ф.ғ.к., профессор Қабатаева Клара Тұрсынханқызы,

ф.ғ.к., доцент Жукеев Төлеухан Базарханұлы

Қарағанды қ., Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университеті

Интерактивті  технологияны жоғарғы оқу орындарында қолданудың кейбір мәселелері

Үстіміздегі ғасыр - жеке тұлғаны қалыптасыру, ізгілендіру, дамыту ғасыры. Мұғалімдердің алдында тұрған бірден – бір мақсат студенттер алған білімдерін  пайдаға асырып, өздігінен әрекет ете алатын,оларды түрлі өмірлік жағдайда қолдана білетін,жалпы азаматтық және ұлттық құндылықтарды қатар меңгерген,өзіндік көзқарасы бар, Отанын шын сүйетін азамат болып жетілуіне көмектесу.

Интерактивті оқыту терминімен айналысқан Кларин М.В., Коротаева Е.В.Суворова Н. болды. «Interactive learning» - өзара әрекет негізіндегі оқыту. В.В.Гузеевтің ойынша,сабақ типологиясына сипаттама бере отырып, оның құрылысы ақпараттық ағым екіжақты (диалогтық) болып келеді, яғни бұнда студент субьектілі-обьектілі қарым-қатынаста жүреді. Сонымен бірге, Н.Суворованың ойынша интерактивті әдіс-өзара әрекет ету бір нәрсемен (компьютермен) немесе біреумен (адаммен) сұхбат, диалог ретінде жүретін жұмыс формасын айтады. Интерактивті оқыту бұл диалогты оқыту нәтижесінде оқытушы мен студенттің арасында өзара қарым-қатынастың болуы. Н.Суворованың зерттеуі бойынша интерактивті оқытудың мәні қатысушылардың барлығы практикалық түрде танымдық процеске қатыстырылады. Сабақ үстіндегі интерактивті іс-әрекет диалогтық қарым-қатынасты ұйымдастыру мен дамытуды көздейді. Интерактивті оқытуды тереңірек зерттесек,кәдімгі (традиционное обучение) сабақта оқытушы «фильтр»  рөлін атқарады, яғни қзінен барлық оқу ақпараттарын өткізеді, ал интерактивті оқуда оқытушы көмек беруші адам рөлін атқарады. Сонымен қатар, интерактивті оқуда оқытушымен қарым-қатынас алмасады,оның міндеті-студенттердің ынтасына өздігінен жұмыс істеуіне жағдай жасау. Бұл жағдайда студенттер пассивті емес,оқыттушымен бірдей деңгейдегі, яғни оқытушы дайын білім бермей, бірақ өз бетінше ізденуге түрткі болады. Интерактивті оқыту- бір нәрсемен немесе біреумен қарым-қатынас, ал технология- жоспарланған мақсатқа жету және қайта жаңғырту.

Казір кез-келген пәнді оқытуды пәнаралық байланыс арқылы білімінің жинақтаушы, қорытындылаушы және үйлестіруші қызметін атқаруға болады.

