СТУДЕНТТЕРДІҢ
АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯ АРҚЫЛЫ ОЙ ӨРІСІН ДАМЫТУ
Кенжебекова
Р.И.-п.ғ.к.,доцент, Төлегенова Л.Т.-магистр
Қазақстан,Шымкент
қ.
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «100 нақты қадам»
бағдарламасындағы 76-қадам. «ЭЫДҰ
елдері стандарттарының негізінде адам капиталының сапа-сын
көтеру, 12 жылдық білім беруді кезең-кезеңімен енгізу,
функциялық сауаттылықты дамыту үшін мектептегі оқыту
стандарттарын жаңарту.
Қазіргі
ақпараттандыру дәуірі оқу үдерісінде
ақпараттық технология мүмкіндіктерін кең көлемде
қолдануды қажет етеді. «Білім беру жүйесін
ақпараттандыру – берілетін білім сапасын көтеруді жүзеге
асыруға бағытталған үдеріс, яғни еліміздің
ұлттық білім жүйесінің барлық түрлерінде
қазіргі технологияларды тиімді ақпараттық
технологияларға алмастыру, оларды сүйемелдеу және дамыту,
нақты жүзеге асыру шаралары» болып табылады [1].
Білім беру
жүйесін ақпараттандырудың ғылыми негізделген
әлеуметтік-философиялық тұжырымдамасы мен компьютермен
оқытудың бағыттарына арналған
іргелі және қолданбалы сипаттағы мәселелер, ақпараттық
техноло-гиялардың мәні, мазмұны мен құрылымы
алдыңғы қатарлы ғалымдардың
еңбектерінде қарастырылған. Олар аталған
ұғымға «компьютерлік технология», «ақпараттық
технология», ретінде түрлі деңгейде анықтама берген:
–
В.В.Персианов, Н.А.Шайденко: ақпараттық технология,
түрлендіру, тасымалдау, тарату технологиясы, есептеуіш техниканы, желіні
және жүйені (жасанды интеллекті қоса алғанда),
программалық құралдарды және т.б. жасау технологиясы
[2];
–
М.И.Жалдак: ақпаратты жинау, ұйымдастыру, сақтау,
өңдеу, тасымалдау және ұсынудағы адамдардың
білімін кеңейтетін үдерістерді басқару мүмкіндігін
дамытатын әдістер мен техникалық құралдардың
жиынтығы [3];
– Н.В.Апатова: оқытуда компьютерді
қолдану [4];
Жоғарыдағы аталған ғалымдардың
көзқарасынан студенттердің ақпараттық технология
арқылы ой өрісін дамыту, оқытудың жүйелі
әдісі, техникалық ойлау және танымдық әрекетіне
бағытталған мәселесі деп түсінеміз.
Қазіргі
уақытта білім беру жүйесін басқару мен оқытуда
ақпараттық технологияны қолданудың бірнеше негізгі
бағыттарын ерекшелеп көрсетуге болады:
– студенттердің ақпараттық технология арқылы ой
өрісін дамыту, оқу материалын баяндаудағы көрнекілікті
арттыру, әртүрлі нысан мен үдерістерді модельдеу, оқу
материалын жүйеге келтіру мен логикалық реттеу, жаттықтыру,
меңгерілген білімді бақылау үшін пайдалану;
– оқытудың әртүрлі формасын жүзеге асыру:
дербес, ұжымдық, өзіндік, қашықтықтан
оқыту. Оқыту үдерісін автоматтандырылған оқыту
жүйелерін қолдану арқылы автоматтандыру;
Жылдан-жылға
дамып келе жатқан материалдық-техникалық мүмкіндіктер
мұғалімдерге, оқушыларға жоғарыда аталған
бағыттардың әртүрлі аспектісін меңгеруге
мүмкіндік береді. Мұндай бағыттарды меңгеруде
оқыту үдерісінде қолданылатын ақпараттық
технологияның алатын орны ерекше.
Шынында
дәстүрлі оқытуда студенттердің ақпараттық
технология арқылы ой өрісін дамытуды меңгертеді. Мұндай
жағдайда студенттердің шығармашылық белсенділігін
пайдалану өздігінен оқудың дағдыларын
қалыптастырудың қажеттілігін, оның нәтижесінде
бала жан дүниесінің үлгісін құратынын естен
шығарады. Жұмыс барысында оқушы өздігімен
әртүрлі әуестігіне байланысты (сурет салу, өлең
құрастыру, ән айту) оқу дағдыларын
меңгеріп, өзі үшін жаңаны таниды, қоршаған
әлемді зерттейді, білімді өздігімен ізденуге деген қызығушылығы,
білуге құштарлығы пайда болады.
Бірқатар мамандар, бұл
студенттердің шығармашылық белсенділігін пайдалануға,
ойлаудың ассимилияция үдерістері мен интеллектуалдық дамуында
олқылықтар болуына, кішкентай балалар тәрізді сезімдік
ойлауға бой алдыруы, компьютермен жұмыс істеуде
нақтылық пен қиялдың, нақты мен тілектің
арасындағы үзілістің сезілуі; компьютерді қолдану
арқылы орындалатын символдармен және абстрактылы ақпаратпен
жұмыс істеу
Шынында да,
студенттердің шығармашылық белсенділігін пайдалану әсер
ету мәселесі жан-жақты. Әртүрлі зерттеулердегі
студенттердің шығармашылық белсенділігін пайдаланудың
мәселесін талдау негізінде тек сауатты жоспарланған
педагогикалық жағдайында қойылған талаптарды
студенттердің шығармашылық белсенділігін пайдаланудың
психикалық даму деңгейіне байланысты ескере отырып
қолданғанда ғана, студенттің психикасы мен
денсаулығына кері әсері болмайтындығы туралы қорытынды
жасауға болады.
Қазіргі педагогикада әрекет - тұлға
болмысын ұйымдастырушы және іске асырушы субъектінің
белсенділігінің бір түрі. В.В.Давыдов «егер «әрекет»
сөзін адам өмірінің барлық саласында саналы түрде
қолданғымыз келсе, онда оның компоненттерінің
пәндік мазмұнын, ақырғы нәтижесінің
мазмұнын міндетті түрде елестете білуіміз керек» деп есептейді [5].
Біздің зерттеуі-мізде ақпараттық технологияның
оқу үдерісіне қолдану әрекет мәселесімен
байланысты,сондықтан студенттердің шығармашылық
белсенділігін қалып-тастырудағы
мүмкіндіктерін ашып көрсетеміз.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
1.Красильникова В.А.
Білімді ақпараттандыру ісінің түсініктмелік аппараты.
//Информатика негіздері. – 2003, № 3. – 2-6 б.
2.Персианов В.В. Использование вычислительной техники в учебном процессе:
Учеб.пособие / Персианов В.В., Шайденко Н.А. – Тула: Изд-во Тульского госпедуниверситета,
1997. - 231с.
3.Апатова
Н.В. Влияние информационных технологий на содержание и методы обучения в
средней школе: автореф. д-ра пед. наук. – М., 1994. - 37 с.
4.Жалдак М.И. Система подготовки учителя к использованию информационной
технологии в учебном процесе: автореф. д-ра пед.наук . – М., 1989. – 41 с.
5. Давыдов В.В.
Проблемы развивающего обучения. – М., 1986. – 203 c.