішінде өте
кең таралған түрі 3таспадан 32 таспаға дейін дейін
жетеді. Өрімдер домалақ, жұмыр, төртқырлы болып
келеді.
Қамшының
қарапйым түрінің бірі-бише. Ол қамшыға
қарағанда қарапайым өрімі сабынан үш-төрт
есе, кейде онан да ұзын болуы мүмкін. Оны мал айдағанда,
ат-арба не ат шанамен жүргенде жиі қолданады. Өрім
алғашқы басында жуан болып ұшына қарай жіңішкере
береді.
Ер-тұрман салт
атқа міну үшін қажет әбзел-жабдықтардың
жиынтық аты. Ер-тұрман жасайтын адамды ерші дейді. Ершілер
көбінесе ағаш ұсталығын, темір ұсталығын,
зергерлік өнер мен ершілік, тігіншілік, өрімшілік өнерін
қатар меңгерген әмбебеп шебер болып табылады. Ердің
ағаштан жасалатын негізгі бөлімін сүйегі деп атайды.
Ағаш тапшы жерлерде ердің сүйегін бірнеше бөліктен
қиюластырып, құрап желімдеп жасайды. Оны құрама
ер деп атайды. Сол сияқты жуан ағаш дөңбекті екіге
жарып, әр бөлігінен ер сүйегін тұтас шауып
жығуға да болады. Құрама ер жасауға қайың
ағашының безі (берші, үйлі, көзі, оқырасы деп те
атайды.) Өйткені, ол
өнделген кезде ағаштың табиғи өрнектері ашыла
түсіп, өте әдемі болады.
Ер сүйегін
тұтас шабу үшін тал, киіз терек тәрізді ағаштар
қолайлы. Ағашты су күйінде өңдеп, ер
сүйегінің нобайын келтіре жеңілдете, жұқарта
шауып, жұмыс үстінде сол ертіндіге әр сүйегін
әлсін-әлсін малып отырса, ағаш үгіндісін былай
кептіруге де болады. Ер сүйегі кепті-ау деген кезде сиыр жапасынан
тазартып өңдеп қаптауға дайындайды. Ол үшін алдын
ала ірі қараның терісін жылы суға бірнеше күн салып,
жүнін жидітіп түсіреді. Тері сәл дегдіген соң
қажет мөлшерден артықтау етіп алынады. Содан кейін
ердің сүйегін шалқасынан аударып оқпанынан бастап екі
қапталдың қырына қарай тартып отырып, ұсақ
шегелермен шегеленеді.
Шегеленіп
болған соң қапталдың қырынан артылып
тұрған теріні екі жақ қапталып айналдыра пышақпен
кесіп алады. Белағаш пен керсе біртұтас терімен қапталып
шегеленеді, кейде керсені өрнектеп те шегелейді. Мойында қаптамас
бұрын қанжығалық пен алдыңғы қолын
қаптап алып, соны бастырып мойын мен ердің басы қапаталады.
Ердің басын қиюластырып бізбен тігіп жіберуге де болады.
Жүген –
қайымтан, былғарыдан жасалып, жылқының басына
киізілетін айыл – тұрман түрі. Жүген негізінен үш
түрлі әдіспен жасалады түйме жүген (1сурет), өрме
жүген (2 сурет), қайыс пен былғарыны қабаттап ызып
тігілгентүрі (3 сурет). Түйме жүгенді иілген қайыстан
тігіп жасайды. Күнделікті жұмысқа, шаруаға
арналғандықтан оны көп әшекейленген.
Өрме
жүген түйме жүгенге қарағанда әдемі
әрі мықтырақ болады. Әдетте өрме жүгенді
сегіз, он екі таспа өріммен өреді. Бұл өрім түрін
халық шеберлері «ноқыра» деп атайды.
Қайыс пен
былғарыны қабаттап ызып тіккен ызбалы жүген. Ызбалы
жүгенге қазақ шеберлері күмістен, жезден жасап
жапсырмалар орналастырылған. Бұндай жапсырмалар жасалған
материалына «күміс жүген»,
«былғары жүген» деп аталған.