Осы тұрғыда оқытудың интерактивті әдісі өте тиімді. Себебі, бұл әдіс студенттің жеке өмірлік тәжірибесіне сүйене отырыпүоның бойындағы білім, дағды және құндылық жүйесін қалыптастырады. Сабақ оқытушы мен студенттер арасындағы қатынас арқылы жүзеге асырылады. Мұнда оқытушы хабарлама беруші модератордың қызметін атқарады. Мысалы, қазақ тілі пәніндегі «22-Наурыз қазақ халқының ұлттық мейрамы» тақырыбын өткізу барысында оқытушы сабақ түсіндіруден бұрын студенттерден жалпы наурыз мейрамы туралы не білетіндерін, бұл мейрамға арнайы тағам “наурыз көже” қалай дайындалатынын әбден сұрайды. Біразы кітаптардан, журналдардан, ал біразы теледидардан көргенін, естігендерін немесе алдын-ала оқулықтан қарап келгендерін тағы басқа да жағдайда алған мәліметтерін миға шабуыл әдісі арқылы ортаға салады. Бұл сәт - диагностика сәті. Оқытушы азғантай уақыттың ішінде алдында отырған студенттердің осы тақырып төңірегінде не білетіндігін немесе білмейтіндігін аңғара алады.Одан кейін - ізденіс тенденциясы сәті. Мұнда студенттер жұппен немесе топпен жұмыс істей отырып, миға шабуыл әдісі арқылы тізген сөздерді кеңейтіп түсіндіру үшін өз беттерінше оқулықпен немесе  басқа қосымша әдебиеттермен жұмыс істейді. 10-15 минут өткеннен кейін “тұсау кесеу сәтінде” әрбір топ белгілі бір сұрақтар бойынша өз мәліметтерін қорғайды.Осыдан кейін барып оқытушы әлі де жеткіліксіз жатқан жағдайлардан ақпарат береді.Ал жаңа тақырып  толық түсіндіріліп біткеннен кейін пікір-сайыс, рөлдік ойын, ребус шешу, т.б.интерактивті әдістер арқылы сабақты бекітіп, пысықтауға болады.

Нәтижесінде оқытушы 45 минуттың 5-7 минут уақытын ғана алып,қалған уақыттың бәрінде студенттердің өздері ізденіп, танымдарын арттыруына жағдай туады.Тіпті, керек десеңіз, интерактивті әдіс арқылы студенттер өз білімін өздері бағалай да алады. Олар алған білім, білік, дағдылары бойынша бағаланады.Әсіресе өзін-өзі бақылау, жұптық өзара бақылау, топтық өзара бақылау кезеңдері сабақты бекітуде біршама көмегін тигізеді. Бұл бақылауларды мына бағалау белгілері арқылы іске асыруға болады. Өзіндік бағалауы.

1.                     Менің бүгінгі тақырыпқа өз бетімше дайындағаным:төмен,орта,жоғары.

2.                     Бүгінгі жаңа тақырыпты игеруім: төмен,орта,жоғары.

3.                     Бүгінгі сабаққа қатысуым: төмен, орта, жоғары.

Топтың өзара бағалауы: ( топтар бағалауы).

1.                     Топ ұжымының татулығы, белсенділігі, өзара әрекет әдебі, топтық арласу стилі: төмен, орта, жоғары.

2.                     Жаңа тақырыпты өмірімен байланыстыра айтуы (қосымша материалдар, БАҚ жаңалықтары): төмен, орта, жоғары.

3.                     Сөйлеу шешендігі, мәдениеті т.б: төмен, орта, жоғары.

Бұл бақылаулар мен бағалау студенттің бойында мына қасиеттерді қалыптастырады: еріктілік, еңбексүйгіштілік, өз күшіне сенуі, қабілеттілігі, жауапкершілікті сезінуі, адалдық, жолдастық қасиеттер, сөз қоры, ғылыми ақпараттарды атқаруы, өзінше түйін жасауы, сөйлеу мәдениеті т.б.

Осындай қасиеттерді игерген студентте, әрине пәнге деген сүйіспеншілік, қызығу туады.нәтижесінде сабақтың сапасы артады. Студент өзін тұлға деп сезінеді. Оқытушы да, студенте те тұлғаны тану және таныту жолында қызмет жасайды.

Қолданылған әдебиеттер:

1.                     Мұсабекова Г. ”Интерактивті әдістер арқылы ізгілендіру” // Қазақстан . 2006, № 1-2.

2.                     Боранова К. «Интерактивті режимдегі сабақты ұйымдастыру» // 2007. №2.

3.                     Осипова Ю., Адильгазинов Г. // К определению понятия интерактивные технологии обучения  // Казахстан. 2001, №4-5.