Педагогические науки/ 5. Современные методы преподавания

п.ғ.к., профессор Казимова Д.А.

3 курс студенті Мусина А.С.

Академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті, Қазақстан Республикасы

 

ИНФОРМАТИКА САБАҒЫНДА ОЙЫН ТЕХНОЛОГИЯСЫН ҚОЛДАНУ ӘДІСТЕМЕСІ

 

Қазіргі заманда қоғамның қызығушылықтарына байланысты  оқыту-дамыту технологиялары, оқу үрдістері үлкен жылдамдықпен дамуда. Білікті де, білімді маман даярлау ұстаздардың басты мақсаты. Мектеп жасынан оқушыларға жаңа сабақ жүргізу барысында сабақты қызықты, әрі есте қалардай, оқушының шығармашылық ізденістерін оятатындай етіп жүргізетін оқыту технологияларын қолдану керек. Сондай оқыту технологияларының бірі педагогикада ойын әдісі болып табылады.

Ойын - ол ерте заманнан қолданыс тапқан. Технологиясы дамыған жаңа ғасырлы ел болсақ та ойын түрінде сабақ жүргізу әдісі дәстүрден қалмаған. Ойын технологияларын әртүрлі жастағы оқушыларға, мектепке дейінгі ,бастауыш сыныптарға, жоғарғы сыныптарға ,сонымен қатар жоғарғы оқу орындарында да студенттер арасында кең түрде қолданылып жүр. 

Ойын технологиясы деп әдістер мен педагогикалық процестердің әртүрлі деңгейдегі педагогикалық-психологиялық ойындардың топталған жиынын атаймыз.

Сабақ жүргізу барысында қолданылатын ойын түрінің мақсатын, міндетін , күтілетін нәтижесін нақты анықтап алған әр педагогтың басты жұмысы. Ойын технологиялары әртүрлі дәрежеде, сабақ барысында, сабақтан тыс та жүргізіледі. Информатика кобинеттерінде жүргізілетін ойындар компьютермен , компьютерсіз, топпен, жекелей және т.б. түрлерде өткізіледі. Ойын технологиясында дидактикалық мақсат оқушы үшін ойын тапсырмаларын орындау формасында болады, ал оқыту материалдары негізгі құрал ретінде қолданылады. Ойын - оқу үрдісінің оң нәтижесін алу үшін қолданылатын қосымша оқыту әдісі.

Жалпы ойынның мақсаты мен міндеттері:

·                        оқушының жаңа сабақты тез меңгеруі;

·                        берілген ақпараттың ұзақ уақыт есте сақталуы;

·                        білім деңгейінің өсуі;

·                        оқушының шығармашылық әрі біліктілік талаптарының артуы;

·                        топпен еркін жұмыс істей алуы;

·                        ізденімпаздық, қызығушылық зейінін артуы;

·                        сыныбымен және ұстазбен жақсы қарым қатынаста болуы .

Информатика сабағын өте қызықты деңгейде жүргізу үшін ұстаз "ойын технологиясының" сан түрін қолданып, әр күндік жаңа тақырыптарды оқушының қызығушылығын ояту арқылы меңгерте алады. Мысалы, информатика сабағында оқушыларды бірнше топқа бөліп, әр топқа тәжірибелік тапсырмалар, есептер немесе карточкадағы сұрақтар беріп, белгілі уақыт аралығында білім деңгейлерін сараптап, қорытындылап, ең соңында бағалау жүргізу керек. Топтағы оқушылар берілген тапсырмаларды өзараларында бөліп алып, бірі желімен жұмыс жасап, ақпарат іздесе, бірі есепті шешіп, келесі оқушы есептің бағдарламасын құрса, басқасы компьютердің графикалық мүмкіндіктерін пайдаланып , сурет, сұлба, сызба салса, бір оқушы жасаған жұмыстарын қорғап шықса түгелдей команда жұмыс жасап өз білімдерін көрсетіп, өздерін жаңа қырларынан сынап, бақылап көреді. Сабақ соңында міндетті түрде оқушыларды бағалап, жеңімпаз топты анықтап, сабақтың өткізілу барысын сараптау керек. Осындай ойын түрінде өткен тәжірибелі сабақтың арқасында оқушылардың білімге деген құштарлықтарын ,қызығушылықтарын байқаймыз.

Сонымен, «Информатика әлімінде» ойын түрінде құрылған презентацияның жалпы түрі 1, 2, 3, 4, 5 суреттерінде көрсетілген.

Сурет 1. Слайдтың бастапқы ашылатын беті.

Келесі презентацияда сабақтың жоспары берілген. Яғни бірінші өткен тақырыптарды қайталау барысында ойын технологиясы қолданылып сынып 2 топқа бөлінеді. Ұлдар мен қыздар командасы пайда болып, өздеріне команда аты мен капитанды таңдайды. Командалардың эмблемалары мен фотосуреттері енгізіледі.

Сурет2. Командалар атауы

Өткен тақырыпта санау жүйесі бойынша 2 топқа жеке есептер беріліп , әр командаға  2 мин беріледі. Қай топ үлгермесе ұпай сандары нөл болады. Басқа жағдайда әр командаға 5 ұпайдан түседі.

Сурет 3. Есептер жинағы

Келесі ашылатын слайдтарда 2 топқа бірдей сұрақтар қойылады. Капитан командасымен ақылдасып, өз жауаптарын айтады. Екі топ  та тандап болған соң, дұрыс жауап экранға шығады.

Сурет 4. Сұрақтар жинағы

Тағы да басқа бірнеше турларды өтіп болған соң,  2 команданың кесте түрінде ұпайларын есептеп, жаңа тақырыпты меңгеру барысы басталады.

Сурет 5. Оқушыларды жеке және топ бойынша бағалау

 

Осындай ойын арқылы ұйымдастырылған сабақ балаларға жеңіл әрі тартымды, әрі түсінікті болады. Ойын сабақтары оқушылардың өздігінен жұмыс істеуге, ойлау қабілетін дамытуға үйретеді. Ойын кезінде балалардың достық сезімін оятып, бір - біріне қамқорлығы, ұжымдық бірлігі нығаяды. Балаларды жақсылыққа, қайырымдылыққа, ізгілікке, әдептілікке тәрбиелеуге болады. Ойын түрлерін сабақта тиімді пайдалана білу мұғалімнің меңгертіп отырған білімін ықыласпен тыңдап, білімді берік меңгеруіне көмектеседі.

Пайдаланылған әдебиеттер:

1.                 Бастауыш сынып оқушыларының танымдық іс- әрекеттерін белсендіру жағдайлары //http://bilimsite.kz

2.                 Информатика пәнін оқытуда ойын технологияларын қолдану//http://tarbie.kz