Жүген – ауыздық, тізгін,
ноқта болып үш бөліктен тұрады. Жүгеннің екі жақтауы, ол
екеуінің ұзындығы екі түрлі болады. Ұзын
жағы жүрегінің «желкелігі» болады да қысқа
жағының ұшына айылбас бекітіледі. Кеңсірік, осы екі
жақтың төменгі жағына орналасады да одан төмен
үзбе (түйықбас) арқылы шығармашылықпен
ауыздық шегеленеді. (Ертеректе шығыршық орнына қалады,
жезден, ағаштан мүйізден, темірден жасалған
сұлулық пайдаланылған).
Кеңсеріктең
орта тұсына сәнді үшін шашақ орнатып қояды.
Кекілдік, кекілдірік кей жерлерде кекілбастар милық депатай береді.
Кекілдіктің бір жақ ұшына айылбас бекітіліп үлкейіп,
кішірейіп тұруы үшін төрт – бес тесік тесіледі. Бұл жер
жылқының тамағынан астыны өтіп, айылбасқа
киізіледі. Осы екі аралықта сағалдырық немесе
сағақ деп те атай береді. Кейбір халық шеберлері
жүгенді кекілдіксіз де жасайды. Ал, кей шеберлер керісінше кекілдік
жасап, оның орта тұсына көз салып, зерлеп, шашақ немесе
қоңырау орнатып жібереді.
Жылқыны сал
мінгенде оңға, солға бұрыс, тоқтау үшін
тізгін тағылады. Ұзындығы бір құлаштай екі таспа
ені бір, бір жарым елідей болатын қайыс ауыздықтың екі
шығыршығына түйіледі. Ал қарама қарсы ұшы
бір біріне байланып түйіледі.
Шикі терімен
қапталған ерді бірнеше күн көлеңке жерде
кептіріледі. Әбден кепкен тері ер сүйегін тастай берік,
сәндік ерлерді былғарымен де қаптайды.
Қарапайым
шаруа ерлерін, көкпарға сайысқа, бәйгеге пайдаланатын
ерлердің онша әшекейлемеген. Өйткені, безендірілген ер –
тұрман салмағы ауырлау болады да, алыс жолға, шабысқа ыңғайсыздық
туғызады. Ер – тұрманның безендірілуіне байланысты
атауларға бөлінеді.
Мысалы, күміс
ер, алтын ер, лажыла ер т.с.с. бағдарлы ер әйелдер мінетін
ердің алдыңғы қасына, ойлы тұрманның,
қамшының алақанына, салпыншақтарына, асыл тастан
көз орнатып, зерлеп жасалынады. Ер – тұраман ұлтқа,
руға, жерге байланысты бөліне береді. Мысалы, ұлтқа
байланысты біз білетін, қазақ ері, қырғыз ері, орыс
ері, руға тұрмысқа пайдалануға байланысты бөліне
береді.
Мектептегі
оқу әрбие процесінде салт–
әстүрді пайдаланудың маңызын ұстана отырып оны
ғылыми негіздеу басты мәселе. Салт – дәстүрді
мектептің оқу әрбие
процесінде пайдалану ең алдымен жоғаоы сынып оқушыларын
адамгершілікке, отансүйгіштікке шығармашылыққа,
әдептілікке, өзінің іс - әрекетін зерделей білуге,
ата–анасын құрметтеуге жалпы жеке тұлғалық
құнды қасиеттерге тәрбиелеп, сол мінез
құлық сапаларын биік деңгейдегі әлемдік
стандартқа сай білім жүйесімен сусындауына өз әсерін
тигізеді.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Арғынбаев А. Қазақ
халқының қол өнері. -
А. 1987.
2. Әмірғазин Қ.Ж. Қазақ қол өнері. -
А. 1994
3. Қасиманов С.
Қазақ қол өнері. – А. 1969
4. Марғұлан Ә.Х. Орталық Қазақстан
Беғазы-Дандыбай мәдениеті. - А. 1979
5. Марғұлан Ә.Х. Қазақ халқы қол
өнері . – А. 1981.